Тотығу түрлері. Антиоксиданттық жүйе туралы түсінік



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132608
  1   2   3   4
Байланысты:
№3 дәріс тотығу түрлері.

Тотығу түрлері. Антиоксиданттық жүйе туралы түсінік.

Биохимия кафедрасы.

Доцент Жақыпбекова С.С.

Дәрістің жоспары

  • Оксидазды тотығу туралы түсінік.
  • Оксигеназды тотығу.
  • Пероксидтік тотығу. Антиоксиданттық жүйе туралы түсінік.
  • Пероксидаздық тотығу.

Оксидазды тотығу – бұл митохондрияда өтетін биологиялық тотығу (БТ). Оксидазды тотығуға оттектің 80-90% жұмсалынады.

Биологиялық тотығу тізбегінің тотығудан фосфорлану процесімен қабысу нүктелері бар.

Бұл нүктелерде АТФ синтезі жүреді.

  • Оттек молекуласы 4 электронмен тотықсызданады, нәтижесінде эндогенді су түзіледі:
  • О2 +4е 2О 2-

    2О 2- + 4Н+ 2Н2О

Биологиялық тотығу тізбегі

Оксигеназды тотығу

  • Ферменттер – оксигеназалар субстрат молекуласынының құрамына оттектің еңгізілуін катализдейді.
  • Оксигеназалар екі топқа бөлінеді: диоксигеназалар және монооксигеназалар.

Диоксигеназалар

  • Субстрат құрамына оттек молекуласының екі атомын еңгізеді:
  • S+O2 → SO2

    Мысалы, β-каротиндиоксигеназа :

    β-каротин → 2 витамин А

    L-триптофандиоксигеназа (бауырдың ферменті, құрамында гемі бар)

Бетта-каротиндиоксигеназа

L-триптофандиоксигеназа

  • Монооксигеназалар оттек молекуласының 1 атомын субстрат құрамына еңгізеді, субстратта гидроксил тобы пайда болады. Оттектің екінші атомы судың түзілуіне қатысады:
  • А-Н + О2+ ZН2 А-ОН +Н2О+ Z

    Монооксигеназды тотығу жүйелер бауырдың эндоплазматикалық ретикулумінде және басқа мүшелердің митохондриясында болады.

Микросомалды тотығу

  • Монооксигеназды тотығу – негізінен бауырда жүретін микросомалды тотығу. Бұл тотығуға қысқа электрон тасымалдайтын тізбек қатысады:
  • НАДФН2 ФП цхР450 О2 SH

    2Н+ Н2О О2- S-ОH

  • Бұл ферменттер қатысуымен дәрілік заттардың (бензпирен, морфин, аминопирин, бензофетамин) метаболизмі гидроксилдену жолымен жүреді. Нәтижесінде олар залалсызданады немесе олардың ерігіштігі жоғарлап олар ағзадан жеңіл шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет