"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет190/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   372
Байланысты:
thesis114326

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 
РЕЗЕРВТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
Рахметова Г.Ж., Ерманова Н.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
rgulimay@mail.ru
 
 
Физиологиялық резервтер - мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзінің функционалды активтілігін 
өзгерту мүмкіндігі жəне қызметінің эффективтілігі мен белгілі бір жағдай үшін оңтайлы деңгейдегі 
қызметті  қамтамасыз  ету  үшін  өзара  əрекеттесуін  көрсетеді.  Физиологиялық  резервтердің 
материалды  көрсеткіштері  мүшелер  мен  мүшелер  жүйесі,  сонымен  қатар,  гомеостаздың  сақталуын, 
ақпараттың  өңделуін,  вегетативті  қызметтер  мен  қозғалыс  актілерінің  координациясын  қамтамасыз 
етуші механизмдер болып табылады. Бұл - организмнің қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына 
бейімделу  жəне  ығысулардың  орнын  толтыру  процестеріне  адаптациялық  резервтер  ретінде 
орындалатын физиологиялық қызметтердің реттелуінің қарапайым механизмдері. 
Студенттердің  жүрек-қан  тамырлар  жүйесінің  физиологиялық  резервтерін  анықтау  олардың 
оқу  процесіне,  жергілікті  климатқа,  физикалық  жəне  ақыл-ой  еңбегіне,  жаңа  ортаға  бейімделу 
деңгейіне баға беруге мүмкіндік береді.  
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  студенттердің  жүpeк-қaнтaмыp  жүйeсінің  физиологиялық 
резервтерін  қалыпты,  физикалық  жəне  ақыл-ой  жүктемелері  кезінде  oлapдың  жaсы  мeн  жынысынa 
бaйлaныстыpa oтыpып зepттeу. 
Зерттеу  объектісі  жəне  əдістері:  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  1,  3,  4 
курс студенттері, Мартине сынамасы, антропометрия, тонометрия, пульсометрия. 
Зерттеу  нəтижесі:  Студенттердің  жүрек-қантамырлар  жүйесінің  физиологиялық  резервтері 
жүректің соғу жиілігі, артериялық қысым, қан көлемдері, қантамырларының перифериялық кедергісі, 
қан  ағысы  эффективтілігінің  коэффициенті,  Кердо  индексі,  қанайналым  реттелу  типі,  төзімділік 
коэффициенті, адаптациялық потенциал параметрлері бойынша анықталып, бағаланды. 
 Тыныштық  күйде  3  топтың  да  жүрек-қантамырлар  жүйесінің  көрсеткіштері  нормаға  сай 
екендігі  анықталды.  Физикалық  жүктемеден  соң  көрсеткіштердің  өзгеруі  барлық  студенттерде 
шамамен  бірдей  жəне  қанағаттандырарлық  мөлшерде  байқалды.  Демек,  олар  физикалық  жүктемеге 
жеткілікті 
деңгейде 
бейімделген. 
Ақыл-ой 
еңбегінің 
студенттердің 
гемодинамикалық 
көрсеткіштеріне əсерін зерттеу барысында 1 курс студенттерінің бейімделу механизмдерінің кернеуі 
байқалады. Бұл олардың оқу процесіне толықтай бейімделмегендігін немесе 3, 4 курс студенттеріне 
қарағанда  аз  бейімделгендігін  көрсетеді.  Студенттердің  бейімделгіштігін  арттыру  үшін  салауатты 
өмір  салтын  ұстанып,  спортпен  жүйелі  түрде  айналысып,  қоғамдық  шаралар  мен  оқу  процесіне 
белсенді түрде атсалысу ұсынылады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. доцент Сраилова Г.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет