Ғылыми жоба тақырыбы: Ұлы Жібек Жолында орналасқан мәдени және тарихи ескерткіштер



бет2/6
Дата10.04.2022
өлшемі2,32 Mb.
#30497
1   2   3   4   5   6
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры – адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қаракеті, дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтары. Қай халықтың болсын өзге ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр талайын айқындайтын да, түптің түбінде сол тарихи ескерткіштер мен жауһар жәдігерлер болып есептеледі.

Біз мыңдаған жылдар бойы жинақталған барлық мәдени-тарихи қазыналарды тереңдеп білуге, зерделеп зерттеуге ұмтылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің егемендік алуымен өткенді пайымдауға кең жол ашылды. Осыған орай Осыдан бес жыл бұрын Елбасының жарлығымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бекітілгені белгілі. Міне, осы бағдарлама аясында көне жәдігерлерімізді түгендеп, барымызды жаңғырту, паш ету біздің азаматтық борышымыз. Мемлекет тәуелсіздігінің 18 жыл ішіндегі ең маңызды бағдарламаның бірі осы «Мәдени мұра» десек артық айтқандық емес. Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыруда мынадай мәселелердің шешімін табу көзделді:

-Мемлекеттік маңызы бар бірқатар ескерткіштерді қалпына келтіру;

-Ежелгі және орта ғасырлық тарихи қалалық орталықтарға археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізу;

-Жаңа ғылыми-зерттеу, этно мәдени, тарихи орталықтар мен қорық-мұражай базаларын ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Осы тұрғыдан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан территориясында көне тарихи және мәдени ескерткіштердің сыры ашылып, тарихқа жаңа бетбұрыс алып келді.

Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының қазіргі жағдайы жаңа тарих пен мәдениет ескерткіштерін ашумен, мавзолейлер, ескі мешіттер, көне қалаларды жөндеуден өткізу арқылы жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтар ашу жұмыстарын белсендірудегі көпғасырлық дәстүрлерді дамыту мен сақтау бойынша жасалатын шаралар кешенін қамтамасыз етумен сипатталады. Біз осы ғылыми зерттеу жұмысымызды орындау барысында Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің тағылымы мол тарихымен танысуға мүмкіндік алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет