Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Рауғаш тамырлары – корни ревеня - Radices Rhei



бет52/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Рауғаш тамырларыкорни ревеня - Radices Rhei

Таңғұт рауғашы – Ревень тангутский – Rheum palmatum L.var

tanuticum Maxim.

Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 250 см.ірі тамырсабағы мен одан таралған көптеген ірі етті, сынығынан қарағанда сары түсті тамылары бар. Сабағында жапырақтары аз, жалаңаш. Тамырсабақтары ірі, сағағымен бірге ұзындығы 150 см-ге дейін жетеді, жапырақ тақтасының көлденең ұзындығы 75 см, кең жұмыртқа тәрізді 5-7 салалы қалың түк басқан. Гүлдері ақ-қызғылт немесе қызыл, ұсақ көп гүлді гүл шоғырына жиналған. Гүл аралығы қарапайым гүл тәжі тәріздес. Жемісі – 3 қырлы, қоңыр-қызыл түсті кең қанатты жаңғақ.

Таралуы. Жабайы күйде Солтүстік-батыс Қытайда және Тибетте орманда таулы шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауларында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте өседі. Ресейде Мәскеу, Воронеж, Новосбирск облыстарында, Украинада, белоруссияда өндерістік плантациялар бар.

Дәрілік шикізаты. Тамырлары (Radices Rhei) цилиндр тәріздес, жуан, сыртқы тоз қабатының түсі сұр-қоңыр түсті, ішкі жағынан қарағанда көптеген қызғылт түсті сызықтар мен дақтардан тұрады. Күйдергіш натр ерітіндісімен әсер еткенде рауғаштың ұнтағы қан-қызыл түске боялады.

Химиялық құрамы. Тамырлары мен тамырсабақтарында әсер етуші заттардың екі тобы болады олар: антрагликозидтер және илік заттар. Антрагликозидтер глюко-реум-эмодиннен тұрады да гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды, ал хизофанеин гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды; реохризин фисцион мен глюкозаға, глюко-реин реин мен гликозаға және глюко-алоэ-эмодин, алоэ-эмодин мен глюкозаға ыдырайды.

Иілік заттар тамырсабақтарында 12%-ға дейін болады. Тамысабақтары мен тамырларында шайырлы заттар, крахмал, пектинді заттар бар.

Қолданылуы. Ұнтақ күйінде ( Pulvis radices Rhei) per se немесе күрделі ұнтақ, таблетка, құрғақ экстрактсын 30% - дық этанолмен экстракциялау арқылы алады. Сулы препараттарында антрацендердің іш жүргізетін әсері көбірек байқалады. Спиртті препараттары құрамындағы заттардың комплексті әсерінен, әсіресе галлотаниндердің әсерінен асқорытуды жақсартады немесе іштің жүруін нашарлатады.

Жылқы қымыздық тамырлары – корни щавеля конского – Radices

Rumicis confertus

Жылқы қымыздық - Щавель конский – Rumех confertus Wlld.

Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 150 см көпжылдық шөптесін өсімдік, қысқа көпбасты тамырсабағынан аз тармақталған ірі тамыры таралады. Жапырағы кезекті орналасқан, төменгілері үшбұрыш-жұмыртқа тәрізді, шеттері толқын тәрізді ирелеңдеп орналасқан, сабақ жапырақтары аздап кішілеу жұмыртқа-қияқты. Гүлдері ұсақ, жасыл түсті жіңішке сыпыртқы тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемісі жұмыртқа тәрізді 3+-қырлы, ашық-қоңыр түсті жаңғақ. Мамырда гүлдейді.

Таралуы. Ресейдің Европалық бөліктерінде, Кавказда, Сібірдің оңтүстік аудандарында, Қазақстанда және Қиыр Шығыста таралған. Шалғынды жерлерде. Өзен жағалауларында, орман алаңқайларында, жол бойында, қоқысты жерлерде өседі.

Дәрілік шикізаты. Кептірілген тамыр кесінділерінің (Radices Rumicis) сыртқы беті қою-бурыл түсті тоз қабатымен жабылған, ішкі жағы қызғылт сары –сарғыш түсті. Дәмі ащы-бырыстырғыш, иісі әлсіз өзіне тән.

Химиялық құрамы. Антрагликозидтер саны рауғаштан аз болғанмен дәрілік шикізат көзі болуға жеткілікті мөлшерде (4% дейін). Антрагликозидтер құрамы рауғаштың құрамымен бірдей: негізгі аликондар- реум-эмодин және хризофанол. Илік заттар 13-15%.

Қолданылуы. Өсімдіктен дайындалған қайнатпа мен ұнтағын колиттерді, энтроколит пен геморроиды емдеуге қолданады.

Бояулық риян тамырсабақтары мен тамырлары – корневища и

корни марены красильной - Rhizomata et adices Rubiae

Бояулық риян - марена красильная - Rubia tinctrum L.

Рияндар тұқымдасы – семейтво мареновые - Rubiaceae

Сипаттамасы. Көпжылдық, көлденең ұзын тамырсабағы бар жармасып өсетін шөптесін өсімдік. Сабақтары жатыңқы немесе жармасып өрмелейді, ұзындықтары 150 см, 4 –қырлы тікенді. Жапырақтары 4-6 дан шоқталып орналасқан, ұзындықтары 10 см, қияқты немесе эллипс формалы, сағақсыз, шеттерінде тікендері бар. Гүлдері ұсақ, жасыл-сарғыш, жапырақ қуысына көп гүлді сырғыш тәрізді жартылай шатырлар құрайды. арао

Таралуы. Бояулық риян жерорта теңізінің өсімдігі. Ресейдің Европалық бөліктерінде жабайы өсімдік ретінде таралған.

Дәрілік шикізаты. Циллиндр формалы, әжімді, қызыл-бурыл түсті тамырсабақтары мен қалыңдығы 3-10 мм тамырлары (Rhizomata et adices Rubiae). Көлденең кесіндісінен қызыл-бурыл қабығы мен қызғылт-сары өзегі көрінеді. Иісі әлсіз, өзіне тән; дәмі тәттілеу аздап бырыстырғыш және ащы. Суды қою-қызылы түске бояйды.

Химиялық құрамы. Тамырсабақтары мен тамырларында 5-6% окси және оксиметилантрахинондар бос күйінде және гликозид күйінде табылған. Негізгі ликозидтер рубиретрин қышқылы ализарин-2-ксилозилглюкозид ретінде кездеседі. Бұдан басқа да антрацентуындылары негізінен рубиадиннің ( R1=CH3), псевдопурпуриннің (R1=OH, R2=COOH), луцидиннің(R1=CH2OH), пурпуриннің(R1=OH, R2=H) гликозидтері бар.

Сонымен бірге , органикалық қышқылдар, қанттар( 15% дейін), пектинді заттар анықталған.

Қолданылуы. Риянның құрғақ экстрактсы (Extractum Rubiae tinctori siccum) таблетка күйінде несепті тас ауруларында қолданылады. Препараттың кальций мен магнийдің фоосфаттары мен оксалааттары бар несеп конкременттерінің босап және ағзадан шығарылуына әсер ететін күші бар. Спозмолитикалық әсер ете отырып конкременттердің шығарылуын жеңілдетеді. Кешенді препарат «Цистеналдың» құрамына енген.

Шәйқурай шөбі – трава зверобоя - Herba Hyperici

Шілтержапырақты шәйқурай – Зверобой продырявленный -

Hypericum perforatum L.

Шәйқурайлар тұқымдасы – семейство зверобойные - Hypericaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 30-100 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары жылтыр, ұзына бойына екі жіп тәрізді қабырғалары орналасқан, жоғары ұшы тармақты. Жапырақтары қарама – қарсы орналасқан, отырмалы, эллипс тәрізді ұзын – жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін, ұзындығы 3 см, көптеген көрініп тұратын қара және ақ нүктелері бар. Гүл тостағаншалары терең бес бөлікке бөлінген, тостағанша күлтешелері қияқты немесе ұзынша, өткір сирек қара нүктелері бар. Гүл тәжі 5- күлтелі алтын-сары түсті. Аталықтары көп 3 шоққа жиналған; аналығы жұмыртқа тәрізді үш шалқая орналасқан діңгектері бар. Жемісі – 3 ұялы қорапша. Маусымнан бастап бүкіл жаз бойы гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында кезедседі.Өзен жағасында, шалғынды далады, бұталы өсімдіктер арасында, тау сайларында, тың жерлерде өсіп-өнеді.

Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Hyperici) гүлдей бастағанда және гүлдеу кезеңінің ортасында жинайды. Жоғары ұшынан 30 см етіп кесіп алады. Шикізатын тез арада ауада кептіру арқылы гүлдерінің түсін сақтап қалуға болады. Шөбінің бользамға ұқсас иісі және аздаған ащылау, шайырлы дәмі баар.

Химиялық құрамы. Негізгі әсер етуші заттар конденсирленген антрацентуындылары – гиперицин, псевдогиперецин және т.б. Олардың мөлшері 0,5% құрайды.

Бұдан басқа шайырлы заттар (10% дейін), флавоноидтар, иілік заттар, эфир майы табылған. Флавоноидтардан флавонолды гликозидтер: гиперозидтар 1%, рутин, кверцетин бар. Иілік заттардан конденсирленген туындылар тобын атауға болады. Каротин мен аскорбин қышқылы жоғары мөлшерде кездеседі.

Қолданылуы. Шәйқурайдың шөбінен алынған тұндырмасын (Tinctura Hyperici) қабынуға қарсы, бырыстырғыш, антисептикалық қасиетіне қарай ішек катарасында, колитте, стоматитте ауыз қуысын шаюға және қызыл иекті емдеуге қолданады. Осы мақсатта шөбінің тұнбасын да пайдаланады. «Новоиманин» препараты антибактериялық белсенділік көрсетеді, оны инфекциялық жараларға қарсы, абсцесстерде қолданады.

Сана жапырақтары – листья кассии - Folia Sennae

Сана жемістері – плоды кассии – Fructus Sennae

Үшкір жапырақты сана – Кассия остролистная - Cassia acutifolia Del.

Жіңішке жапырақты сана – Кассия узколистная – Cassia angustifolia

Vahi.


Цезальпинялар тұқымдасы – семейство цезальпиниевые –

Caesalpiniceae

Сипаттамасы.Биіктігі 1 м-ге дейін жететін жартылай бұта. Сабағы тармақты, төменгі тармақтары ұзын, жерге төселіп жатады. Жапырақтары кезекті орналасқан 4-5 қос жапырақтардан тұратын қос қауырсынды жапырақ. Жапырақшалары қияқты, шеттері тегіс, жалаңаш, ұзындығы 20-30 мм, ені 5-9 мм, гүл шоғыры – қуысты шашақтар. Гүлдері аздап зигоморфты, пентамерлі, ұзындығы 7-8 мм; гүл тәжі р түрлі сары күлтешелерден тұрады. Бұршағы – жалпақ, етті. Шілдедее гүлдейді.

Таралуы. Үшкіржапырақты сана Африкада, Ортаңғы Нилдың бассейндерінде, шөл және жартылай шөлейт жерлерде таралған. Суданда мәдени өсіріледі. Жіңішке жапырақтары сана Қызыл теңіз жағалауларында өседі, Индияда мәдени өсіріледі. Қазақстанда үшкір жапырақты сананың Оңтүстік Қазақстанның Жандарбеков ауылында біржылдық мәдени түрде өсіріледі.

Дәрілік шикізаты. Күрделі қос қауырсынды жапырақтардың (Folia Sennae) жапырақ күлтешелері қолданылады. Механизация әдісімен жиналған шикізатта жалпы ағаш+

тар және жіңішке сабақтардың ұсақ кесінділері кездеседі. Түсі сұрғұлт немесе сарғыш-жасыл түсті. Дәмі шырышты-ащы, иісі жоқ. Жемістерін (Fructus Sennae) түрлі пісіру сатысында жинайды.

Химиялық құрамы. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін сананың құрамында 1-3% антрагликозидтер, сонымен қатар гүлюко-алоэ-эмодин, глюкореин және реин глюкозиді глюкозамен 1-ші орында орналасқан. Сонымен бірге, реин диантроны болып табылатын димерлі қосылыс А және В саннозидтер табылған.

Бұдан басқа, сана жапырақтарында флавонолдар изорамнетин, кемпферол және олардың глюкозидтері табылған. Ілеспелі заттардан ішекті тітіркендіретін қабілеті бар шайырлы заттар кездеседі. Бұршақтарының құрамындағы антрагликозидтер жапырақтарының құрамымен бірдей.

Қолданылуы. Жапырақтарынан тұнба дайындалады. Сана жапырақтары іш жүргізетін және геморройға қарсы (итшомырт қабығымен, мыңжапырақ шөбімен, кориандр жемістерімен және мия тамырларымен) жинақтар қатарына кіреді.

Білім алушының қолы _______ Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы

2021ж."13"қаңтар ________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Кабулов.Б

2021ж. "13"қаңтар

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

__________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

_________________________________________

2021ж. "13"қаңтар





Техникалық және қауіпсіздік,орта 

білімнен кейінгібілім беру

 ұйымдары үшінкәсіптік

 практиканы ұйымдастыру мен

 өткізуқағидаларын және

 практика базалары ретінде

кәсіпорындарды(ұйымдары)

айқындау қағидаларына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет