Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті
Реферат
Пән:Зология
Тақырыбы: Губкалар
Орындаған:Либек Аружан 105 топ
Тексерген: Айтжанова М.О
Алматы 2023
жоспар
1 Губкаларға жапылама түсініктеме
2 Құрлысы және физологиясы
3 Губка қаңқасы
4 Көбеюі мен дамуы
5 Классификациясы
6 Қортынды
7 Пайдаланылған әдебиетер
ГУБКАЛАР ТИПІ — SPONGIA НЕМЕСЕ PORIFERA
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі — балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
Құрылысы және физиологиясы. Губкалардың денесі сыртқы дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты — парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет — денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль куысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады.
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған. Олар эпителидің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан. Әрбір пороцит клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер губкалардың денесінде көптеген саңылауларды (пораларды) құрайды. Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы клеткалардан құралған.
Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады.
Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар кездеседі. Колленциттер — жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса және үштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары — әр түрлі инелерді дамытып губканың каңкасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары — еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің бір түрі — археоциттер — бұлар толық дифференцияланбай резервтегі клеткалар больш саналады, жоғарыда атап кеткен клеткаларға оңай айнала алады, сонымен катар жыныс клеткаларға да бастама береді.
Губкаларда регенерациялык қабілеттілігі күшті дамыған.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы (хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар аркылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялык кұрылысы жағынан – аскон, сикон, лейкон, деп аталатын үш типке бөледі.
Ең қарапайым құрылысты — аскон. Асконның мезоглея қабаты жүқа және талшықты жағалы клеткалары біркатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады. Денедегі поралары тікелей парагастраль қуысына ашылады. Осы куысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон қүрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты калталар деп атайды.
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдекайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттік камералар орналасады.
Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және парагастраль куысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері арқылы байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен қорек заттар толығымен ұсталынып қорытылады.
Қаңқа. Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан — кремнезем (кремнидің оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен және органикалык заттардан — спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.
Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден кұралған. Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші клеткалардан — склеробластардан дамиды. Спикулалар бір осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді. Спикулалар бір-біріне байланыссыз орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе бірыңғай қаңканы құрады.
Органикалық каңқа ұсақ қаңқа түзуші клеткалардан — спонгиобластардан дамиды. Қаңканың құрамы мен құрылым ерекшеліктері — губканың негізгі систематикалық белгілері болып табылады.
Көбеюі және дамуы. Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен бөлініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды.
Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, анальқпен қарымқатынасын сақтап — колония түзеді. Кейбір губкаларда бүршіктердің шекарасы жойылып, бүршіктер анасының денесімен бірігіп тұтас қомақты колонияға айналады, осындай колониядағы бүршіктердің санын оскулумдардың санына қарай білуге болады.
Сыртқы бүршіктенуден басқа іштей бүршіктену де кездеседі.
Жынысты жолмен барлык губкалар көбейеді. Губкалардың басым көпшілігі гермафродиттер. Жыныс клеткалары мезоглея қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. Аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырады.
Ұрыктанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңі аналық организмнің ішінде өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі бөліне отырып 8 бластомерлерге бастама береді. Одан ары үрық 8 майда үстіңгі және 8 ірі астыңғы бластомерлерге бөлінеді. Әрі қарай даму барысында майда бластомерлер ірілерге қарағанда тез бөліне бастайды. Осының нәтижесінде бір кабатты шар тәрізді ұрық — бластула түзіледі. Оның үстіңгі жартысы майда цилиндр тәрізді, талшықты, микромералар деп аталатын клеткалардан, ал төменгісі ірі дәнді, талшыксыз макромералардан түрады. Губкалардың осындай құрылысты бластуласын — амфибластула деп атайды.
Аналық организмнің ішінде амфибластула өзіне тән өзгерістерге ұшырайды. Оның ірі макромера клеткалары майда микромераларға карай ығыса бастайды. Бірақ бұл процесс біраздан кейін тоқтайды да, ірі клеткалар қайтадан кері шығып амфибластула бұрынғы күйіне қайта оралады. Бұдан кейін амфибластула саңылаулар жүйесі аркылы губканың денесінен су ортасына шығып, еркін жүзіп (талшықтардың көмегімен), біршама уақыттан кейін майда талшықты клеткалары бар жағымен субстратка бекінеді. Осыдан кейін майда талшықты клеткалары ірі клеткалар жағына қарай еніп, екі қабатты ұрық пайда болады да, ол ересек губкаларға айналады.
Ұрықтың майда талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, ал ірі клеткалары — сыртқы, дермальды қабатын, мезоглеяны және оның барлық клеткалык элементтерін кұрайды. Осындай даму кезеңі барлық ізбесті губкаларда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |