«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
 

1920  жылы  қаңтарда  мұсылман  және  еуропалық 

коммунистерінің  арақатынасының  шиеленісуі  өзінің 



92

шарықтау  шегіне  жетті.  Түбірлі,  принципті  өзгеріссіз 

бұл  шиеленісті  бәсеңдету  мүмкін  емес  еді.  Дағдарыстан 

шығудың түрліше жолдары қарастырыла бастады. Мұсбюро 

мен  Түріккомиссия  дағдарыстың  ұлт  мәселесі  бойынша, 

нақтырақ  айтқанда,  мұсылман  халықтарының  өзін-өзі 

билеу  құқығын  баянды  ету  мәселесі  төңірегінде  өрбіп 

отырғанын жақсы түсінді. Орталық Ресейде өмірге енгізіліп 

жатқан коммунизм принциптері Орталық Азия өміріне сай 

еместігі, оны қарудың күшімен енгізу жолындағы әрекеттер 

жергілікті  халыққа  орасан  зор  құрбандықтар  әкелгені, 

жаңа  өкіметтің  ұлт  саясаты  патша  заманындағы  отарлау 

саясатының  коммунистік  ұрандармен  бүркемеленген  жаңа 

үлгісі болып шыққаны бәріне де белгілі болатын. Орталық 

Азия  халықтарының  экономикалық  жағынан  арта  қалып 

отырғаны  рас.  Жергілікті  халықтардың  арасында  саяси 

ұйымдасқан  жұмысшы  табы  жоқ,  өнеркәсіп  дамымаған. 

Оның  үстіне  қазақтардың  жартысы  басқа  республика 

құрамында  отыр,  әкімшілік  бағыныс  жағынан  алғанда 

өзбектер  де,  тәжіктер  де,  қырғыздар  да  біртұтас  емес. 

Қазіргі  саяси  даму  Кремльдің  орталықтанған  орыс 

мемлекетін қайта құруға бағыт ұстап отырғанын көрсетті, 

сондықтан  да  құрылып  жатқан  ұлттық  республикалардың 

Ресейдің ішкі облыстарынан ешбір айырмашылығы болмай 

қалды.  Мұндай  жағдайда  Кремльдің  жүргізіп  отырған 

саясатына төтеп беру тіпті де оңай емес еді. Республиканың 

мемлекетке  тән  құрылымдық  салаларын  түгелге  дерлік  өз 

қолына жинап алумен қоймай, Орталық жергілікті жердегі 

бар  билікті  өзінің  эмиссарлық  органы  –  Түріккомиссияға 

беріп  қойды.  Түрікатком  республикасындағы  ең  жоғарғы 

заң  шығарушы  және  атқарушы  орган  ретінде  биліктен 

ығыстырылып қалды. 

Мұсбюро  жетекшілері  саяси  ахуалды  саралай  келе, 

түбірлі өзгерістер жасауға бекінеді. Түркістан Республикасы 

жергілікті халықтардың ұлттық мемлекетіне айналуы керек. 


 93

Тұрғындардың  негізгі  басым  бөлігі  түркі  тілдес  халықтар 

болғандықтан  да  республика  Түрік  халықтарының 

республикасына  деп  аталуы  шарт.  Республикада  қазіргі 

таңда  саяси  билік  коммунистік  партияның  қолында 

болғандықтан  болашақ  мақсаттарға  жету  үшін  осы 

партияның  құрылымдық  мүмкіндіктерін  пайдалану  қажет, 

бірақ Түркістан Коммунистік партиясы Түрік халықтарының 

Коммунистік  партиясы  болып  қайта  құрылуы  қажет.  Таяу 

арада белгіленген партия конференциясында осы идеяны іс 

жүзіне  асыру  үшін  даярлық  басталды.  Т.Рысқұлов  жалпы 

партиялық  конференцияға  қосымша  ретінде  Мұсбюроның 

төтенше ІІІ конференциясын да шақыртады. 

1920  жылы  17  қаңтарда  өткен  ТКП,  Мұсбюро  мен 

Түріккомиссия  мүшелерінің  бірлескен  мәжілісінде 

Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының автономиялығына 

қатысты баяндама тезистерін жариялайды

279


1920 жылы 20-26 қаңтар аралығында Ташкент қаласында 

болып өткен ТКП V конференциясында

280


 Т. Рысқұловтың 

баяндамасының негізінде Түрік халықтарының коммунистік 

партиясының  құрылғаны  жарияланады

281


.  Түрік  Кеңес 

Республикасының құрылғандығын жариялау үшін кеңестер 

съезін шақыру туралы шешім қабылданады. 

1920 жылы 25 қаңтарда Мұсбюроның ІІІ конференция-

сында  Т.Рысқұлов  «Түркістанның  автономиялығы  туралы 

тезистерін» талқылауға ұсынады: 

«1-бап.  Сырдария,  Жетісу,  Ферғана,  Самарқант  және 

Закаспий облыстарынан тұратын Түркістан – қазақ, өзбек, 

түрікмен,  қарақалпақ,  қыпшақ,  татар,  тараншы  (ұйғыр), 

дұңған және т.б., сондай-ақ түркі тұқымдас емес тәжіктер 

мен  түздік  еврейлерді  қоса  отырып  Түрік  халықтарының 

елі деп саналсын, ал қалған орыс, еврей, армян және тағы 

басқалары келімсек элементтер деп есептелсін»

282


1-баптағы  «тәжіктер  мен  түздік  еврейлерді  қоса 

отырып»  деген  тіркес  делегат  С.Купердің  ұсынысы 


94

бойынша  енгізілген  болатын

283

,  ал  дұңған  халқы  текстке 



ІІІ  мұсконференциядағы  дұңған  депутаттарының  қалауы 

бойынша кіргізілген. Тезиске түрік тұқымдас емес тәжіктер 

мен  дұңғандар  –  тарихы,  дәстүрі,  діні  бар  мұсылмандар 

ретінде  енгізілген  және  тәжік  делегаттары  бұл  шешімді 

қолдаған,  ал  дұңған  депутаттары  өздерін  енгізуді  қатаң 

талап еткен. Текстегі «қыпшақ» атауымен жүрген халық ол 

кезде жеке этникалық топ болатын, қыпшақтар этникалық 

дербес топ ретінде ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін 

өмір  сүріп,  одан  бергі  уақытта  қатты  ассимиляцияланып, 

өзбек халқының құрамына сіңіп кетті. 

«2-бап. РКФСР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес 

Түркістан  Автономиялы  Республикасы  Ұлттық  Кеңес 

Республикасы деп саналсын, мұнда өзін-өзі билеуші халық 

жергілікті  түркі  халқы  болып  табылады,  сондықтан  да 

«РКФСР-дің  Түркістан  Республикасының»  аты  аумақтық 

белгісі  жағынан  оның  ұлттық  белгісіне  сай  келгенімен 

де,  тұжырым  айқындығы  үшін  «РКФСР-дің  Түркістан 

Республикасы»  дегенді  «РКФСР-дің  Түрік  Республикасы» 

деп  атап,  әрі  осындай  белгі  бойынша  өлкелік  үкімет 

мекемелерінің атын қайта өзгерту қажет. 

3-бап.  Түрік  Кеңес  Республикасы  өзінің  мемлекеттік 

қызметі  мен  конституциясының  негізінде  осындай  үлгі 

бойынша құрылуы қажет, бұл жағдай жергілікті халықтың 

тұрмыстық,  тарихи  және  экономикалық  талаптарына  сай 

түсер еді. 

4-бап. 


Қазіргі 

социалистік 

құрылыс 

кезінде, 

территориялық  ғана  емес,  сондай-ақ  ұлттар  арасындағы 

шекаралық  белгілер  де  бірте-бірте  жойылатын  уақытта, 

Түркістанның  бес  облысының  шегінен  тұратын 

географиялық  шекарасы  қандай  да  бір  тұйықталған 

шекара деп санамай, қайта Түрік Кеңес Республикасының 

құрамына мүшелікке өткісі келетін жаңа республикалардың 

қабылдауына мүмкіндік бар деп есептелсін»

284




 95

Егер  бапты  мұқият  зерттеп  оқитын  болсақ,  онда  біз 

оның  мазмұнында  өте  үлкен  принципті  мәселелердің 

жинақталғанын  көреміз.  Коммунизм  кезінде  ұлттық 

белгілердің 

жойылып, 

шекаралық, 

территориялық 

белгілердің өз мәнінен айырылатындығына Т. Рысқұловтың 

сене  қойғаны  әрине  екі  талай  дүние,  баптың  бұл  тұстары 

ұлттар  туралы  большевиктік  теорияға  қайшы    келмеу 

мақсатында ғана жазылған. Бұл баптың негізгі мақсаты:

–  түркі  республикаларының  өзара  тек  Мәскеу  арқылы 

ғана байланыс жасауға кіріптарлығын жою; 

–  Түрік  Кеңес  Республикасын  құрып,  оның  РКФСР-ға 

қатысты  автономиялық  құқығын  заңдастырып  алған  соң, 

өз  маңына  басқа  да  түркі  республикаларын,  Қазақстан, 

Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан және Ноғай жерлерін 

тарту,  осылайша  келешекте  мүмкіндігіне  қарай  отырып 

түрік  тілдес  халықтардың  мемлекеттік  конфедерациясын 

құру. Бап Т.Рысқұловтың ұзақ уақыт бойы біртіндеп пісіп-

жетілген  саяси  көзқарасының  жемісі  еді.  1919  жылы 

оңтүстіктегі қазақ жерлерін Қазақстанның құрамына беру, 

не  керісінше  жасау  арқылы  Қазақстанның  астанасын 

Ташкентке  көшіріп  әкелу  туралы  ұсыныстар  осы  идеяға 

бағындырылған ұсыныстар болатын

285



 «5-бап. Осыған байланысты, РКФСР-дің еңбекшілері  мен 



қаналған  халықтардың  құқықтары  туралы  декларацияның 

негізінде  алдағы  кеңестердің  9-шы  съезінде  жергілікті 

жағдайға  сай  келетін  жаңа  конституция  қабылдау  үшін 

кеңестердің 6-шы съезі бекіткен Түркістан Республикасының 

Конституциясы қайта қаралуы тиіс.

6-бап.  Еңбекшілер  мен  қаналған  халықтарды 

интернационалды  жолмен  біріктіру  мақсаты  үшін,  түрік 

халықтарының:  татар,  қазақ,  қырғыз,  башқұрт,  өзбек 

және  т.б.  болып  бөлініп,  жеке  ұсақ  республикалар  құруға 

ұмтылу  идеясын  коммунистік  үгіт  жолымен  жою  және 



96

біртұтастық мақсаты үшін РКФСР құрамына кіретін басқа 

түрік халықтарын Түрік Кеңес Республикасының төңірегіне 

топтастыру қажет, ал бұған жету мүмкін болмаған жағдайда 

жеке  түрік  халықтарын  территориялық  белгілеріне  қарай 

өзара біріктіруге ұмтылу керек.

 7-бап. Тарихи және әлеуметтік-тұрмыстық қатынастар 

тұрғысынан  алғанда  Түркістан  тұрғындары  өздерінің 

әлеуметтік  және  тұрмыстық  жағдайлары  бойынша  бір-

бірінен  үлкен  айырмашылығы  бар  үш  топқа:  жергілікті 

көшпелі  халықтар,  жергілікті  отырықшы  халықтар  және 

келімсек халықтар болып жіктелуі тиіс.

8-бап. Тап күресінің табысты жүруі үшін конференция 

республикасының  жалпы  федеративті  маңызы  бар  кейбір 

құрылымдарын  орталықтандыруға  қарсы  еместігін 

мәлімдейді және сонымен қатар, Түркістанның Орталықтан 

алыстығын, 

аумағының 

кеңдігін, 

этнографиялық, 

топографиялық  және  тұрмыстық  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, Түрік Кеңес Республикасының орталық өкіметіне 

ішкі  (республикалық)  заң  қабылдауға  кең  құқықтардың 

берілуі тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, үкімет мекемелерінде 

мемлекеттік  тіл  ретінде  –  түркі  тілінде  қарым-қатынасты 

жүзеге  асыру  үшін  жедел  түрде  қажетті  шаралардың 

қолдануы қажет.

9-бап.  Осы  қарардың  6-шы  бабына  қатысты  мәселеде 

РКФСР  құрамына  кіретін  барлық  түрік  халықтарына  тез 

арада арнайы үндеу таратып, олармен байланыс орнатылсын. 

10-бап. Жоғарыда айтылғандардың барлығы таяу арада 

өткелі тұрған өлкелік партия және кеңес съездерінде жүзеге 

асуы тиіс»

286


Түркістанның  объективті  жағдайын  басшылыққа  алып 

құрылған бұл тезистер сол уақыттың саяси өміріндегі аса 

маңызды  тарихи  құжат  болып  табылады.  Қорытындылай 

келгенде  тезистер  мынадай  аса  маңызды  жайттарды 

қамтыған:



 97

–  Түркістан  –  жергілікті  түрік  тілдес  халықтардың 

тарихи отаны, олар өздерінің шаруашылық және тұрмыстық 

өмір  салты  бойынша:  жергілікті  көшпелі  және  жергілікті 

отырықшы халықтар болып екіге бөлінеді, ал тұрғындардың 

қалған  бөлігі  (жергілікті  түрік  тұқымдас  емес  мұсылман 

халықтарын санамағанда) келімсек элементтер деп есептелуі 

тиіс. Әр топқа қатысты жүргізілер саясат та әр түрлі болуы 

шарт;  

-  Түркістанның  жергілікті  түрік  тілдес  халықтарының 



тарихи  отаны  болуына  байланысты  республиканың  аты 

Түрік Кеңес Республикасы деп өзгертілуі тиіс;

-  Түрік  Кеңес  Республикасының  аумағы  басқа  түрік 

республикаларының  қосылуы  үшін  әрқашан  ашық, 

келешекте  түрік  республикаларының  конфедерациялық 

мемлекетін құру үшін алғы шарт әзірлеу керек;

-  Түрік  Кеңес  Республикасының  жаңа  конституциясы 

қабылданып,  онда  бұл  республиканың  РКФСР-мен 

арақатынасы  құқылық  тұрғыдан  бекітілуі  тиіс.  Түрік 

Кеңес  Республикасының  тарихи  объективті  жағдайын 

басшылыққа  алып  жазылған  заңдар  жүйесін  қабылдауға 

РКФСР басшылары кедергі келтірмеуі қажет;

- Түрік Кеңес Республикасының мемлекеттік тілі – түркі 

тілдері; 

- Түрік Кеңес Республикасында өзін-өзі билеуші халық 

–  жергілікті  түрік  халықтары  болғандықтан,  мемлекеттің 

басқару  тізгіні  де  осы  халықтардың  өкілдерінің  қолында 

болады, сонда Түріккомиссия сынды эмиссарлық органның 

қажетсіздігі өзінен-өзі түсінікті нәрсе;

-  Тарихи  қалыптасқан  жағдайда  Түрік  Кеңес 

Республикасындағы 

саяси 


билік 

республикадағы 

жалғыз  саяси  партия  –  Коммунистік  партияның  қолына 

шоғырландырылады,  бірақ  партияның  аты  Түрік 

халықтарының  Коммунистік  партиясы  деп  өзгертіледі. 

Түрік халықтарының Коммунистік партиясы –Түркістанның 



98

жергілікті  түрік  халықтарының  таптық  емес,  ұлттық 

мүддесін басшылыққа алып құрылған саяси партия болуы 

тиіс. Түрік халықтарының Коммунистік партиясы РКП(б)-

мен  қарым-қатынасын  оның  құрамындағы  автономиялы 

партия  дәрежесінде  шешіп  отырады,  ал  Түрік  Кеңес 

Республикасының түрік тілдес емес халықтары үшін Түрік 

халықтарының  Коммунистік  партиясының  құрамында 

ұлттық үгіт-насихат бөлімшелерін ашу құқығы беріледі.

Бүгінде  егер  Т.  Рысқұловтың  осы  идеялары  РКП  (б) 

Орталық  Комитеті  тарапынан  қолдау  тауып,  қабылданып 

кеткенде  Түркістан  тарихы  басқаша  арнада  дамыр  еді 

деп  ойлауға  негіз  бар.  РКФСР  құрамындағы  барлық 

түркі  республикалары  Түрік  Кеңес  Республикасы 

конференциясына  кіріп,  барлығына  ортақ  Түрік 

халықтарының Коммунистік партиясының басшылығымен 

жаңа құрылысты түркі халықтарының ұлттық ерекшеліктері 

мен мүддесіне орай жүргізілген болар еді. 

Конференциялар  аяқталысымен-ақ  Т.Рысқұлов  оның 

шешімдерін  бекітуді  өтініп  РКП  (б)  Орталық  Комитетіне 

хат  жолдайды

287


.  Кремль  бұл  шешімді  өте  салқын 

қабылдап,  ұзақ  уақыт  жауапсыз  қалдырады.  Жауаптың 

кешіктірілуінен Т. Рысқұлов мазасызданып, ақпан айының 

басында  В.И.Лениннің  атына  жаңа  жеделхат  жолдайды

288



Түріккомиссия  мүшелерінің  Т.Рысқұловтың  идеяларын 



конференцияда  қабылдауына  мүмкіндік  беріп  қойғанына 

ызаланған  В.И.  Ленин  жақын  арада  Ташкентке  баратын 

Түріккомиссияның тағы бір белсенді мүшесі –  М.В. Фрунзе 

арқылы іс-әрекет жасауға көшеді.

Кремльдің  арнайы  нұсқауын  алған  М.В.  Фрунзе  – 

Т.Рысқұловтың идеяларын іске асыртпау үшін белсенділік 

танытқан  адам.  Ол  Түркістанның  жергілікті  мұсылман 

қайраткерлеріне  сенімсіздікпен  қарады.  1920  жылы  23  ақпанда 

толық құрамда жиналған Түріккомиссия мәжілісінде М.В. 

Фрунзе ТКП V конференциясы мен ІІІ мұсконференцияның 



 99

шешімдерін – «пантүрікшілдік», «панисламшылдық» және 

«буржуазиялық  ұлтшылдық»  шешімдер  ретінде  барынша 

қаралады


289

.  Бұл  конференциялардың  барлық  шешімдері 

жоққа  шығарылып,  жағдай  бұрынғы  қалпында  өзгеріссіз 

қалатыны  жарияланды,  яғни  Түркістан  Республикасы 

РКФСР  құрамындағы  автономиялы  республика  немесе 

нақтырақ айтқанда Ресейдің ішкі облыстары дәрежесіндегі 

әкімшілік-аумақтық бірлестік, ал ТКП РКП (б) құрамындағы 

не бәрі облыстық комитет құқығын ғана пайдалана алатын 

бөлімше болып қала беретіні мәлімделді. 

Түріккомиссияның  жалған  мәліметтерін  басшылыққа 

алған  Кремль  Түркістандағы  ақиқат  болмысты  айқын 

түсінбей отыр деген сеніммен Т. Рысқұлов 1920 жылы 24 

ақпанда  конференция  шешімдерін  бекітуді  өтініп,  тағы 

да  әрекеттенеді

290

.  Т.  Рысқұлов  27  ақпанда  өз  ұсынысын 



қайталаған жеделхатты және жібереді. Жеделхатта: «Түрік 

халықтарының Коммунистік партиясы түрік халықтарының 

түздік еңбекші бұқарасының мүддесін қорғайтын, өз Орталық 

Комитеті  басқаратын  партия  болатыны»  мәлімделген,  ал 

егер  РКП  (б)  Орталық  Комитеті  бұл  конференциялардың 

шешімін  бекітпеген  жағдайда  «бұл  шешім  орталық 

органдардың  бекітуіне  дейін-ақ  қолданыла»

291


,  –  беретіні 

атап көрсетілген.

РКП  (б)  Орталық  Комитеті  бұл  мәселе  бойынша 

шешім  қабылдап,  оның  мазмұнын  1920  жылы  15 

наурызда  Т.Рысқұловқа  хабарлайды.  23  наурызда 

жолдаған  радиограммасында  Н.Н.Крестинский  РКП 

(б)  Орталық  Комитетінің  бұл  мәселе  бойынша  соңғы 

позициясын  жариялайды

292

.  1920  жылы  24  наурызда 



Н.Н.  Крестинскийдің  радиограммасы  «Түркістанның 

автономиялығы туралы ереже» деген атпен республикалық 

баспасөзде жарияланды

293


Радиограммада РКФСР мен Түркістанның өзара қарым-

қатынасы  7  бөлімге  топтап  берілген:  қорғаныс,  қаржы, 


100

теміржол,  сыртқы  саясат,  пошта-телеграф,  азаматтық 

мәселелердің  барлығының  тек  Кремльдің  қолында 

қалдырылатыны,  Түркістанның  экономикасы  мен  мәдени 

өмірі  Орталықта  шығарылған  заңдардың  негізінде 

басқарылатыны  атап  көрсетілген.  Республиканың  заң 

шығарушы  және  атқарушы  органдарында  Орталықтың 

нұсқауларын мүлтіксіз орындап отырушы жергілікті мекеме 

құқығы берілген. 

Осылайша, 1920 жылдың ақпан айының соңына таман 

Түрік  Кеңес  Республикасы  мен  Түрік  халықтарының 

Коммунистік  партиясын  құру  туралы  Т.Рысқұловтың 

идеялары  іске  асырылмай  тасталды.  Идеяның  іске 

аспауында  оның  авторы  –  Т.Рысқұловтың  кінәсі  жоқ, 

өйткені  ескі  патша  өкіметінің  әскери-бюрократиялық 

құрылымдарын өз қолына шоғырландырып, жаңа, кеңестік 

империя түріндегі орасан зор басқару аппаратына, армияға 

ие болып отырған Кремль өз мүддесіне қарсы келген мұндай 

идеяны іске асыртпасы белгілі болатын. Мұндай идеяларды 

басып-жаншу  большевиктік  билік  үшін  көп  қиындық 

келтірмейтін, оны саяси жағынан айыптап, «ұлтшылдыққа», 

«панисламшылдыққа»,  «пантүрікшілдікке»  жатқыза  салу 

өте қарапайым нәрсе еді.

Т.Рысқұлов  «Тұтас  Түркістан»  идеясы  мен  Орталық 

Азияның саяси-экономикалық егемендігіне ие болу күресін 

Түрікатком  төрағасы  болып  сайланғаннан  кейін  одан  әрі 

жалғастырды.  Т.  Рысқұлов  –  Түрікатком  тарихында  оның 

төрағасы болған жергілікті халықтың алғашқы өкілі.

Түрікатком төрағасы болып сайланған соң Т. Рысқұлов 

бұл  органды  –  Түркістанның  тарихи-объективті  жағдайы 

мен  ерекшелігін  ескеріп  жұмыс  жасайтын  органға 

айналдыру үшін оның жұмыс тәсілі мен ішкі құрылымына 

үлкен өзгерістер енгізе бастайды. 1919 жылы күзде Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  жойылуына  байланысты,  Түрікатком 

заң  шығарушы  мен  атқарушы  орган,  яғни  өз  құзырына 


 101

республиканың өкімет билігі мен үкімет билігін қатар алған 

органға  айналғанды,  бұл  жағдай  оны  өз  мүмкіндігінен 

анағұрлым  кең  ауқымда  жұмыс  атқаруға  мәжбүр  етті. 

Түрікатком  республикадағы  барлық  кеңестердің,  ревкомдар 

мен атқару комитеттерінің қызметін ұйымдастырумен қатар, 

барлық  шаруашылық  мекемелері  мен  комиссариаттардың 

жұмысын үйлестіріп отыруға да міндетті болды. 

1920  жылы  9  ақпанда  Т.Рысқұлов  республика 

комиссарларына  жолдаған  №  5705  бұйрығында:  «барлық 

өлкелік комиссариаттардың қызметі негізінен және міндетті 

түрде  Түркістанның  жергілікті  халықтарының  тұрмыс 

ерекшеліктері  мен  салт-дәстүріне  сай  құрылуын»

294


,  – 

талап етті. Комиссариаттар даярлап, өмірге енгізіп жатқан 

мемлекеттік және мәдени сипаттағы барлық заң жобалары 

мен шаралары езілген мұсылман бұқарасын қазіргі заманғы 

мәдениетке  тартуды  жеңілдету  үшін  олардың  «тұрмыс 

жағдайларына барынша сәйкестендірілуі»

295

 қажет екені атап 



көрсетілді.  Комиссариаттардың  негізгі  қызметі,  делінген 

бұйрықта,  ең  алдымен:  «күшті  Түркі  Республикасын 

құруға»

296


 бағытталуы тиіс. 

Т. Рысқұлов өзінің 1920 жылы 11 ақпанда республиканың 

барлық  мекемелері  мен  комиссариаттарына  жолдаған 

№5570  циркулярлы  бұйрығында:  «Түркістан  кеңестерінің 

съезі  алдында  мемлекеттік  саясаттың  дұрыс  жүргізілуі 

үшін  жауап  беретін  тек  Түрікатком»,  сондықтан  да 

республиканың барлық жеке комиссариаттарының қызметі 

«Түрікаткомның  тікелей  және  қырағы  бақылауы  арқылы 

жүргізілуі  тиіс»

297


  екенін  атап  көрсетті.  Комиссариаттарға 

Түрікаткомның  рұқсатынсыз  жалпы  республикалық 

мәні  бар  бірде-бір  мәселені  өз  бетінше  шешпеу  қатаң 

тапсырылды.  Сондай-ақ,  республиканың  ең  жоғарғы  заң 

шығарушы  және  атқарушы  органы  болып  табылатын 

Түрікаткомды айналып өтіп, өз бетінше Түріккомиссиямен, 



102

не оның жеке мүшесімен байланыс орнатуға талаптанушы 

мекеме  бастығы  мен  комиссарлар  заң  бойынша  жауапқа 

тартылатыны ескертілді

298

.

Түрікатком  төрағасы  болып  сайланған  алғашқы 



апталардың  өзінде-ақ  Т.Рысқұлов  жергілікті  халықтардың 

өміріне қатысты аса маңызды бұйрықтар шығарып үлгерді. 

Мысалы, Т. Рысқұлов қол қойған 1920 жылғы 31 қаңтардағы 

№  194  бұйрықта  республиканың  жергілікті  халқының 

арасында  кең  жайылған  жұқпалы  аурулармен  күрес 

шаралары белгіленді. Дәрі-дәрмек, құрал-сайман, аурухана 

мен  маман  дәрігерлердің  жетіспеушілігі  себепті  бұл  іске 

Түркістанда  тұратын,  не  уақытша  тұрып  жатқан  арнайы 

дәрігерлік-тазалық,  фармацевтік,  мал  дәрігері  мамандығы 

бар барлық шет ел азаматтарын тарту көзделді

299

.

Т.Рысқұлов  1920  жылы  9  ақпанда  Түрікаткомның 



республиканың  барлық  комиссариаттарына,  атқару 

комитеттеріне,  азық-түлік  бөлімдеріне  және  Халық 

Шаруашылығының Орталық Кеңесіне бағытталған № 5724-

ші бұйрығын жариялайды. «Кеңес өкіметінің негізгі міндеті, 

– дейді Т. Рысқұлов, – халыққа қызмет ету, балаларға жылу 

беріп, оларды қазіргі заман мәдениетін игере алатын азамат 

етіп тәрбиелеу және жалпы бұл ұрпақтың тәні мен жаны сау 

болуына қамқорлық жасау»

300

. Т. Рысқұлов республиканың 



барлық  комиссариаттарын,  атқару  комитеттерін,  әсіресе, 

азық-түлік  бөлімдері  мен  ХШОК-тың  барлық  бөлімдерін 

Халыққа  білім  беру  комиссариаты  мен  оның  жергілікті 

бөлімшелерінің  қажеттерін  қолда  бар  мүмкіндіктерді 

пайдалана отырып қанағаттандыруға міндеттейді. Талапты 

орындаудан  бас  тартушыларды  сотқа  беру  туралы  қатаң 

ескертілді. 

Түрікаткомның  қызметін  жергілікті  халықтардың  өмір 

жағдайына  жақындату  –  кезек  күттірмейтін  аса  маңызды 

шара  болатын.  Түркістан  тұрғындарының  ұлттық  құрамы 

да үкімет құрылымында осы принциптің қатаң сақталуын 


 103

талап етті. Мысалы, Түркістан халқы 1920 жылы 5 221 963 

адам болса, оның ішінде – 2 050 755 өзбек (39,3%), 1 091 925 

қазақ (20,8%), 522 292 қырғыз (10,0%), 399 912 тәжік (7,7%), 

266 681 түркімен (5,1%), 75 324 қарақалпақ (1,4%), 536 571 

орыс (10,3%) және 278 393 адам (5,4%) басқа халықтарың 

өкілдері болатын

301


. Бұл деректер Түркістанның жергілікті 

халықтары  оның  барлық  тұрғындарының  84  пайызы  

болғанын  көрсетеді.  Қазан  революциясынан  бергі  3  жыл 

мерзім  ішінде  Түркістанның  демографиялық  жағдайы 

қатты өзгерді. 1917 жылы Түркістан өлкесін барлығы 7 668 

000  адам  мекендеген  болса

302

,  бұл  көрсеткіш  1920  жылы 



5 221 963 адамға дейін құлдырады, яғни 3 жылда 2 447 037 

адамға кеміді. Революция тудырған қатыгез азамат соғысы 

мен  сұрапыл  ашаршылықтың  ауыр  зардабын  ең  алдымен 

көшпелі қазақ және қырғыз халықтары тартты. 1917 жылы 

Түркістан өлкесін мекендеген қазақ пен қырғыздардың үлес 

салмағы  тұрғындардың  44,36  пайызын  құраса

303

,  ал  1920 



жылы 30,8 пайызына әзер жетті

304


. Еуропалықтар мен басқа 

да халықтардың үлес салмағы 1917 жылы 5,9 пайыздан 1920 

жылы 15,7 пайызға дейін өскен. 

Т.Рысқұлов 

басқарған 

мұсылман 

коммунистері 

саяси  биліктің  тұтқаларын  қолдарына  алған  уақытта 

республикасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай 

осылайша барынша асқынып тұрған болатын. Шовинистік 

астамшылық  пен  бюрократтық  қойыртпаққа  белшесінен 

батқан  республиканың  басқару  құрылымдарын  тазарта 

отырып,  істі  жаңаша  ұйымдастыру  арқылы  Түркістанның 

жергілікті  халықтарының  азапты  өмірін  жеңілдету  үшін 

пәрменді  саясат  жүргізуге  мүмкіндіктер  ашыла  бастаған 

еді. Егер Түріккомиссия жергілікті шовинистік пиғылдағы 

орыс  коммунистерімен  ымыраласып,  Түркістан  өміріне 

«коммунизм»  мен  тап  күресін  күштеп  енгізуге  тырысқан 

солақай саясатты жоспарлы түрде жүргізбеген болса, онда 

бұл мақсатқа жету қиын да болмас еді. 



104

Алда тұрған мақсаттарды орындау үшін Т. Рысқұлов ең 

алдымен үйлесімді әкімшілік аппаратқа ие болуға ұмтылды. 

Республика  облыстары  мен  уездеріндегі  нақты  жағдайды 

қатаң  бақылауға  алып,  жергілікті  ревкомдар  мен  атқару 

комитеттеріндегі  шовинистік  элементтерді  басшылық 

қызметтерден  ығыстырып  шығару  үшін  Т.  Рысқұлов  1920 

жылы  5  ақпанда  «Облыстық  революциялық  комитеттер 

туралы»  уақытша  ережені  жариялады.  Ереже  бойынша 

Сырдария,  Ферғана,  Самарқант,  Закаспий  және  Жетісу 

облыстарында  революциялық  комитеттер  тағайындап, 

олардың  қолына  облаткомдардың  басқару  құқықтары 

берілді

305


.  19  ақпанда  ревкомдардың  басшылығына  жергілікті 

халықтардың  өкілдері  тағайындалған  №  215  арнайы  бұйрық 

жарияланды.  Облаткомдарды  ревкомдармен  алмастыруда 

үлкен  саясат  жатты,  өйткені  ол  кезде  облаткомдарда 

негізінен  еуропалық  коммунистер  билік  жүргізетін  де, 

жергілікті  халықтардың  өкілдері  жолатылмайтын,  ал 

ревкомдар  Түрікаткомға  тікелей  бағынатындықтан  оның 

басшыларын  жергілікті  халықтардың  тұрмыс  ерекшелігін 

жақсы білетін қайраткерлер арасынан іріктеп тағайындауға 

кең мүмкіндіктер ашылғанды.

Түрікаткомның 

Кремльдің 

эмиссарлық 

органы 


–  Түріккомиссиямен  арақатынасы  ауырлай  түсті. 

Түріккомиссия 

Түрікаткомның 

барлық 


жұмысына 

араласып,  басшылық  нұсқаулар  беріп  отыруға  тырысты. 

Мұсбюро таратылған жерде оның белсенді мүшелері атқару 

комитеттері,  ревкомдар  мен  комиссариаттар  аппаратына 

жұмысқа  тартылып,  бұл  мекемелердің  қызметіне  жаңа 

серпін  бере  бастаған  еді.  Түрікатком  өз  тарихында  алғаш 

рет  Түркістанның  табиғи  жағдайын  ескеретін,  жергілікті 

халықтардың өмір ерекшеліктерін басшылыққа алып, жұмыс 

істейтін  органға  айнала  бастады.  Бұл  жағдай  Түрікатком 

мен  комиссариаттардың  ескі  құрамына  арнайы  нұсқаулар 



 105

беру арқылы өз саясатын өткізіп отырған Түріккомиссияға 

ауыр тиді. 

1920  жылы  1  наурызда  ТКП,  Түріккомиссия  мен 

Түрікаткомның 

бірлескен 

мәжілісінде 

Т.Рысқұлов 

қалыптасқан  саяси-экономикалық  жағдайды  сынға  алады. 

Комиссариаттардың  қызметі  Түркістан  тұрмысына 

икемделмеген,  Орталық  өкілдері  жергілікті  жердің 

жағдайымен таныс емес. Тексеру кезінде бірде-бір комиссар 

өз  қызметін  нақты  баяндап,  есеп  бере  алмады.  Барлық 

комиссариаттарда  жергілікті  халықтардың  өкілдерін 

мемлекеттік  басқару  орындарына  қасақана  тартпау 

әдеті  қалыптасқан

306

.  Мәжілісте  Т.Рысқұлов  Түрікатком, 



Түріккомиссия  және  Түркістан  майданы  Революциялық-

әскери  кеңесінің  өзара  арақатынасына  тоқталады. 

Түріккомиссиямен  бірге  келген  техникалық  әкімшілік, 

дейді Т. Рысқұлов, өзінің іс-әрекеті арқылы Түрікаткомның 

барлық  қызметіне  кедергі  келтіруде.  Олар  Түркістанның 

автономиялы  статусын  жоққа  шығарып,  басқару  жүйесін 

орталықтандырғысы келеді

307


. Бұл жағдай Түрікаткомды өзіне 

бағынышты комиссариаттардың Түріккомиссиямен тікелей 

байланысқа  шығуына  тыйым  салған  шешім  қабылдауына 

мәжбүр  етті.  Комиссариаттардың  Түрікаткомға  бағынудан 

бас тартуы ақылға сыймайтын іс, дейді Т. Рысқұлов бұдан 

әрі,  сондықтан  да,  Түрікаткомның  жоғарыдағы  шешімі 

толығымен заңды. Мысалы, Қаржы комиссары Голятовский 

Түрікаткомды  көзіне  ілмейді.  Комиссариаттың  коллегия 

мәжілісінде ол өз орынбасары Көшербаевты заңсыз орнынан 

алып,  жұмыстан  шығарған  және  бұл  қызметке  Измайлов, 

Боголепов  деген  кездейсоқ  біреулерді  алған

308


.  Қаржы 

комиссариаты  тек  Түріккомиссияны  мойындайды.  Азық-

түлік,  әскери  мәселелерінде  де  қажетсіз  орталықтандыру 

жүріп жатыр. Әскери аппараттың диктаторлық пиғылы өршіп 

барады.  Ерекше  бөлім  Түрікатком  берген  мандаттармен 

санаспайды

309

.


106

  Т.Рысқұлов  комиссариаттардың  осындай  оспадарсыз 

іс-әрекеттеріне дем беріп отырған Түріккомиссияны қатаң 

сынның  астына  алды.  Түріккомиссия  Түрікаткомның 

беделін құрту үшін әрекеттенеді, ал «мұсылмандар өздерін 

өздері  басқара  білуі  қажет,  олардың  үстінен  келімсектер 

басқаруы тиіс емес»

310


. Түріккомиссия мүшесі М.В. Фрунзе 

Түркістанда мемлекеттік құрылысты тек еуропалықтардың 

көмегімен  ғана  құруға  болатындығы  туралы  мәлімдеме 

жасайды. 

Мәжілісте  Түрікатком  құрамынан  экономикалық 

органдарды  бөліп  алып,  Халық  Комиссарлар  Кеңесін 

қайтадан құру туралы шешім шығарылды. 

1920  жылы  10  наурызда  Т.  Рысқұлов  Түрікатком 

пленумын  шақырады.  Пленум  жұмысын  аша  отырып 

Т.Рысқұлов  былай  дейді:  «жергілікті  халықтың  өміріне 

қатысты белгілі бір декретті жүзеге асыру кезінде олардың 

жалпы тұрмысының ерекшеліктерін ескеру қажет, сондай-ақ, 

біздің коммунистік принциптеріміз шариғат принциптеріне 

қайшы  келмейтін  тұста  оны  шариғатқа  негіздей  отырып 

халыққа  неғұрлым  түсінікті,  неғұрлым  үйреншікті  түрде 

қабылдау керек»

311

. Негізгі тұрғындары ислам дінін тұтынып, 



шариғат заңы бойынша өмір сүріп жатқан республикада діни 

ерекшеліктерді ескермей, тап күресі саясатын, коммунизм 

принциптерін күштеп енгізу орасан зор ұлттық, әлеуметтік 

жанжалға алып келген болатын, сондықтан Т. Рысқұловтың 

коммунизм принциптерін шариғат заңымен ымыраластыру 

туралы пікірі дұрыс еді.

Пленумда Т. Рысқұлов сот мәселесінде тың ұсыныстар 

жасады. Орталықта қабылданған сот ережесін біз Түркістан 

үшін толық қабылдағанымызбен, дейді ол, бірақ ондай үлгі 

Түркістанның жергілікті халқы үшін іс жүзінде жарамсыз 

болып  шықты,  сондықтан  да  біртұтас  сот  жүйесімен 

қатар,  ескі  би,  қазылық  жүйелер  де  қалмай  келеді,  міне 

осындай  ерекшелікті  ескере  келе  «барлық  ескі  аппаратты 


 107

бірден  қиратуға  болмайды»

312

.  Пленумдағы  қорытынды 



баяндамасында Т. Рысқұлов мемлекеттік және экономикалық 

басқару құрылымында іске асырылып жатқан өзгерістердің 

мәнін талдап түсіндірді. Соңғы кезде мемлекеттік басқару 

құрылымында  үлкен  өзгерістер  басталды,  түрліше 

комиссариаттар  жоспарлы  жұмыс  жүргізе  бастады,  бірақ 

«әлі  күнге  дейін  отарлау  саясатын  ұстанып  отырған 

комиссариаттар  аз  емес,  олар  өздерін  коммунистерміз 

деп  жариялағандармен  де,  отарлау  саясатын  жүргізуді 

жалғастыруда»

313


, – дейді Т. Рысқұлов. 

Т. Рысқұлов пленумда Азық-түлік комиссары Ляпиннің 

саясатына  соққы  берді.  Республикада  азық-түлік  саясаты 

екіжүзділікпен  жүргізіліп  отыр,  астық  пен  азық-түліктің 

негізгі  бөлігі  тұрғындардың  болмашы  бөлігін  құрайтын 

еуропалықтарға  таратылады  да,  мұсылман  халқы  үлестен 

құр  қалдырылады.  Аталған  комиссариат  республикада 

астық монополиясы саясатын енгізген кезде оған барынша 

қарсы  шығып,  орыс  шаруаларының  көтерілістерін 

астыртын ұйымдастырып отырды. Халықтың басым бөлігі 

ашаршылыққа  ұшырап  отырған  кезде  орыс  шаруалары 

өздеріндегі артық бидайды ішімдік қайнатуға рәсуа етуде. 

Астыққа  айырбастайтын  мануфактура  республикада  жоқ, 

ал  қағаз  ақша  үсті-үстіне  шығарылуда,  бірақ  «қаржы 

саясатының  экономикалық  саясатпен  тығыз  байланысты 

екенін және дағдарыстан құнсызданған қағаз ақшаны үсті-

үстіне өсіре шығару жолымен емес, жоғарыда аталған ескі 

саясатты өзара дұрыс сәйкестендіру арқылы ғана шығаруға 

болатынын  назардан  тыс  бір  минут  қалыс  қалдырып, 

ұмытпау  керек»

314

,  –  дейді  Т.Рысқұлов.  Экономикалық 



саясатты  тек  жергілікті  орыстарға  ғана  сүйеніп  жүргізу 

қажет,  ал  жергілікті  халық  салық  салуға  ғана  жарайды 

дейтін  көзқарасты  жою  керек.  Экономикалық  жағдай  тек 

жергілікті халық араласқан жерде ғана жөнделеді. Өрескел 

қате саясаттың нәтижесінде, дейді Т. Рысқұлов одан әрі, біз 


108

«өзімізден барлық жергілікті халықтардың ажырап кеткенін 

көріп отырмыз»

315


. «Жергілікті халықтарға бұрынғы үкімет 

кезіндегідей сенімсіздікпен қарап, бізді қараңғы болғанымыз 

үшін саяси өмірден аластаудың қажеті жоқ»

316


Т.Рысқұлов өзі үшін ең басты мақсат – отаршылықтың 

қалдығымен  күресу  болатынын  ашық  мәлімдейді.  «Бізге, 

– дейді Т. Рысқұлов, – бұдан былай отаршылықтың қажеті 

жоқ,  біздің  болашақтағы  атқарар  жұмысымыздың  басты 

мақсаты  осы  отаршылдық  рухты  жоюға  бағытталуы  тиіс, 

бұл біздің кезек күттірмес міндетіміз болуы қажет және мен 

біз бұл отаршыларды ауыздықтай аламыз деп сенемін»

317

.

Түрікатком  пленумының  1920  жылғы  12  наурыздағы 



пленарлы  мәжілісінің  қаулысына  сәйкес,  15  наурызда 

Түрікатком  төралқасының  жаңа  құрамы  бекітілген  №  255 

бұйрық жарияланды. Түрікатком төралқасының құрамына: 

төрағасы  –  Т.  Рысқұлов,  орынбасарлары  –  Н.  Железов, 

Н.  Қожаев,  төралқа  мүшелері  –  И.Е.  Любимов,  В.П. 

Билик, М. Бисеров, хатшысы – Абусаттаров енді. Аталған 

қаулы  бойынша,  әкімшілік-ұйымдастырушылық  және 

бюджеттік  сипаттағы  практикалық  мәселелердің  шешу, 

конституциялық  және  жалпы  мәселелерді  даярлау,  заңдық 

актілер  мен  ұсыныстарды  әзірлеу,  үкімет  мекемелері 

мен  түрліше  комиссариаттардың  қызметін  біріктіріп,  бір 

ізділікке  салу  үшін  жаңадан  Халық  Комиссарлар  Кеңесі 

ұйымдастырылды.  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  құрамы: 

төрағасы – Я.Э. Рудзутак, Ішкі істер халық комиссары – Ж. 

Отарбаев, Әділет – Х. Ибрагимов, Қаржы – Измайлов, Халық 

ағарту – С. Эфендиев, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру 

–  Камынин,  Денсаулық  сақтау  –  С.  Асфендияров,  Жер 

шаруашылығы – Құшбегиев, Мемлекеттік бақылау – Климов, 

Азық-түлік – Х.А. Ширинский және Халық шаруашылығы 

Орталық  Кеңесінің  төрағасы  –  Кактынь  сайланды.  Халық 

Комиссарлар Кеңесінің құрылуына байланысты Түрікатком 


 109

жанында  әрекет  еткен:  Қорғаныс,  Мәдениет,  Ағарту  және 

Экономика кеңестері таратылды

318


1920  жылы  17  наурызда  Түркістан  Республикасының 

қайта  ұйымдасқан  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  өзінің 

салтанатты  мәжілісін  өткізеді.  Мәжілісте  Т.Рысқұлов 

қысқаша  сөз  сөйлеп,  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 

алда  атқарар  қызметінің  маңызы  туралы  баяндады. 

Республикадағы барлық комиссариаттар мен шаруашылық 

мекемелері  Халық  Комиссарлар  Кеңесіне  бағындырылды. 

Халық  Комиссарлар  Кеңесі  өз  қызметі  туралы  Түрікатком 

алдында есеп беріп отыруға міндеттенді

319



Түрікаткомның  республика  экономикасын  дағдарыстан 



шығару,  жергілікті  және  басқару  аппаратының  жұмысын 

ұйымдасқан,  ырғақты  қалыпқа  келтіру,  экономикалық 

органдар  мен  ұйымдардың  іс-қимылын  бірізділікке  салу 

және  т.б.  аса  маңызды  шараларына  көмектесіп,  қолғабыс 

жасаудың орнына  Түркістан майданының Революциялық-

әскери  кеңесі  республиканың  барлық  негізгі  ұйымдарын 

орталықтандырып,  Түрікатком  мен  ХКК  қолында  тек 

жергілікті ғана маңызы бар мекемелерді қалдыруға тырысты. 

Мысалы,  құрылып,  белсенді  іс-қимылға  кірісе  бастаған 

ХКК құрамындағы Еңбек комиссариаты республикадағы темір 

жолдардың  жұмысын  бір  орталықтан  басқаруды  жақсартып, 

оның  қызметіне  ырғақты  сипат  беруге  тырысқан  кезде,  бұл 

әрекет Темір жолдар әскери кеңесінің қарсылығына кезікті. 

1920  жылы  13  сәуірде  Түрікаткомның  ұсынысы 

бойынша  Түркістан  майданы  Революциялық-әскери 

кеңесінің мәжілісінде Темір жолдар әскери кеңесінің Еңбек 

комиссариаты  құрамындағы  темір  жол  басқармасының 

жұмысына  араласуын  тыю  туралы  мәселені  талқылады. 

Революциялық-әскери кеңес өз бөлімшесі болып табылатын 

Темір жолдар әскери кеңесінің заңсыз әрекеттеріне тыйым 

салудың  орнына,  Еңбек  комиссариаты  мен  Түрікаткомға 

келешекте:  «Революциялық-әскери  кеңестің  немесе  Темір 

жолдар  әскери  кеңесінің  рұқсатынсыз  темір  жолдарды 


110

басқару  ісіне  араласпау»

320

  туралы  тыйым  салған  қаулы 



қабылданды. 

Осылайша,  республикасының  конституциясына  сәйкес 

ең  жоғарғы  билік  органы  –  Түрікаткомға  Түріккомиссия 

және  Түркістан  майданы  Революциялық-әскери  кеңесі 

тарапынан заңсыз қысым жасау, оның құқылық дәрежесін 

төмендету әрекеттері толастамады. 

Түрікаткомның 

конституциялық 

құқықтарымен 

есептеспеу  дәстүрі  әдетке  айнала  бастайды.  БОАК-тың 

Түркістан  Республикасының  жергілікті  органдарымен 

өз  бетінше  байланыс  орнатуы,  Түрікатком  шығаратын 

шешімдердің  күшін  оның  өзімен  келіспей  тұрып-ақ, 

істің  байыбына  бармай  жоя  салуы  республиканы  басқару 

ісінде  түсініп  болмайтын  берекесіздікке  әкеліп  соқты. 

Түрікаткомның конституциялық құқықтарын бұзу жергілікті 

халықтың  алдында  оның  беделін  түсіріп,  республика 

басқару органдарының өз күштеріне сенімсіздігін туғызды. 

Республика мекемелерінің тікелей Мәскеуге ғана бағынуы 

жергілікті  өкіметтің  оларға  ықпалын  жоққа  шығарды. 

Мысалы,  Түркістан  Республикасының  Ішкі  істер  халық 

комиссариаты  өз  қызметі  мен  республиканың  сыртқы 

шекараларындағы жағдайды біз тек «Мәскеу алдында ғана 

жауаптымыз»  деп  Түрікаткомға  мәлімдеуден  бас  тартады. 

Осындай  сылтаумен  Қаржы  комиссариаты  да  салық 

мәселесінде Түрікаткомның нұсқауларымен есептеспейді

321



Т.Рысқұлов  1920  жылы  19  сәуірде  Түрікаткомның 



билігіне бой ұсынғысы келмеген жергілікті билік орындары 

мен мекемелерін революциялық уақыттың қатаң талабына 

сай  заң  алдында  жазалайтындығы  туралы  ескертті

322


.  Т. 

Рысқұлов  республикада  тәртіп  пен  реттілікті  орнату  үшін 

билік  басындағы  партияның  құрамында  тазалау  жүргізу 

қажеттігін ұсынады. Өлкелік партия комитетінің 1920 жылы 

30 сәуірде өткен мәжілісінде Т. Рысқұловтың бұл ұсынысы 

қызу  талқыланып,  қолдау  тапты.  Шешендердің  көпшілігі 



 111

Түркістанда отаршылдық саясаттың жалғасып отырғанын, 

мұсылмандар  арасында  жұмысшы  табының  аз  болуына 

байланысты  РКФСР-дің  орталық  аудандарында  іске 

асырылып жатқан коммунистік шаралардың Түркістанның 

өміріне  сай  емес  екенін  атап  көрсетті.  Сондықтан  да, 

Түркістанда:  «таза  пролетариат  диктатурасын  жүзеге 

асыруға мүмкіндік жоқ, тек кеңестік үлгімен ғана басқаруға 

болады»

323


, – деген ортақ көзқарас білдірілді. 

Т.Рысқұлов  республикадағы  оқу-ағарту,  көпшілік 

мәдени шараларына да көп көңіл аударып, бұл салалардағы 

мекемелердің  қалыптасып,  тұрақты  да  жемісті  жұмыс 

істеуіне  қолғабыс  жасап  отырды.  Отаршылдық  пен 

ұлт-азаттық  көтеріліс,  революция  мен  азамат  соғысы 

жылдарындағы сұрапыл ашаршылық пен отарлық езгіден, 

тап  күресі  саясаты  мен  тәркілеу  үлгісіндегі  коммунистік 

шаралардан жеріне жете қайыршыланған, қатыгез өмірдің 

ауыр  тауқыметінен  есеңгіреген  жергілікті  халықтардың 

ес жинап, қалыпты еңбек жағдайына көшуі, бейбіт өмірді 

сезініп,  салт-дәстүрді,  мәдениетті  қайта  жаңғыртуы  үшін 

қолдан келген мүмкіндіктерді пайдаланып, көмек көрсетті.

Т.  Рысқұлов  Түрікатком  төрағасы  болып  сайланғаннан 

кейін  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  зардаптарын 

жою,  босқындарды  туған  өлкесіне  қайтару  жұмыстарын 

жаңа  деңгейде  жүргізу  үшін  қосымша  мүмкіндіктерге 

ие  болды.  Мұсбюроның  талап  етуімен  1919  жылы  күзде 

құрылған  Түрікаткомның  босқын  қазақ-қырғыз  халқына 

көмектесу  туралы  ерекше  комиссиясы  бұл  уақытта  үлкен 

істер  тындырып  үлгерді.  Ерекше  комиссияның  қызметін 

неғұрлым  табысты  ете  түсу  үшін  Т.  Рысқұлов  оған  жаңа 

құқықтар  беру  туралы  қосымша  шараларды  белгіледі. 

1920 жылғы 3 ақпандағы өзі қол қойған № 198 бұйрықты 

осы мәселеге арнады. Жұмысшы-шаруа үкіметтің алғашқы 

міндеті,  делінген  бұйрықта,  патша  өкіметінің  мейірімсіз 

отарлау  саясатының  зардаптарын  жою  болып  табылады. 


112

Бұл  саясаттан  қатты  зардап  шеккен  көшпелі  қазақ  және 

қырғыз халықтарына орыс шаруалары тағылықпен тартып 

алған  ата  қоныстарын  қайтару,  1916  жылғы  көтеріліс 

босқындарын  Қытай  құлдығынан  құтқарып,  Жетісуға 

оралту, қазақ және қырғыз ұлттарының жер бетінен толық 

жойылып кетпеуін қамтамасыз ету үшін оларды қуғындау 

мен қанау әрекеттерінің барлығына тыйым салу шаралары 

белгіленді. 

Бұл шараларды іске асыру үшін Түрікаткомның Ерекше 

комиссияның жаңа құрамы бекітілді. Комиссия төрағасына 

–  Т.Жанұзақов,  мүшелігіне  –  Жангельдин,  Нығметуллин, 

Хохлов  сайланды.  Комиссияға  босқын  қазақ-қырғыздарды 

орналастыру  туралы  ережеге  сай  қызмет  ету  міндеті 

жүктелді.  Барлық  облыстық,  қалалық-уездік,  болыстық, 

селолық,  ауылдық  ревкомдар  мен  атқару  комитеттерінің 

басшылары мен жергілікті әскери бөлімдердің командирлері 

Түрікатком  комиссиясының  жұмысына  қолғабыс  жасауға 

міндеттелінді.  Түрікаткомның  бұл  бұйрығын  орындаудан 

бас  тартқан  және  Ерекше  комиссияның  қызметіне  кесір 

келтірген  адамдарды  Революциялық  трибуналдың  сотына 

берудің тәртібі бекітілді

324

.

1920  жылы  16  наурызда  Түріккомиссия  басшысы  Ш. 



Элиава,  Түркістан  майданының  Бас  қолбасшысы  М.В. 

Фрунзе,  Революциялық-әскери  кеңестің  мүшесі    В.В. 

Куйбышев және Түрікатком төрағасы Т. Рысқұлов қол қойған 

«Жетісу облысының тұрғындарына» үндеуі жарияланды

325



Үндеудің  қабылдануында  Т.  Рысқұловтың  шешуші  



рөлі  болды.  Бұрынғы  патша  өкіметі,  делінген  үндеуде, 

Түркістанның  жергілікті  халқының  мүддесімен  мүлдем 

санаспай, оның ата қоныс жерлерін тартып алып, келімсек 

орыс шаруаларына үлестіріп берді. Өлкеде отарлау саясатын 

табысты жүргізу үшін патша әкімшілігі халықтарды өзара 

қырсыққа айдап салып, орыс шаруаларының санасында ұлы 

орыстық  астамшыл  пиғылды  қалыптастыруға  тырысты. 


 113

Озбыр  отарлық  езгіге  шыдамы  таусылған  халық  1916 

жылы ұлт-азаттық көтеріліске шыққанымен басым күштің 

соққысымен  жеңіліп,  босқыншылыққа  ұшырады.  Патша 

үкіметінің  жылдар  бойы  сіңірген  уағызына  уланған  орыс 

шаруалары  өздерін  жергілікті  халықтың  көз  алдында 

қанішерлер  ретінде  танытты.  Бұл  психология  Жетісудағы 

орыс  шаруаларының  ортасында  әлі  күнге  дейін  сақталып 

отыр.  Жетісуда  орын  алып  отырған  ұлтаралық  қырқысты 

тоқтатып, бейбіт өмір орнату үшін орасан зор жұмыс күтіп 

тұрғаны баяндалды. 

Үндеуде: Жетісу облысында әскери жағдай сақталатыны, 

облыстағы  ресми  өкімет  әскери-азаматтық  әкімшілікке 

біріккен  басқарманың  қолына  көшіп,  облревкомның 

құрамына  әскери  өкілдер  енгізілгені  хабарланды. 

Адамдарды  ұлттық  белгілері  бойынша  қуғындауға  қатаң 

тыйым  салынды,  айыптыларға  ең  қатал  ату  жазасы  да 

қолданылатыны  ескертілді.  Өз  аумақтарында  жергілікті 

түздік  халықты  тонаған,  өлтірген  немесе  жәбірлеген 

жағдайда сол болыстың, станциялардың, селолардың және 

деревнялардың тұрғындарына ауыр салықтар салынатыны 

ерекше  атап  көрсетілді.  Аталған  аумақтардың  атқару 

комитеттері  ұлтаралық  қырсыққа  жол  берген  жағдайда 

толық  құрамымен  Революциялық-әскери  трибуналдың 

сотына  тартылатыны  ескертілді.  Бұл  үндеу  сондай-ақ 

Сырдария облысының Әулиеата және Черняев уездеріне де 

таратылды

326


.

1920 жылы 24 наурызда Т. Рысқұлов Жетісу облысының 

жағдайын кең тұрғыда талқылау үшін Өлкелік партия комитеті, 

Түрікатком, Түріккомиссия және Жер шаруашылығы халық 

комиссариатының мүшелерін қатынастыра отырып арнайы 

мәжіліс  ұйымдастырды.  Мәжілісте  Жетісу  облысының 

саяси-әлеуметтік,  экономикалық  және  ұлтаралық  жағдайы 

бойынша  Т.  Рысқұлов  негізгі  баяндамашы  болды.  Жетісу 

облысының отарлану тарихына тоқтала келіп Т. Рысқұлов 


114

оның  қазіргі  жағдайына  талдау  жасап,  төмендегідей 

ұсыныстарды ортаға салады: 

1) Жетісу халқын түгел және толық қарусыздандыру; 

2) әскери бөлімдерді алмастыру; 

3)  қазақтардың  тоналған  мүліктерін  орыс  шаруаларынан 

қайтарып, өз иелеріне табыстау; 

4) жергілікті халыққа ата қоныс жерлерін қайтарып беру; 

5) облыста өзара біріктірілген әскери-азаматтық өкімет 

мекемелерін құру

327

. Бұл ұсыныстар мен талаптар мәжіліс 



қаулысында толығымен ескерілді. 

Өлкелік партия комитетінің 1920 жылғы 31 наурызда өткен 

пленарлы  мәжілісінде  Т.  Рысқұловтың  ұсынысы  бойынша 

Жетісу  облысының  жағдайы  талқыланады.  Мәжілісте 

Т.  Рысқұлов  өзінің  Жетісу  облысы  бойынша  әзірленген 

тезистерін жариялайды. Тезистер 17 баптан тұрады:

І-ІІ  баптар  патша  үкіметінің  Жетісу  облысындағы 

отарлау саясатының тарихына арналған

328



ІІІ-ІV  баптарда  Жетісу  облысында  тұрып  жатқан 



халықтарды  ұлттық  және  әлеуметтік  топтарға  бөліп, 

олардың әрқайсысына нақты сипаттама беріледі:

а)  қоныс  аударып  келген  орыс  шаруалары;  бұл 

экономикалық жағынан өте мығым отырған әлеуметтік топ; 

б) орыс-казактары; экономикалық жағынан алғанда өте 

байыған, жергілікті халықты қанау, тонау құқығына ие болу 

үшін орыс шаруаларымен ымырасыз күрес жүргізіп отырған 

әлеуметтік топ; 

в)  сан  жағынан  аз,  негізгі  кәсібі  сауда  мен  қолөнер 

және  егіншілік  болып  келетін,  қазақтар  мен  қырғыздарға 

қарағанда  экономикалық  жағынан  анағұрлым  мығым 

отырған ұйғырлар мен дұңғандар келесі әлеуметтік топты 

құрайды; 

г) сан жағынан аз, негізгі кәсібі сауда-саттық, қолөнермен 

шұғылданатын  қалалардың  орта  дәулетті  адамдары  мен 


 115

бұрынғы патша әкімшілігінің шенеуніктері келесі әлеуметтік 

топты құрайды; 

Жетісу облысының тұрғындарының 72,3 пайызы көшпелі 

қазақтар мен қырғыздар, қоныс аударып келген отырықшы 

халықтардың үлесі – 26,7 пайыз ғана, ал қалаларда жалпы 

халықтың 9 пайызы мекендейді

329


V бапта Т. Рысқұлов осы әлеуметтік топтардың қазіргі 

таңдағы  өзара  қарым-қатынасына  тоқталған.  Патша 

үкіметінің  әр  әлеуметтік  топқа  қатысты  саясатына  талдау 

жасаған.  Әлеуметтік  жағынан  қаналған  тек  жергілікті 

көшпелі халық болғанын нақты дәлелдеп берген

330



VІ  бапта  Т.Рысқұлов  Жетісу  облысының  көшпелі 



халқының  саяси-әлеуметтік  жағдайына  терең  талдау 

жасайды.  Патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  көшпелі 

халықтың  отырықшы  өмір  жағдайына  өтуіне  кедергі 

болғанын,  көшпелілердің  қалыптасқан  өмір  салтының  ата 

қоныс  жерлерінен,  жайылымдықтар  мен  қыстауларынан 

айырылуына  байланысты  үлкен  дағдарысқа  ұшырағанын, 

қазіргі  көшпелілер  де  отырықшы  және  көшпелі  өмір 

салтының  қайсысы  басым  екенін  анықтаудың  өзі  қиынға 

соғып  қалғанын,  өйткені  жергілікті  қырғыздар  мен 

қазақтардың  екі  өмір  салтының  арасында  тұрақтай 

алмай,  сеңдей  соғысып  жүргенін  баяндайды.  Дәстүрлі 

шаруашылықтары мен өмір салтының күйреуіне байланысты 

қазақтар мен қырғыздардың экономикалық жағынан үстем 

әлеуметтік  топтарға  құлдыққа  жалдануына  мәжбүр  болып 

отырғанын атап көрсетеді

331


VІІІ  бапта  Т.  Рысқұлов  қазақтар  мен  қырғыздардың 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  себептеріне 

тоқталады.  Патша  өкіметінің  отарлау  саясаты,  қоныс 

аудару  басқармасының  жер  мәселесіндегі  тағылық  іс-

әрекеті, аштық пен жоқшылық, әлеуметтік әділетсіздік пен 

құқықсыздық, ұлттық кемсітушіліктің бәрі жинала келе бұл 

халықтардың  1916  жылы  стихиялы  бас  көтерілуіне  алып 



116

келді. Көтерілісті патша үкіметінің жазаланушы бөлімдері 

аса  қатыгездікпен  басып-жаншыды.  Көшпелі  халықтың 

дені босқыншылыққа ұшырап, аштық пен аурудан есепсіз 

мөлшерде қырылды, мүмкіндік болған жерлерде жазалаушы 

бөлімдерден ығысып Қытай жеріне ауып кетті. Көтерілістің 

ауыр  жеңіліске  ұшырап,  тұрғындардың  негізгі  бөлігін 

құраған көшпелілердің босқыншылыққа түсуіне байланысты 

орыс шаруаларының Жетісудағы саяси-әлеуметтік жағдайы 

едәуір нығайған

332



ІХ  бапта  Т.  Рысқұлов  революция  мен  азамат  соғысы 



жылдарындағы  көшпелі  халықтың  жағдайына  тоқталады. 

Жетісуда  саяси  билік  басына  келген  большевиктік  партия 

мен кеңес өкіметі өзіне әлеуметтік тірек болар тап ретінде 

орыс  шаруаларын  таңдап  алды,  әрі  орыс-казактарының 

қарсылығын  басып-  жаншу  үшін  оған  қарсы  орыс 

шаруаларын пайдаланды, бірақ босқын жағдайдағы көшпелі 

халық жаңа өкіметтің назарына тек салық салу мен тәркілеу 

объектісі ретінде ғана ілікті. Көшпелілердің малы, ең соңғы 

жарамды  мүліктері  қала  халқы  мен  армияны  асыру  үшін 

зорлықпен  тартып  алынды.  Бұл  саясат  көшпелілердің  көз 

алдында  кеңес  өкіметі  мен  әлеуметтік  революцияның  бар 

мағынасын жоққа шығарды

333

.  


Х  бапта  Т.  Рысқұлов  Жетісуда  орнаған  кеңес  өкіметін 

патша  үкіметінің  отарлау  саясатын  жалғастырушы  өкімет 

ретінде айыптайды. Қолында қаруы бар орыс-казактары мен 

орыс  шаруаларына  ықпал  ете  алмайтынына  байланысты, 

бұл  өкімет  өз  өктемдігін  қарусыз,  босқын  көшпелілерге 

ғана жүргізе алады

334

.

ХІ  бап  отаршылдық  психологияны  құрту  шараларына 



арналған

335


ХІІІ бап Жетісуда кеңес өкіметін нығайту үшін түрліше 

әлеуметтік  топтардың  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық, 

діни  және  ұлттық  жағдайларын  теңестіру  шараларына 

арналған

336




 117

ХІV бапта Т. Рысқұлов Жетісуда үстем болып отырған 

орыс шаруаларына Ресейде қолданылған саясатты қолдануға 

шақырады. Орыс шаруаларын әлеуметтік жіктеліске түсіру, 

кулактарды жою, орта шаруалар мен кедейлерді комитеттер 

мен  одақтарға  біріктіру,  кулак  элементтері  басқарып 

отырған жергілікті атқару комитеттерін тарату, кулактарды 

қарусыздандырып, мал-мүлкін, жер тәркілеуді талап етеді

337

.

 ХV баптың мазмұны ХІV баптың мазмұнымен өте ұқсас, 



кулактарды тап ретінде жою шараларына арналған

338


ХVІ  бапта  Т.  Рысқұлов  көшпелі  халықтарды  кеңес 

өкіметіне  тарту  үшін  қолданылар  саясаттың  сипатына 

тоқталған,  көшпелілердің  арасындағы  ру-тайпалық 

қатынастардың ерекшелігін басшылыққа алуды ескерткен

339


.

ХІІІ  бап  мазмұны  жағынан  ең  бай  бап.  Бұл  бапта 

Жетісу  облысында  тез  арада  іс  жүзінде  асырылуы  тиісті 

практикалық шаралар толық атап көрсетілген:

а) Жетісу облысының бүкіл халқын ұлттық белгілеріне 

қарамай тез және толық қарусыздандыру;

б)  аталған  шараларды  толық  орындауға  және  шын 

мәніндегі кеңес өкіметін орнатқанға дейін облыста уақытша 

әскери-саяси жағдай енгізу;

в) Жетісу облысының аумағында барлық әскери бөлімдер 

мен  Жетісудың  орыс  шаруаларынан  құрылып,  майданда 

жүрген  әскери  бөлімдерді  шұғыл  түрде  басқа  сенімді 

бөлімдермен алмастыру;

г)  Жетісудың  орыс  кулактарын  қарусыздандыру  үшін 

арнайы мақсаттағы сенімді әскери бөлімдер құру және бұл 

операцияның жоспарын мұқият әзірлеу;

д)  бір  мезгілде  жұмысшылардың  әскери  азық-түлік 

бөлімдерін  құрып,  қарудың  күшімен  орыс  кулактарынан 

мал-мүлік пен артық астықты тартып алу;

е) Жетісудың қаналған түздік халқына Қызыл Армияға 

кіруге толық мүмкіндіктер беру және қазіргі күннің өзінде 


118

кіріп үлгерген қазақтар мен дұңған еріктілерін қару-жарақ, 

киім-кешек жағынан тез арада қамтамасыз ету;

ж)  Жетісу  облысының  барлық  жергілікті  атқару 

комитеттері  мен  партия  комитеттерін  таратып,  орнына 

барлық уездерде уақытша әскери-азаматтық ревкомдар мен 

партия комитеттерін тағайындау;

д)  аграрлық  мәселенің  шешілуін  қамтамасыз  ету  және 

көшпелі халықты отырықшы жағдайға көшіру;

и)  көшпелі  халық  қолындағы  малды  тағылықпен 

қырып-жоюға тыйым салу және үлгілі мал шаруашылығы 

бірлестіктерін ұйымдастырудың жоспарын әзірлеу;

к)  неке  мәселесін  реттеу  үшін  қазақ  билерінің  сот 

институтына реформа жүргізу;

л)  көшпелі  халықтың  құқықтарын  қала  халқының 

жағдайымен  теңестіріп,  оларға  өнеркәсіп  өнімдерін, 

несие, еңбек құрал-жабдықтарын беру арқылы отырықшы 

жағдайға  көшуіне  қолғабыс  жасау.  Отырықшыланғысы 

келетін көшпелілерді ата-қоныс жерлеріне орналастыру;

м)  жергілікті  өкімет  мекемелерінің  алыпсатарлық, 

тонау, тәркілеу сияқты әрекеттеріне тыйым салып, олардың 

үстінен  еңбекшілердің  біріккен  ұйымдарының  тарапынан 

бақылау орнату;

н) орыс шаруалары мен орыс казактарына қарсы астық 

монополиясы саясатын жүргізу

340


.

о) Жетісу облысының халқының кедейленген әлеуметтік 

топтардың  арасында  мәдени-ағарту  және  партиялық 

жұмысты белсенді түрде жүргізу

341



Сонымен, Т. Рысқұловтың Жетісу облысының жағдайы 



туралы  даярланған  тезистердің  орасан  зор  әлеуметтік-

экономикалық  маңызы  болды.  Бұл  тезистерде  кеңес 

өкіметінің  Жетісу  облысындағы  саяси,  әлеуметтік, 

экономикалық және ұлттық саясатының қалай жүргізілуі тиіс 

екені атап көрсетілген. Жетісу облысының тұрғындарының 

ұлттық  және  әлеуметтік  ерекшеліктері  жан-жақты  талданып, 



 119

әрбір  әлеуметтік  тап  және  ұлт  өкілдеріне  қатысты  саясаттың 

бағыттары ұсынылған. Т. Рысқұловтың Жетісу облысының 

жағдайы туралы даярланған тезистері көшпелі қазақ және 

қырғыз босқындарының адам төзгісіз жағдайын жеңілдетіп, 

оларды ата қоныстарына орналастыру және саяси-әлеуметтік 

құқықтарын  келімсек  орыс  шаруаларының  жағдайымен 

теңестіру мәселелері бойынша қамтыған шаралары жағынан 

алғанда аса маңызды құжат болып табылады. 

Т.Рысқұлов  Жетісудың  босқын  қазақ  және  қырғыз 

халықтарын орналастыру шараларына арнап республикалық 

қордан,  сол  кез  үшін  орасан  зор  көп  мөлшер  болған, 

100 000 000 сом қаржы бөлдіртті

342


. Түрікаткомның орыс-

казактарының ісі бойынша құрылған бөлімі Түрікаткомның 

Жетісу босқындарына бөлген 100 млн. сом көмек қаржысын 

тілге  тиек  етіп,  Жетісудың  орыс-казактарына  да  сонша 

мөлшерде қаржы бөлуді талап еткен қаулысын Т. Рысқұлов 

қабылдатпай  тастады

343

.    1916  жылы  көтерілісте  шеккен 



шығыны  өте  мардымсыз  болған  орыс-казактарының  бұл 

талабы заңсыз болатын, өйткені олар бұл шығынды 1916-

1917 жылдары әлденеше еселеп қайтарып алған еді. 

Т.  Рысқұлов  1916  жылғы  көтерілістің  босқындарының 

жағдайын  жеңілдету  шараларын  Жетісудан  басқа  да 

жерлерде  кең  түрде  жүргізіп  отырды.  1920  жылы  жазда, 

деп еске алады зейнеткер Н. Бекмұратов, ауылдық кеңестің 

тапсыруымен  Ташкентке,  Т.Рысқұловқа  Ақсу  өзенінің 

(Сырдария облысы, Черняев уезі) жағасындағы 1916 жылы 

келімсектер  тартып  алған  ата  қонысымызды  қайтарып 

алуға  көмектесуін  сұрап  бардық.  Келушілердің  үлкен 

кезегіне тұрып, ақыры кездестік. Біз «орта бойлы, арықша 

келген,  қара  торы,  көзілдірікті  жап-жас  жігітті  көрдік». 

Т.Рысқұлов бізден ауыл тұрмысы жайлы мұқият сұрағаннан 

соң,  мәселенің  шешілетініне  сендірді.  Артынан  біз  ата 

қонысымызға қоныс аударып қуанышқа бөлендік

344

.


120

1920 жылы 14 шілдеде ТКП Өлкелік партия комитетінің 

бюросында  Батыс  Қытайдан  оралып  жатқан  1916  жылғы 

ұлт-азаттық көтерілісінің босқындарын Жетісу және басқа да 

облыстарда  орналастыру  мәселесі  талқыланды.  Мәжілісте 

Т.  Рысқұлов  бұл  мәселе  бойынша  өзінің  ұсыныстарын 

ортаға салды

345


1920  жылы  наурыз-сәуір  айларында  Түрікаткомның 

Түріккомиссия  мен  Революциялық-әскери  кеңестің 

басшыларымен  арақатынасы  бұрынғыдан  да  шиеленіскен 

сипат алды. Т. Рысқұлов түбірлі жаңа ұлт саясатын жүргізу 

үшін  Түрікаткомның  кезекті  ІХ  және  ТКП-ның  кезекті  V  

съездерін  шақырып,  бұл  саясатты  ресми  мақұлдап  алуды 

көздейді.  1920  жылы  сәуір  айында  осы  мақсатта  арнайы 

құрылған Съездерді шақыру туралы комиссия жұмыс істей 

бастайды.  ІХ  кеңестер  съезі  кезек  күттірмес  мынандай 

мәселелерді талқылауы тиіс болатын: ағымдағы мәселелер, 

Түркістанның  автономиялылығы  мен  конституциясы, 

аграрлы  мәселе,  экономикалық  саясат  (азық-түлік,  қаржы, 

өндіріс), республиканың қорғаныс мәселесі, Түрікаткомның 

жаңа  құрамын  сайлау.  Бірақ  Түріккомиссияның  кесірінен 

съездерді өткізу мүмкін болмады. 

Т.Рысқұлов  –  Түркістанның  мемлекеттік  егемендігі 

жолындағы  саяси  күрескер  болды.  Республиканы  түркі 

халықтарының ұлттық мемлекеттігіне айналдыру мақсатын 

қойды.  Республика  егемендігі  –  саяси,  экономикалық, 

дипломатиялық,  әскери  және  мәдени  мәселелер  бойынша 

нақты  болуы  тиіс  дербестік  құқықтарын  қамтитын. 

Түркістан  халықтарының  өзін-өзі  билеу  құқықтары 

аталған  салалардың  бірде-біреуі  нақты  мазмұнға  ие  бола 

алмады, бұл салалардың барлығы да Кремльдің тізгінінде, 

Түріккомиссия құзырында болып шықты. 

Барлық даулы мәселелерді тікелей В.И. Лениннің алдына 

шешіп келу мақсатымен 1920 жылы 4 мамырда Түркістанның 



 121

өкілетті делегациясы тағайындалады. Делегация құрамына 

үш  негізгі  –  Т.  Рысқұлов  (жетекшісі),  Н.Қожаев,  Г.Бех-

Иванов мүшелер кірді. Түркістан делегациясының мақсаты 

былайша белгіленген:

«Түркістан  Республикасы  Кеңестері  Орталық  Атқару 

Комитетінің  жолдас  Рысқұлов  басқарған  делегациясы 

РКФСР-дің Орталық үкіметіне Түркістан Республикасының 

жағдайы  туралы  баяндау  және  Халық  Комиссарлар 

Кеңесі  мен  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитетінде 

төмендегідей  мәселелерді  шешу  үшін  Мәскеу  қаласына 

жіберілсін:

1)  Түркістан  Кеңес  Республикасының  егемендігі 

және  оның  Орталық  өкіметпен  арақатынасы  туралы, 

негізінен  осы  арақатынастың  жалпы  ауқымы  бойынша  да 

және мемлекеттік өмірдің жекелеген тұстары бойынша да 

формасын анықтау туралы;

2)  РКФСР  мен  Түркістан  Кеңес  Республикасы 

арасындағы  экономикалық  қарым-қатынастың  формасын 

белгілеу және қаржы мәселесі;

3)  Әскери  мәселе,  Түркістан  майданы  және  оның 

аппараттарының  өмір  сүру  мәселесі,  Қызыл  Армияны 

Түркістанның жергілікті халықтарынан жасақтау;

4)  РКП  (б)  Орталық  Комитеті  мен  БОАК-тың 

Түркістан  ісі  жөніндегі  комиссиясы  (Түріккомиссия)  мен 

оның  Түркістанда  болған  кезең  ішіндегі  қызметі  жайлы 

және ол бұдан былай да өмір сүруге лайық па деген мәселе;

5)  РКФСР  Орталық  үкіметінің  құрамында  Түркістан 

Кеңес Республикасы өкілдерінің болуы туралы мәселе;

6)  Түркістан  Республикасының  өзі  шекараласатын 

шет  мемлекеттермен  сыртқы  байланысы  және  РКФСР 

құрамындағы  өзі  шектесетін  кеңес  республикаларымен 

арақатынасын анықтау»

346


.

1920  жылғы  5  мамырда  делегация  Мәскеуге    аттанып 

кетті. Т. Рысқұлов 1920 жылы 25 мамырда РКП (б) Орталық 


122

Комитеті  мен  В.И.  Ленинге  Түркістан  Республикасының 

жағдайының жоспары» туралы баяндамасын тапсырады. 

Баяндамада  Орталық  Азияның  саяси,  экономикалық 

жағдайы  кең  тұрғыда  талданған.  Түріккомиссияның 

экономикалық  саясаты  сынға  алынған.  Мұсылман 

коммунистері  Орталық  Азияда  жер-су  реформасын  іске 

асырып,  орыс  кулактары  мен  казактардан  жергілікті 

халықтың  ата  қоныс  жерлерін  тартып  алып,  иелеріне 

қайтару,  тұрғындарды  құқылық  жағынан  теңестіру 

шараларын  іске  асыруды  ұсынған  кезде  Түріккомиссия 

орыс  кулактарының  қарулы  көтерілістерін  астыртын 

ұйымдастырып  отырғаны  сыналған.  Түріккомиссия  орыс 

кулактарының  қолындағы  қаруды  тартып  алып,  оларды 

экономикалық жағынан әлсірету арқылы аталған шараларды 

іске асыруды қаламайды. Түріккомиссия мұсылман әскери 

бөлімшелерінің  жағдайын  әдейі  шиеленістіріп,  мұсылман 

жауынгерлерінің  ерік-жігерін  мұқалтып,  оларды  әскери 

бөлімдер  мен  гарнизондардан  өз  бетімен  кетіп  қалуына 

итермелейді

347



Орталық  Азия  мұсылмандары  өздерін  Қызыл  Армия 



отарлап,  басып  алған  ел  деп  санайды.  Түркістан  майданы 

Революциялық-әскери  кеңесінің  республиканың  барлық 

ішкі  істеріне,  тіпті  жылқы  шаруашылығы  мен  тұрғын 

үй,  баспана  мәселесіне  де  басшылық  жасауға  ұмтылуы, 

Түріккомиссияның  Революциялық-әскери  кеңестің  бұл 

заңсыз  іс-әрекетін  қолдап,  өз  кезегінде  республиканың 

жоғарғы заң шығарушы органы – Түрікаткомды көзіне ілгісі 

келмейтін  халық  комиссарларын  тағайындап  отыруы  бұл 

органдардың  Орталық  Азияны  Кеңестік  Ресейдің  әскери 

басқарудағы отары деп санайтынын көрсетеді

348



Өкілетті  делегация  республиканың  саяси-әлеуметтік, 



экономикалық  және  ұлтаралық  қарым-қатынас  жағдайын 

баяндай келе, өмір сүріп отырған қос өкіметтілікті жойып, 

ұлттардың өзін-өзі билеу құқын іс жүзіне асыру үшін РКП 


 123

(б) Орталық Комитеті мен В.И. Лениннен: «не барлық өкімет 

билігін Түркістан майданы Революциялық-әскери кеңесіне 

беру,  Түркістан  өлкесінде  әскери  басқаруды  енгізіп,  оны 

Революциялық-әскери  кеңесіне  бағындыру,  не  болмаса 

Түріккомиссия  түріндегі  барлық  аралық  буындарды  жою 

және  Түркістан  майданы  Революциялық-әскери  кеңесінің 

билігін шектеу арқылы конституцияға сәйкес бүкіл өкімет 

билігін  жергілікті  халықтардың  еңбекшілерінің  қолына 

нақты беру»

349

 туралы талап етті. 



Делегация республикадағы өкімет билігінің Түрікатком 

қолына берілуін талап ете отырып, Түркістанда төмендегі 

шаралардың  міндетті  түрде  орындалуы  тиіс  екенін  атап 

көрсетті. 

«1) Мұсылман еңбекшілері мен олардың революцияшыл 

қайраткерлеріне  сенім  білдірілсін»  және  «  Түркістанда 

қуатты  мұсылман  Қызыл  Армиясын  құру  қажет  деп 

саналсын»

350

,  Түркістандағы  келімсек  орыс  кулактарынан 



іріктелінген  қызыл  әскерлердің  отаршыл  рухтағы  әскери 

бөлімдері  шұғыл  түрде  қарусыздандырылып,  басқа 

майдандарға  аударылсын,  қалған  бөлімдердің  құрамында 

қатаң  тазалау  жүргізіп,  орыс  кулактардан  қару-жарақтың 

барлық түрі тартып алынсын. 

«2)  Түркістанда  Қызыл  Армияны  ұйымдастыру  ісі 

Түркістан  үкіметінің  қолына  берілсін,  ол  үшін  Түркістан 

майданының  қарамағынан  ажыратылып,  Түркістан 

Республикасының  әскери  комиссариаты  қайта  қалпына 

келтірілсін,  оған  ішкі  қорғанысты  ұйымдастырып,  есеп-

қисап жүргізу, мобилизациялау, Қызыл Армияны құру және 

оқыту, жаттықтыру және қызыл әскер бөлімдерінің сыртқы 

шекараны күзету үшін тұрақты армияның құрамына өткен 

кезіне  дейін  оған  басшылық  жасау  құқығы  берілсін.  Сол 

уақыттан бастап барлық тұрақты әскери бөлімдер РКФСР 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  жалпы  басшылығында 



124

болуы  керек.  Түркістан  аумағында  әскери  бөлімдерді  тек 

қана  жергілікті  халықтардың  өкілдерінен  құру  қажет,  ал 

еуропалық  тұрғындардан  құрылуы  мүмкін  бөлімдерді 

Орталық Ресейге аттандырып отыру керек.

3) Қайта қалпына келтірілген күннен бастап Түркістан 

Республикасының әскери комиссариатына үш ай мерзімнің 

ішінде Түркістанның жергілікті халықтарынан екі дивизия 

ұйымдастыру міндеті жүктелсін. 

4) Түркістан Республикасының аумағы ұрыс қимылдары 

жүріп  жатқан  майдан  даласы  ретінде  саналмасын  және 

сондықтан да Түркістан майданының Революциялық-әскери 

кеңесінің  билігі  мен  ықпалы  тек  шекаралық  аймақта  ғана 

таралуы тиіс. Түркістан майданы Түркістанның өз ішіндегі 

белгілі  бір  тапсырманы,  егер  ондай  тапсырмаға  деген 

қажеттілік болған жерде ғана, Түркістан Республикасының 

келісімімен және тапсыруымен ғана орындай алады. 

5)  Түркістан  Республикасындағы  барлық  өкімет  билігі 

Түркістан Республикасы кеңестерінің съезіне, Түрікаткомға 

және  Түркістан  Республикасының  Халық  Комиссарлар 

Кеңесіне берілсін. Халық Комиссарлар Кеңесі Орталықтан 

келетін табанды қызметкерлермен нығайтылсын. Түркістан 

Кеңес  Республикасының  автономиялығы  туралы  ереже 

бекітілсін,  ол  үшін  Түркістанның  нақты  жағдайының 

материалдарын  зерттеп  тексеретін  алдын  ала  арнайы 

комиссия құрылсын. 

6) Түріккомиссия таратылсын. 

7)  Мәскеуде  Түркістан  Республикасының  өкілетті 

өкілдігі ашылсын. 

8)  Түрліше  шараларды  пайдалана  отырып  Түркістанға 

мұсылман  әскери  және  саяси  кадрларын  мүмкін  болған 

мөлшерде  аттандыру  қажет.  Ресейде    даярланып  жатқан 

мұсылман  қызыл  курсанттары  толығымен  Түркістанға 

жіберілсін.  Орталықтан  Түркістанға  жіберілген  барлық 



 125

қызметкерлер Өлкелік партия комитеті мен Түрікаткомның 

қарамағына келуі міндетті»

351


.

Баяндамада  Түркістанның  тарихи-объективті  жағдайы 

мен  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  ұлтаралық  және 

мәдени дағдарыстардың себептері, одан шығудың жолдары 

жан-жақты  ашып  көрсетілген.  Құжатта  Т.  Рысқұловтың 

әлеуметтік революцияның мәні мен мақсаты, ұлт мәселесі 

және  ұлттық  мемлекеттік  туралы  идеялары  толығымен 

қамтылған.  Т.Рысқұлов  Орталық  Азияның  Ресейдегі 

сияқты  халықты  әлеуметтік  жікке  бөлу,  тап  күресін 

өршітіп, пролетариат диктатурасын орнату жолымен емес, 

қайта бұл белгілер онша білінбейтін жергілікті жағдаймен 

санаса  отырып,  ұлттардың  өзін-өзі  билеу  құқығын  өмірге 

демократиялық жолмен енгізу арқылы, жергілікті ұлттардың 

мемлекеттігін  қалпына  келтіру,  бүкіл  өкімет  билігін 

жергілікті халықтар өкілдерінің қолына беру, республиканың 

ішкі өзін-өзі қорғау күштері мен сыртқы жаудан қорғанатын 

қуатты  Мұсылман  Қызыл  Армиясын  құру,  Түріккомиссия 

түріндегі  барлық  эмиссарлық  органдарды  жою  жолымен 

ғана дами алатынын атап көрсетті. 

РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюроның мәжілісіне 

Түркістан  Республикасының  өкілетті  делегациясының 

төрағасы  Т.Рысқұлов,  сондай-ақ  Түріккомиссияның 

Мәскеуге ілесе келген мүшелері Ш.Элиава мен Я.Э. Рудзутак 

шақырылды. Мәжілісте Ресейдің Түркістанмен арақатынасы 

туралы  ережені  даярлау  үшін  құрамына:  Г.В.Чичерин,  

Н.Н.Крестинский  және    Ш.Элиава  кіргізілген  Саяси 

Бюроның  комиссиясы  тағайындалды

352


.  Саяси  Бюроның 

комиссиясы РКП (б)-ның Түркістандағы міндеттері туралы 

Орталық  Комитет  шешімінің  жобасын  жасап,  оны  1920 

жылы 13 маусымда Саяси Бюроның мәжілісіне ұсынады. 

Саяси  Бюроның  комиссиясы  даярлаған  «РКП  (б)-ның 

Түркістандағы  міндеттері  туралы  шешімінің  жобасымен» 



126

танысып шыққан  В.И. Ленин, осы жобаны ішінара өзгерістер 

мен толықтырулар енгізе отырып қабылдауды ұсынады:

«Меніңше,  Рысқұлов  жолдастың  жобасын  қабылдамау 

қажет,  комиссияның  жобасын  мынандай  өзгерістермен 

қабылдау қажет:

(а)  Түркістан  комиссияның  үнемі  Түркістан  Халық 

Комиссарлар  Кеңесімен  және  Түркістан  Орталық  Атқару 

Комитетімен келісіп жұмыс істеу міндеті қойылсын:

(1)  олардың  қорытынды  пікірлері  сұралып  отыратын 

болсын;

(2)  олар  Түркістан  комиссиясындағы  істермен  бірте-



бірте таныстырылатын болсын;

(3) Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі мен Түркістан 

Орталық Атқару Комитетіне қатынасып отыратын болсын;

(4) олармен «келісіп», талас мәселелерінің бәрі (немесе 

ең  негізгілері)  Орталық  Комитетке  және  Бүкілресейлік 

Орталық Атқару Комитетіне енгізіліп отыратын болсын»

353



В.И. Ленин Саяси Бюро комиссиясына Орталық Азияның 



Өзбекстан,  Қазақстан  және  Түркіменстан  өлкелеріне 

бөлінген этнографиялық және басқа да карталарын жасауды 

тапсырады

354


.

РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросының 

комиссиясы  даярлаған  қаулы  жобасымен  Т.  Рысқұлов  та 

танысып  шығады.  Қаулының  жобасына  көңілі  толмаған 

Т.  Рысқұлов  1920  жылы  16  маусымда  В.И.  Ленинге 

Түркістанның  жағдайы  туралы  қосымша  баяндама

355

 

жібереді.



1920 жылы 22 маусымда РКП (б) Орталық Комитетінің 

Саяси  Бюросы  өзі  құрған  комиссияның  жобасы  мен  оған 

жасалынған  В.И.  Лениннің  сын-ескертпелерімен  танысып 

шығады.  В.И.  Ленин  комиссия  жобасына  жасаған  13 

маусымдағы  өзінің  сын-ескерпелеріне  қоса,  22  маусымда 

«РКП(б)-ның  Түркістандағы  міндеттері  туралы  мәселе 

жөнінде  РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросы 

қаулысының жобасы» атты жаңа сын-ескертпе жазды. В.И. 



 127

Лениннің  22  маусымдағы  қаулының  жобасы  туралы  сын-

ескертпелерінде былай атап көрсетілген:

«Тезистер  мен  жоба  жалпы  және  негізінен  бекітіліп, 

тезистер де, жоба да мына рухта түзетілсін:

(1) орыстар мен басқа жақтан келгендердің пайдаланатын 

жері жергілікті халықтың жерімен теңестірілсін;

(2)  орыс  кулактары  аса  жігерлі  түрде  талқандалынып, 

жер аударылып, өзімізге бағындырылсын;

(3) декреттерді Түркістан Орталық Атқару Комитеті мен 

Түркістан  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  пікірін  сұрамай 

тұрып және орталықтың пікірін сұрамай тұрып, Түркістан 

Комиссиясының өзгертуіне құқық берілмесін;

(4)  өкілет  билігін  -  бірте-бірте,  бірақ  ұдайы  –  сенімді 

коммунистердің  бақылауымен,  еңбекшілердің  жергілікті 

кеңестеріне  беру  үнемі  ойластырылып,  әзірленсін  және 

жүзеге асырылсын; 

(5) республиканы 3 бөлікке бөлу күні бұрын шешілмесін;

(6)  феодализмді  жою  жалпы  міндет  болып  қойылсын, 

бірақ коммунизм емес»

356

.

1920  жылы  29  маусымда  ғана  РКП  (б)  Орталық 



Комитетінің  Саяси  Бюросы  В.И.  Лениннің  нұсқауларын 

негізге  ала  отырып  мынандай  қаулылар:  «Түркістандағы 

біздің  міндеттеріміз  туралы»,  «Түркістанда  өкіметті 

ұйымдастыру  туралы»,  «Түркістандағы  партия  құрылысы 

туралы» қаулылар қабылдап, «Түріккомиссияға нұсқауды» 

бекітті


357

Орталық  Комитеттің  бұл  қаулылары  тарихта  «РКП(б)-



ның Түркістандағы негізгі міндеттері туралы» деген жалпы 

атпен белгілі. 

РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  бұл  қаулыларында 

большевиктік  партия  мен  кеңес  өкіметінің  Түркістандағы 

негізгі міндетіне: 

1)  жергілікті  халықтар  мен  европалық  қоныс 

аударушылардың арақатынасын реттеу


128

2) жергілікті халықтардың қоғамдық-өндірістің қарым-

қатынастарында  үстем  болып  отырған  патриархальдық-

феодалдық мұраны, сарқыншақтарды жою; 

3) келімсек орыс кулактарынан жергілікті халықтың ата 

қоныс жерлерін тартып алып, иелеріне қайтару; 

4)  көшпелі  халықтарды  отырықшылдыққа  көшіруге 

даярлану; 

5)  орыс  кулактарының  экономикалық  күш-қуатын 

әлсірету,  оларды  қарусыздандыру  және  Орталық  Ресейге 

қайта жер аудару; 

6)  патша  өкіметінің  бұрынғы  барлық  әкімшілік 

қызметкерлерін,  шенеуніктерін,  полиция  мүшелерін 

Түркістаннан  кетіру,  сондай-ақ  Түркістанның  жергілікті 

орыс  коммунистерінің  шовинистік  пиғылмен  ауырған 

бөліктерін  Орталықтан  келетін  басқа  коммунистер  мен 

қызметкерлермен алмастыру және т.б.

358


.

Осылайша,  «РКП(б)-ның  Түркістандағы  негізгі 

міндеттері  туралы»  қаулысында  Түркістан  делегациясы 

ұсынған негізгі талаптар, атап айтқанда: Түріккомиссияны 

жою,  Түркістан  майданы  Революциялық-әскери  кеңесінің 

билігін шектеу арқылы бүкіл өкімет билігін республикадағы 

заңды,  конституциялы  органдар  –  Түрікатком  мен  Халық 

Комиссарлар  Кеңесіне  беру,  республикасының  егемендігі, 

армияны  жергілікті  халықтан  жасақтау,  қаржы,  сыртқы 

дипломатиялық  және  сауда-экономикалық  байланыстар, 

РКФСР  және  оның  құрамындағы  ұлт  республикалары 

мен  Түркістанның  арақатынас  мәселелері,  жергілікті 

халықтарға қатысты саяси, экономикалық, әлеуметтік және 

мәдени саясаттың жолдары, РКФСР үкіметінің құрамында 

Түркістан өкілдерінің болуы туралы және т.б. аса маңызды 

талаптар қабылданбады. 

Т.Рысқұлов  республика  егемендігін  талап  еткен 

пікірін  1920  жылы  маусымда  В.И.  Лениннің  Коммунистік 

Интернационалдың ІІ съезіне арнап жазған «Ұлт және отар 


 129

мәселелері  жөніндегі  тезистердің  бастапқы  нобайына»

359

 

жіберген  толықтыруында  тағы  да  анық  білдіреді. 



В.И.Лениннің атына жіберілген бұл құжаттың түпнұсқасына 

Түркістаннан  Т.Рысқұлов  пен  Н.Қожаев,  Қазақстаннан 

–  А.Байтұрсынов  пен  Ә.  Ермеков,  Башқұртстаннан  – 

А.З.Уәлиди мен Х. Ысмағұлов қол қойған

360



Құжаттың авторлары В.И. Лениннің тезистеріндегі орыс 



пролетариаты кеңес өкіметі дәуірінде көп өзгергенін, енді 

бұл  пролетариаттың  патша  заманындағы  пролетариаттан 

түбірлі  айырмашылығы  бар  екенін,  сондықтан  да  орыс 

пролетариатының  бұрынғы  отар  елдердің  еңбекшілерін  азат 

етудегі рөлінің зор екендігі туралы қағидаларына наразылық 

білдіреді,  нақты  мысалдармен  керісінше  құбылысты 

дәлелдейді, панисламизмге қарсы күрестің қажеттігі туралы 

В.И. Лениннің ұсыныстарын сынға алды. Панисламизмнің 

қаупін дабыра қылуға әрекеттенгенін айыптайды. В.И.Ленин 

тезистерінің 11 және 12-ші тармақтарының мазмұнын қатты 

өзгертіп, өз тараптарынан 13-ші тармақ енгізген

361


. Олар ұлт 

мәселесін түбегейлі шешу «бұратаналарды тонау мен оларға 

зорлық-зомбылық көрсету үйреншікті де заңды құбылысқа 

айналған мемлекетте» қолға алына бастағанын, сондықтан 

да «бұратана кедей-кепшікті нақ сол отаршылардың қолымен 

немесе  отаршыларға  арқа  сүйейтін  жергілікті  өкіметтің 

қолымен  босатып»  болмайтынын  ескертеді

362


.  «Бұратана 

кедей-кепшікті  еуропалық  қоныс  аударушылардың 

көмегімен  азат  ету  үшін,  мәселен  Түркістанға  Еуропаның 

коммунистерін  жіберу  бұл  коммунистерді  бұзу  болып 

шығады.  Осыған  орай  мұндай  коммунистер  партияның 

тура  бағыты  мен  міндеттерінен  ауытқып,  жергілікті 

отаршылардың ықпалымен панисламизмге қарсы күресуге, 

бұратана  кедей-кепшікті  өзара  дүрдараз  етіп,  бұратана 

коммунистерді  ыдыратуға,  таптық  күрестің  орнына  ұлтаралық 

алауыздықты қолдап, «коммунистік жұмыс» үшін миссионер 



130

мамандар,  панисламизмнің  білгірлері:  Лыкошиндерді, 

Янковскийлерді,  Малецкийлерді,  Самойловичтерді  және 

тағы басқаларын шақыруға сөзсіз тиіс болады»

363



«Мұндай  жағдайда,  –  дейді  түзету  авторлары  одан 



әрі,  –  ІІ  Интернационалды  әшкерелеудің  еш  қажеті  жоқ, 

өйткені еуропаша білім алмаған бұратаналар да оқиғаның 

мәнісі неде екенін тез түсініп, ІІІ Интернационалдың ІІ-ден 

айырмашылығы  әлі  өмірде  қолданыс  таппаған  сөздер  мен 

ұрандарда ғана екенін көретін болады». 

«Бүкіл  осы  қасірет,  –  дейді  олар,  –  бір  ғана  жағдайда: 

егер  Ресейдің    шығысында  құрылған  сол  қуыршақ 

республикаларға  (БОАК-тың  хатшысы  Лутовинов  бірде 

айтқанындай)  қазіргіден  байыптырақ  сипат  пен  мән 

беріліп,  бұл  республикалардың    бұратана  еңбекшілеріне 

партиялық, шаруашылық және әскери ұйым салаларында өз 

инициативасын танытуға мүмкіндік жасалатын болса ғана 

шешіле  алады»

364


.  «Көмек  қажет,  бірақ  зорлық-зомбылық 

болмасын»

365

.

Біз қазір тәуелсіз ел ретінде шетелдермен тікелей саяси-



экономикалық  қарым-қатынас  жасай  бастадық,  ал  мұндай 

байланыстың  қажеттігін  хат  авторлары  сол  кездің  өзінде-ақ 

талап еткен еді: «біз дүниедегі түрлі алпауыттардың арасында 

көз  құрты  болудан  гөрі,  коммуналардың  дүниежүзілік 

федерациясының  мүшесі  болып,  дүниежүзілік  халық 

шаруашылығының  кеңесі  арқылы  еуропалық  фабрикаттар 

үшін өз шикізатымызды ешқандай баж салығынсыз олармен 

айырбастауды қалаймыз»

366



Т.Рысқұлов  Түркістан  делегациясының  басшысы 



ретінде Мәскеу қаласында аса күрделі саяси пікірталастар 

жүргізумен  қатар,  қым-қиғаш  экономикалық,  мәдени 

мәселелерімен  де  айналысты.  Делегациясының  барлық 

мүшелері белсенді қызмет атқарды.

1920 жылы 27 мамырда делегацияның қосалқы мүшесі, 

Түркістан Қаржы халық комиссары В. Көшербаевқа РКФСР 



 131

Халық ағарту халық комиссариатынан мұсылман баспалары 

үшін араб әріптері мен түрліше әдебиеттер алу, Мәскеуден 

іріктеп  білікті  ғылыми  қызметкерлерді  шақыру  міндеті 

жүктелді.  Сол  күні  В.  Көшербаев  пен  делегацияның  тағы 

бір мүшесі А. Ширванскийге РКФСР мен Түркістан Қаржы 

халық комиссариаттарының өзара арақатынас принциптерін 

белгілеу  тапсырылды

367

.  1920  жылы  28  мамырда  Т. 



Рысқұлов  қол  қойған  мандат  бойынша  А.  Ширванский 

мен  В.Көшербаев  Бүкілресейлік  Халық  шаруашылығы 

Кеңесінде Түркістан экономикасы туралы баяндама жасау 

құқығына ие болды.

Т.Рысқұловтың өзі 1920 жылы 28 мамырда А.И.Рыковтың 

ұйымдастыруымен 

өткен 

Бүкілресейлік 



Халық 

шаруашылығы  Кеңесінің    Түркістандағы  экономикалық 

құрылыс туралы шараларды әзірлеу мақсатында құрылған 

комиссияның  мәжілісіне  қатынасып,  РКФСР  мен 

Түркістанның  экономикалық  қарым-қатынастың  өзара 

тиімді бағыттары туралы сөз сөйлейді

368

.

Т.  Рысқұлов  1920  жылы  18  маусымда  өзі  қол  қойған 



№  52  бұйрықпен    делегациясы  жанынан  құрамында: 

төрағасы  –  А.  Ширванский,  мүшелері  –  Розов,  Устинов, 

Голубков, Бех-Иванов, мүшелікке кандидаттар – Ишимбаев 

және  Мясников  бар  Түркістан  Республикасын  Жабдықтау 

комиссиясын құрады. 

Жабдықтау  комиссиясына  Түркістан  экономикасына 

қажетті  барлық  өнеркәсіп  және  ауыл  шаруашылық  құрал-

жабдықтарын, техникалық материалдар мен қондырғылары 

және  шаруашылыққа  қажетті  басқа  заттарды  орталық 

комисариаттардан  қабылдап  алып,  Түркістанға  жеткізу 

міндеті жүктелді

369


.

Т.Рысқұлов  республикасының  шаруашылық  органдарын 

білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету  мақсатында  Мәскеу 

қаласында  қызмет  атқарып  жүрген  Түркістан  азаматтары 

мен қызметкерлерін қызметке шақырып отырды

370


.

132

1920  жылы  19  маусымда  Т.Рысқұлов  РКФСР  Жер 

шаруашылығы  халық  комиссариатына  хат  жазып, 

Түркістанның  ауыл  шаруашылығын  өркендету  үшін 

қазіргі  таңда  техникалық  және  материалдық  күш-қуаттың 

жетіспейтіндігін, сондықтан да ең тиімді шара ретінде халық 

шаруашылығын  электрлендіруді  шұғыл  қолға  алып,  бұл 

іске байланысты проблемаларды зерттеу үшін Түркістанға, 

Түрікатком  қарамағына  арнайы  мамандандырылған 

комиссия  жіберуді  өтінеді

371

.  28  маусымда  БОАК-тың 



төралқасына  жазған  хатында  Т.  Рысқұлов  Түркістанға  17 

автомобиль бөлуді өтінген

372



Т.Рысқұловтың  Түркістан  делегациясын  басқарып 



екі  жарым  ай  мерзімге  (1920  жылдың  5  мамыр  –  13 

шілде  аралығында)  Мәскеуге  кеткен  уақытында  Орталық 

Азияның ішкі саяси жағдайы қатты өзгеріп кетті. Ташкентте 

Түріккомиссияның  белді  мүшелерінің  (М.В.Фрунзе, 

В.В.  Куйбышев,  Ф.И.  Голощекин)  ұйымдастыруымен  Т. 

Рысқұловтың  айналасына  топтасқан  саяси  қайраткерлерді 

қаралау  науқаны  жүргізілді

373


.  Т.Рысқұлов  бастаған 

Түркістан  делегациясы  Ташкентке  12  шілдеде  келіп 

жеткен.  Түркістанға  оралған  Т.Рысқұлов  бастаған  саяси 

топ  отставкаға  жариялауға  мәжбүр  болады.  Сонымен, 

Орталық  Азияның  экономикалық  егемендігі,  мұсылман 

халықтарының  теңдігі  жолында  күрескен  Т.Рысқұлов 

бастаған топ саясаттан ығыстырылып шығарылды. 

1920  жылы  29  шілдеде  РКП  (б)  Орталық  Комитеті 

Түркістанды  билеп-төстеп  отырған  Түріккомиссияға 

қосымша  ретінде  тағы  бір  эмиссарлық  орган  – 

Түрікбюроны  тағайындайды

374


.  Орталық  Азияның  саяси 

және  экономикалық  тізгіні  осылайша  Кремльдің  қолына 

біржола  көшті.  Түрікбюроның  құрамына:  Я.Х.  Петерс, 

Л.М.Каганович  сияқты  сыннан  өткен  большевиктер 

кіргізілді.  Тамыз  айында  Түркістанға  Ресейден  түрліше 

басшылық жұмыстар үшін 150 адам тағы жіберілді

375



 133

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет