Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
 
Мамандар «эмоция» ұғымы мен «сезім», «аффект», «көңіл-күй» және «уайымдау» 
ұғымдарын ажыратады.
 
Сезімдерге қарағанда, эмоциялардың объектілік байланысы болмайды: олар біреуге немесе 
бір нәрсеге емес, жалпы жағдайға байланысты пайда болады. «Мен қорқамын» – ол эмоция, 
ал «Мен бұл адамнан қорқамын» – сезім. 
Тағы бір ерекшелігі – олардың жалпылау және коммуникацияға деген қабілеті (эмоциялар 
адамдар немесе жануарлар арасында берілуі мүмкін), сондықтан эмоционалдық тәжірибе жеке 
адамның басынан өткенін ғана емес, қарым-қатынас, өнер туындыларын тамашалау және т.б. 
кезінде пайда болатын ортақтасу сезімі. 
Аффектілер – ол қысқа мерзімді қарқынды эмоциналдық процестер, олар физиологиялық 
деңгейдегі өзгерістер кезінде орын алады. Мысалы, шошып кету. 
Эмоциялар едәуір ұзаққа созылады, бірақ аффектілерге қарағанда қарқындылығы төмен 
және олар адам үшін жағдайдың (бірақ нақты объектілердің емес) субъективті мәнін 
бейнелейді. Мысалы, мазасыздық сезімі. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
82 
Сезімдер – едәуір ұзаққа созылады, бірақ аффектілерге қарағанда қарқындылығы төмен және 
олар адам үшін нақты объектілердің субъективті мәнін бейнелейді. Мысалы, махаббат. 
Көңіл-күйқарқындылығы төмен, ұзаққа созылатын эмоционалдық процесс болып 
табылады. Мысалы, зерігу. 
Қорытынды: Бізге ешкім өз эмоцияларымызды білдіруді үйретпейді. Балалар туғаннан бастап 
айғайлау және/немесе мимика арқылы не жақсы, не жаман екенін көрсете алады. Адам өзін, 
өз күйін бақылап, оны сыртқы әлемге дұрыс жеткізуді үйренуі керек.
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет