"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР



Pdf көрінісі
бет180/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   372
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР 
 
Мырзалиева  Д.Б. 
əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық   Университеті 
dinara-myrzalieva@mail.ru 
 
Биология  пəнiн  оқытудағы  ең  бiр  тиiмдi  дидактикалық  ұстанымдардың  бiрi  –  пəнаралық 
байланыс.  Бұл  ғылыми–жаратылыстану  пəндерi  мен  қоғамдық–гумнитарлық  циклдердiң  жəне 
жастарды  еңбекке  баулуда  бiлiм  берудiң  арасындағы  байланыстарды  қамтамасыз  етедi.  Пəнаралық 
байланыстың мақсаты: ҚР–ның жалпы бiлiм беру қағидасына байланысты, оқушылардың бiлiмдерiн 
пəн  мұғалiмi  ескере  отырып,  сол  қажеттi  элементтердi  тиiмдi  пайдалану  арқылы  табиғат  жəне 
тiршiлiк жайлы ұғымдарды, яғни, биологиялық түсiнiктердi ғылыми көзқарасқа негiздеп, оқушының 
санасында  қалыптастыру  болып  табылады.  Пəнаралық  байланысты  қолданудың  əдiстемелiк 
көкейкестi  мəселесi:  оқушыларға  бағыт–бағдар  бере  отырып,  олардың  өз  беттерiмен  iзденiс 
жұмыстарын  арттыруға  арналады.  Пəнаралық  байланысты  күнделiктi  сабақ  өткiзуге  пайдалану 
биология  пəнi  мұғалiмiнiң  теориялық  бiлiмiнiң  тереңдiгiн,  оның  жан–жақтылығын,  эрудициясын, 
iздемпаздылығын  талап етедi.  Өсiмдiктану  курсын  өткенде  тақырыпта  сай  «география»  пəндерiнен 
алған бiлiмдерiне ой жүгiрту керек. Өйткенi олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, 
шөлдi жəне тағы басқа белдеулердегi топырақтың түрлерiн, теңiз балдырларын, сондай–ақ көптеген 
өсiмдiктердiң  таралу  аймақтарын  жан–жақты,  кең  мағынада  өткен  болатын.  Бесiншi  сыныптың 
соңында  биология  пəнi  мұғалiмi  тəжiрибе  жүргiзер  кезде  алгебра  пəнiнен  алған  бiлiмдерiн  яғни, 
пайыз  жəне  бөлшек  өлшемдерiн  қолдана  отырып,  оларға  толық  талап  қоя  алады.  Оқушылардың 
бiлiмiн қалыптастырудағы пəнаралық байланыстың негiзгi үш тобына тоқталайық: 1. Оқушылардың 
бiлiмiн  дамыту;  2.  Алған  бiлiмiн  iс–жүзiнде  қолдану;  3.  Алған  бiлiмiн  бағалай  отырып  iскерлiгiн 
дамыту.  Əрбiр  мұғалiм  оқу  материалының  мазмұнын  сараптай  отырып  пəнаралық  байланыстарды 
анықтап, əр түрлi əдiстердi  пайдаланып, өз жұмысын iске асыру қажет.  
Биология сабақтарында кең жəне жан–жақты пəншiлiк жəне пəнаралық бұрынғы болашақ, тура 
жəне  керi  байланыстарды  пайдаланудың  арқасында  мұғалiм  оқушының  материя  қозғалысындағы 
адамның  алатын  орны,  даму  формасы  жайлы  бiлiмiн  жетiлдiредi.  Биологияны  оқытуда  мектеп 
оқушыларына  бiлiм  мен  тəрбие  берудiң  танымдық  жағын  артыру  əдiстерiнiң  бiрi–пəнаралық 
байланыстарды  пайдаланып,  биологиялық  есептердi  шығаруды  үйрету.  Пəн  аралық  танымды 
қалыптастырушы  есептердi  басты–басты  үш  топқа  бөлуге  болады:  1.  Оқушының  танымдық  бiлiмiн 
арттыруға  бағытталған  есептер;  2.  Теориялық  бiлiмдердi  практикада  пайдалануға  бағытталған 
есептер; 3. Оқушылардың iскерлiгiн, ептiлiгiн қалыптастыруға бағытталған есептер.  
Практикалық  iскерлiгiн  дамытуға  арналған  есептердi  шығару  барысында  оқушының  есептеу, 
өлшеу,  эксперименттердi  жүргiзу,  өз  бетiнше  ойлану  жəне  т.б.  iскерлiк  жақтарының  дамуына 
мүмкiндiк туады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет