Оқу қызметін қорытындылау Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы: Достарыңмен жаттығуды жалғастырып көріңдер. Немесе интернеттен креативтілікті
дамытуға арналған басқа жаттығулар іздеп көріңдер.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
56
21-сабақ Тақырыбы: Шығармашылық сабақ. Ұғымдар: креатив, презентациялар. Сабақтың мақсаты: берілген тақырыптар бойынша презентация дайындау және көрсету. Әдістері: презентация, кері байланыс. Ресурстар: интерактивті тақталар, плакаттар, маркерлер. Сабақтың барысы Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут «Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау. Уақыт: 5 минут Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс. Уақыт: 35 минут Бөлінген топтар бұл сабаққа өздерінің шағын презентацияларын дайындауы тиіс.
Электрондық нысанда немесе плакатта көрсетілетіні маңызды емес.
Жаттығуды орындау үшін топтарға 5-7 минут уақыт беріңіз, одан кейін презентацияларды
қарап шығыңыз. Талқылаңыз, қажет болса сұрақ қойыңыз, кері байланыс беріңіз.
Маңызды! Әр «++»-ке үш «+» болуы тиіс.
Балаларды барынша көп мақтаңыз. Ары қарай жұмыс істеулері үшін ынталандырыңыз.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
57
«Жанжалдар» бөлімі Мақсаты: оқушыларды жанжалды жағдайларда сындарлы әрекет етуге ынталандыру.