БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
54
Ой-талқы да креативтілік құралы.
Ой-талқы әдісі (ағылш. brainstorming) – мәселелерді шешу және/немесе мүмкіндігінше көп
идеяларды жинау тәсілі. Себебі ой-талқы кезінде идеялар сыналмайды және талқыланбайды.
Түрлі нұсқалар барынша көп айтылады. Компанияларда және әртүрлі кәсіптерде ой-талқы
әдісі қолданылады. Бұл әмбебап құрал. Оның негізгі ережелері естеріңде ме? Шектеулі уақыт
беріледі және идеялар мен адамдарды сынауға болмайды.
Қызықты факт:
Тарихшылардың
айтуынша, б.з.б. 700-600 жылдары ежелгі Вифиния (қазіргі Түркия)
тұрғындарында ой-талқыға ұқсас әдет-ғұрып болған. Осылайша, адам ауырған жағдайда оны
қалай және немен емдеу керектігі белгісіз болған кезде, отбасы мүшелері науқасты көпшілік
назарына шығарып, кез келген жолаушы өз пікірін және тәжірибесін айта алған. Отбасы
мүшелері ұсынылған кеңестердің ішінен ең қолайлысын таңдаған.
Достарыңызбен бөлісу: