Ғылыми жоба пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы Тақырыбы


Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі



бет5/6
Дата04.11.2022
өлшемі45,39 Kb.
#47438
1   2   3   4   5   6
Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
Қадыр Мырзалиев поэзиясы бүгінде оқырмандардың сүйікті ақындарының бірі десек қателеспейміз. Оның «Ақ отау», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Жерұйық», «Қорамсақ» сынды жыр жинақтарында қазақ өмірінің әрқилы сарыны, бастарынан өткізген қиын қыстау заманын суреттейді. Оған мына өлең жолдары дәлел:
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді,
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып.
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Осы бір айтылған өлең шумағында, адам табиғаты, қуанышы мен қайғысы жатыр.
Өзім үшін күресте жеңілсем де,
Елім үшін күресте жеңілмеймін, -
деп өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, еліне адал қызмет ететіндігін ашық білдіреді.
Тұманбай Молдағалиев ақын да өз еліне қызмет етіп, бар ғұмырын поэзияға арнағандығын «Той дегенің осы емес пе, той дегенің сол Тұмаш, риза ғып кете алсаң, қазақ деген халқыңды», деген бір ауыз сөзінен байқай аламыз. Ақын өзінің өткені мен келешегін саралап «Мен кім едім, енді кім болдым?» деген сұраққа жауап іздегендей болады. Уақытты ырқына көне алмаған жас ақын «балалықтың ауылына мені қайтар» деп бұлқынады. Оның шығармаларындағы бір ерекше образ балалық пен егделікті, жастық пен кәрілікті салыстыра жасаған образы. Ақынның Абаймен сырласуында өмірдің сан қилы да алуан қиыншылықтардан өтіп, көп тәжірибе жинағандығын байқай аламыз.
Осы жылдардың табыстылығы Сағи Жиенбаевтың да шығармашылығынан байқасақ та болады. Өзінің сабырлы да сыпайы мінезі оның өз өлеңдерінен де байқалып тұрады. Оның өлеңдерінде өмір сүйгіштігі, анаға, досқа деген құрметі сезіледі.
Тұрады шалқып тал билеп,
Бозторғай шырқап өлеңін.
Жүргендей бәрі әлдилеп,
Әлемнің жалғыз бөбегін,-
деген жолдарда ән салып тұрған бозторғайды әлемді тербетіп тұрғандай сезінеді. Оның «Теңіз сыры», «Ақ самал», «Бозторғай», «Ор киік», «Құралай салқыны» сынды кітаптары қазақ лирикасының таңдаулы үлгілері деп есептеледі.
Ф. Оңғарсынова мен К. Ахметова талантты ақын апаларымыз. Фариза апамыздың өлеңдерінде өмірді құр мақтауға қарағанда өмірге деген реніші, мұңы байқалады. Оның шығармаларын оқи отырып Абайды күйзелткен ортаның еш өзгермеген, Абай арқалаған ауыр жүкті апамыздың да арқалағандығын байқай аламыз.
Жүрек емес,жүрегім антеннадай,
Қабылдайтын әлемнің ән-мұңын да.
Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым,
Қанымда, тағдыры да.-
деген жолдардын ақынның жауапкершілігіне тәнті бола аламыз.
Күләш Ахметова апамыздың өлеңдерінде сезімталдық пен нәзіктік байқалатын секілді болады. Ал тереңірек үңіліп оқитын болсақ нәзік сезімнің артында үлкен арман, өжеттікті, буырқанған күштің бар екендігін байқаймыз.
Осы есімі аталған ақындардың қай-қайсысының шығармасын алып қарасақ та елге деген сүйіспеншілік, адамның жақсы және жаман қасиеттері, адамгершілік негізгі тақырып болған болатын. Лириканың ішкі жанрлары байып, адамның ішкі сезімінің алуан түрлілігін ашты. Лирика қоғаммен бірге дамып, жетіле түсті. Адамдардың бір-бірін, ішкі сезімдерін танып-білуге, философиялық тұрғыдан тануға осы лирика көмектеспесе зиянын келтірген жоқ. Сонымен қоса жақсы лирика мен тек адам сезімін білдіретін ұйқасқан лирика да қатар жүрді. Жақсы мен жаман бірге жүргені секілді.
Халық пен заман тағдырын керемет үйлестіруді тәжірибелі ақындарымыз Ә. Тәжібаев пен Х. Ерғалиев үлкен үлес қосты. Халықтың күреске толысоңғы жарты ғасырлық өмірін суреттеуде өз замандастарын қоса суреттеген поэмалары «Мен кешеден келдім бүгінге», «Жылдар, жылдар» болды.
Қазақ өміріндегі тың игеру кезіндегі өмірді суреттеуді негізгі тақырып етіп алған ақындарымыз халықтың ерлігін, тң игерудің егін егудің пайдалығын жырлай отырып, елге сырттан келген адамдардың көп болғандығын қазақтардың өз Отанында азайып бара жатқандығын қоса жырлаған болатын. Бұл қатардағы шығармаларға Ж. Молдағалиевтің «Қыран дала», Ғ. Қайырбеков тың «Жұлдызды тағдырлар», Е. Ибрагимнің «Ғажайып адам», Н. Айтовтың «Ерлік дастаны» поэмалары ойып орын алады. Жұбанның «Қыран даласы» атты еңбегінде қазақ халқын көк аспанда қанатын еркін жайып ұшып бара жатқан қыран құсқа теңейді. Халықтың кешегі бүгінгі тарихын жырлайды. Поэмада тың игеруге көшкен халықтың тыңды игеру барысында кездескен қиыншылықтары және сол қиындықтарды қалай жеңгендігі сөз етіледі.
Сол жылдардағы жаңалық болған тек тың игеру емес. Оған мысал ретінде О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді» поэмасын айта аламыз. Бұл поэма осы тақырыпта жазылған алғашқы шығармалардың бірі болды. Одан әрі қазақ жерінен көкке көтерілген ұшқыштарымызға арналған Ж. Молдағалиевтің «Байқоңыр баспалдақтары», М. Мақатаевтың «Қырандар,қош болыңдар» сияқты поэмалары болды.
Қазақ ақындарының замандас өмірін әр қырынан алып көрсету М. Шахановтың «Танакөз», Қ. Жұмағалиевтің «Беймаза бақыт» поэмаларында көрінеді. Образ жасауда бұл ақындардың шеберлігіне ешқандай талас жоқ. Олар өздерінің кейіпкерлерінің сезімі арқылы беймаза дәуірде өздерінің шынайы бақытын тапқан замандастарын есіне алғызды.
Замандас бейнесін жасау-халыққа аты белгілі адамдар жайлы толғаныстардан көрінеді. Ә. Тәжібаевтың «Ағалар», Х. Ерғалиевтың «Қыз- хисса», А. Тоқмағамбетовтың «Ақ күріштің атасы*, Ф. Оңғарсынованың «Мақатаев туралы жыр», Т. Есімжановтың «Ілияс-дастан» сынды поэмалары халқымыздың ұлы тұлғалары С. Сейфуллин, Қ. Сәтбаев, М. Мақатаев, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, М. Әуезов, Жамбыл, Ыбырай Жақаев сияқты тұлғаларымыздың өмірі мен еңбектеріне арналды.
Мұндай тарихи ұлы тұлғаларымыз әдебиет жолында немесе тың игеру жолында ғана болмады соғыс кезінде соңғы демі шыққанша қанды соғыста болған батыр аға әпкелеріміз де сондай бір ұлы тұлғалар еді. Оларға арналған поэмалар да аз емес. Солардың ішінде: М. Әлімбаевтың «Ту тіккен», С. Жиенбаевтың «Әлия», Д. Әбіловтың «Ажалды жеңген азамат», Е. Ибрагимнің «Жас қазақ», Т. Бердияровтың «Мәншүк туралы дастан» секілді шығармалар. Бұл шығармаларға арқау болған батырларымыз Б. Момышұлы. Ә. Молдағұлова, Р. Қошқарбаев, М. Мәметова, М. Ғабдуллиндар болды.
Тарихи шындықты философиялық толғамдар арқылы жеткізуде Мұхтар Шахановтың еңбегі зор. М. Шахановтың «Отырар элегиясы», «Түркістан аңызы», «Нарынқұм зауалы», «Сейхундария» шығармалары тарихты белгілі бір оқиғалармен, дәлелдермен суреттеуі, түптеп келгенде, реалистік бейнені романтикалық пафоспен өрнектеуімен ерекшеленеді. Отырардағы оқиғаны суреттеу кезінде, халықтың ерлігі өлмейтін дінін, опасыздықтың ақыр соңында әшкере болып, ел қарғысына қалатындығын көрсетеді. Ал «Түркістан аңызы» шығармасындағы мына бір сөздер шығарманы барынша әсерлі де әрлі етіп тұрғандай
Бұлақ өмiр сүргенiмен құрақсыз,
Сезiм өмip сүре ала ма мұратсыз?
Жүрегiнде epлiгi жоқ адамның
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет