Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет77/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

 
Сезім білдіру. Сезім білдіру қабырғаны соғуды немесе асыра көңіл көтеру дегенді 
білдірмейді. Оларды көрсету жеткілікті, әр адам өз сезімдерін білдіруге құқылы. Оларды үнемі 
басуға тырыспаңдар. Неғұрлым көп бассаңдар, соғұрлым көп шыдай алмауларың мүмкін.


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
85 
 
Сезімдердің күшін бағалау. Міне, мен ашулымын. Қатты ашулымын. Қаншалықты қатты 
ашулымын? Егер 1-ден 10-ға дейін бағаласақ, қаншалықты қатты ашулымын? (1 – бұл 
маңызды емес нәрсе, ал 10 – жанартаудың атқылауы). Сезімнің күші туралы ойлау – бұл 
саналы болу жолындағы өте үлкен және маңызды қадам. Біз санауға болатын нәрсені 
басқарамыз. Бұл қарапайым әдіс қиындықтарды асырмауға мүмкіндік береді және қуаныш 
сәттерін жақсы сезінуге көмектеседі. 
 
Сезімдер мен әрекеттер арасындағы айырмашылықты іздеу. Француз жазушысы Гийом 
Мюссо: «Ешкім өзін-өзі әрдайым бақылап, ешбір эмоцияға берілмей өмір сүре алмайды» 
дейді. Бірақ өкінішке орай, біз көп жағдайда эмоцияларды әрекет белгісі ретінде жиі 
қабылдаймыз, бұл орны толмас салдарға әкеп соғады. Эмоциялар мен әрекеттерді ажырату 
үшін тоқтап, «Бұл қандай жағдайға әкеп соғуы мүмкін?» деген сұрақ қою жеткілікті. Егер бұл 
қуаныш пен бақыт сәті болса, онда бұл сұрақ тіпті қажет емес – тек сол сәттен ләззат алыңдар. 
Бірақ егер бұл ашулану немесе қайғы болса, жауапқа өте мұқият қарау керек, өйткені мұндай 
сәтте дұрыс емес әрекеттердің салдары қайтымсыз болуы мүмкін. 
Эмоцияларды бақылау, өз сезімдеріңді білу – ол спортпен шұғылдану немесе музыкалық 
аспапта ойнау сияқты дағды. Оны жетік меңгеру үшін уақыт пен тәжірибе қажет. Бірақ егер 
оны өмірдің бір бөлігіне айналдырсаңдар, өмір сендер үшін мәңгілікке өзгереді. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет