Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі


Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан егеменді ел болып құрылғанына 18 жылдан астам уақыт болды, бұл жылдарда ғылымның барлық салаларында көптеген заңдар мен заңдылықтар, жарғылар, жолдаулар және бағдарламалар қарастырылды. Жылдан жылға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп алда тұрған кез-келген мәселені шешуге ұмтылыс стратегиялы түрде жүзеге асып отырады. Осы ұмтылыста «Қазақстан 2030» стратегиясы, 1995 жылғы Дүние жүзілік сауда ұйымына кіру, 2006 жылғы 50 дамыған елдің қатарына кіру, дүниежүзілік білім жүйесін қалыптастыруда сапа мәселесі және Қазақстан елінің әлемдік статусын құру және ондағы ұлттық болмыспен өз орнын табу анықталды. Осындай бағыттардың бірінде «Қазақстан 2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған», - делінген.
Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу қажет», - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, «өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп атап айтылған.
Дана халқымыз: «Дені саудың – жаны сау», «Басты байлық – денсаулық», «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. Медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі заманда кез-келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады», - деген .
Мұнда айтылғандай әлеуметтік-экономикалық өмірдегі елеулі өзгерістерге байланысты жастарды тәрбиелеу мәселесі дұрыс бағытта болуы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Сондықтан сауықтыру кешендері денеге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру сауықтыру кешендерінің жүйесіне және жалпы дене шынықтыру сауықтыру жұмысына тікелей байланысты. Өйткені, дене шынықтыру сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Ендеше болашағымыз – бала, рухани дүниелерімізді одан әрі жалғастыратын жас ұрпақ. Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Соған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен шұғылдануға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата заңның 24 және 29 – баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Сондықтан да оқушы-жастардың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазақстандағы дене мәдениеті теориясы және дене мүмкіндіктерін дамыту ісін ұйымдастырып дамытушылар арасында Ә.Әбділлаев,Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мұхамеджанов, Б.Төтенай, А.Құлназаров, Қ.И.Адамбеков, М.Б.Сапарбаев, Е.Уаңбаев, Т.Ж.Бекбатчаевтардың еңбектерін айтуға болады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда Қазақстандағы сауықтыру және дене тәрбиесі саласында пайдаланылуда.
Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда қалмайтындығы тағы да белгілі. Іс-тәжірибе әрдайым жетіліп, ұшталып отырылады, яғни ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, сауықтыру кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен үйретудің коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті жаңа ізденістер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет