"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОЛОГИЯ ПӘНІН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРҒА ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА



Pdf көрінісі
бет177/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   372
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРҒА ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Молсадыкқызы М., Ғалымқызы Г., Атанбаева Г.К. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
farmen_madina@bk.ru
 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруінің  дамуы  мемлекеттік  бағдарламасында  2011-2020 
жылдарға бекітілген: жалпыға білім беретін мектеп тек қана академиялық білім ғана емес, соған қоса 
«білімді, жоғарытанымдық, физикалық дамыған, шығармшылық пен өзін өзі дамытуға мүмкіндігі бар  
азаматты дамыту үшін компентецияларды дамыту қажет». 
Биологияны  кəсіби  оқытуды  енгізу  оқушыға  еке  оқу  траекториясын  құруға  жəне  таңдаған 
сабағын тереңдете оқуға мүмкіндік береді.  
Кредиттік  оқыту  технологиясының  басты  кағидаттарының  бірі  –  оқушылардың  оқуға  деген 
қызығушылығын арттыру, яғни мотивация туғызу. Сондықтан оқыту үрдісіндегі басты тұлға ретінде 
- оқытушы өзінің позициясын төмендетуге тиісті емес. 
Кəсіби  оқытуды  дамыту  үшін  Қазақстанның  кейбір  мектептерінде  кредитті  жүйе  енгізіп, 
апробациядан өтті.  
Ж.А.Караевтің  «Үш  өлшемді  əдістемелік  жүйесі»  оқушылардың  оқу  үлгерімін  жақсартатын, 
тек  қана  творчествалық-ізденіс  деңгейңіндегі  оқушы  жұмысын  қызықты  ете  қоймай,  күнделікті 
биология  пəніне  қызығушылық  тудыратын  уникальды  форма  болып  табылады.  Бұл  технологияға 
жасалған əдебиетке шолу, оның тек орта мектептердегі жоғарғы сыныптарда тарағандығын көрсетті.  
Жоғарғы  сыныптағы    кредитті  жүйенің  барлық  талаптарына  сай  келетін  технологияны 
қарастырғанда  Ж.А.  Қараевтің  ҮӨƏЖТ  қолдану  тиімді  екендігі  көрсетілді.  Ж.А.Қараевтің  ҮӨƏЖТ 
көптеген  мұғалімдерге  оқушылардың  білім  сапасының  жоғарылауы  барысында  үлкен  жетістіктерге 
жетуге мүмкіндік берді.  


121 
 
Кредитті технологияда оқытуда Ж.А.Қараевтің ҮӨƏЖТ тиімділігін зерттеу барысында келесң 
тұжырымдамалар құралды: 
1. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларына  биологияны  оқыту  процессін  анализдегенде,  кредитті 
технология  жүйесінде  ақпаратты  жеке-бағдарлы  пəндік  ортада  биология  бойынша  дайындалу  Ж.А. 
Қараевтің технологиясын қолдану ең тиімді болып табылады.  
2. 
Оқытудың кредитті технологиясында биологияны оқытудағы Ж.А.Қараевтің ҮӨƏЖТ 
дамыту көпқырлы педагогикалық құралдар мен жағдайларды жасағанда ғана жүзеге асады.  
3. 
Ж.А.Қараевтің  ҮӨƏЖТ  бойынша  оқыту  əдістемесін  құру  негізі  оқу  міндеттерінің 
көпдеңгейлі  жүйесі  мен  оқудың  индивидуализациясының  құрылымды-логикалық    схемасы  болып 
табылады.  
4. 
Ж.А.Қараевтің ҮӨƏЖТ дамытудағы тиімді əдісті педагогикалық тəжірибенің зерттеу 
нəтижелері дəлелдейді, ол жүргізілген зерттеулер бойынша белгіленген гипотезаның дəлелденуі мен 
қойылған міндеттерінің оң нəтиже беруі болып табылады.  
Зерттеу  барысында  зерттелген  технологияның  үлгерімінің  жоғарылауының  эффекивті  əсері 
дəлелденді жəне оқушылардың функционалды белсенділігі анықталды. Бұл технологияның тиімділігі 
оқушыларға деген жеке-əрекеттік қадамға негізделген.  
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., аға оқытушы Атанбаева Г.К.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет