Ғылым тарихы және философиясы



бет63/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   185

Француз ағартушылары


Францияда XVIII ғасырда философия әлеуетті қоғамдық-мәдени қозғалысқа айналған Ағартудан дамуға нақты серпін ала отырып, Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.


Барлық француз ағартушыларын біріктіретін негізгі идея – ол адамзатты толғандыратын мәселелердің барлығы философиялық ақыл-парасат тезінен өтуге және содан негіз табуға тиіс. Еркін ой- лау бұрын-соңды болмаған биік деңгейге көтерілді: табиғатты тану да, бұрын қалыптасқан түсініктер де теріске шығарылды, енді өмірге жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.
Ағартушылар әлеуметтік өзгерістердің бағдарламасын құруға және Адамның жаңа мақсат-мұратын қалыптастыруға тырысты. Осындай дүниетанымды құру жөніндегі түпқазық – 1751-1780 жылдары Дидро шығарған (алғашқы жылдары д’Аламбермен бірге) Энциклопедия болды. Сол себепті француз ағартушылары энциклопедистер деп те аталады. Энциклопедия төңірегіне жиналып, олар Ф.Бэкон сызып бер- ген: әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ұлы ғылымдардың қалпына келтірілуі» жоспарын жүзеге асырмақ болды.
Француз ағартушыларының еңбектерінде Табиғаттың және ондағы адамның алатын орнының жаңа материалистік ұғымы қалыптаса бас- тады. Өздерінің әлеуметтік-саяси идеяларымен олар әсіресе қоғамға үлкен ықпал етті. Қызба ұлт өкілдері болғандықтан, олар орнықты ағылшындардан асып түсіп, күн тәртібіне қоғамның пісіп-жетілген саяси-құқықтық мәселелерін шешу қажеттігі туралы сұрақты ашық қоя отырып, қалыптасқан феодалдық тәртіптерге даусыз қарсы шықты.
Ағартушылық қозғалыстың негізін Ф.Вольтер мен Ш.монтескьё қалады. Өздерінің озық идеялары арқылы олар ағартушылардың келесі ұрпағының (Д.Дидро, п.гольбах, ж.ж.Руссо, д’аламбер, ж. де ла- метри және басқалары) философиялық идеяларының қалыптасуына септігін тигізді.
Француз Академиясының мүшесі, философ, тарихшы, заңгер, жа- зушы Шарль луи де монтескьё (барон де секонда) (1689-1775) өзінің сатиралық ерте еңбектерінің бірі – «Парсы хаттары» деп ата- латын шығармасында-ақ француздың дара монархиясын азиаттық озбырлыққа теңеп, клерикализмге қарсы шықты, дін қайраткерлерінің екіжүзділігін әшкереледі. Ол жазғандай, христиан діні «сүйіспеншілік діні» болуға тырысқанмен, өз тарихында көптеген соғыстар мен қантөгістерге жеткізді. Христиандықта адам ақылының шектеріне сыймайтын қағидалар соншалықты көп: «олар үшін үш бірге тең» (Құдай үштігі туралы айтылып отыр), нан – нан емес, шарап – шарап емес (причастие деп аталатын салт-ғұрыпқа байланысты сөз болып отыр. – Аудармашы) және т.с.с.
Алайда ол Құдай идеясынан үзілді-кесілді бас тартпайды. Ол де- ист болды, яғни Құдайдың Табиғатты жаратқанын, ал ары қарай оның Құдайдың қатысуынсыз, өз бетінше дамитынын мойындайды. Ой- шыл христиандықты гуманистік өмір бағытына бұруға әрекеттенді. Оның ойларының желісі төмендегідей: егер Құдай адамдарға олардың ізгілікті болуы үшін ашылса, онда адамдардың осы өмірде бақытты болуға ұмтылуы күнәға жатпайды. Егер Құдай адамды жақсы көрсе, онда адамдар да бір-бірлерін жақсы көруге, бақытқа жету жолында қолдау көрсетуге тиіс.
Өз заманының күрделі де өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерін терең түсіну мақсатында ол назарын тарихтың терең қойнауына ауда- рады және ертедегі римдіктердің тарихы туралы еңбек жазады, одан біз ойшылдың тарих философиясы жөніндегі ұстанымын көреміз. Ол христиандық провиденциализмді (тарихтың ақыры және қиямет күні туралы ілімді), сонымен бірге «тарих – қайсыбір замандарда орын алған кездейсоқ фактілердің жиынтығы» дейтін көзқарасты да теріске шығарады. Оның пікірі бойынша, «кез келген мемлекеттің шарықтауы мен құлауының немесе әлсіреуінің рухани және табиғи себептері бар». Ертедегі Римнің көтерілуі мен күшеюі тарихына талдау жасай келе, олардың себебін ол адамдар қоғамдық мүдделерді өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қойған және барлық күштерін соларды қорғауға сарп еткен азаматтық құндылықтардан көреді. Егер республикалық басқару билігі болмағанда, осындай патриоттық азаматтық құндылықтар да болмас еді. Осыған сәйкес, Римнің құлау себебін ол
республикалық биліктен императорлық билікке көшуден көреді.
Ойшылдың әлеуметтік-философиялық идеяларын оның «заңдар рухы туралы» (1748) деп аталатын іргелі еңбегінен табамыз.
Бастапқыда ол Женевада жасырын басылып шықты. Онда Монте- скьё қоғамды түсінудегі географиялық детерминизмді негіздеп берді. Басқару түрлерін де, заңдар сияқты, ол географиялық ортаға тікелей тәуелді етті.
Қоғамның өмір сүруін және оның дамуын ол қабылданатын заңдардың сапасымен тығыз байланыстырады. Монтескьё: «Егер кімде-кім бір немесе басқа қоғамның ерекшеліктерін түсінгісі келсе, онда сол мемлекеттің заңдарымен танысуға тиіс», – деп кеңес береді. Кейіннен қоғамның табиғатына деген бұндай көзқарас әдебиетте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет