Оксиредуктаза - электрондардың тасымалын катализдейді, тотығу-тотықсыздану реакциялары. Мысалы, каталаза ферменті.
Трансфераза - функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды. Мысалы, фосфотрансфераза, аминотрансфераза.
Гидролаза - гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын көбейтеді. Мысалы, пепсин, мальтаза т.б.
Лиазалар – молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді.
Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
Лигазалар – синтез раекцияларын жылдамдатады, энергияңа бай байланыстарды ыдыратады. Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар
Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді:
Трансферазалар - реакцияларда атомдар мен атомдар топтарын тасымалдайды.
Гидролазалар - судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзеді
Лиазалар - субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакцияларды катализдейді. # Изомеразалар – бір изомердің екінші изомерге ауысуын тездетеді.
Лигазазалар - АТФ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С− N , С−S байланысын құрады
Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілеті
Фермент молекуласының ферменттік қасиетін анықтайтын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы р амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.
Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынандай амин кышқылдары кездеседі.
Цистеин, оның кұрамында сульфгидрильдік топ - SН бар;