Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту...  
 
 
Ғалым-психологтар  С.Л.Рубинштейн  [1],  Е.А.Голант  [2]  еңбектерінде 
жеке  тұлғаның  “өзіндік”  түсінігінің  негізі  анықталған.  С.Л.Рубинштейн 
өзіндікті  “еріктілік”  түрінде,  еріктің  негізгі  ерекшелігі  ретінде  анықтаған. 
“Шынайы  өзіндік  оның  саналы  бағытын  және  негізділігін  пайымдайды. 
Сырттың  әсерімен  берудің  сендіруіне  көнбеу  өз  еркі  емес,  өзінің  нағыз 
өзіндік еркі болып саналады, себебі адам белгілі бір жағдайды қабылдау үшін 
оның объективті негіздерін қарастырады” деп санайды. 
Психологтардың  берген  анықтамаларының  екі  түрін  бөліп  көрсетуге 
болады.  Олардың  бір  тобы  “өзіндік”  ұғымын  кең  ауқымда  көрсетеді  –  жеке 
тұлғаның түрлі қасиеттерінің интегралдық көрінісі, ерікке қарай бағытталған, 
эмоциялық және интеллектуалдық және т.б. қасиеттер ретінде қарастырылған 
[3; 5.17]. 
Жеке  тұлғаның  интегративтік  қасиеті  –  “Өзіндік"  дегенмен  келісуге 
болады,  бірақ  ол  іс-әрекеттің  нақты  бір  түрлерінде  бұл  құбылыстың 
ерекшелігі айқындалады. 
Зерттеушілердің  екінші  бір  тобы  қаралатын  құбылысты  бөлшектей 
отырып,  өзіндіктің  анықтамасын  нақтырақ  береді,  яғни  жеке  тұлға  ұғымын 
қалыптастыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді, іс-әрекеттің белгілі бір 
түрінде оның көрініс табу ерекшелігін көрсетеді [4; 5.17]. 
Сонымен,  “өзіндікті”  жеке  тұлғаның  көптеген  қосымша  қасиеттерін 
байқататын сапа ретінде атауға болады және ол жұмыстың тиімді тәсілдерін 
таңдағанда, өз іс-әрекетін жоспарлап, реттеп отыратын жүйелілік үдерісінде 
байқалады, қалыптасады.  
Дидактикада  осы  қасиет  қалыптасқан  іс-әрекеттің  түріне  қарай 
өзіндіктіктің  түрлері  нақтыланған.  Бұл  кезде  педагог-ғалымдардың  негізгі 
күші 
оқу 
іс-әрекетінің 
спецификасына 
байланысты 
оқытушының 
басқаруымен  болашақ  маманның    танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру 
жағдайларын, критерийлерін, түсініктерін анықтауға бағытталған [6; 12]. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  “кәсіби  өзіндік”  ұғымы  түрліше 
түсіндіріледі. “Кәсіби өзіндік” деп өз бетімен тапсырылған жұмыстың барлық 
талаптарын  шеше  білу,  жоспарлау  және  оны  орындау,  түрлі  деңгейдегі 
қиындықтарды өздігінен жеңе білу, нәтижелерді тексеру,  еңбектің жоғарғы 
өнімділігіне қол жеткізу деп санайды [13]. 
 Танымдық мотивтерінің критерийлерін – студенттің білімге ұмтылысын, 
танымдық  белсенділігін,  дербестігін,  шығармашылығын  оқу  үдерісіне 
қойылатын басты талап ретінде көрсетуге болады.  
Өзіндік  іс-әрекеттегі  ынталандыру  (мотивация)  техникалық  жоғарғы 
біліммен қаруландыру барысындағы танымдық әрекеттің реттеушісі болады. 
“Мотив  –  адамның  объективті  мұқтаждығы  мен  ынтасын  бейнелейтін 
әрекетіне  ішкі  талаптануы.    Яғни,  мұқтаждық  пен  ынта  мотивация  негізі 
болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың 
оқуға деген ынтасын көрсетеді” [2.228]. Екінші жағынан, білімнің белгілі  бір  
жүйесінің  болуы танымдық дербестік іс-әрекетте мотивациялық  
 
 

162 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту...  
 
 
ұстанымның 
туындауына 
әсер 
етеді. 
Бағалы-мотивациялық 
және 
интеллектуалды-танымдық  компоненттердің  кәсіби  өзіндік  іс-әрекетке  әсер 
етуі олардың бір-бірімен өзара байланысы арқылы іске асады. Мысалы, егер 
жас  маман  өздігінен  кәсіби  еңбек  іс-әрекетін  жасауға  дайын,  бірақ  қажетті 
кәсіби білім, білік, дағдысы жеткіліксіз болса, онда бұл адамды өз-өзіне тым 
сенімді  ғана  дейміз,  ал  оның  кәсіби  деңгейі  жоқ. Ал  жас  маманның  қажетті 
кәсіби техникалық жоғары білімі, білігі бола тұра, еңбек іс-әрекетін жасауға 
мотивациялық  дайындығы  болмаса,  оның  жеке  тұлға  ретінде  белсенділігі 
дамымайды.  Егер,  арнайы  кәсіби  білім,  білік  және  дағды  болашақ  маманға 
технологиялық  операцияларды  орындауға  көмектессе,  онда  жалпы  кәсіби 
біліммен,  кәсіби  техникалық  біліммен,  білікпен  қаруланғанда  –  өндіріске 
толығымен  үлесін  қоса  алады.  Интелектуалды-танымдық  компоненттер 
элементінің  негізінде  жоғары  білімді  маман  өндірістік  тапсырма  мақсатын 
түсінеді,  қойылған  мақсатқа  жету  жолдарын  таңдайды,  өз  іс-әрекетін 
жоспарлайды 
және 
ұйымдастырады. 
Осылайша, 
жеке 
тұлғаның 
интеллектуалды-танымдық  компоненттерінің  кәсіби  іс-әрекетін  жоспарлау-
ұйымдастыру және басқа да компоненттеріне әсері мен өзара байланысы іске 
асырылады.  
Бағалы-мотивтік 
және 
интелектуалды-танымдық 
компоненттер 
эмоционалды-ерік  компонентімен  өзара  байланысты.  Аталған  компоненттің 
есте  сақтау,  көңіл-күй,  ойлау  және  ерік  сияқты  элементтері  негізінде  білім, 
білік, дағды белсендіріледі және өз кезегінде өзіндік іс-әрекетке деген дәлелді 
ұстанымы  қалыптасады,  екіншіден,  жеке  тұлғаның  білім-білігі  мен  дағдысы 
негізінде  туындаған  дәлелді  ұстаным  есте  сақтау,  ойлау,  ерік-жігер 
қасиеттерін  қалыптастырады.  Эмоциалы  –  еріктік  жеке  тұлғаның  өзіндік 
компоненті  мотивті  және  кәсіптік  маңызды  білім,  білік  және  дағды  іс-
әрекеттер  жүйесін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді  [14.144].  Мысалы,  кәсіби 
техникалық  ойлауды  дамытпай  өндірістік    мәселелерді  өздігінен  шешу 
мүмкін емес. 
Танымдық  белсенділікке  педагогтар  әр  түрлі  анықтама  береді.  Педагог 
Р.А.Низамов танымдық белсенділікті жеке тұлғаның қарастырылып отырған 
құбылыс, үдеріс, нысанның ішкі мәнін ашуға бағытталған жетелеуші әрекет 
деп түсіндіреді [15.15-17]. 
Г.И.Щукина  оқу-танымдық  әрекетті  белсендіруді  оқу  үдерісімен  бірге 
қарастырып,  байланыстырады.  Оқу  үдерісін  оқытушы  мен  білімгердің 
бірлескен  оқу  танымдық  іс-әрекетіне  бағытталып,  оның  екпінді,  мақсатты 
болуына  әсер  етіп,  оқыту  мен  білім  берудің  пассивті  және  таптаурынды 
ормаларын жоюмен байланыстырады [16.36-37]. 
Бұл  ұйғарым  оқу-танымдық  іс-әрекетінің  белсенділік  мәнін  нақты  және 
толық  көрсетеді,  яғни  педагогикалық  үдерістегі  оқытушы  мен  студент  іс-
әрекеттерінің өзара айқындалған және үзілмейтін заңды байланысы көптеген 
факторлармен  анықталады:  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  сипаты,  оқыту 
әдістері, оқудың мүмкіндіктеріне байланысты. 
 
 

163 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту...  
 
 
Белсенділіктің маңыздылығы – білім берудің мазмұнды-түрлендіруші іс-
әрекет  болуымен  қатар,  оқу  материалдарын  қабылдап,  есте  сақтауға  ғана 
бағытталмай,  болашақ  мамандардың  түрлі  іс-әрекетке  деген  көзқарасын 
қалыптастыруда  болып  табылады.  Танымдық  іс-әрекет  сипатын  жан–жақты 
қарастыруымыз  керек,  себебі  сонда  ғана  бұл  ұғымды  толық  және  нақты 
көрсете аламыз.  
Адамның  іс-әрекеті  –  адам  қоғамында  өмірдің  негізін  құраушы  болып 
табылады.  “Іс-әрекет  –  адамның  белсенділігін  және  оның  әлеуметтік 
танымын  көрсететін  негізгі  форма”  [17.182].  Адам  өмірді  іс-әрекет  үстінде 
таниды,  оның  даму  диалектикасын  меңгереді,  өткеннің  іс-тәжірибесін 
иеленеді.  Сонымен  бірге,  ол  өмірді  жалғастырады,  табиғатты  қорғайды, 
қоғамдық өмірді байытады, қайта құрады. Міне, осындай күрделі іс-әрекетте 
адам өзін-өзі таниды, бағалай біледі, ол субъект –  иесі ретінде қалыптасады, 
өзінің  әлеуметтік  негізінің  белсенді  жетекшісі  жасақтаушы,  жаңартушысы 
болады. 
Танымның  жоғарғы  деңгейі  –  ол  белсенді,  өнімді  таным.  Танымдық 
белсенділік  қайта  өндіру  іс-әрекеті  тәрізді  –  таным,  бірақ  ол  болашақ 
мамандардың белсенді қимыл іс-әрекетінен байқалады. Өнімді танымдық іс-
әрекет үдерісінде болашақ маман  игеретін  материал бойынша  оқытушыға 
сұрақтар  қояды,  проблемалық  жағдаят  қалыптастырады,  талдайды. 
Адамдардың  практикалық  іс-әрекеті  танымдық  іс-әрекеттің  негізгі 
ерекшеліктерін  айқындайды.  Оқу  іс-әрекетінің  мазмұны  болашақ 
мамандардың  белсенділігіне  едәуір  әсерін  тигізеді,  олардың  тәртібі,  оқуға 
ынтасы,  оқудың  нәтижесінен  көрінеді.  Оқытудың  теориясы  мен  практикасы 
үшін  танымдық  белсенділікті  қалыптастыру  критерийлерін  анықтаудың 
маңызы  зор.  Бұл  жерде  «танымдық  белсенділік»  түсінігі  күрделі,  кейде 
қайшылыққа толы, белсенділігі мен көрсеткіштері де әр түрлі, зерттеушілер 
де түрліше түсіндіреді. 
Мысалы,  Т.И.Шамова:  танымдық  белсенділікті    бағыттылық  және 
тұрақтылық,  білімді  меңгерудің  және  іс-әрекет  тәсілдерін  игеруге  ұмтылу, 
жеке  тұлғаның  саналылық  пен  адамгершілік,  ерік  қасиеттері  деп  бағаласа 
[18.40-50], Г.И.Щукина: оқудағы іздену бағыты, қызығушылық және жоғары 
көңіл  –  күй  деп  көрсетсе  [17.36],  И.Ф.Харламов:  оқуға  деген  ұмтылыс,  – 
саналылық,  ерік-жігер  деп  санайды  [19].    Атап  өткен  көрсеткіштердің 
танымдық  белсенділіктің  мотивтік  және  операциялық  жақтарының  тығыз 
бірлігін, олардың өзара байланысын айқын көреміз. 
М.Н.Скаткиннің  ойынша,  танымдық  белсенділік  ішкі  (қызығушылық, 
қажеттілік,  дәлдік,  сенімділік)  және  сыртқы  (мақсат,  объект,  іс-әрекет, 
нәтиже) компоненттерден тұрады [20.96]. 
Қажеттілік  –  ол  өмірдің  белгілі  жағдайларында,  даму  барысында  адам 
керек ететін қажеттік. Ол – адамның танымдық және практикалық іс-әрекетін 
қозғаушы  күш.  Танымдық  қажеттіліктің  көмегімен  біз  жаңа  білім  алуға, 
таным әдістерін меңгеруге ұмтыламыз. 
 
 

164 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту...  
 
 
Кредиттік  оқыту  жағдайында  болашақ  мамандардың  дербестілігі  өзіндік 
жұмысты  ұйымдастыру  түрлерімен,  өздік  жұмыстар  арқылы  қалыптасатын 
танымдық  іс-әрекет  мазмұнымен  байланысты.  Біз  болашақ  мамандардың 
аудиториялық  сабақтар  барысында  жүргізілетін  өзіндік  жұмыстарын  және 
ОБСӨЖ  бен  СӨЖ-ді  танымдық  іс-әрекетті  белсендіру  құралы  ретінде 
қарастырамыз.  Болашақ  мамандардың  оқу  материалдарын  белсенділікпен, 
мақсатты түрде оқу барысында өзін-өзі басқару мен өзіндік бақылаудың әдіс–
тәсілдерін  игеруін  болашақ  мамандардың  оқу  ісіндегі  негізгі  және  жетекші 
форма  деп  білеміз.  Бұл  форманың  қалыптасуына  оқытушының 
дидактикалық-әдістемелік  әрекеті  бағытталады.  Бұл  жағдайда  оқытушының 
іс-әрекеті  болашақ  мамандарға  берілетін  жүйеленген,  бір  мақсатқа 
бағындырылған  әрі  дәйектелген,  ақпаратты  жеткізу  деп  қана  қарамай, 
болашақ маманның білім мен дағдыны меңгеру жолындағы оқу-танымдық іс-
әрекеттеріне тура не жанама түрде басшылық жасау деп түсінеміз. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдарын  пайдалану 
арқылы  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыру    біршама  жетістіктерге  қол 
жеткізетінін көптеген зерттеулер дәлелдеп берді. Дәстүрлі оқыту әдістерімен 
салыстырғанда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  негізінде 
дайындалған оқытудың интерактивті бағдарламалары болашақ маманның 
қызығушылық  ынтасын,  белсенділігін  өтілетін  материалға  толық  аударады, 
соның әсерінен есте қалатын материал көлемі артады, оқытуға кететін уақыт 
үнемделеді.  Нақтылап  айтқанда,  оқу  материалын  меңгеруге  кететін  уақыт 
біршама үнемделеді, ал меңгерген материал көлемі бірнеше есе артады.  
Интерактивті  байланыс (сұхбаттық)  –  пайдаланушы  мен бағдарламалық 
жабдық  арасындағы  өзара  сұрақ-жауап  алмасу  үдерісі.  Ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
пайдаланудың 
оқу-әдістемелік 
аспектілерін  теориялық  талдау  олардың      құрылу      проблемалары      мен 
оларды шешудің жалпы тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. 
 Болашақ  мамандардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  проблемасына 
қазақстандық  педагогика  және  психология  саласының  ғалымдары  да  үлкен 
үлес 
қосқан 
(А.П.Сейтешов, 
А.Е.Абылкасымова, 
Ш.Абдраман, 
С.М.Джакупов,  М.К.Курманов,  Т.С.Сабыров  және  т.б.)  оның  түрлі 
аспектілерін қарастырған. 
С.М.Джакупов  өз  еңбектерінде  оқу  үдерісіндегі  білім  алушылардың 
танымдық  іс-әрекетін  оқытушымен  арадағы  ортақ  –  пікір  алмасу  танымдық  
іс-әрекеті деп есептейді. Ол өз еңбектерінде ортақ  – пікір алмасу танымдық 
іс-әрекетін оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың  және дәстүрлі емес оқыту 
әдістерінің  негізі  ретінде  қарастырады.  Сондай-ақ,  ол  оқу  үдерісіндегі 
танымдық іс-әрекетті басқару тәсілдерін ұсынады [21].  
Біз  жоғарғы  оқу  орындарының    кредиттік  оқыту  жағдайында  болашақ 
маманның іс-әрекетін белсендіруді тек болашақ маман белсенділігін арттыру 
үдерісіне   басшылық   жасау   деп   қарастыру  деп  қорытындылаймыз.  Бұл  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту...  

165 
 
 
 
болашақ мамандардың өз іс-әрекеттерін белсендіру үдерісі болып табылады. 
Болашақ  маманның  кәсіби  шеберлігі  өскен  сайын  өз  кәсіби  іс-әрекетін 
ұйымдастырудағы  белсенділігі  күшейе  түсуі  қажет.  Бұл  үдеріс  болашақ 
маманның  жеке  басының  қасиеттерінен  байқалады:  мәселен,  оның 
ұстанымынан, оқу үдерісіне көңіл бөлуінен, алдына мақсат қоя білуі мен оған 
жету  жолдарын  табуынан,  қиыншылықтан  шыға  білуінен,  оның  жұмысқа 
қабілеттілігінен,  өзін-өзі  реттеуі,  басқаруынан  көрінеді.  Танымдық 
белсенділіктің  барлық  компоненттері  кез  келген  пән  бойынша  оқу-тәрбие 
барысында кездеседі.  
Қорыта  келе,  біз  кредиттік  оқыту  жағдайында  танымдық  іс-әрекетті 
қалыптастыруды  жетілдіру  деп  оқу  үдерісінде  оқытудың  дәстүрлі 
таңдамалы  әдістері  мен  инновациялық  оқыту  технологияларын  тиімді 
ұштастыра  отырып,  болашақ  мамандардың  білім  деңгейін  шығармашылық  
деңгейге жоғарылату деп ұғамыз.  
Осы  айтылғандардан  түйетініміз,  оқыту  үдерісін  интенсивтендіруді 
тиімділейтін  жаңа оқыту әдістері мен құралдарын, олардың жеке  пәндерді 
оқытудағы  тиімділігін  терең  зерттеу  қажет.  Бұл  жердегі  басты  мақсат 
болашақ  мамандардың  белсенділігін  арттыруды  дамытуға,  теориялық, 
өзіндік  және  кәсіптік  дайындық  үдерісінде  танымдық  іс-әрекетке 
шығармашылықпен қарауды қалыптастыруға бағытталады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 т.-М.:1989,Т.2.-С. 328 
2.
 
Голант Е.Я. О развитии   самостоятельности и творческой активности  учащихся    в         процессе  обучения.  -Кн: 
Воспитание познавательной активности и самостоятельности учащихся. ч.1. -Казань: 1969. - С.315. 
3.
 
Платонов К.К. Голубев Г.Г. Психология. -М.: Высшая школа, 1987. -С.247. 
4.
 
Ковалев А.Г. Психология личности. -М.: Просвещение, 1990. С.391. 
5.
 
Янотавская  Ю.В.  Экспериментальные  исследования  самостоятельности  в  трудовой  деятельности:  автореф. 
дисс. кан. пед. наук. -М.: 1973. 17 с. 
6.
 
Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -М.: Педагогика, 1980.  96 с. 
7.
 
Менчинская Н.А. Психология усвоения понятий. -М.: Известия АПН, 1954. -Вып.61.  
8.
 
Основы педагогики и психологии высшей школы // Под ред. А.В.Петровского. -М.: МГУ, 1986. 386 с.  
9.
 
Талызина  Н.Ф.  Управление  процессом  усвоения  знаний:  психологические  основы.  -М.:  Изд-во  Моск.  ун-та, 
1984. 345 с. 
10.
 
Гарунов М. Развитие творческой самостоятельности специалиста // Высшее образование в России. 1998. № 4.  
11.
 
Демеуов  А.  Особенности  планирования,  организации  и  контроля  внеаудиторной  самостоятельной  работы 
студентов // Высшая школа Казахстана. 2004. № 3. С.52-54. 
12.
 
Сарсекеева Ж.Е. Педагогические условия организации самостоятельной работы студентов в процессе изучения 
педагогических дисциплин: дисс. … канд. пед. наук: 13.00.08. -Караганда: 2005.  
13.
 
Пидкасистый  П.И.  Самостоятельная  деятельность  уч-ся:  Дидактический  анализ  процесса  и  структуры 
воспроизведения и творчества. -М.: Педагогика, 1982. С.184.  
14.
 
Психологические основы профессионально–технического обучения: Проблемы профессионального становления 
молодежи /Под ред. Т.В. Кудрявцева, С.И. Сухаревой. -М.: Педагогика, 1988. С.144. 
15.
 
Низамов  Р.А.  Психолого  –  педагогические  основы  развития  познавательной  активности  студентов  //  ВКН.: 
«Проблемы развития познавательной активности студентов». -Казань: 1980.  
16.
 
Щукина Г.И. Исследования активизации учебно – познавательной деятельности //Сов.педагогика. 1983. №3  
17.
 
Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. -М.: Педагогика, 1996. 182с. 
18.
 
Шамова Т.И. К вопросам о методах преподавания и учения //Сов.Педагогика, 1971. №1.  
19.
 
Харламов И.Ф. Как активизировать учение школьников. -Минск: 1995. 206 с. 
20.
 
Скаткин М.Н. активизация познавательной деятельности учащихся в обучении. -М.: Просвещения, 1995. 96 с. 
21.
 
Джакупов  С.М.  Управление  познавательной  деятельностью  студентов  в  процессе  обучения.  -Алматы:  Қазақ 
университеті, 2002.  
 
 

166 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
К.ЖЕТІБАЕВ 
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР 
 
В данной статье рассматриваются общие направления исследования образовательных реформ 
в процессе обучения. 
 
This  article  presents  some  general  directions  of  research  of  educational  reforms  in  the  process  of 
teaching. 
 
Тәлімдік  құрылымдардың  дамуы  –  қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесін 
реформалаудың  аса  маңызды  мәселелері  болып  табылады.  Қоғамдағы 
құрылымдық  жаңаланулар  көп  қырлы  мәселе.  Оның  күрделілігінің  басты 
себебі,  білім  берудегі    қандай    құрылымдық  өзгерістер  қоғам  мүддесінен 
туындап,  қоғамның  өзекті  мәселесіне  айналып  отыр.  Осы  тұрғыдан  алып 
қарағанда шетел тәжірибесін  пайымдауымыздың маңызы артып келеді.   
Жалпы  орта  білім  беру  мазмұны  міндетті  және  қосымша  бірліктерден 
құралады.  
Міндетті  бірлік  мемлекеттік  білім  стандартына  орай  анықталып, 
оқушылардың  жеткілікті  деңгейде  білім  алуын  көздейді.  Оның  іске  асуына 
жалпы орта білім беру мекемелері кепілдік береді. Бұл бірлік мемлекет және 
қоғам, тұлға мүдделері мен қажеттеріне байланысты анықталады. 
Қосымша  бірлік  оқушылардың  мүдделері  мен  қабілеттеріне,  мектептің 
материалдық-техникалық  базасына,  мамандармен  қамсыздандырылуына, 
аймақтардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  орайлас  анықталады. 
Қосымша  оқу  жүктемелерінің  көлемі  Білім  және  ғылым  министрлігі 
белгілеген нормативтерге сәйкес белгіленеді.  
Оқу пәндерінің, жалпы білім беру жүйесіндегі бағдарламалар тізімі, оқу 
уақытының  ұзақтығы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  білім 
стандартына орай анықталады. 
Жалпы орта білім беруді ұйымдастыру  мына міндеттердің орындалуын 
талап етеді: 
-
 
жаңа  ақпараттық  және  педагогикалық  технологияларды  жасау  және 
пайдалану; 
-
 
оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беру  және  кәсіпке  дейінгі  дайындығын 
қалыптастыру; 
-
 
мақсат-міндеті айқын оқу-үйретім курстарын дайындау және енгізу; 
-
 
мемлекеттік  және  шетел  тілдерінің,  гуманитарлық-қоғамдық  және 
эстетикалық бағытты пәндердің ролі мен мазмұнын көтеру
-
 
оқушылардың  экономикалық,  құқықтық,  экологиялық,  санитарлық-
гигиеналық тәлім-тәрбиесін жетілдіру. 
Мектептің тікелей басшылығын тәлім басқарымының жоғары органдары 
тарапынан  тағайындалған  директор  атқарады,  ал  жеке  меншік  білім  беру 
мекемелерінің директорларын құрылтайшылар белгілейді. 

167 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жетібаев  К. Білім беру жүйесіндегі жаңа реформалар 
 
 
Жалпы  орта  білімді  қатысушылардың  қызметтік  құқықтары  мен 
міндеттерін,  басқару  субъектілерінің  біліктілік  деңгейлері  мен  қызметтерін 
ҚР  Білім  беру  туралы  заңы,  тиісті  нормативтік  актілер  мен  білім  беретін 
мекемесінің жарғысымен белгіленеді. 
Жалпы  орта  білім  беру  мекемелеріндегі  басқарушы  органдар  және 
олардың  дербес  мекемелері  мекемелераралық  келісім-шарттар  негізінде 
халықаралық  қатынастар  жасап,  педагогикалық  мамандардың  біліктілігін 
көтеру, прогрессивтік халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттарын алу 
көмектеседі, жеткілікті ақпараттармен қамтамасыз етіледі.  
Ал  енді  арнайы  орта,  кәсіби  білім  беру  мекемелернің  ерекшеліктеріне 
тоқталамыз.   
Үш  мерзімді,  міндетті  орта  арнайы,  кәсіби  білім  беру  –  үздіксіз  тәлім-
тәрбие  жүйесінің  дербес  түрі  болып  табылады.  Кәсіби  лицейлер  немесе 
кәсіби колледждерде Қазақстан Республикасының «Білім заңдарына» сәйкес, 
жалпы орта білім беру жүйесіне сәйкес оқу бағдарын еркін таңдайды. 
Кәсіби  лицейлер  мен  кәсіби  колледждердегі  тәлім-тәрбие  үдерісін 
басқару  мен  ұйымдастыру,  мазмұны  мен  әдістемесін,  жаңа  тәлім-тәрбие 
түрін қаржыландыру мен материалдық-техникалық жабдықталуын реттеуші 
нормативтік база дайындалуда және ендірілуде. 
Кәсіби  лицейлер  мен  кәсіби  колледждердегі    біліктілік  педагогикалық 
және  инженерлік-техникалық  кадрлармен  қамтамасыз  ету  мақсатында 
басшылық  қызметкерлері  мен  педагогикалық  мамандарды  іріктеу, 
аттестациялау,  дайындау,  біліктілігін  көтеру  және  қайта  дайындаудың 
мақсатында оның бағдарламасы дайындалып, іске қосылды. 
1999-2000  жылдары  педагогикалық  мамандарды  қайта  дайындау  мен 
біліктілін  көтеру  қажеттігі  2,5-3  мың  адам  болды.  Ол  жоғары  тәлім 
мекемелерінде  өткізілді.  Осыдан  біліктілік  көтеру  жолымен  жабылған 
кәсіптік училищелердің 20 мыңға шамалас оқушыларын, мектептің 3,5 мың 
мұғалімдерін, техникумдардың 12 мыңдай педагогтарын тартуға тура келеді. 
Кәсіби лицейлер мен кәсіптік колледждерде жұмыс істеуге талапқа сай қайта 
дайындықтан  соң  экономиканың  басқа  салаларындағы  21  мың  маманды 
шақыру жоспарланған. 
Оқытушы-профессор  мамандарын  даярлау  және  қайта  даярлау  үшін 
базалық  жоғары  білім  беру  мекемелері  «Ұстаз»  қорының  мүмкіндіктерін 
пайдаланған.  1998  жылы  бұл  қор  гранттары  бойынша  шет  елдерде  71 
оқытушы,  оның  ішінде  орта  арнайы  кәсіби  тәлім  жүйесіне  байланысты  37 
оқытушы  дайындықтан  өтті,  сондай-ақ  қордың    білім  және  ақпарат 
орталықтарында  980  мың  маман  біліктілігін  көтерді.  1999  жылы  алты  ай 
аралығында  орталықта  792  маман  қайта  дайындықтан  өтті.  Олардың 
арасында кәсіби лицейлер мен кәсіптік колледждердің 336 педагогы бар.  
1998-1999 оқу жылдары 14 кәсіби лицейде және 20 кәсіби колледжде 250 
оқу бағдарламасын қамтыған 50 мемлекеттік білім стандартты сынақтан  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет