Фармакология негіздері



бет9/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Рецепт жазу ережелері.
Рецептдәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің 1 реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәріні босату туралы дәріханаға жазған жазбаша сұранысы.
Рецепт бланк түрлері
№1 рецепт бланкі - дәріханадан толық құнына босатылатын дәрілер жазылатын рецепт бланкі. №1 бланкіге 2 жай дәрі немесе бір күшті әсерлі дәрі немесе 1психотропты дәрі жазуға болады. Жазылған рецептімен дәріханадан жай дәрілерді босату мерзімі 1ай, күшті әсерлі, психотропты дәрілерді босату мерзімі 10күн.
№2 рецепт бланкі- жеңілдікпен немесе тегін босатылатын 1 дәрі жазылады. Жазылған рецептімен дәріханадан дәрі босату мерзімі 10 күн.
№3 рецепт бланкі- наркотикалық дәрілер жазылатын қызғыш түсті рецепт бланкісі. №3 бланкіге 1 дәрі жазылады. Жазылған рецептімен дәріханадан дәрі босату мерзімі 15 күн.
Созылмалы ауруларға дәрігердің нұсқауымен дәріханадан дәріні 1рецептімен 3 айға дейін алуға болады.
Кеңес одағы уақытынан наркотикалық дәрілер «А» тізімі, психотропты және күшті әсер ететін дәрілер «Б» тізімі деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының жаңа бұйрық, қаулылары бойынша дәрілер I, II, III, IV, V, VI тізімге бөлінеді.
1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 ҚРЗ « Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы»
2-бап. Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жiктеу
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тізімнен тұрады.
I Кестеге ҚР заңдарына және Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес ҚР айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
II Кестеге ҚР заңдарына және Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
III Кестеге ҚР заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
IV кестеге ҚР заңдарына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
Егер препараттың құрамында бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылауға жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады.
Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай әдiстермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды.
Наркотикалық және психотропты дәрілерге рецепт жазу, талап жазу және босату ҚР Үкiметiнiң «30»наурыз 2012 жылғы № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары туралы қаулысымен жүргізіледі. Бұл дәрілер және қызғыш рецепт бланкілері жеке есепте тұрады. Олар бойынша ай сайын есеп-тексеріс жүргізіледі. Жазылған дәрі мөлшері қатаң қадағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет