"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АДАМ СПЕРМАТОЗОИДТАРЫН  КРИОҚОРҒАУСЫЗ ШЫНЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет207/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   372
АДАМ СПЕРМАТОЗОИДТАРЫН  КРИОҚОРҒАУСЫЗ ШЫНЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  
 
Үсіпбек Б.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
119bota@gmail.com
 
 
Қазіргі  таңда  дамудың  əртүрлі  сатысындағы:  зигота  –  пронуклеустардың  қалыптасу 
сатысындағы, 
бөліну 
кезеңіндегі 
жəне 
бластоциста 
сатысындағы 
адам 
эмбрионын 
криоконсервациялаудың алуан түрлі хаттамалары əзірленген.       
Тəжірибеде  екі  түрлі  əдістемеге  салыстырмалы  зерттеу  жүргізілген  болатын,  олар:  енетін 
криопротекторлар 
көмегімен 
мұздату 
жəне 
криопротекторсыз 
шыныландыра 
мұздату. 
Криопротекторлы криогенді ұрықтар суспензиясын шамамен 10°С/мин салқындату жылдамдығында 
сұйық азоттың буында мұздатады. Витрификациялау үшін 30 л криопротекторсыз суспензия тікелей 
сұйық  азотқа  салынды.  Бақылаумен  (12%)  салыстырғанда  (16%)  немесе  жылдам  мұздату  тобында 
(17%)  ДНҚ  бөлшектенуі  айтарлықтай  жоғары  екендігі  анықталды.  Гиалуронды  байланыстыру 
жылдамдығы  бақылау  жəне  криоконсервацияланған  топтардағымен  бірдей  болды.  Витрификация 
үшін  криопротекторды  қосу  ұрықты  бөліп  алу  жылдамдығына  теріс  əсер  ететіндігін  жəне 
криопротекторсыз  шыныландыру  адам  ұрығын  криоконсервациялау  үшін  тиімділігі  жоғары  болып 
табылады. Тəжірибелерде сұйық азотқа тікелей салу жолымен шыныландыру үшін криопротекторсыз 
дайын  сперматозоидтар  ілмегінің  диаметрі  5  мм  мысқа  салынды,  жұқа  қабыршақ  алу  мақсатында 
ілмек  ұрықтар  суспензиясына батырылды.   Содан  соң  батырылған  ілмектер  сұйық  азотқа салынды. 
Кемінде  24  сағат  бойына  сақталғаннан  кейін  үлгілер  37°С  температурада  қарқынды  араластыра 
отырып 10 мл дақылдық ортасы бар 15 мл пробиркаға салу арқылы ерітілді. Бір түтікте  бес ілмекті 
жылытқаннан  кейін  пробирканы  5-10  минутқа  CO
2
  инкубаторына  орнатылды.  Содан  соң 
сперматозоидтар  10  мин  бойына  380  г  жағдайында  центрифугалау  жолымен  концентрацияланады 
жəне келесі бағалауларды жүргізу үшін өңделді.   
Сұйық  азотта  шыныландыру  үшін  сперматозоидтар  жоғарыда  сипатталған  шараларға  сəйкес 
шыныландырылды  жəне  ерітілді,  бірақ  шараларды  орындау  барысында  келесідей  өзгешеліктер 


142 
 
болды.  Екінші  бөлімде  сперматозоидтар  сұйық  азотқа  салынбас  бұрын  ілмектер  -160°С 
температурада 3 минут бойына сұйық азотта салқындатылып алынды. Ол ілмекті сұйық азоттан 1 см 
жоғары деңгейдегі пенополистеролдан жасалған қорапқа орналастыру арқылы жасалды.  
Азот  сұйықтығына  тікелей  салу  кезіндегі  мұздату  жылдамдығы  қойылған  материалдың 
мөлшері  жəне  ұрық  суспензиясының  физикалық  сипаттамалары  секілді  айнымалыларды  енгізу 
жолымен  есептелді.  Сұйық  азот  буында  мұздатылған  ілмектегі  ұрықтың  суспензиялық  қапшығын 
салқындату  жылдамдығы  өзіндік  əдістеме  бойынша  анықталды.  Сперматозоидтарды  сұйық  азотта 
мұздату  жылдамдығы  162-270°С/мин  аралығында  болды.  Алынған  нəтижелер  сперматозоидтарды 
сəйкесінше  сұйық  азотқа  тікелей  салып  алу  (шыныландыру)  немесе  сұйық  азотта  мұздату 
жолдарымен  криопротекторсыз  жылдам  немесе  салыстырмалы  түрде  баяу  салқындату  арқылы 
криоконсервациялауға болатындығын көрсетеді, аталған екі жағдай да жылдам ерітуді қажет етеді.   
Сипатталған  тəжірибелердің  нəтижелері  адам  сперматозоидтарын    криоқорғаусыз 
шыныландыруға арналған асептикалық технологияны жасауға негіз болды. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д., профессор Мурзахметова М.К., б.ғ.к., доцент Аблайханова Н.Т., 
PhD профессор Исаченко В. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет