Фармакология негіздері


Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі (реестрі)



бет5/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі (реестрі) – ҚР тіркелген және медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты.
Дәрілік формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейіні (профиль) ескеріле отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың тізбесі. Формулярлық жүйенің негізгі компоненттері:
Медициналық мекеменің дәрілік формуляры- мекеменің бөлімшелерінің бейініне, дәрілердің қажеттілігіне қарай құрылған дәрілер тізімі.
Формулярлық анықтамалық- медициналық мекемеде қолданылатын дәрілердің толық анықтамасы.
Диагностикалық және емдеу клиникалық хаттамалары- қандай ауруды емдеуге қандай дәріні, қанша мөлшерде, қанша мерзім қолданылуы туралы нұсқау.
Дәрілік заттың сәйкестік сертификаты –дәрілік заттың техникалық регламенттер, стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетіндігін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат.


Дәрі атау ерекшеліктері
Дәрі атауының құрастырылуын білу медицина қызметкеріне дәрілерді ажыратуға септігін тигізеді. Дәрілердің бірнеше атауы болуы мүмкін.
  1. Дәрінің химиялық құрылысына байланысты атау: натрий хлорид, калий йодид, күміс нитраты, ацетилсалицил қышқылы, парацетамол- пара- ацетаминофенол,т.б.


  2. Дәрінің фирмалық- нарықтық (торговое) атауы немесе патенттелген- тіркелген атауы: феррум-лек, викасол-дарница, диклофенак-рациофарм, бисопролол-рациофарм, конкор-R, энам-R, т.б.


  3. Дәрінің алынған шикізатқа байланысты аталуы:


Atropa belladonna өсімдігінен- атропин дәрісі алынған,


эфедра өсімдігінен - эфедрин дәрісі алынған,
жол желкен - Plantagae өсімдігінен плантаглюцид дәрісі алынған, бүйрек үсті безінен (Glandulae adrenalis) адреналин дәрісі алынған, ұйқы безіндегі Лангерганс аралшығынан (Insula) - инсулин дәрісі алынған, ұйқы безі ферменттерінен тұратын - панкереатин дәрісі,
пеницилла микроағзасынан - пенициллин антибиотигі алынған.
  1. Дәрінің фармакологиялық-емдік әсеріне байланысты аталуы: анальгин: латыншадан аударғанда an- жоқ, alg-ауырсыну,


но-шпа: no-жоқ, spa-спазм,


холензим: chol-өт, энзим-фермент,
спазмалгон, витрум, корвалол, гастросидин, антиангин, уролесан, бронхолитин, ноотропил, т.б.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет