Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Әмет Р.Т.  «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы қадамдары  
 
 

 
92 
 
басқаратын Жанайдар Садуақасов алып барған: тәуекелшіл төртеудің талап-
тілегін тыңдап, толымды сөзіне тоқтаған Мирзоян Совнарком бастығы Ораз 
Исаевты  шақырып  алып,  осы  мәселемен  айналысуды  тапсырады  [1.6]. 
«Қазақ  әдебиеті»  газетінің  жарық  көруіне  себепкер  болғандар  ұлтымыздың 
осы ұлы ұлдары болды.   
Сөйтіп  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  бірінші  саны  1934  жылы  10  қаңтар 
күні жарық көрді. Жауапты редакторы – Ғабит Мүсірепов [2.3]. 
Газеттің  тұңғыш  редакторлығына  32  жастағы  Ғабит  Мүсірепов 
тағайындалды. Газетті ұйымдастыруға, оның жұмысын алға бастыруға қазақ 
әдебиетінің  жоғарыда  аталған  көрнекті  өкілдері  қызу  атсалысты.  Жауапты 
хатшылығына  Мұхамеджан  Қаратаев  бекітілді.  Редколлегияға  Сәкен 
Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ілияс  Жансүгіров,  Ілияс  Қабылов,  Әйтеке 
Мусин,  Ғабит  Мүсірепов  және  Мұхамеджан  Қаратаев  мүше  болды.  «Қазақ 
әдебиетінің»  өз  қаржысы  болмағандықтан  оның  екі  басшысы  айлықты 
«Жазушы» баспасынан алып тұрған.  
Маңдайшасына  «Қазақ  әдебиеті  ұлт  мәдениетін  көтеруде  үлкен  орын 
алсын!»  деп  жазылған.  Бір  мың  таралыммен  шыққан  газеттің  алғашқы 
номерінде  аударма  материалдармен  қатар  өлеңдер  мен  мақалалар,  әр  алуан 
хабарлар жарияланды. 
Газеттің  таралымы  алғашқы  жылдары  –  1934  жылы  1  мыңнан  3  мың 
көлемінде болса, 1935 жылы 3500-ге жеткен [3.5]. 
Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  шығуы 
тоқтатылды.  Арада  он  бес  жыл  үзілістен  соң  1955  жылдың    14  қаңтарында 
қайта жарық көре бастаған басылымның арқалаған жүгі жеңіл болған жоқ.    
Барлық  баспасөз  ол  кезде  тек  қана  бесжылдықтар  тынысы  мен 
социалистік жарыс, өндіріс, шаруашылық пен саяси науқандар, жоспар мен 
міндеттемелердің  орындалуы  туралы  ғана  жазып,  ұлт  тағдыры,  жұрттың 
рухани-әлеуметтік 
мұң-мұқтажы, 
мәдени-әдеби, 
тарихи 
көкейкесті 
мәселелер назардан тыс қалатын.  
«Қазақ  әдебиеті»  алғашқы  санынан  бастап  ана  тіліне  айрықша  көңіл 
бөлді.  Мұхтар  Әуезов  «Сәт  сапарға  дос  ниет»  деген  көлемді  мақаласында 
басылымның  алдағы  ұлан-ғайыр  міндеттерін  белгілей  отырып,  былай  баса 
көрсетеді:  «...Өсудің  үлкен  айғағының  бірі  –  әдебиет  тілдің  көркеюінен, 
шеберленіп өнерленуінен көрінеді. Кей уақытта күнделікті қолданып жүрген 
тілдегі  жетіспеген  олқылық,  олақтық,  дәмсіз,  нәрсіз,  сұрғылт  жүдеулік  пен 
штамп  тәрізді  арзан  қолды  схемалық  көп  болса,  сондай  міндерді  де  түзей 
отыруы керек» [4.3]. 
Әдебиет газеті өзі қайта шыға бастаған кездің өзінде-ақ бірсыпыра өзекті 
мәселелер  көтеріп,  алдағы  самғауларға  дайындалғандай  мінез  танытты. 
Басылымның  сол  кездегі  тізгінділерін  қарап  отырсаңыз  газет  редакторы 
С.Мәуленовтің де, редакцияның барлық қызметкерлерінің де әр номер сайын 
маңызды,  жанды  тақырыптарды  қозғауды  көздеп,  тынымсыз  ізденіс  шағын 
бастан өткізгенін аңғарасыз. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Әмет Р.Т.  «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы қадамдары  
 
 
Газеттің үлкен рухани серпіліске түскен жылы елу алтыншы жыл болды. 
Сол    кезде  жас  публицист,  газет  қызметкері  Р.Бердібаевтың  қазақ  қоғамын 
дүр сілкіндірген «Ең үлкен мәдени байлық» (1956, 22 сәуір) атты мақаласы 

 
93 
 
да  дәл  осы  тұста  жарық  көрген  болатын.  Мақалада  мектептерде  қазақ  тілі 
мен  әдебиетін  оқытуда,  ұлттық  мәдени  мұраны  меңгеруде  орын  алып 
отырған кемшіліктер, мұның ана тіліне, ұлт ретінде дамуымызға орасан зор 
кедергі екені ашып айтылып, қоғамда белең алып бара жатқан орыстандыру 
саясатына қарсылық білдірген болатын.   
Сол кездегі тәртіп пен идеология жайында академик, ғалым Рахаманқұл 
Бердібаевтың өз пікірін келтіргенді жөн көрдік: «Елу бесінші жылы «Қазақ 
әдебиеті»  газеті  қайта  шыққан  кезде  сөз  бен  істің  арасы  басы  қосылмастай 
алшақ  тартып,  көңілің  сенгенді  емес,  ресми  саясат  талап  еткенді ғана айту, 
әрбір  еті  тірі  адамның  меңгеріп  алған  «өнері»  еді.  Сондықтан  да  ілуде  бір 
айтылып  қалған  шыншыл  тұжырым,  тәуелсіз  пікір  адам  естіп  көрмеген 
ерсілік  саналатын.  Ондай  ойлар  айтуға  батылы  жеткендерді  жабыла 
мансұқтап, тез арада тәубесіне келтіру тіпті оңай көрінетін... [5.614]. 
...Қазақстан  коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  «Қазақ 
әдебиеті» газетінің жұмысы туралы жасырын қаулысы талқыланған кезде де 
ресми басшылық өзінің қырына алғанын ешбір дәлелін естігісі келмейтініне 
көз  жетті.  Ақылға  сыймайтын  өрескел  өтірік  болса  да,  партияның  атынан 
айтылғанды  дұрыс деп  мойындай беруің керек екен.  Жазушылар  одағының 
партия жиналысында бір байқағаным – біздің қаламгерлердің көбі өз пікірін 
айтуға  үрейленіп  жалтақ  болып  қалғандығы.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде 
партияға,  совет  үкіметіне  қарсы  ешқандай  пікір  айтылмағанын,  қайта 
газеттің бетінде аса маңызды проблемалар көтерілгенін ашық айта алмаса да, 
газетке  деген  айыптаулардың  көбі  негізсіз  екені  сездіре  алған  Сәбит 
Мұқановқа,  Әбділдә  Тәжібаевқа,  Тахауи  Ахтановқа  сол  сәттердегі  ризалық 
сезімім ұмытылған жоқ» [5.619]. 
Осы шағын мақаламызда қазақтың барлық мұң-мұқтажын ашық айтқан, 
өз  пікірін  білдіруге  тайсалмаған  ұлттың  жанашыр  басылымының  «тәй-тәй» 
қадамдары  жайын  сөз  еттік.  Ұлт  мүддесінен  сомдалған  «Қазақ  әдебиеті» 
газетінің жетпіс бес жылдық тарихында талай-талай қиын-қыстау кезеңдерді 
өткізіп, өзінің ежелгі биігінде келе жатқанын сүйінішпен айту керек.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Шарахымбай Б. Әдебиет пен сынның биік белесі //Қазақ әдебиеті.   24.12.2004. 
2.
 
Әдеби өмір шежіресі. Құр.  Ә.Нарымбетов. -Алматы: Ана тілі, 2005. 488 б.  
3.
 
Садықұлы С. Ұлттық рух жаршысы. -Алматы: Алаш, 2005. 102 б. 
4.
 
Әуезов М. Сәт сапарға дос ниет // Қазақ әдебиеті. 14.01.1955. 
5.
 
Бердібай Р. Әр жылдар ойлары. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ: «Тұран», 2007. 680 б. 
 

 
94 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Н.Ш.БАЗАРБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі  
 
ХАЛҚЫН  СҮЙГЕН  ҚАЛАМГЕРДІҢ СУРЕТКЕРЛІК  ТҰЛҒАСЫ 
 
 
 
В статье  широко  освящены высокий талант и мастерство писательской деятельности известного писателя  
Бексултана Нуржекеева. 
 
The article is devoted to the talent and mastery of creative activity of the well-known writer Beksultan Nurzhekeev. 
 
«Әдебиет  –  халық  өмірінің  айнасы»  болатын  болса,  сол  халық  өмірін,  оның 
тыныс-тіршілігі  мен  болмыс-бітімін  дәріптеп,  оны  жалпақ  жұртқа    әйгілеуде 
айрықша  еңбек  сіңіріп  жүрген  санаулы  ғана  талантты  тарландарымыздың  бірі,  ой 
санасы  қалғып  кеткен,  мәңгүрттікке  бой  алдырған  сәттерде  халқының  қамын  жеп, 
намысын  жыртып,  қадыр-қасиетін  қызғыштай  қорғап,  жүрек  сөзін  жұртына  арнап 
жүрген  сондай  жазушының  бірегейі    Бексұлтан  Нұржекеұлы.  Жер  жәннаты 
Жетісудың  төрінде  тұрған  Баркөрнеудің  шыңдарына  күн  қонып,  ай  түнеген  биік 
таудың  баурайында  туып-өскен  Бексұлтанның  тұңғышы  «Кінәлі  махаббат» 
повесінен,  әлі  бояуы  кеуіп  үлгермеген  –  жарыққа  жаңа  шыққан  «Жау  жағадан 
алғанда» романына дейін, барлық жазған шығармаларының алтын арқауы, өміршең 
өзегі бір арнаға құятын бір ғана тақырып аясында өрбиді.  Ол аяулы атамекен, онда 
ғұмыр кешіп жатқан тағдыр-талайы әрқилы адамдар.  
Жазушының  жүрегін  жарып  шыққан  шығармаларын  ойша  шолып,  көңіл 
айнасына  түсірсең,  кітап  кейіпкерлері  сияқты  небір  хикаяларды  бастан  кешіріп, 
әлденеше ұрпақ, тұтас бір халықтың өмір жолымен жүріп өткендей әсерге бөленесің. 
Қазақ  елінің  ғасырлық  ғұмырының  көркем  шежіресін  жазуға  тал  бойындағы 
талантын  бағыштаған  Бексұлтанның  осы  орайдағы  олжасы  да  аз  емес.  Айталық, 
ұлттық  әдебиетімізде  әлі  де  болса  жеріне  жеткізе  жаза  алмай,  көп  қырлары 
қалтарыста қалып келген кешегі бұйығы, томаға–тұйық ел ішінің тыныс–тіршілігін 
түбірінен өзгертіп, өзге арнаға түсірген сонау Қазан төңкерісі қарсаңындағы, сонау 
ұжымдастыру  кезіндегі,  мынау  соғыс  тұсындағы  қазақ  ауылы  екені  бесенеден 
белгілі.  Осы  олқылықтың  орнын  толтырып,  жігін  жатқызуға  жазушы  Бексұлтан 
шығармалары ерекше үлес қосып, жаңа леп беріп, тың  үрдіспен толықтырды. Міне, 
бұл тап осы әргі-бергі замандардың кезеңдік көріністерін келісті кестелеген, күрделі 
тақырыптың  шырайын  шығарып,  тың  образдар  тауып,  жаңаша  жазуға  тәуекел 
жасап,  осы  жолда  биік  белеске  көтеріле  білген  жазушы  Бексұлтанның  табысы. 
Жазушы  қай  шығармасында  болмасын,  ылғи  бір  ерекше  сезімтал,  барынша 
бауырмал замандастарымен жолықтыруға асық [1.6].  
Бексұлтан  қаламынан  шыққан  туындылардан  оның  бейқам,  алаңсыз  балалық 
дәурен,  жалынды  жастық  шақ  мейлінше  көбірек  толғанып,  көсіле,  есіле  жазған 
таңдаулы тақырыбы болғанын байқаймыз. Бұл ретте «Күтумен кешкен ғұмыр», «Бір 
өкініш, бір үміт», «Ерлі-зайыптылар» романдарын тілге  тиек  етсек  те жетіп жатыр. 
Кезінде Мұқағали ақын тұңғыш танысып, алғаш баға берушісі болған, «Жұлдызда» 
жариялануына жәрдемі тиген «Кінәлі махаббат» осы тақырыптың бастауы болатын. 
Ол  бір  өзі  Зерен  сынды  саңлақ  келіншектің  жесір  махаббатын  жырлаған  шырайлы 
шығарма.  
Сұңғыла  суреткердің  сарабдал  шығармаларының  басты  қаһармандары  қыз-
келіншектер  қауымы.  Қаламгер,  әсіресе,  жас  жесірлер  тағдырын  жазуда  айрықша 
шеберлік  танытады.  Соғыс  жылдары  туралы  жазылған  туындыларға  туған 
әдебиетіміз,  әсте,  кенде  емес.  Олардың  бәрінде  де  жетім  бала,  жесір  әйел  тағдыры 
назардан  тыс  қалмағаны тағы да айқын. Солай бола тұрса да Бексұлтан бейнелеген  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Базарбекова Н.Ш. Халқын  сүйген  қаламгердің суреткерлік  тұлғасы 
 

 
95 
 
 
кейіпкерлер  олардан  оқшау,  өзіндік  сыр-сипатымен,  бет-бейнесімен  ерекшеленіп 
тұрады. Өзіміз оқыған соғыс туралы туындыларда жас жесірлер соғысқа бармай елде 
қалған  шолақ  белсенділердің  тұзағына  түсіп,  құшағына  құрбандық  болып  кете 
баратын. Ал Бексұлтан нақ осындай оқиғалардың өзіне басқаша көзқараспен қарап, 
өзінше  ой  түйеді.  Бексұлтан  бейнелеген  жас  жесірлер  жаңылыс  басса  да,  тағдыр 
тауқыметін тартса да, оны жеке адамдардың жасаған қысастығынан көре алмайсың. 
Зереннің,  Жәмиханның  жаза  басулары  жастық  албырттықтың,  қызуқандылықтың 
әсерінен  туған  табиғат  заңдылығы  екендігін  еріксіз  мойындауға  мәжбүр  боласың. 
Әдеттегідей, әдеби кейіпкерлерге  жазушымен  бірге  жаның ашып,  қабырғаң  қайыса 
қиналасың, өзегің өртенер сезімді бастан кешіресің. Қызығы да, қиындығы да бұдан 
кейін мәңгі қайталанбайтын дәуренін қимай, жан азабын тартқан, ақылды, сезімтал, 
қазақы  салт-ғұрыпты  сыйлап  өскен  жас  келіншектердің  іс-әрекеттерін  теріске 
шығармай,  қайта  іштей  бақытын  тапса  деп  тілеулес  болып  отырасың.  Олардың 
отбасындағы тәтті тіршіліктерінің ойламаған жерде ойраны шығуы, сүйіп қосылған 
қосақтарының  қадірін  білмей,  сезім  желігіне  түскен  сәтсіз  қадамдарынан  емес, 
соғыстың  салған  зардабынан  екендігі  айдан  анық  жайт.  Олардың  жылы  ұяларын 
бұзып,  ата-енелерін  аңыратып,  қимаса  да  балаларын  тастап  кетуі  оқырмандарды 
ойлантады, опынтады, сұм соғысқа қарғыс айтқызады, бірақ орынсыз жазғырмайды. 
Міне,  бұл  да  қаламгердің  шеберлігі  әрі  адам  тағдырын  адамгершілік,  имандылық 
биіктен  бағалай,  саралай  білуге  ұмтылысы.  Қалыпты  өмір  құбылыстарына 
жазушының жаңаша көзқараспен үңіліп, өзінше пайымдауы деп осыны айтсақ керек 
[2].  
Туған  әдебиетімізге  Бексұлтан  әкелген  кейіпкерлердің  бір  парасы  қарттар 
бейнелері.  Байтарақ,  Айсары,  Сүлеймен,  Мәмет,  Бәтжан,  Ермұқан,  Елқонды. 
Олардың ішінен тосын тұлғалы Мәмет қарт  пен Бәтжан әженің образдары қиыннан 
қиыстырылған,  елестері  ой-санаңнан  ешқашан  өшпейтін  күрделі  бейнелер.  Мәмет 
қарт  бізге  қажет  жерінде  иілмес,  қайырылмас  қаталдығымен,  кей  кездері  ақберен 
жанның  адалдығымен  қымбат.  Дана  қария  біздерді  қиындыққа  қайыспай  қарсы 
тұруға, ісіміз бен сөзіміздің бір жерден шығуына, ата жолынан айнымауға шақырып 
тұрғандай. Ал Бәтжанның тұла бойы  – бүтін жаратылысы қайырым-мейірім, ізгілік  
пен  имандылықтан  құя  салғандай  Бәтжанның  асқақ  адамгершілік  қасиеттеріне 
тәнті  болып,  «менің  де  анам  осындай  болса,  арманым  болмас  еді»  дегендейсің. 
Жалпы,  Бексұлтанның  қарттары  ұлттық  мінез-құлқымен,  халықтық  қасиетімен 
оқшауланып  тұрған  дара  тұлғалар.  Жазушы  қаламының  тайпаланған  жорғадай 
көсіле  шауып,  шабыттана  шалқитын  тұсы  –  оның  өнер  адамдары  жайындағы 
жазғандары.  Бексұлтаннның  үлкенді-кішілі  шығармаларының  бәрінде  де  әрдайым 
әнші кейіпкерлермен  кездесесіз. Солардың ішінен біреуіне ғана – «Күтумен кешкен 
ғұмырдың»  бас  кейіпкері  Әтіке  әншінің  тағдырына  тоқтала  кетсек  дейміз. 
Революция    қарсаңындағы  қалың  қазақ  аулында  ержетіп,  өнер  өріне    енді  көтеріле 
бастаған  жас  әншінің    қилы  тағдыры  –  мұңды  махаббаты,  атағы  алысқа  жайыла 
бастаған  кезде  он  алтыншы  жылдың  аумалы-төкпелі  кезеңіне  кезігіп,  ақыры  өлі-
тірісі белгісіз, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Әтікен ел ішіндегі алауыздықтың, 
өнердің  қадір-қасиетін  түсінбейтін  өресіздіктің  құрбаны.  Қыршынынан  қиылған 
қайран  талант  иесінің  қайғылы  тағдыры  жай  қызық  үшін  жазыла  салған  кездейсоқ 
дүние емес. Оның ойланған кісіге астары бар, бүгінгі күнге сабақ алар сабақтастығы 
бар  шығарма  екендігі  айдан  анық.  Романда  әнші  өнерінің  тамырқазығы  туған  жер, 
өскен  ел  екендігіне  автор  айрықша  мән  берген.  Іленің  арғы  бетіне  сапар  шегіп 
қайтқан  жас әншінің атақ-даңққа алауланып, қоныс аудармақ болып әуре-сарсаңға  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Базарбекова Н.Ш. Халқын  сүйген  қаламгердің суреткерлік  тұлғасы 
 

 
96 
 
 
түсетіні  бар.  Алайда  атағы  Барнакөрнеуден  -  атамекенінен,  туған  жерден  табан 
аударса өнері де өгейсіп қалатынын Әтіке кейін түсінеді [3]. 
Қаламгер өзінің өмірлік,  жазушылық принциптеріне  берік те  бекем. Оның өзге 
шығармаларындағы әйел кейіпкерлер де өз тағдырына біз бен сізді ортақтастырып, 
оп-оңай  ілестіріп  әкетеді.  Өзіңді  бейнебір  олармен  күнде  кездесіп,  сырласып, 
мұңдасып  жүрген  кісідей  сезінесің.  Олардың  ой-пікірлері,  іс-әрекеттері  кейде 
көңіліңнен  шығып,  кейде  жүрегіңді  ауыртып,  әйтеуір  бей-жай  күйде 
қалдырмайтыны  анық.  Бексұлтанның  кейіпкерлері  өзіңмен  бірге  жүріп,  біте 
қайнасқан кісілер сияқты. «Күтумен кешкен ғұмырдағы» Қайныкеш, «Бір өкініш, бір 
үміттегі»  Бүбіш  мен  Шәзия,  «Ерлі-зайыптылардағы»  Гүлбаршын  қазіргі  қазақ 
әдебиетіне Бексұлтан қосқан кейіпкерлер. Оның оқырман ойынан шыққан себебі де 
содан [4]. 
Жалпы,  суреткер  ретінде  Бексұлтанның  шығармашылық  қолтаңбасын  елден 
бөлек  ерекшелеп  тұрған  бір  қыры  –  оның  кейіпкерлерінің,  мейлі  олар  қай  кезеңде 
ғұмыр  кешіп  жатса  да,  ұлттық  мінезге  бай,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпты  білетін  әрі 
соны  ұстанатын,  күллі  жүріс-тұрыс,  тіпті  сөйлеу  мәнеріне  дейін  қазақы  қалып 
танытуымен  тартымды,  сол  қадір-қасиетімен  құнды.  Бексұлтанның  роман-
повестеріндегі  кейіпкерлердің  қай-қайсысы  болмасын  ата  жолын  атамау,  қазақы 
қалпын сақтау жөнінде жаңылыспайтыны қандай жақсы. Жазушы осы арқылы өткен 
мен  бүгінді  саралай  салыстырып,  ұрпақты  ұлттық  ерекшеліктерінен,  қазақы 
қасиеттерінен  айырылып  қалмауға  үндеп  отыр.  Ал  бұл  елді  халықтық  қалпын 
сақтауға  шақырудың  ұтымды  әдеби  әдісі.  Кейіпкерлерінің  көсегесін  көгертіп, 
мақсатына жеткізген осындай мінез-құлық, характер ерекшеліктері  
екендігін көркем сөзбен кестелеген жазушының жүрек сөзін рухани керең болмасаң, 
кеудеңде  сәулең  болса  түсінесің,  тіршілігіңде  сол  жолмен  жүруге  тырысасың. 
Көркем  сөздің  көкейге  қона  кететін,  жаныңды  арбап,  баурап  алатын  жұмбақ  сыры 
да,  сиқыры  да  осы  емес  пе?  Осыдан  келіп  Бексұлтан  өзінің  жазушылық  жолының 
мақсат биігіне жеткізетін қиын да қызықты сүрлеу-соқпағын тапқан екен-ау деген ой 
түйесің. 
Б.Н±ржекеұлының  басты  бір  ерекшелігі  –  тіл  ќ±нарында.  Єрине,  тіл  ќ±нары 
деген сµз  –  ењ  алдымен халыќтыњ  сан  ѓасырлар бойы жасаѓан сµз  маржанын бала 
кезінен  кµкейіне  ќ±йып,  ќалам  ±стаѓанда  сол  маржандарды  тањдап,  ќ±лпырѓан 
бояуын  жоѓалтпай,  мєн-маѓынасын  ±ѓынып,  дєл  пайдалана  білу.  Б±л  т±рѓыдан 
келгенде  жазушы  жаќсы  ќырларымен  с‰йсіндіреді,  тањдантады.  Кейіпкерлерініњ 
аузына  халыќтыњ  арасында  айтылатын  алуан  т‰рлі  ажарлы,  нєрлі  ±тќыр  сµздерді 
‰немі тауып салып отырады.  
Б.Н±ржекеұлы  –  ќай  шыѓармасында  болмасын,  жазылуы  жадау  жатќан 
таќырыпқа соќа т‰сіріп, к‰ш ж±мсап ж‰рген жазушы. Рас, бірер кітаппен Жетісу 
µњірініњ  ќаныќ  бояулы  кењ  полотносын  жасап  тастау,  µнерпаздарын  т‰гелдей  
т‰гендеп шыѓу м‰мкін де болмас. ¤йткені, ќыры мен сыры неше ќат б±л саланыњ 
оњайлыќпен икемге келіп илікпейтін, игерілмейтін иірімдері кµп болса керек. Санай 
берсе  сан  ќилы  сондай  ќиындыќтарѓа  ќарамастан    автордыњ  алѓан  баѓыт,  т±тќан 
маќсаты  кµњілге н±р ќ±йып ерекше ќуантады.  
Бексұлтанның жазушылық еңбегін ерекшелейтін  тағы бір қыры – оның ұлттың 
өзін-өзі  тануына,  тарихын  біліп,  бүгіні  мен  болашағының  жай-күйін  аңдауына 
атсалысуы, сөйтіп сүбелі үлес қосуы, шығармаларының негізгі өзегін осы мақсатқа 
бағыттауы  болса  керек.  Оның  деректі  шығармасы  «Өзендер  өрнектеген  өлке»  осы 
мақсатты  орындаудағы  сәтті  қадамы  деп  айтсақ,   қателеспеген   болар   едік   [5].   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Базарбекова Н.Ш. Халқын  сүйген  қаламгердің суреткерлік  тұлғасы 
 

 
97 
 
 
Кітапта  тарихи  оқиғаларға  жербесік  болған  Жетісудің  кешегісі  мен  бүгінгісі 
қызықты баяндалған. Жазушы ерді түсіну үшін жерді де түсінген, тарихи шежіресін 
білген дұрыс деген тұжырымын осы еңбегінде жарқын мысалдар арқылы  жарқырата 
көрсетіп  берген.  Жазушы  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  арнаған  осы  кітабында  ата-
бабаларымыз  кейінгі  ұрпағына  көзіндей  көріп,  өзіндей  аялап  жүруі  үшін  артына 
мәңгілік  мұра  ретінде  туған  жерін  қалдыратынын  айта  отырып,  көне  тарихтан  сыр 
шертеді,  бүгінгі  тіршілігін  жетілдіре  жазады.  Жер  қасиетін,  ел  қадірін  біліп,оны 
мақтан  тұту,  сөйтіп  оған  шын  пейілмен  табынуға  шақырған  шығарманы  қалай 
сүйсіне оқымассың.    
Қорыта айтқанда, Б.Н±ржекеұлы шыѓармалары т‰рлі сюжетке  ќ±рылѓанымен, 
таќырып  пен  идеялыќ  маќсат  т±рѓысынан  бір-бірімен  іштей  сабаќтастыќ  тауып, 
образдар  єлемі  жаѓынан  µзара  байланысып,  т±тастыќ  сипат  алып  жатады.  Б±л 
єсіресе,  жазушыныњ  «Бір  µкініш,  бір  ‰міт»,  «Кінєлі  махаббат»  шыѓармаларында 
айќын  байќалады.  Б±л  шыѓармаларды  ерекше  байланыстырып  т±рѓан  таќырып,   
идея жєне тартыс кµріністері деуге болады. Жазушы кейіпкерлері єр шыѓармада єр 
алуан  болып  келгенімен,  єдеби  ‰ндесу    жаѓынан  бір  идеяѓа  ќызмет  ететін,  бір 
маќсатты  кµздейтін  кµркем  бейнелер  болып  табылады.  ¤йткені  ќаламгердіњ 
кейіпкерлері  µз  кезіндегі  саясат  ыќпалына  баѓындырылмаѓан,  тек  ќана  ќоѓам 
сипатын дєріптеу, мадаќтау маќсатында емес, адам таѓдырына, ќандай ќоѓамда µмір 
с‰руіне  ќарамастан  адам  таѓдырыныњ  т‰рлі  жыќпыл-ќалтарыстарын  аќтара 
кµрсетуге баѓыттала сомдалѓан кейіпкерлер еді [6;7]. 
Б.Н±ржекеұлының  б‰гінде  шыѓармашылығы  толысќан  шаѓында.  Туѓан 
халќыныњ таѓдыр тарихын зерделеумен ќатар, адам-ж±мбаќтыњ ішкі єлеміне, жан-
д‰ние сырына ‰њіліп, µмір-болмысты суретпен, кµркем кµркімен кµріп, т‰йсініп 
жазатын ќаламгердіњ ќазаќ єдебиетіне ќосќан ќомаќты табыстарын зейінді зерделеу, 
зерделі зерттеу - б‰гінгі к‰н талабы.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Дәдебаев Ж. Өмір үміт пен өкініштен тұрады... // Жалын.  2001.  №9 
2.
 
Исабеков Д. Жазумен өткен қырық жыл //Егемен Қазақстан. 2001, 21-ақпан. 
3.
 
Нұржекеев Б. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. -Алматы: Жазушы, 1985. 642 б. 
4.
 
Нұржекеев Б. Бір өкініш бір үміт. -Алматы: Жазушы, 1982. 433 б.  
5.
 
Нұржекеев Б. Өзендер өрнектеген өлке. -Алматы: Жазушы, 1983. 277 б. 
6.
 
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996. – 336 б. 
7.
 
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. -Алматы: Жазушы, 1987. 90 б. 

 
98 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
М.Р.КӨПБАЕВА 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы 
 
«АЙ МЕН АЙША» ЭССЕСІНДЕГІ ОБРАЗ БЕН 
ХАРАКТЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
В  данный  статье  рассматриваются  некоторые  особенности  национального  образа  и  характера  в  
жанре эссе.  
  
This article deals with some peculiarities of national character in the essay genre. 
 
Шығарма  қай  жанрда  жазылса  да  адам  жанын,  сезімін,  таным  дүниесін 
толғантар,  түрлі күйге  салатын ішкі  қуаты  мол  болса,  жазушының сол жанрды 
таңдаудағы  мүддесінің  орындалғаны  дер  едік.  Көркемдік  түр  таңдау,  жанрды 
дұрыс бағамдау – авторлық эстетикалық мақсаттарға сай келіп шешімін табады. 
Таңдаған  тақырып  пен  өмір  материалының  көлемі  мен  идеялық  мақсаты 
шығарма  жанрын  белгілеуде  авторға  ықпал  жасамай  қалмайды.  Автордың 
өзіндік  ұстанымы  және  азаматтық  танымын  даралап  көрсетуде  эссе  жанрының 
көркемдік  маңызы  зор  екенін  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  көрнекті  өкілдер 
З.Қабдолов,  Ә.Нұршайықов,  Х.Ерғалиев,  Ш.Мұртаза,  т.б.  жазушылардың 
шығармашылығынан көреміз. Ұлттық әдебиетімізде кенжелеу дамыған жанрдың 
бірі  –  эссе. Эссе жанрының тарихы тым тереңде. Алғаш рет эссені әдеби жүйеге 
енгізген  және  оған  көркемдік  дүние  ретінде  қарауға  негіз  болған  француз 
гуманисі,  философ,  жазушы    Мишель  Монтень.  Орыс  тіліне  аударылған, 
«Тәжірибелер»  деген  атпен  басылып  шыққан  Мишель  Монтеньнің  бұл  кітабы 
1580    жылы  жазылып,  «Эссе»    деген    атпен  жарық  көрген  болатын.  Атақты 
жазушының  бұл  шығармасы  қоғам,  адам    тағдыры  туралы  толғаныстардан 
тұрады.  Негізінен  «эссе»    сөзі  латын  тілінде    «таразылау»,  ағылшын  және 
француз  тілдерінде  очерк,  мақала  ұғымдарын  білдіреді.  Сөздіктер  мен 
энциклопедияларда эссе жанрының басты белгісі ретінде – оның тақырыбы бар, 
трактатқа  қарағанда  көлемі  шағын  жанры  деп  айтылады.  Негізінен  бұл  жанр 
сұлулық, субстанция, өмір шындығын көркем суреттей келе, ой қорытындысын 
«Мен»  деген  аяқталмайтын  ой  елегімен  тұжырымдайды.  «Меннің»  астарында 
бүкіл әлем, өмір тіршілігі суреттелінеді. «Мен» үш жанрдың тұтасқан бірлігінен 
тұрады:  өмірбаян,  күнделік,  күнәдан  тазару  (исповедь).  Өмірбаяндағы  «мен» 
өткен өмір белесін суреттесе, күнделіктегі «мен» осы шақтағы өмірді суреттейді, 
ал  күнәдан  тазару  болашақ  адам  өмірінің  көрінісі.  Осы  үш  жанрдағы 
қасиеттердің барлығын да эссенің бойынан табуға болады.  
«Эссе»  –  түбі  жоқ  ұзақ  жол  немесе  соңы  басымен  тұтас  келеді.  Жеке 
дараның  өзінен  таралып,  өзіне  қайта  оралады.  Монтень  әр  халықтың  салт-
дәстүрлерін  әңгімелейді, оқыған кітаптарын талқылайды.  Ал, мұның бәрі жай 
үзінділерден  ғана  құралған.  Монтеньнің  әрбір  шығармаларынан  ойдың 
құбылмалы бағыты көріне отырып, ол тек қалыптасқан бір ғана тұжырымдарға  
сүйенбей    бар  ақыл-ойды  тың  болжамдармен  сипаттауға  талпынады.  Монтень 
түрлі халықтардың  әдет-ғұрыптары мен өзі оқыған кітаптар туралы сыр шерте 
отырып, адамның  жеке тұлғасына көп мән береді. Олай болмаған жағдайда тек 
қана сілтемелер мен үзік ойлардың көшірмесі ғана болар еді. «Көп авторлардың 
бізде  қалыптасқан  ой елегі болу керек деген пікірді қолдап келеді.  Олар ортақ  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет