БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
58
жанжалға итермелейтін себептер де әртүрлі. Қалай болғанда да, жанжалдар өмірімізде үлкен
орын алады.
Жанжалдың пайда болуын, дамуын, шешілуін және аяқталуын зерттейтін ғылым –
конфликтология деп аталады.
Жанжалдың негізгі екі түрі болады:
- Әлеуметтік жанжал.
- Тұлға ішіндегі жанжал.
Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?
Әлеуметтік жанжал – ол адамдар, әлеуметтік топтар, жалпы қоғам арасындағы
қатынастардағы қайшылықтардың дамуының ең жоғарғы кезеңі. Сыртқы, топ арасындағы
жанжалдың себептері: көзқарастардың сәйкес келмеуі, бәсекелестік, нәтижеге қол жеткізудегі
әртүрлі мақсаттар және басқалардың осы мақсаттарды қабылдамауы.
Тұлға ішіндегі жанжал дегеніміз – бір адамның (тұлғаның) ішінде пайда болатын қарама-
қайшылықтар. Көбінесе бұл әртүрлі рөлдердің қажеттіліктері мен міндеттерінің қақтығысы.
Анасы жұмыста кешке дейін кідіріп қалуы керек, бірақ ол балаларын аз көретіндіктен өзін
кінәлі сезінеді. Жас жігіт жақсы дос болғысы келеді, бірақ сонымен бірге кейде ата-анасын
алдайды. Көптеген мысалдар келтіруге болады. Тұлға ішіндегі жанжал әрқашан өзінің жеке
құндылықтары, қызығушылықтары, қажеттіліктерінің қақтығысы болып табылады.
Көптеген адамдар үшін жанжалды жағдайға түсудің өзі тұлға ішіндегі жанжалды тудырады.
Өз құқығыңды қорғауың керек, бірақ сен бұған үйренбегенсің, дайын емессің, мұны
ұнатпайсың.
Жанжал – ол қайғылы жағдай емес, керісінше, ол сынып, отбасы, оқу орны болсын, кез
келген адамдар қауымдастығында пайда болатын табиғи процесс. Егер жанжал шындықты
анықтау жолында шектен шықпаса, ол көбінесе жағдайды шешудің оңтайлы жолын табуға
көмектеседі. Мұндай даулар тіпті жеке тұлғаның өсуіне, ұжымды біріктіруге және қарым-
қатынасты нығайтуға ынталандырады.
Бірақ қарым-қатынас мінсіз бола бермейді. Пікірлер, бағалар, көзқарастар, мақсаттар сәйкес
келмей, нәтижелер қанағаттандырмаса, жетістікке жету әдістері ұнамаса, онда «ұшқыннан
жалын шығады»: жанжалдар, айыптаулар, қорлау, дау-дамай басталады. Нәтижесінде жаман,
жайсыз көңіл-күй, күйзеліс, жындану, ыңғайсыздық пайда болады. Досыңды, сыныптасыңды,
ата-анаңды ренжітіп аласың.
Зерттеушілердің пікірінше, жанжалға қатысқан адамның ақыл-ой белсенділігі 70%-ға
төмендейді. Мұның маңыздылығы осында.
Достарыңызбен бөлісу: