Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Махаш Г.  Ә.Жәмішевтің  шығыстық үлгідегі туындылары 
 

 
106 
 
 
–  деп  үгіт-насихат  айтса,  адамзаттың  биік  өлшемі  –  ар  екендігін  былайша 
өрнектейді: 
Биіктерде бас айналмас берік тұғыр – ар ғана 
Ар көзімен қарар болсаң, жап-жарық бар айнала. 
Ал жарықтан қараңғы да, қараулық та қаймыққан, 
Қара орамал – күдікпенен көзіңді тас байлама 

1.45


Ә.Жәмішев  поэзиясындағы  үгіт-насихаттық  сарынның  елеулі  арнасы  – 
шығыстық  желілер.  Ақын  бұл  күрделі  тақырыптың  бір  ғана  мәселесін  алып, 
адамдық,  тазалық,  адамгершілік  қағидаларын  уағыздауға  жұмсаған.  Ақынның  сан 
ғасырлардан  келе  жатқан  қазынаға  қалай  қарағандығы,  қалай  меңгергендігі, 
шығыстың  дәстүрді  өмірдің  өзекті    ой  айтудың  құралына  айналдыра  білгендігі 
көрінеді.    Қожа  Ахметтің  «Диуани  хикметінің»  тақырыптық-мазмұндық,  өлең 
өлшемдік  дәстүрін  сақтай  отырып  ақын  адам  баласының  жаратушы  алдындағы 
сүннет, парызын қайта санаға салып өтеді.  
Алланың  тек  жалғыз  екені,  оның  құдіретті  шексіздігі,  Алла  жолын  іздеу  мәні  
туралы  шығыс  жұлдыздары:  Омар Һәйям, Низами, Сағди; көне түрік 
дарабоздары:  Жүсіп  Баласағұн,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  ХІХ  ғасырдағы  ерен  құбылыс 
Абай  шабыттана  жырласа,  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  бұл  дәстүрді  жаңа  биікке 
көтерген. 
Алланы тану жолындағы шариғат, тариқат, мағрифат мәнінің жинақталып беру 
үлгісін  зерттеуші  Б.Сағындықұлынан  кезіктірдік:  «Ақиқаттың  ақиқаты  –  Алла 
тағала. Алла тағаланы тану үшін ең алдымен шариғатты меңгеру керек. Шариғатты 
бойға сіңіргеннен кейін ақиқатқа апаратын жолды таңдай білу керек. Ол тариқат деп 
аталады.  Үшінші  –  мағрифат  теңізінде  жүзе  білу  керек.  Мағрифат  деп  отырғаны  – 
бақи дүние ғылымы, түпсіз терең білім» 

2.1


Тариқат  туралы  1257  жылғы  «Жәннат»  кітабында  Сағди  былай  деп  жазған: 
«Тариғат  жолын  ашқан  білер  болар,  Шындықтан  тек  шындықты  тілейді  олар» 

3.157


Сонымен  дін  жолымен  және  ғылым арқылы  Алланы  танып  білуді мақсат етуді 
тариқат, мағрифат десек, Қожа Ахмет Яасауи соған көп көңіл бөледі: 
 
Шариғатқа, тариқатқа тәнті болып илансаң, 
Тариқатты Ақиқатқа ұластырып жиналсаң, 
Бұл дүниеден дүррі гауһар асылдарды сыйға алсаң, 
Жаннан кешкен жақсы құл деп көңіліңді жай қылар. 
Осы  орайда  Алланы,  алла  жолын  іздеуде  құлшылықтың  алатын  орны  ерекше 
екеніне  де  мұсылман  ақындары  көп  көңіл  бөлген.  1257  жылы  парсы  ақыны  Сағди 
былай деп жазған: 
Кіші бол, құлшылық ет, сырын ұқ та, 
Тап сондай баспалдақ жоқ ұлылыққа. 
Махаббат,  сүйіспеншіліктің  ауқымын  кең  мағынада  алып  жаратушыға  деген 
іңкәрлікпен  шектестіріп  Яссауи  ұғымының  негізін  ақын  айнытпай  алып  қайта 
көркемдік терең мағына үстейді. 
Махаббатың бал қызығы, бар қызығы өзінде, 
Ораза, намаз мұсылманның мойнындағы парызы. 
Шығар бәрі қарсы алдыңнан таңда-махшар кезінде, 
Бір Құдайға ғашықтардың сонда айтылар парызы 

4;28


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Махаш Г.  Ә.Жәмішевтің  шығыстық үлгідегі туындылары 
 
 
Осы  орайда  Алланы  сүю,  Аллаға  деген  махаббат  ұғымын  анықтай  түсуді  жөн 
көрдік.  Мұсылман  елдері  әдебиетінде  «ғашықтық»  сөзі  (яғни  махаббат  ұғымы) 

 
107 
 
қолданылса, оны тек қыз бен жігіт, еркек пен әйел сүйіспеншілігі деп тар шеңберде 
түсінбеу  керектігіне,  ол  ұғымды  неғұрлым  кең  мағынада  алу  қажеттігіне 
арабтанушы  ғалым  Ә.Дербісәлиев  назар  аудартқан:  Ақын  (Қожа  Ахмет  Ясауиді 
айтып  отыр)  хикметтерінің  бірқатары  ғашықтық  жайын  сөз  етеді.  Бірақ  онда 
әдеттегідей  жігіттің  қызға,  қыздың  жігітке  деген  сүйіспеншілігі  емес,  керісінше  – 
әңгіме  ақынның  Алла  тағалаға,  яғни  жаратушыға  сүйіспеншілігі,  іңкәрлігі  туралы. 
Сопылық  поэзия  өкілдерінің  махаббат,  шарап  жайлы  жырларын  оқығандардың 
кейде осы поэзияның қыр-сырын білмей, байыбына бармай, айтылар ойдың тереңін 
емес, бетін ғана қалқитыны бар 

5.79


 Кезінде  данышпан  Абайдың:  «Махаббатсыз  –  дүние  бос,  Хайуанға  оны 
қосыңдар»,  –  дегенін  тек  қыз  бен  жігіт  сүйіспеншілігі  ұғымында  түсінумен 
шектелген кезіміз  де  болды.  «Махаббат» ұғымының тек қыз  бен жігіт немесе  ерлі-
зайыптылар  сүйіспеншілігімен  шектеуге  келмейтіні  Абайдың  өзінде  жеткізіле 
айтылған: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. 
 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және Хақ жолы осы деп әділетті. 
 
Осы үш сүю болады имани гүл, 
Иманның асылы үш деп сен такких [анық] біл 

6.303

 
Сонымен үш сүюдің біріншісі Алланың адамзатты махаббатпен жаратуы болса, 
екіншісі  –  адамдардың  Алланы  сүюі,  үшіншісі  адамдар  арасындағы  сүйіспеншілік 
деп түюімізге болады. 
Шын ғашықтар қашанда да тірі болып қалмақшы, 
Оларға тән қадір-қасиет әлемдегі бар жақсы, 
Қалпелер мен тақуалар өз үлесін алмақшы, 
Шын ғашытар халайыққа Хызыр болып жолығар 

7.84


Адамның  оң  не  теріс  сипаттары  сөз  болғанда,  оң  пейілдерге  –  жұмақ,  ал 
терістерге тозақ бұйыратынын ескерту үгіттік мақсатқа бағындырылып отыратынын 
есте ұстаумен қатар адам және жан ұғымдарын ашу, жан түсінігіне арналған ежелгі 
түркі  әдебиеті  мен  Ә.Жәмішев  идеялары  сабақтастығын  анықтау  қажет.  Жүсіп 
Баласағұн жан хақындағы пікірін былай түйіндеген: 
Жан ұшқанда, бос қалар үй-денесі, 
Қайда екенін білер тек жан егесі?! 
 
Биік ұшса, жан жәннатқа енгені, 
Төмен түссе, бір пәленің келгені. 
 
Екеуінің бірі болар, алайда, 
Жаның мәңгі қалар тірі қалай да! 

8.174

 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Махаш Г.  Ә.Жәмішевтің  шығыстық үлгідегі туындылары 
 
 
Шығыстанушы  Ислам  Жеменей  Қожа  Ахмет  Иассауидің  жан  туралы  ұғымына 
түсінік  береді:  «Қожа  Ахмет  Иассауиде  пірмұған  –  қасиетті  жан,  Алланың  абзал 
құлдары,  зәмзәм  суы  әспеттес  қастерлі  шарап  ұсынушы,  жақсылық  атаулының 
бастаушысы». 
Қазақ кемеңгері Абай да бұл ұғымға мән берген: 

 
108 
 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес. 
Кемеңгердің осы «Жан-иман» түсінігін ақын дәлме-дәл өлең өрнегіне түсірген. 
Байығандар малға мәз боп кеуде қағар, 
Менмендікпен Құдайға да ауыз салар. 
Өлер уақта ар, иманнан мақұрым қалар, 
Жан берерде азап-қасірет шегер, достар 

7.138


«Қиссас-ул-анбияда»  тозақ  отының  ерекше  ыстық  екені  көрінеді:  «Тозақтың 
күні  туады,  пердесі  көтеріледі.  Екі  жүз  жылдық  жерден  ыстық  лебі,  от  жалыны 
шарпиды.  Қаумалаған  халықтың  бет-аузы  күйеді.  Екі  жүз  жылдық  жерден 
лапылдаған  жалынның  үні  естіледі.  Ол  күннің  айбатынан  пайғамбарлардың  өзі 
дірілдеп кетеді» – делінеді. 
Ә.Жәмішев  исламдық  қағидалардың  негізгі  өзегін  ала  отырып,  Ясауи 
хикметтерінің  ішінен  жетім-жесірді  жебеу,  қысылғанға  қайырым  жасап,  қол  ұшын 
созу  Алланың  ақ  жолында  жүрудің  бірден-бір  кепілі  деген  тұжырымдарды  алға 
тартады. 
«Ғаріп, пақыр, жетімдердің көңілін көтер, 
Қамқоршы бол жаныңды да пида етер. 
Тапқаныңды аузына тос, тұрма бекер», 
Естіп осы Алла сөзін ақ жолына түстім мен де 

7.84


Ә.Жәмішевтің  ақындық  қуаты  мен  жыр  киесінің  алдыңғы  азаматтық 
жауапкершілігі  туралы  жас  ақын  поэзияға  айғайлап  емес,  өзіндік  қоңыр  үнімен, 
азаматтық сырлы әуенімен келді.   
 «Ақын  жиырма  жыл  ішінде  төрт  қана  поэзиялық  жинақ  берсе,  мұны  азсынып, 
назырқануға  болмайды.  Жалпы  поэзия  көп  сөйлеп,  көпірте  беруді  көтермейді.  Аз 
болсын  –  саз  болсын.  Ұлылар,  әсіресе,  өзіміздің  Абай  бұл  жағынан  мәңгі  өнеге»  – 
деп Қапан Қамбаров атап көрсеткендей, Әбіраш  ақын  да әрбір өлең өрнегіне  асқан 
жауапкершілікпен  қараған.  Абайды  барлық  тұрғыдан    өзіне  үлгі-өнеге  тұтқан.  
Өйткені  Абай  сөз  қадірін  бәрінен    жоғары  қойған.  Тапқыр  тілді  адамды  айрықша 
бағалаған.  Дүниеде  өлімнен  күшті  нәрсе  жоқ,  тағдырға  тәбділ  бола  ма,  сабырлық 
қылсақ  керекті  дейтін  көнбіс  Абай,  тағы  бір  сәтте  артына  Сөз  қалдырғандарды 
өлмейтіндер  санатына  жатқызады.  Алғыр  шешен  сөз  иесі  ол  үшін  ең  биік  тұлға 
десек,  ақын  Ә.Жәмішев  Абайды  өзіне  рухани  ұстаз  ете  отырып  ұлы  ақынның  жан 
әлеміне терең бойлайды мысалы:  «Абайды оқып отырып»  деген өлеңінде: 
Сөз нәрін, көңіл зарын қатар төгіп, 
Абай өткен бұл күнен сапар шегіп. 
Ұлы жүрек өртенген көп қасіретті, 
Мен де өң мен түсімде жатам көріп. 
Абай басынан өткерген ауырлықты, өз басынан да өткергенде жақсылық сияқты  
жамандықтың да уақыттан қалмай өкшелей қуып келе жатқан бейнесін жасайды 
Сүзіліп заман, уақыт безбенінен, 
Десек те адам құлқы өзгерілген, 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Махаш Г.  Ә.Жәмішевтің  шығыстық үлгідегі туындылары 
 
 
Баяғының бас жіпсіз кей мінезі, 
Ұшыраса кетеді-ау көз көрімнен. 
Ақынның  нәзік  жүрегі  жалғандық  пен  жамандықтың  салмағына  төзбейді. 
Абайды  алға  тартып,  өршелене  қарсы  шығады.  Жақсылық  жолында  Абай  секілді 
өзін  құрбан  етуге  даяр  пейілін  танытады.  Жамандықтың  аяқталып,  жақсылықтың 
салтанат құруын аңсайды. 
Мыңмен жалғыз алысса Абай атам, 
Озбырлықпен олжалас заман қатаң. 

 
109 
 
Ал мен бүгін миллиондар шеруінде, 
Жақсылықтың жалынын алаулатам! 
Ақын  жүрегі  адалдық  пен  арлылықтықты  адамдықты  өлшемі  етіп  алады.  Сол 
үшін қаламын қару етіп, отты жырдың қызуын қанықтыра түседі. 
                          Алаулатам! 
Жаһанға жар сап өтем, 
Ар биігін аялап, аңсап өтем. 
Жат мінездер жүрегін жаралаған, 
Ең соңғы бір ақын боп қалсам екен! 
Бұл өмір заңдылығы жақсылық пен жамандықтың мәңгілік бітпес күресі. Ақын 
өз жанын жараласа да жат пиғылға жол бермей нұрлы сезіммен дүниені тазартады. 
Ақын поэзиясында жалпы адамзаттың баласын сүйген жүрек, бейбіт өмірді, тең 
өмір  мен  ынтымақты  қалаған  адами  болмыс  мол  ағын  тапқан.  Ол  түбі  бір  туысқан 
халықтардың бірлігі мен тұтастығын талмай жырлаушы. Бұл күні кешеге дейін саяси  
сыңар  жақтыққа  ұрынған  тақырып  болғаны  белгілі.  Өйткені    бұрынғы  Кеңес 
Одағында түрікшілдік, пантюркизм дейтін  ұғым большевиктердің ғана ойлап тапқан 
термині емес. Төркіні әріден басталады. ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында 
Түркия дүние жүзіндегі барша түрік халықтарын бір мемлекет шаңырағының астына 
жинамақ  деген  лақап  таратылды.  Оны  пантюркизм  деп  атады.  Пантюркизм 
панисламизммен ауыз жаласып, Ресейге қарсы соғыс ашпақ ойы бар деп даурықты. 
Шын  мәнінде  пантюркизмді  құбыжық  етіп  көрсету  мақсаты  басқа  еді.  Ол  түрік 
халықтарының 
арасына 
жік 
салып, 
бір-бірінен 
ажыратуды, 
бір-біріне 
қатыстырмауды  көздеді.  Сөйтіп,  патшалық  Ресей  құзырындағы  мұсылман  отар 
халықтарды  орыстандыру  жөніндегі  алға  қойған  міндетінің  орындалуын 
жеңілдеткісі  келді.  1867  жылы  Қазан  шаһарында  «Қасиетті  Гурий  сыбайластығы» 
деген  миссионерлік  қоғам  құрылды.  Миссионерлер  мұсылман  халықтары  арасында 
христиан  дінін  таратуға  білек  сыбанып  кірісті.  Татарларды,  қазақтарды  алдап  та, 
күштеп те шоқындыра бастады. Осы мақсатқа мектеп жүйесін кеңінен пайдаланды. 
Христиан  әдебиетін  тарату  ісін  еселеп  күшейтті.  Миссионерлік  қоғам  1862-1910 
жылдар  аралығында  тек  қазақ  тілінде  ғана  алпыстан  астам  христиан  діни 
кітаптарын,  оқу  құралдарын  шығарып  үлгерді.  Олардың  бірсыпырасы  орыс 
графикасы негізінде басылды. Сонымен бірге Арабстаннан, Түркиядан ағылып келіп 
жатқан ислам діні кітаптарын тежеуге тырысты, орыс цензурасы кедендерден талай 
кітаптарды ұстап алып қалып жатты. 
Кезінде  Мағжан  Жұмабаев  секілді  қазақтың  зиялылары  бұған  көнгісі  келмеді, 
көнбеді  де.  Мағжанның  түрікшілдігін  кезінде  жазушы  Жүсіпбек  Аймауытов  былай 
деп түсіндіруге тырысты: 
«Бір  жағынан,  үй-іші    әкеге,  әлеумет  ру  басыға  бағынған,  тапқа,  жікке 
бөлінбеген,  қазақ  ішінде  туып  өскен  болса,  екінші  татар  медресесінде  оқып, 
түрікшілдік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші патша саясаты шымбайға  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Махаш Г.  Ә.Жәмішевтің  шығыстық үлгідегі туындылары 
 
 
батып,  отаршылдық  зардабы  қазақтың  ұлтшылдық  сезімін  оятқан  дәуірдің  ұлы 
болса,  төртінші  орыс  зиялыларының  қаймағы  бұқарашыл,  халықшыл  болып 
жатқанын сезіп білсе, бесінші Батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық 
(идеализм),  дарашылдық  школынан  сабақ  алса,  енді  Мағжан  қай  пікірдегі  ақын 
болып  шығу  керек.  Сөз  жоқ,  Мағжан  ұлтшыл,  түрікшіл,  санашыл,  дарашыл  ақын 
болып  шығу  керек.  Олай  болып  шықпау  мүмкін  емес.  Әлеумет  ортасының, 
заманының жағдайы солай» 

9.60

.        
Түрік халықтарының арасына алауыздықты арнайы тудырған мұндай саясаттың 
салқыны соңғы уақытқа дейін жалғасып келеді. Сондықтан азамат ақын А.Жәмішев  

 
110 
 
о бастан-ақ  туыстық тақырыбын  жырлауды үзген емес. Әрі үдете  түскен. Мысалы:  
«Сүйегіміз, қанымыз бір бауырмыз» – дейтін өлеңінде өзбек халқына арнап; 
О, бауырым, өзбек әкам, армысың! 
Келдім аңсап, төсіңе бас, ал құшың! 
Біз туғалы бірге көріп жүрміз ғой 
Бұл өмірдің қуанышын, қайғысын – дейді. 
 «Төскей»  жинағының  «Туыстар  жерінде»  бөлімінің  арқауы  да  –  халықтар 
достығы. Қырғыз, өзбек, тәжік, молдаван елдері мен жерлерінде болған ақынды бұл 
халықтардың қазақ халқына деген туысқандық сезімі, бүгінгі бақытты өмірі, табиғат 
көрінісі  толқытады.  «Рудаки  ескерткіші  алдында»,  «Ғиссар  таулары»,  «Нүректе», 
«Памир бұлттары», «Кодра» жырлары ойлы да мөлдір. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жәмішев Ә. Төскей. -Алматы: Жазушы, 1978. 
2.
 
Сағындықұлы Б. Әз Мамайың// Қазақ әдебиеті. 14 шілде, 2000. 
3.
 
Сағындықұлы Б. Жәннат. уд М.Әлімбаев. -Алматы: Жазушы, 1981.  
4.
 
Жәмішев Ә. Өсиетнама. -Алматы: 1983. 
5.
 
Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұдыздары. -Алматы: 1995.  
6.
 
Құнанбаев А. Шығармалар І том. -Алматы: 1977. 
7.
 
Қожа Ахмет Яссауи. Хикметтер ауд Ә.Жәмішев. -Алматы: 1995. 
8.
 
Баласұғын Ж. Құтты білік. ауд А.Егеубаев. -Алматы: Жазушы. 1986. 
9.
 
Аймауытов Ж. Шығармалары. -Алматы: 1998. 
 
 

 
111 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы , №1, 2009 
 
ПЕДАГОГИКА 
  
 
К.М.БЕРКІМБАЕВ 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
 
Н.И.БАЙТЕРЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ -КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
В 
статье 
рассматриваются 
психолого-педагогические 
аспекты 
использования 
информационных-коммуникационных технологий в учебном процессе. 
  
This  article  deals  with  psychological  and  pedagogical  aspects  of  employment  of  informational  and 
communicational technologies in the teaching process. 
 
Қазіргі  кездегі  қоғамды  ақпараттандырудың  басым  бағытталған 
салаларының  бірі  –  білім  беру  саласы.  Ақпараттық-коммуникациялық  
технологиялар 
ортасын 
пайдалануға 
негізделген 
білім 
беруді 
ақпараттандыру  оқыту  үдерісінің  қарқынын  арттыруға,  дамыта  оқыту 
идеясын іске асыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру әдістері мен формаларын 
жетілдіруге бағытталған.  
Білім  беру  жүйесін  компьютерлендіру  –  оқытудың,  тәрбиелеудің 
психологиялық-педагогикалық  мақсаттарын  іске  асыруға  бағытталған 
әдістемесін 
білім 
беру 
саласында 
ақпараттық-коммуникациялық  
технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз ету үдерісі. Бұл үдеріс келесі 
мәселелерді шешуді қарастырады: 
-коммуникациялық желілердің, ақпараттық-әдістемелік  материалдардың 
ғылыми-педагогикалық 
ақпараттық-автоматтандырылған 
қорлары 
мәліметтерін  пайдалану  негізінде  білім  беру  жүйесін  басқару  механизмін 
жетілдіру; 
-қазіргі  заманғы  ақпараттандырылған  қоғам  шарттарына  сәйкес  оқушы 
тұлғасын  дамыту,  тәрбиелей  оқыту  формаларын  ұйымдастыру  және  оқыту 
әдістері мен мазмұнын сұрыптау арқылы оқыту әдістемесін жетілдіру; 
-оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, өз бетінше білім игеру 
дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 
құру,  оқу-ақпараттық,  тәжірибелік-зерттеушілік  үдерістерді,  ақпараттарды 
өңдеудегі өзіндік әрекеттің әртүрлілігін іске асыру; 
-оқушының  білім  деңгейін  бақылау  және  бақылауға  арналған 
компьютерлік болжау, тестілеудің әдістемесін құру және пайдалану. 
Білім 
беруді 
ақпараттандыру 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар  орталарының  мүмкіндіктерін  іске  асыру  негізінде  дамитын 
оқытушы  мен  оқушы  әрекетінің  интеллектуалдылығын  арттыру  үдерісі 
ретінде  пәндік  аймақтар  мен  қоршаған  ортаның  (әлеуметтік,  экологиялық, 
ақпараттық  және  т.с.с.)  заңдылықтарын  тану  үдерісінің  бірігуі 
тенденцияларын қуаттайды. 

 
112 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Беркімбаев К.М., Байтерекова Н.И. Оқыту үдерісінде ақпараттық -коммуникациялық... 
 
 
Оқыту  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолданудың  психологиялық-педагогикалық  аспектілері  алуан  түрлі, 
солардың  ішінде  дәстүрлі  оқытуды  нығайтатын  келесі  түрлерін  атап  өтуге 
болады. 
1. Ынталық аспект.  Компьютерлермен жұмыс істеу арқылы оқушы кез-
келген  оқу  тапсырмасының  шешімін  табу  үшін  оқытудың  ықпалды 
жүйелерінің  көмегімен  қажетті  ақпаратты  алу  мүмкіндігіне  ие  болады. 
Компьютер  оқу  материалының  мазмұнын  ашу  арқылы  оқушылардың 
ынтасына  әсер  ете  алады.  Бұл  оқушының  оқуға  оң  қарым-қатынасын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
2. Оқу үдерісінің белсенділігін арттыру және тұлғалық ерекшеліктерді 
ескеру.    Оқыту  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануда интерактивті сұхбаттасуды іске асыру, оқу әрекетінің тәртібін өз 
бетінше  таңдау  мүмкіндігін  беру  арқылы  оқыту  үдерісін  жеке  тұлғаға 
бағыттауға  және  саралауға  мүмкіндік  береді.  Компьютердегі  оқушының 
дербес жұмысы бағдарламада қарастырылған тапсырманы оңтайлы шешуіне 
жағдай туғызады. 
3.  Оқыту  ақпаратын  баяндау  мүмкіндігін  кеңейту.  Ақпараттық-
коммуникациялық    технологияларды  пайдалану  мүмкіндіктері  әрекеттің 
нақты  көрінісін  ғана  емес  нақты  жағдайда  байқалмайтын  үдерістерін  де 
көрсету  мүмкіндігін  береді.  Оқушыға  баяндалатын  ақпарат  және  оқу 
мүмкіндіктері  интерактивтік  компьютерлік  жүйелердің  дамуы  негізінде 
тұрақты  кеңеюде:  ақпаратты  беру  (дыбыс,  мәтін,  түс,  көлем,  анимация) 
кешенін  пайдаланатын  мультимедиялық  технологиялар;  оқушының 
танымдық  дамуы  шеңберін,  әлеуметтік  ортаның  шекараларын  кеңейтетін 
телекоммуникациялар; оқытуды танымдық тәжірибе және зерттеу деңгейіне 
дейін көтеретін жасанды интеллект жүйелері. 
4.  Оқу  әрекетінің  әдістері  мен  формаларын  өзгерту.  Анықталған  оқу 
пәндерін  оқытуды  жеңілдетуге,  оқу  әрекеті  мен  ақпараттық  мәдениетті 
қалыптастыруға белгіленген (мәтіндік, графикалық, музыкалық редакторлар, 
электрондық  кестелер  және  т.б.)  объектілі-бағдарланған  бағдарламалық 
жүйелер өз бетінше оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу және демонстрациялау 
қондырғысы  ретіндегі  компьютердің  қызметін  пайдалануды  іске  асырады. 
Сондай-ақ,  оқу  үдерісінде  оқу-ақпараттық,  тәжірибелік-зерттеу  әрекеттерін 
ұйымдастыруға 
мүмкіндік 
беріп, 
ақпараттық-коммуникациялық  
технологиялар  орталарымен  пәндік  және  өз  бетінше  оқу  әрекеттерін 
жүргізуді қамтамасыз етеді.  
5. Оқушының әрекеттерін бақылау. Оқушының компьютермен алғашқы 
таныстығы  оқытудың  дәстүрлі  формасын  қуаттайтын  оқу-ойын,  қарапайым 
компьютерлік  жаттықтырушы,  оқытушы  және  бақылаушы  бағдарламаларда 
жұмыс  істеу  арқылы  басталады.  Бұл  кезде  оқушылар  негізгі 
пайдаланушылық  және  өзіндік  жұмыс  дағдыларын  игеріп,  маңызды  пәндер 
бойынша білім сапаларын арттырады. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Беркімбаев К.М., Байтерекова Н.И. Оқыту үдерісінде ақпараттық -коммуникациялық... 
 

 
113 
 
 
Оқыту  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық    технологияларды 
пайдалану келесі мақсаттарға бағытталады: 
-ақпараттық-коммуникациялық    технологиялардың  мүмкіндіктерін  іске 
асыру  арқылы  оқыту  үдерісінің  ықпалдылығы  мен  сапасының  деңгейін 
көтеру; 
-танымдық 
әрекеттердің 
белсенділігін 
арттыратын 
ынталарды 
қамтамасыз ету; 
-қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық 
байланысты тереңдету. 
Жүргізілген  түрлі  педагогикалық  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерін 
талдау  барысында,  студенттердің  оқу  материалын  игеруінде  пәндік 
аумақтағы  түсініктердің    өзара  ішкі  байланысын  дұрыс  анықтай  алмаумен 
қатар  оларды  сақтау  мен  қабылдаудың  ең  тиімді  тәсілдерін  таңдай 
алмайтындықтары белгілі болуда. Зерттелуге тиісті мұндай мәселелердің бар 
екендігін  қазіргі  заманғы  психологиялық  зерттеулер  де  көрсетуде. 
П.Я.Гальпериннің,  В.К.Шабельниковтың  [1.50]  еңбектерінен    бірінші  және 
екінші дәрежелі материалдарды есте сақтаудың мәселелері, негізгі мазмұнға 
талдау  жасай  алмаудың  әсері  фактілік  білімнің  құлдилауына,  жоғары  оқу 
орынын  бітірушілердің  ақпараттық  мәдениетінің  төмендеуіне  ықпал 
ететіндігі анықталды. 
Жоғарыда  келтірілген  мәселелердің  негізінде  туындайтын  себептердің 
бірі  жоғары  оқу  орны  информатика  курсының  мазмұнындағы  дәстүрлі 
мақсатқа  жеткізетін  студенттің  логикалық-алгоритмдік  ойлау  қабылетінің 
нашар дамуы. 
Психологтардың  айтуынша  бұл  мәселенің  шешілу  жолы  негізгі 
ойлаудың  құрылымдық  ұйымдастырылуында.  Мәселенің  шешілу  жолын 
іздестіру  үдерісінде  адамның  есте  ұзақ  сақталып,  оқу  материалын  толық 
қалпына келтіретін істерді атқаруына байланысты. 
 Түрлі  пәндерді  оқыту  барысында  ақпараттарды  оқытудың  нақты 
мақсатына  тәуелді  ақпаратты  бейнелеу  тәсілдері  қарастырылады.  Маңызды 
ақпараттардың графикалық бейнеленуі ғана емес, адамның сезім мүшелеріне 
әсер  етіле  дыбыстық  сүйемелденуі  мүмкін.  Ақпараттық  әсер  етудің  түрлі 
типтерін  педагогикалық  үдерісте  мақсатты  бекітудегі  ақпараттың  адамға 
әсері психология саласындағы зерттеулер арқылы да белгілі болуда. 
Оқу  үдерісінің  ерекшеліктерін  ескере  келе,  оқытуға  ұсынылатын 
ақпараттар  ағынын  оңтайландырудың  қажеттілігі  туындайтындығын  айтуға 
болады [1.50]. 
Оқыту үдерісінде оқу материалын оңтайландыра ұсынуды ұйымдастыру 
үшін ақпараттарды модельдеудің компьютерлік түрін қолданудың тиімділігі 
күн сайын айқындала түсуде. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет