Қазақстан Республикасы Ғылым және



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі19,52 Kb.
#130423
  1   2
Байланысты:
12-апта


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеаҚ

СӨЖ
Тақырыбы: Жас өспірімдер спорт мектептерінің жұмыс ерекшеліктері, маңызы

Орындағын: Ахмет Ғ.Р.
Топ: ДФК-301с
Тексерген: Жуманбаев А.Ж.


Семей
2023 ж
Жас өспірімдер спорт мектептерінің жұмыс ерекшеліктері, маңызы
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің өзгеше ерекшелігі қосымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықталады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі дене мәдениеті бойынша қосымша білім беруді қалыптастырулың негізгі жағдайы оқушылардың мотивтері мен мазмұны бойынша әртүрлі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды педагогикалық бағдарламаларды іске асыру болып саналады.
Күнделікті өмір тіршілігіндегі спортпен шұғылдану барысында қалыптасқан жеке ерекшеліктерін пайдалана білу оқушының спорт мектебінің тіршілік тынысына енуіне мүмкіндік жасайды. Спорт болашақ спортшылардың жоғары нәтижелерге жетуі үшін тек дене қозғалысы сапаларын жаттықтырумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге олардың алдына психологиялық дайындығын қамтамасыз ететін қатаң талап қояды.
Спортшыны нәтижелі дайындау жағдайларының бірі оның тіршілік ұстанымдарының күшейтілген шыйрығуын, жоғары талаптану бастамасын құру болып табылады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерінде білім берудің ерекшелігі оны басқару жүйесінде де көрінеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі педагогикалық үдерісті тиімді басқарудың негізгі шұғылданушылардың (оқушы, студент) дене дайындығы деңгейін арттыруға, олардың салауатты өмір бейнесіне қызығушылық ынтасын дамытуға бағыттау, өз қабілеттерін көрсетулері үшін дайындауда қоғамның әлеуметтік сұранысын орындауда қолда бар қоғамдық қатынастарды жетілдіру болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі білім беру қосымша спорттық білім беру үдерісі ретінде қарастырылады. Спорт мектептеріндегі қосымша спорттық білім берудің мақсаттары келесі міндеттерді жүзеге асыруды алдын ала қарастырады:
• спорттық қызметтің қандай да бір қызықтыратын түрлерінің есебінен негізгі білім түрлерін дамыту;
• шұғылданушыларды толық жабдықталған, қолайлы, қуаныш сезімі ұялайтын, яғни «күтілмеген нәтижелі жағдай» және қарым-қатынасты жақсаратын ортамен қамтамасыздандыру;
• дербес білім алу жолын таңдауына көмектесу.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі қосымша спорттық білім берудің әлеуметтік маңыздылығы жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мақсаттарының келесі кешенімен қамтамасыздандырылады:
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асырылатын танымдық дамумен;
• жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесі кіретін, әлеуметтік бейімделумен;
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен;
• кәсіби бағдарламалар арқылы спорттық қызметті сапалы түрде және нәтижелі таңдаумен;
• спорттық дайындықты кәсібилікке дейін бағдарлаумен;
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен мазмұны бойынша әртүрлі бағдарламаларды меңгеру арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашумен;
• бос уақытты тиімді ұйымдастырудың құралдары мен формаларын таңдауға мүмкіндік туғызатын бағдарламалардың әртүрлігі бейнедегі танымдық проблемалар жиынтығы (пролематика) бойынша жалпы мәдениетті, оның ішінде қызметтік бос уақытты тиімді өткізу мәдениетін дамытумен байланысты.
Білім беру мақсаттары өзінің дамуын оқу материалының мазмұнынан, оқыудың білім беру бағдарламаларын дұрыс құрудан алады. Дене мәдениеті мен спорт саласындағы спорт мектептерінде қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны мыналарды алдын-ала қарастырады:
• жеке тұлғаның спорттық шығармашылыққа және спорттағы өз қажеттіліктерін орындау мотивацияларын дамыту;
• оқушылардың қарым-қатынастық қабілеттерін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту;
• шұғылданушылардың дене және ақыл,ой дамуын түзету;
• балалар мен жас жеткеншектердің мінез-құлық, іс-әрекетінің алдын алу шаралары.
Дене мәдениеті бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жеке тұлғаның өзін-өзі еркін анықтау аясы ретінде қосымша білім беруді тиімді ұйымдастырудың жағдайы оқушылардың білім алу қажеттіліктерінің мотиві мен мазмұны бойынша әртүрлі қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды оқу бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Шұғылданушылардың басты қажеттіліктеріне мыналар жатады:
• оқушылардың өздерінің жеке қабілеттерін тамытуға, сол сияқты олардың өз таңдаған спорттық қызметіне қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ұмтылуы ретінде алдын ала келісілген шығармашылық (креативті) қажеттіліктер;
• спорт түрлері бойынша негізгі білім беру бағдарламасына кірмейтін білім көлемін арттыруға ұмтылумен анықталатын спорт мектебі оқушыларының танымдық қажеттіліктері;
• өз қатарларымен, ересектермен, әріптестерімен, педагогтармен, жоғары дәрежелі спортшылармен қарым-қатынаста жүзеге асырылатын, қатынастық қажеттіліктер;
• қосымша білім алу нәтижесінде жеке проблемаларын шешу қызығушылығымен пайла болатын, оқып, үйрену немесе қарым-қатынас аясында жатқан компенсаторлы қажеттіліктер;
• кәсіпке дейінгі және кәсіби спорттық дайындыққа белгілеумен байланысты кәсіби бағдарлық прогматикалық қажеттілік;
• қол бос кездерді мазмұнды ұйымдастыруға ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі.
Оқу материалдардың мазмұнында шұғылданушылардың жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерді жүзеге асыру барысында балалар мен жасөспірімлер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыты ретінде нормативтік құжаттарды өңдеп дайындау қарастырылуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатындарды спорттық дайындаудың өзгеше ерекшелігі бағдарлама мазмұнына енген барлық теориялық білімдер спорттық практикада сынақтан өткізіледі, спорттық қызметтің әртүрлі салаларының тәжірибесіне ұласады.
Өзінің бағыттылығы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің педагогикалық бағдарламалары негізгі үш түрге бөлінуі мүмкін: білім беру, оқытып үйрету және бос уақытты тиімді пайдалану.
Мұндай бағдарламаның идеологиясы төтенше әртүрлі бейнеде, оның негізгі сипаттамалары келесі үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін:
• жасы бойынша: мектеп жасына дейінгілер, бастауыш, орталау, орта мектеп оқушылары мен жасжеткіншектер үшін;
• жынысы бойынша: аралас, ер балалар үшін, қыздар үшін;
• созылу ұзақтығы бойынша: бір жылдық, екі жылдық және т.б.;
• іске асыру үлгілері бойынша: топтық, жеке;
• спорттық қызмет түрі бойынша.
Спорттық қызмет түрі бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спорттық бағдарламалары мамандық саласы және көп салалы болып бөлінеді.
Меңгеру деңгейі бойынша бағдарламалар мыналарға бөлінеді: жалпы мәдени, тереңдетілген, кәсібі бағдарланған және т.б.
Қосымша спорттық білім беру бағдарламасының бірқатар жіктелуі бар.
Бағдарламалық жобалауды бастауға кірісер алдында педагогқа бағдарламаның «негізгі бағыттылығын» (түрін) бірден айқындау ұсынылады.
Әдетте бағдарламаның мына бес түрі айырмаланады:
1.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет