"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет210/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ 
ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Хамитова Н.Х. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
nazgul2608@mail.ru 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 


144 
 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби  шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. 
Қазіргі  таңда  мектеп  қабырғасында  зерттеушілік  іс-əрекетіне  үлкен  мəн  берілген.  Назарбаев 
зияткерлік мектептерінің тəжірибесін жалпы білім беретін мектептерге тарату мақсатында əзірленіп, 
ҚР  Білім  жəне  ғылым  Министрінің  2016  жылғы  №  266  бұйрығымен  бекітілген  «Жаратылыстану» 
пəнінің  оқу  бағдарламасында  –  «Мен  зерттеушімін»  деген  тақырыптан  басталады.  Бұл  мектеп 
оқушыларына  берілетін  білімнің  олардың  зерттеушілік  дағдаларын  дамытуға  бағытталып 
отырғандығын көрсетеді. Оқушылардың осы зерттеушілік дағдылары мен тəжірибелері онан əрі орта 
мектепте  тереңдей  түспек.  Олай  болса, келешекте  ол  жұмыстарды  ұйымдастыра  білетін,  зерттеудің 
формасы  мен  əдістерін  меңгерген  мұғалімді  дайындау  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының 
үлесінде екендігі анық. Зерттеушілік іс  - əрекет арқылы білімгердің ғылыми дүниетанымы дамиды. 
Ғылыми  дүниетаным  тек  теориялық  білім  алу  арқылы  емес,  сонымен  қоса,  дəйекті  дəлелдер  жəне 
зерттеушілік  іс-əрекет  нəтижесінде  қалыптасады.  Білімгерлер  өздігінен  жүргізген  зерттеушілік  іс  - 
əрекет  нəтижесінде  нақты  шындыққа  көз  жеткізеді.  Бұл  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының 
алдына болашақ мұғалімдерді дайындауда зерттеушілік іс - əрекетті қалыптастыру əдістерін меңгеріп 
шығу мiндeтiн қoяды.  
Осыған  орай,  биологиялық  пəндерді  ғылыми  тұрғыдан  меңгерте  білетін,  потенциалы  жоғары 
болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлау,  оларды  оқытудың  ғылыми-əдістемелік  негіздерімен 
қамтамасыз  ету  білім  берудің  дидактикалық  ұстанымдарын  негіздей  отырып,  зерттеушілік  іс  - 
əрекеттің  мүмкіндіктері  мен  оны  тиімді  қолданудың  əдістемелік  негіздерін  ұйымдастыра  алатын 
маман дайындау өзекті мəселе болып табылады. 
Ғылыми жетекші: Философия докторы PhD Абдрасулова Ж.Т. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет