Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


 САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

8. САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ  
(ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару бойынша)
8.1 САЛАЛЫҚ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
Соңғы жылдары медицина ғылым ұйымдарының патенттік бенсенділігі едәуір өсті. Табысталатын қорғау 
құжаттарының көлемі 3 еседен артық өсті,, соның ішінде зияткерлік жекеменшік туралы куәліктер 5,9 есе, 
инновациялық патенттер 2,3 есеге дейін артты (8.1 кесте).
ҚР-да патенттелетін әзірлемелердің негізгі көлемі «Диагностика және хирургия» (38,89%), «Терапиялық, 
стоматологиялық  немесе  гигиеналық  мақсаттарға  арналған  дәрілер  мен  дәрі-дәрмектер»  (36,07%) 
салаларына тиесілі. 
Ғылыми  жобалар  мен  бағдарламалардың  нәтижелерін  енгізу  бойынша  медицина  ғылымымен 
айналысатын  ұйымдар  соңғы  үш  жылда  3200-ге  жуық  акт  алған.  Осы  орайда  актілердің  66%-ы  өзге 
ұйымдарда енгізілуге қатысты. Бұл ғылыми зерттеу нәтижелерінің практикалық денсаулық сақтау жүйесіне 
диссеминациясын аңғартады (8.2 кесте).
Диагностика, емдеу мен медициналық сауықтырудың жаңа тәсілдерін қамтитын ғылыми әзірлемелер 
медициналық  технологияларды  бағалау  процедурасынан  өткізіліп  (МТБ),  соның  нәтижелері  негізінде 
өкілетті  орган  (ҚР  ДСӘДМ)  олардың  ары  қарай  қолданылуын,  диагностика  мен  емдеу  хаттамасына 
енгізілуін  және  кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек    көлемі  аясында  қаржыландырылуын 
мақұлдап, шешім қабылдайды. Соңғы үш жылда медицина ғылымымен айналысатын ұйымдарда жаңа 
медициналық технологияларды ҚР аумағында қолдануға 240 тапсырыс беріліп, олардың 75-і мақұлданған 
болатын (8.3 кесте)
Кесте 8.1 – Алынған қорғау құжаттарының саны
Кесте 8.2 – Алынған енгізу актілерінің саны

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
81
Кесте 8.3 – МТБ-ға берілген тапсырыстар мен қолданылуы мақұлданған технологиялар саны
 
Соңғы үш жылда Денсаулық сақтау саласындағы ҒЗЖ нәтижелерін коммерциализациялау көрсеткіштері 
айтарлықтай  өскені  байқалады.  600  875,8  мың  теңге  сомасында  жалпы  саны  129  технология 
коммерциализацияланды.  Осы  орайда  коммерциализацияланған  технологиялардың    66,6%-ы  (86) 
отандық зерттеулердің әзірлемелері болып табылады (8.4 кесте).
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық сипаттағы ғылыми жетістіктер мен өндіріске 
(тәжірибеге)  енгізілген  ғылыми  әзірлемелердің  нәтижелерін  талдау  арқылы  негізгі  көрсеткіштердің 
өскендігі айқындалды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР 
ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ 
В области информационных и 
коммуникационных технологий Центром 
исследоввания воличестве 5000 т/год. Начата 
поставка углеродистого восстановителя в RWsili-
cium Gmbh.
Ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялар саласында «ҰАТ» АҚ зерттеу 
лабораториялар орталығында ауқымды деректер 
мен технологиялар бойынша келесі жұмыстар 
жүргізілді:
-data.gov.kz ашық деректер порталының 
түптұлғасы құрылды;
-«Денсаулық картасы» ашық деректері негізінде 
қосымша деректерінің түптұлғасы әзірленді;
«Үлкен деректерді» талдау бойынша сценарий 
түптұлғасын іске асыру бойынша жұмыстар 
жүргізу үшін техникалық есеп алаңы іске 
қосылды: «электрондық үкімет» порталын 
пайдаланушы  - мемлекеттік қызмет және оның 
адалдығын алушы бейінін талдау бойынша 
зерттеу;
- «мемлекеттік бұлт» жобасы шеңберінде 
эксперименттік-тестілеу алаңы құрылды және МО 
инфрақұрылымдарын оңтайландыру үшін түрлі 
тұғырнамаларға тест жүргізілді;
- трафиктерді оңтайландыру үшін деректерді 
беру желісіне сынақ жүргізілді.
Халықаралық Ақапарттық Технологиялар 
Университетінің жанында «Usability» зертханасы 
құрылған болатын. Зертхана:
Oculus Rift (виртуалды шынайылық көзілдірігі), 
Leap Motion (виртуалды ортада өзара байланысу 
үшін саусақтар трекері) пайдаланумен 
астрономияның виртуалды класы;
Kinect 2 (терең тану камерасы) пайдаланумен 
виртуалды киім өлшеу бөлмесі. Бұл өнім 
пайдаланушыларға түрлі киімдерді физикалық 
қатысусыз киіп көруге мүмкіндік береді.
Метрология саласында өлшеу құралдарының 
жаңа типтері әзірленді –жылуөткізгіштік 
шаралары, калибрлеу кезінде кванттық 
эталондарды пайдаланумен өлшеу 
құралдарының белгісіздігін есептеу 
әдістемесі, отандық өндірістердің рубидий 
генераторларының өндірісін ұйымдастыру 
бойынша техникалық талаптар мен ұсынымдар. 
Қолдану салалары: энергетика, энергия сақтау, 
телекоммуникация, әуе және ғарыш салалары.
Зерттеу нәтижелері бойынша квант эталондарын 
пайдалана отырып, өлшеу құралдарын калибрлеу 
барысындағы белгісіздіктерді есептеу әдістемесі 
Кесте 8.4 – ҒЗЖ нәтижелерін коммерциализациялау көрсеткіштері

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
82
жасалды. Осы саладағы ғылыми зерттеулер 
электр кедергісінің мемлекеттік эталонын 
біріншілік деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ 
оны калибрлеудегі материалдар мен уақыт 
шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Қазір 
калибрлеу бойынша жұмыстар республикамызда 
да жүзеге асырылады.
Химиялық өнім қауіпсіздігін стандарттау 
және реттеу саласында REACH регламентінің 
талаптарына сәйкес отандық химиялық 
кәсіпорындарды еуропалық бақылау жүйесіне 
көшіру жөніндегі мәселелерді зерттеу жұмыстары 
жүргізілуде.
Химиялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы 
стандартизацияны жетілдіру мен химиялық затты 
«Химиялық заттарды тіркеу, сынау, сараптау 
және нарыққа шығарылымын шектеу (REACH)» 
Еуропалық одағының Тәртіптемесіне сәйкестігі 
бойынша тіркеуге дайындау бойынша ұсыныстар 
әзірленді.
Зерттеу нәтижелері өнім қауіпсіздігін арттыру, 
өмір сапасын жақсарту, азаматтардың 
денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау 
және REACH тіркеу процедураларын өткізудегі 
уақыт факторын қысқарту, өнімді Еуропалық 
нарыққа шығару үшін «Каустик» АҚ, «Иртыш 
- Стандарт» ЖШС, «Казбытхим» ЖШС, «LTD 
Мұнайхим Компания» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС 
кәсіпорындарында қолданысқа енгізілді.
«Денсаулық сақтау ұйымдарының менеджмент 
жүйесіндегі басқармалық бақылау мәселелері» 
тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары 
респбликаның басқармалық бақылау жүйесіндегі 
оңтайлы құрылымның аса өзекті мәселелерін 
зерттеуге арналған. Ол GMP жүйесін ұтымды 
қолданысқа енгізу мен халықаралық деңгейде 
әлем қауымдастығымен мойындалуы үшін, 
фармацевтикалық өнім өндірушілердің 
жүктемесін азайту мақсатында басқармалық 
бақылаудың жаңа әдістерін біріздендіру, 
теңдестіру және негіздеу үшін қажет. Сонымен 
қатар менеджмент жүйесін енгізу, дәрілік 
заттардың жаңа түрлерін дайындау бойынша 
практикалық жұмыста айтарлықтай септігін 
тигізері анық. Қазақстан Республикасындағы 
фармацевтикалық өндірістік даму жағдайы 
зерделенді. Кедендік одақтағы фармацевтикалық 
нарықтың негізгі даму перспективалары 
айқындалды.
Нәтижесінде менеджмент жүйесін формалды 
емес жағдайда енгізу, нормативтік базаны, 
ішкі-сыртқа басқармалық бақылау түрлері 
мен үдерістерін жетілдіру мәселелерін шешу 
бойынша халықаралық нормативтерге теңдес 
ұсыныстар әзірленді.
Көрсетілген механизмдер мен басқармалық 
бақылау құрылымы жетілдірілген жағдайда 
ғана отандық кәсіпорындар мен олардың 
тауарларының әлемдік нарықтағы бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға болады. Бұл нормалар 
«Инфекцияларға қарсы препараттар ғылыми-
өндірістік орталығы» РМК-на, «Нобел Алматы 
фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-на, Қазақстан-
Ресей медицина университетінде енгізілуде.
Автожол саласында жаңа материалдарды 
пайдалана отырып,  50-ден астам сынақ 
учаскелерін салынған. Олар ұдайы 
мониторингіленеді; республика аумағындағы 
климаттық жағдай зерттеліп, асфальтбетон 
төсемдерінің эксплуатациялық температурасын 
аудандастыру бойынша әзірлеме жасалды. 
Түрлі полимерлі қоспалардың битум мен 
асфальтбетон қасиеттеріне әсерін бағалау 
бойынша зерттеулер жүргізілді. Полимерлі-
битумдық тұтқыр материалды  дайындауда 
битумға қосылатын, сондай-ақ полимерлі 
асфальтбетон қосындысын дайындау барысында 
асфальтбетон зауытының араластырғыш 
құрылғысына салынатын полимерлі қоспалардың 
бірқатар түрлері зерттелді:
- стирол-бутадиен-стирол негізіндегі полимерлер 
(СБС) – Кrаtоn (США), TPS (Жапония), Саlрrеnе 
(Испания), Вutonal (Германия);
- Elvaloy® RET (США);
- Bit-Amid (Италия), Sasobit (Германия);
- PRPlast, PRFlex (Франция), Вископласт 
(Германия), Superplast (Италия);
- резина үгіндісі негізіндегі модификаторлар – 
КМА (Ресей), Унирем (Ресей), Tec-Road (Австрия), 
SASCR (Қазақстан).
Зерттеу нәтижелері полимерлен қолданылған 
асфальтбетондардың мықтылығы, жарылуға 
қарсы төзімділігі, сораптардың басылуына 
орнықтылығы туралы қорытындылар жасалды.
Ғарыш қызметі, көлік және коммуникация 
саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
Нано- және микрожолсеріктер мен 
жұлдыздардың, күн мен магниттік датчиктердің 
қозғалысы мен навигациясын басқару 
жүйесінің үлгілері, жер маңындағы ғарыштық 
кеңістікті мониторингілеудің ғылыми аппараты, 
ғарыш аппараты мен оның ішкіжүйелерінің 
жұмысының математикалық және имитациялық 
модельдері, тиісті бағдарламалық-математикалық 
қамсыздандыру мен жобалық құжаттар 
дайындалуда. 
Ғарыш техникасының отандық үлгілерін жасақтау 
бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар орындалып, елеулі 
нәтижелер алынды:
- жолсеріктік навигацияға арналған 
дифференциалды стансаларды (ДС) әзірлеу 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
83
бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар 
орындалды;
- ДС 50 дана сынақтық партиясы дайындалып, 
Қазақстан аумағында іске қосылды. Олар 
Қазақстан Республикасы жолсеріктік 
навигациясының жоғары дәлдіктегі жүйесі 
құрамында жұмыс істейді;
- ААШШ (Автожолдардағы апаттарда шұғыл 
шақыру) жүйесі үшін борттық мобильді 
терминалдар мен диспетчерлік орталықтардың 
10 сынақтық үлгісі жасалды. Оладың пилоттық 
нұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар 
және даму министрлігінің Ситуациялық 
орталығында сынақтан өткізілуде;
- «ПФ Взлет-Казахстан» ЖШС жылу жүйесіне 
арналған 1000-нан астам дерек жинау мен өткізу 
модемі шығарылып, енгізілді;
- «Точприбор» ЖШС тапсырысы бойынша 
психодиагностикалық кешеннің 52 жиынтығы 
дайындалды;  
- егістіктердегі зиянкестердің популяциясы туралы 
деректерді жинаудың автоматтандырылған 
жүйесінің 5 жиынтығы сынақтық пайдаланудан 
өтіп жатыр;
- тапсырыс берушілерге 2 дербес 
суперкомпьютер жасалып, жеткізілді.
Барлығы ғарыштық аппараттардың жиынтығына 
кіретін 5 эксперименталды сынақтық үлгі және 
14 арнайы аппараттық-бағдарламалық құрал 
(АПҚ) әзірленді. Олар ел экономикасының түрлі 
салаларында ғарыш жүйесінің өнімдері мен 
қызметіне техникалық тұрғыда қол жеткізу үшін 
пайдаланылады. АПҚ болжамды тұтынушылары 
мемлекеттік (соның ішінде Қарулы күштер) және 
коммерциялық құрылымдар болып табылады.
Ауылшаруашылығы министрлігінің 
тапсырысымен егістік алқаптарының аудандары 
мен дәнді дақылдары жағдайы анықталып, 
егіннің перспективалық күтімі бағаланады, 
ауылшаруашылығы қолданысындағы жерлердің 
инвентаризациясы мен мониторингі жүзеге 
асырылады.
Өрт пен селді ғарыштық мониторингілеу 
технологиялары Павлодар, Ақмола, Қызылорда, 
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, 
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және 
Астана қаласында енгізілді.
Болжамды мұнай құйылуы апаттарының алдын 
алу және салдарын жою үшін Солтүстік-шығыс 
Каспийдегі акваторий мен жағалау аумағын 
ғарыштық мониторингілеудің ұдайы жұмыс 
істейтін жүйесі жасалуда. 
Мұнай төгілуін автоматты ғарыштық 
мониторингілеудің технологиялық циклі жасалды. 
Ол радиолокациялық мониторинг, нысандарды 
тану, картография, модельдеу жұмыстарын 
қамтиды.
Қазақстан Республикасы минералды 
шикізаттарын кешенді өңдеу
Тау-металлургия саласының индустриалды-
инновациялық дамуын ғылыми-техникалық 
қамсыздандыруды жүзеге асыру аясында соңғы 
жылдары нақты міндеттер шешімін тауып, 
салихалы нәтижелерге қол жеткізілді:
Осылайша, тау-кен ісінде:
- тау-кен өнімдерінің тұрақты жағдайын 
қамтамасыз ететін, массивтің келуі мен пайдалану 
шығындарды 21%-ға қысқартатын және кен 
орындарын ұзақ мерзімде әрі тиімді пайдалануға 
мүмкіндік беретін тәсілдер мен құралдар 
әзірлемесі жасалды;
- өнімді қабаттардың күрделі жерлерінде 
орналасқан тау жыныстарын су ағынынсыз 
жерастылық ұңғылық сілтісіздендірудің жаңа 
геотехнологиясы алынды. Ол блоктарды өңдеу 
мерзімін 25-30%-ға қыстартып, «бататын 
ерітінділерде» металлдар мен реагенттердің 
жойылуын 30-35%-ға азайтып, қымбат 
реагенттерге жұмсалатын шығындарды азайтып, 
өндірілетін пайдалы қазбалардың минералды-
шикізаттық базасын кеңейтуге жол ашады;
- тау машинасы – электромагнитті балғаның 
үлгісі жасалды. Көпфункционалды агрегат 
жұмыс құралына байланысты әртүрлі 
мақсаттарда қолданылады: тау-кен өндірісінде 
– тау жыныстары мен шағын кесектерді бұзу, 
техногенді үйінділерді үгіту және т.б. үшін; 
құрылыс индустриясында – тоңазыған топырақты 
өңдеу, қаланған бетондарды бұзу, баған 
тұрғызу үшін; машина жасауда – қалыптау мен 
сығымдау үшін; металлургияда – пеш күлдері мен 
фетеровкаларын шығару үшін қолданылады.
- карьер жүк тасымалдарын автоматты 
түрде жоспарлау мен басқару ішкі жүйесінің 
бағдарламалық қамсыздандырылуы жасалды. 
Ол тау-транспорттық техникасы жұмысының 
тиімділігін 10-15%-ға арттыруға, тасымалға 
жұмсалатын пайдалану  шығындарды 15-20%-ға 
қысқартуға мүмкіндік береді.
Ұсынылған әзірлемелердің жүзеге асуы 
минералды шикізат көздерін сақтауға, кеңейтуге, 
машиналар импортының көлемін қысқартуға, 
машина жасау саласын дамытуға, транспорт 
шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Қара металлургия саласында технологиялар 
мен технологиялық регламенттер дайындалды, 
өндірістік өнеркәсіптерді жобалауға арналған 
мәліметтерді анықтау үшін ірілендірілген 
тәжірибелік-конструкторлық сынақтар жүргізілді:
- солтүстік мұнайгаз тасымалы мақсатында 
құбылдарға арналған беріктігі Х80 классына 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
84
жататын болат сыналды. «Арсенол Миттал 
Теміртау» АҚ оттегі-конвертерлік цехында 
жүргізілген өндірістік сынақ барысында 
АРI Spec 5L бойынша Х80 беріктігі жоғары 
санатқа жататын құбыр болаты алынды. Ол РФ 
техникалық шарттары бойынша 09Г2ФБ маркалы 
болаттың аналогы болып табылады. ҚӨО 1–де 
(ЛЦП) ары қарай жетілдірілетін жалпы салмағы 
288 тоннаны құрайтын 16 құйынды құбырлық 
әзірлемеге жіберілді;
- ферроникель, хромникельді шойын сыналды. 
Зауыт жағдайында теңдестірілген жағдайда РПЗ-
0,3 МВА пешінде Батамш тобы кен орындарының 
кондициясыз тотықтандырылған никель 
рудаларынан шойындағы никельді реттеу үшін 
шихтаның рудалы бөлігіне 25%-5а дейін хромитті 
құйындылар қосу арқылы хромникельді шойын 
алынды. Құрамында никель 3-6 % мөлшерінде, 
хром 30% дейінгі хромникельді шойын болаттың 
қоспалы және арнауы түрлерін, соның ішінде тот 
баспайтын болатты балқытуға жарамды;
- ферро- және кешенді балқымалардың 
стандартты және жаңа түрлері сыналды. 
Тәжірибелік-өндірістік сынақтар барысында 
Стандартты маргенецті ферроқорытпаны 
балқытуға жарамсыз Батыс Қамыс кен орнының 
жоғары кремнийлі марганец рудары мен 
жоғары күлді көмірді пайдалану негізінде 
алюмосиликомарганец алынды. 39-41% кремний, 
7,4-8 % алюминий, 28-30 % марганец, және 
қалғаны темір құрамды қорытпа алынды;
- Үшқатын ІІІ және Жомарт кен орындарының 
рударалын өңдеуден қалған шламдардан 
алынған кондициялы марганец концентраттар 
сыналды. Үшқатын және Жомарт кеніштерінің 
шлам  қалдықтарына жүргізілген сынақтарда 
МСЛ-2 ленталы магниттік сепараторын 
пайдалану арқылы марганецтік концентрат 
түрінде алынуы жүзеге асырылды – 88,4%. Жатып 
қалған шламдардан марганец концентратын алу 
мақсатында өндірісті жобалаудың Технологиялық 
регламенті әзірленді (ТМО);
- темірмарганецті рудалар сыналды. Тәжірибелік-
эксперименталды учаске жағдайында 0,2 
МВА руда-термикалық пешінде марганецті 
ферроқорытпаның стандартты маркалары 
балқытылды. Осы орайда жиналған кесектелген 
магниттік марганецті концентрат пайдаланылды. 
Марганец шикізатын алдын ала дайындау 
технологиясы марганецпен байытылған 
рудалардың өндірістік өнімдерінен 70-75%-
ға дейін мөлшерінде марганец алуға, яғни 
шикізаттың тек байытылу және электрлі 
балқытуға дайындалу сатысында марганецті 
50-50%-дан 75-80 %-ға дейін өндіруге мүмкіндік 
береді;
- қоңыртемірлі рудалар мен концентраттар 
өңделуі сыналды. Аят кен орнының рудасын 
өңдеудің технологиялық сұлбасы жасалды. 
Осы ретте құрамында 57% темір, небары 0,29% 
фосфор бар фосфорсыздандырылған темір 
концентраты алынады. Жартылай өндірістік 
сынақтарды жүргізуге арналған пилоттық 
құрылғы құрылысының жобалық құжаттамалары 
әзірленді. Арал маңындағы Көкбұлақ кен 
орнының рудаларын 52% темір, 0,1%ифосфор 
құрамды темір концентратын алу арқылы 
өңдеудің технологиялық сұлбасы жасалды. 
Лисаков кен орнының рудаларын өңдеудің 
технологиялық параметрлері белгіленді. Осы 
орайда құрамында 63%итемір, 0,25% фосфоры 
бар нақты өнім алу қарастырылған.
- болат балқыту өндірісінің техногенді 
қалдықтарынан темір рециклингасын алу. Болат 
пен шойын балқымасында қолданылатын 
темірқұрамды қалдықтарды өндірудің 
технологиялық тура сұлбасы жасалды. Болат 
балқыту үшін мателл сынықтары құрамында 
пешке салудың режімдік параметрлері, 
құрамы, брикеттеу тәсілі, брикет өлшемдері 
анықталды. «Кастинг» ЖШС ӨФ жағдайында 
5 сп. маркалы болат балқытылды. Темірдің 
брикеттерден болатқа өту деңгейі 48%-ды 
құрады. Темірқұрамды қалдықтарды кесектендіру 
бойынша өндірістік қуаттылығы жылына 100 
тоннаны құрайтын өндірістік бөлімшені жобалау 
бойынша технологиялық тапсырма берілді.
«Қазақстандық» қорытпасы» жобасын 
коммерциализациялау бойынша жұмыс 
жалғасуда. Модификатор-элементтер (кальций, 
барий, т.б.) мен қосу элементтерді (ванадий, 
титан, т.б.) қосылған темір, кремний, алюминий 
(ферросиликоалюминий) қорытпасы өз 
қасиеттері негізінде бір мерзімде болатты 
тотықтандырады, қосады әрі түрлендіреді. Сол 
арқылы әр тоннаға жұмсалатын шығын 10%-ға 
дейін үнемделеді.
«Қазақстандық» қорытпасы үшін 15 елдің 
патенті, соның ішінде ЕО, Алжир, Мексика, 
ОАР, ҚХР, Гонконг, Австралия, Жапония және 
т.б. патенттері алынды. Қорытпа «KSPSteel» 
(Қазақстан) ЖШС-те, LigasGeraisEletrometalurgiaL-
td.-да (Бразилия) өндіріледі. Қарағанды кешенді 
қорытпалар зауытының 1-кезектегі құрылысы 
жүзеге асырылуда; Қырғызстан Республикасы 
Таш-Кумыр қ. жылына 14000 т. қорытпа өндіретін 
1-кезекті ферроқорытпа зауытының құрылысы 
бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Жылу потенциалын барынша толық пайдалану 
мақсатында бөлінетін газдық толық жанып кетуі 
жағдайында жарамды кокс шығарылымын 
арттыру бойынша құрамында қалдықты ұшпалы 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
85
элементтері бар (3,0%) әлсіз жымдасатын не 
жымдаспайтын көмірлерден көміртекті қалпына 
келтіруші (арнайы кокс) алу тәсілі жасалды. 
Аталған технология Шығыс Қазақстан облысы 
Телаттургия орталығының тәжірибелік-өндірістік 
учаскесі жағдайында сыналды. Орталық 
ғылыми-техникалық әзірлемелерді сынау, 
өңдеу және коммерциализациялау, сондай-ақ 
тау-кен металлургиясы саласы өндірістерінде 
қолданылатын технологияларды оңтайландыру 
мақсатында арнайы құрылған. 
Осы технология бойынша Қарағанды қаласында 
өндірістік өнеркәсіп құрылды. Шығарылатын 
өнім RWsilicium Gmbh-да (Германия) сынақтан 
өткізілді. Германиялық мамандардың 
қорытындысы бойынша сыналған көміртекті 
қалпына келтіруші пештік тұрақты жұмысы 
жағдайында өндірілетін кремний сапасын 
айтарлықтай арттырады. Жылына 5000 т. 
дәстүрлі коксты қолданылымын алмастыра 
алатын өнімнің пайдаланылуындағы жағымды 
перспективаны айқындайды. RWsilicium Gmbh 
компаниясы тапсырысымен көмертекті қалпына 
келтіруші өндіріле бастады.
Шұбаркөл көмірінен төменфосфорлы 
спецкокстың сынақтық үлгісі алынды. Ол 
электротермикалық өндірістердегі қалпына 
келтірушіге қойылатын талаптарға толық жауап 
береді. Сынақтық арнаулы кокстың реакциялық 
қабілеті жағынан доменді кокстық жаңғақтан 
7-10 есеге, электрлі кедергі шамасы жағынан 5-10 
есеге артық болуы электр пештерінің өндірістік 
қуаттылығын арттырып, ферроқорытпаларды 
балқыту барысында электр энергиясының 
шығынын азайтады. 
Тау-кен металлургиясы кешенін дамыту 
бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында 
Қызылорда облысында күріш кебегін өңдеудегі 
кремний көміртекті өнімді шикізат ретінде 
пайдалану арқылы ферросицилий шығаратын 
ферроқорытқа зауытын ұйымдастыру мәселесі 
қарастырылуда. 
Түсті металлургия саласында шикізат көздерін 
кеңейту негізінде таза металлдарды (алтын, мыс, 
ценк, қалайы) және металл тұздарын шығаруға 
бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Өндірісті 
ұйымдастыруға арналған бастапқы мәліметтер 
мен технологиялар әзірленді:
- түрлі кен орындарының күшәнқұрамды 
рудаларынан алтын өндіру. Сынақтық құрылғыда 
Бестөбе кенішінің рудасын өңдеу бойынша сынақ 
жүргізіліп, 85% алтын алынды;
- Секисов ЗИФ флотациялық және цианидтік 
қоймаларындағы жатып қалған қалдықтардан 
концентратты алтын алу. Осы орайда 65% 
мөлшерді бағалы металл алынды; 
- баланстан тыс, қиын байтылатын, төмен 
сұрыпты мыс рудаларынан мыс өндіру 
(Жезқазған кен орнындағы Кресто учаскесі 
мысалында аралас рудаларды байыту схемасы 
жасалды);
- техногенді қорғасынқұрамды шикізаттан 
қорғасын химиялық қоспаларын алу. 
Қорғасынның тауарлық нитраты мен мыс 
өндірісінің қорғасын тозаңынан қорғасынның 
үшнегізді сульфатын өндіруді жобалаудың 
технологиялық регламенті жасалды («Қазцинк» 
ЖШС);
- түсті металлдардың кондициясыз және 
ұжымдық кнцентраттарын өңдеу. Степногорск 
тау-химиялық комбинаты жағдайында ұжымдық 
концентраттарды өңдеу технологиясы мен 
регламенті дайындалды. Аталған технология 95% 
мөлшерінде мыстан мыс катодын; Доре Au – 
92%, Ag – 75% алуды қамтамасыз етеді. Сонымен 
қатар, жұтаң рудалардан никель, кобальт және 
қалайы алу технологиялары әзірленді.
- Үлкен Қаратау қара тақтатастарын өңдеу 
барысында сирек және сирекжерлік 
металлдарды өндіру. Құрымсақ кенішінің қара 
тақтатастарын кешенді өңдеу технологиясын 
тәжірибелік-өндірістік сынау барысында 86,2% 
ванадий, 85,8% уран, 77,4% молибден, ΣРЗМ - 
60,0% алуға қол жекізілді. Құрымсақ кенішінің 
рудаларын өңдеуден сирекжерлік элементтерді 
алуға технологиялық регламент жасалды.
Біріншілік қорғасынды алу үшін шикізат базасы 
сапасының нашарлауы, оны өндіру барысында 
экологиялық және экономикалық талаптардың 
күшеюі шетелде қолға алынып үлгерген КИВЦЭТ 
үдерісін жаңғырту қажеттілігін алға тартады. 
Қорғасын құюдағы дәстүрлі технологиялармен 
салыстырғанда КИВЦЭТ жаңарған 
технологиясының (бұдан былай КИВЦЭТ-М 
технологиясы) артықшылығы өңделетін шикізат 
сапасының кең диапазонында (20-70% қорғасын 
құрамды шихтада жұмыс істейді. Бұл оның әдепкі 
құрамынан – 45-70%  екі есе кең). 
КИВЦЭТ-М модернизацияланған технологиясына 
арналған жаңа технологиялық шешімдер әлемнің 
14 елінде патенттелген. Олардың қатарында 
Қазақстан, Австралия, Финляндия, Канада, ЕО 
елдері, Қытай, Бразилия, Мексика, Үндістан, Чили 
және т.б.
2012-2014 жылдары Jiangxi Copper Corpo-
ration и Zhuzhou Smelter Group Co. (ҚХР) ірі 
металлургиялық компанияларымен арада 
жасалған лицензиялық келісім аясында Por-
tovesme S.r.l. (Италия) КИВЦЭТ құрылғысын 
модернизациялау жүзеге асырылды. Жылына 
100 және 200 мың тонна қорғасын өндіру 
қуаттылығына ие КИВЦЭТ құрылғыларының 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
86
құрылысы аяқталып, олар өндірістік пайдалануға 
берілді.
Осылайша, қазіргі уақытта жалпы өндірістік 
қуаттылығы жылына 420 мың тонна қорғасынды 
құрайтын 4 КИВЦЭТ құрылғы (Канадада, 
Италияда, 2-ҚХР-да) жұмыс істеп тұр. Соның 
негізінде әлемдегі біріншілік қорғасынның әрбір 
оныншы тоннасын КИВЦЭТ-М жаңғыртылған 
технологиясы бойынша өндіруге мүмкіндік туады.
Алтынқұрамды рудаларды өңдеудің бірегей 
гидрометаллургиялық технологиялары елімізде, 
ТМД елдерінде (Қырғызстан, Өзбекстан) және 
алыс шет елдерде (ҚХР) жоғары экономикалық 
тиімділікпен енгізілді. Қазақстанда соңғы 
жылдары цианидті пульпылардан сорбциялық 
әдіспен алтын алу технологиясы бойынша жаңа 
кәсіпорындар салынып, іске қосылды – жылына 
1 млн т. шикізат өңдейтін Ақбақай алтын алу 
зауыты, Пустынное кенішіндегі жылына 2 
млн. тонна руда өндіретін алтын фабрикасы; 
«Бестөбе» руднигінде («ГМК «Қазақалтын» АҚ) 
жатып қалған қалдықтардан алтынды сілтілендіру 
учаскесі іске қосылды. 
Алтынды үймелеп сілтілендіретін (Жалтырбұлақ, 
Қазақстан; Каматор, Қырғызстан және т.б.); 
агитациялық сілтілендіретін (Талдыбұлақ, 
Левобережный және Құранжайлау, Қырғызстан; 
Комаровское и Тасқара, Қазақстан); қиын 
байтылатын рудаларды байыту өнімдерін 
гидрометаллургиялық өңдеу негізінде өндіретін 
(Бақыршық, Қазақстан) жаңа кәсіпорындардың 
технологиялық регламенттері жасалды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін алтынның 
әрбір үшінші тоннасы минералды шикізатты 
кешенді өңдеу бойынша инновациялық 
технология негізінде алынады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
2012 – 2014 жылдары отандық ғылыми ұйымдар 
базасында қару-жарақ саласында 18 іргелі және 
қолданбалы зерттеу жүргізілді. 
Қолданбалы зерттеулердің қорытындылары 
бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы 
жаңарту бойынша тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстарды жүргізуге тактикалық-техникалық 
тапсырма жобалары дайындалды.
Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 
кәсіпорындарында тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстарды жүргізуге тактика-техникалық 
тапсырмалар негізінде мынадай жұмыстар 
жүргізілді:
«ПАМЗ» АҚ ЗУ-23-2 зениттік қондырғысының 
тәжірибелік үлгісін әзірледі. Қазіргі уақытта ЗУ-23-
2 зениттік қондырғысына тәжірибелік сынақтар 
өткізілуде.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Камаз» ААҚ 
және «Мотовилихинские заводы» ААҚ бірлесіп, 
«Град» БМ-21 РДОЖ реактивті дүркін оқ ату 
жүйесінің тәжірибелік үлгісі әзірленіп жатыр; 
«Семей инжиниринг» АҚ Т-72 жаңартылған 
танкісінің тәжірибелік үлгісін әзірледі. Т-72 
жаңартылған танкі көпшілікке үшінші «KA-
DEX – 2014» Халықаралық қару-жарақ пен 
әскери-техникалық мүлік көрмесінің барысында 
ұсынылды; 
«Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ 
П-240ТМ жылжымалы басқару пункттерінің 
кешенді аппараттық байланысының 3 бірл. 
жаңартты;
«Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ Р-414 
радиорелелік станцияның 4 бірл. жаңартты. 
Қазіргі уақытта үлгілерге әскери сынақ жүргізіліп 
жатыр.
2014 ж. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы 
атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің 
(ҰҚУ) инфрақұрылымы бекітілді. ҰҚУ құрамында 
Ғылыми-зерттеу институты құрылды. ҰҚУ ҒЗИ 
құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру 
үшін 10 зертхананы қамтитын ғылыми-
эксперименталды база жасақталуда.
Келешекте халықаралық масштабтағы өзекті, 
перспективалы, дамыған қорғаныс және әскери 
технологияларының мәліметтер базасын құру 
жоспарланған. Бұл Қазақстанның әскери-
ғылыми мамандарының сала бойынша әлемдік 
озық тәжірибелермен танысуына ғылыми және 
әскери-өндірістік кешендердің дамуындағы 
трендтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет