Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


І тапсырма «Образға кіру»



бет15/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

І тапсырма «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»
Орта буын сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 4-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
— Қожаның ісіне қуандық.
— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
— Кездескенде не деп айтар едіңдер?
— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
— Қандай сурет салар едіңдер?
— Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет