Қорытынды Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетінің тарихын алып қарасақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза поэзиядан кейін қалыптасты. Әдебиетті текке жіктеу дәстүрі Аристотельдің «Поэзия өнері туралы» трактатынан басталып, әдеби тектерді қалыпты поэтика (нормативная поэтика) рухына негіздей отырып саралауды ұстанған француз классицизмінде, сондай-ақ И.В.Гетеден Г.Гегельге дейін қамтитын неміс классикалық эстетикасында жалғасын тапты.
Қазақ поэзиясына Абай Құнанбаев енгізген жаңалықтар үлкен дәстүр болып қалыптасты. Реалистіге халықтың дәстүр Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын әсіре шешендіктен, әсіресе бояудан арылтып, терең ойлықты арттырады. Ол ақын орнын, оның қоғамдық әлеуметтік мәні танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мысалы, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде «Адасқан күшік секілді; ұлып жұртқа қайтқан ой» дегенде, тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін «адасқан күшікке» балайды. Абай қалдырған басты дәстүр - әр нәрсені көркем бейнелеп жеткізу. С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, оның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді. С.Мұқанов поэзиясы («Бостандық») өлең түрі жағынан ескіше болғанымен, идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағынан жаңа. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Б. Майлин. Шығармалар 6 томдык 1-том, 1960, 112-бет
І. Жансүгіров Шығармалар 1-том, 1960, 35-бет
Ш. Иманбаева. Өлеңдер. А., 1950, 55 б
М. Жұмабаев. Шығармалар. 3 томдық. А., 1-том, 1995, 78-б
С. Сейфуллин. Шығармалар. 6 томдық 1-том, 1960, 109-112б
Т. Жароков. Шығармалар. 4 томдық. 1-том, А., 1972, 71-б
Қ. Аманжолов. Шығармалар. А, 1- том, 1977, 297-бет
C. Мәуленов. Шығармалар. 3 томдық, А., 1-том, 1982, 7-б