Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Йылдырым И. «Диуани лұғат-ат түрік» шығармасында кездесетін балалар ойындары 
 

 
266 
 
 
Бұл  баяндамада  «Диуани  лұғат-ат  түрік»  шығармасында  кездесетін 
балалар  ойыны  түрлері  және  осы  ойындардың  қайсысы  бүгінгі  күнімізге 
дейін  жеткенін  айқындауға  тырысамыз.  ХІ  ғасырда  түрік  халқының 
күнделікті  өмірінде,  әрине,  ойын-сауықтардың  орны  ерекше  еді.  «Диуани 
лұғат-ат түрікте» ойын сөзі «жарысу», «көңілді уақыт өткізу» және «спорт» 
секілді  түрлі  мағынада  берілген.  Өкінішке  орай,  шығармада  бұл  ойындар 
жөнінде жеткілікті мәліметтер жоқ.  
Бала  ойындарына  қатысты  келтірілген  сипаттамаға  сәйкес  бұл  күнде 
Қазақстанда,  Түркияда  және  басқа  да  түркі  тілдес  халықтарында  кеңінен 
тараған  асық  ойынынан  бастасам  деймін.  Асық  ойыны  Түркияда  ашык
Азербайжанда  ашығ,  Қазақстанда  асық,  Қырғызстанда  ашык,  Өзбекстанда 
ашык, Түркменстанда ашык деп аталады және әлі күнге дейін ойналады. 
 
Асық ойыны 
Қой,  ешкі,  лақ  және  бұзаудың  тұяқтарынан  шығатын  асықтар  балалар 
үшін  ойын  құралы  болып  табылады.  Асықтар  негізінде  бояумен  боялады. 
Сақалардың  белдері  мыс  сыммен оралып,  ортасы  тесіліп, ауыр  болуы  үшін 
ішіне қорғасын құйылады. «Сақа асығы» деп аталатын үлкен және ауыр асық 
түрлері  ойыншының  ең  таңдаулы  асығы  болып  табылады.  Әрбір 
ойыншының  бір  сақасы  болады.  Көшеде  немесе  үйшіктің  төбесінде 
ойналатын  асық  ойынының  бұл  түрін  тек  ер  балалар  ойнайды.  Бұл  күнде 
Түркияда асық ойындарының ең көп тараған екі түрі бар: 
1) Асық лақтыру. Бұл ойында асық сүйегі қолдың бас, сұқ және ортаншы 
саусақтарымен белгілі бір биіктіктен тегіс жерге тасталынады, яғни иіріледі. 
Асық  жерге  төрт  түрлі  болып  түседі.  Асықтың  жоғары  қараған  беті  қалай 
түссе,  соған  қарай  асықтың  түскеніне  ат  береміз.  Мысалы,  Асықтың  енді 
және шұңқыры бар беті жоғары түссе ач (фик, джук, чиль), асықтың осыған 
қарсы  беті  жоғары  түссе  ток  (төк,  док),  тар  және  түзу,  жіңішке  екі  бетінің 
жаны  біраз  көтеріңкі  ортасы  шұңқыр  беті  жоғары  түссе  бей  (сай,  қазақ, 
каллек, келлек), ал бұған қарама-қарсы беті жоғары түссе кыт (токан, далак, 
ешек, даппан) деп аталады.  
2)  Екінші  ойын  шарты  ұруға  негізделген.  Әрбір  ойыншы  бір-бір 
кішкентай  асығын  жерге  сызылған  тең  қабырғалы  үшбұрыштың  немесе 
шаршының  ішіне  тізіп  қояды.  Сонан  соң  ойыншылар  кезекпен  белгілі 
ұзақтықтан  сызылған  сызықтан  осы  кіші  асықтарды  қолдарындағы  үлкен 
асықтармен  шертіп  ата  бастайды.  Ұрған  кезде  салмақты  болсын  және  дәл 
тисін  деген  мақсатпен  үлкен  асықтың  ішіне  қорғасын  балқытылып 
құйылады.  Дәлдеп  ұрудағы  мақсат,  үшбұрыш  немесе  шаршы  ішіне 
тізбектелген  асықтарды  дәлдеп  ұрып,  сызық  шегінен  шығару.  Сызықтан 
шығарылған  асық  шығарған  ойыншыныкі  болады.  Асықты  атып  шығара 
алмаған ойыншы, ойын кезегін қарсыласына беріп, осылайша сызық ішіндегі 
асық таусылғанша ойын жалғаса береді.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Йылдырым И. «Диуани лұғат-ат түрік» шығармасында кездесетін балалар ойындары 
 
 
Махмұт Қашғаридың еңбегінде дәлелдеген кейбір деректер негізінде бұл 
асық  ойынының  ХІ  ғасырда  да  кең  тарағанын  білуге  болады.  Бұл  дәйектер 

 
267 
 
ойынның  ойналу  тәртібін,  ойын  ережелерін  сипаттауымен  қатар  мысал 
сөйлемдерде келтірілген сөздер арқылы ойынның ойналуы жөнінде мәлімет 
берді. Мысалы: «Ол мениң бирле ашық суртушди»  [12.210], мағынасы «Ол 
маған асықты сүртіп, тоздыруға     көмектесті» секілді мысал  сөйлемде, асық 
ойынында  қолданылатын  сүйекті  қатты  бір  затқа  сүртіп    тоздыруға 
болатынын көреміз.  
Асық ойынымен байланысты тағы бір мәліметті «чик түсу» [11.334] сөзі 
арқылы  берілген.  «Чик  түсу»  дегеніміз  ойын  барысында  асықтың  жанынан 
түсуі, яғни түзу бір жағынан түсуі немесе шалқасынан шұңқыр беті жоғары 
келген  жағдайда  айтылады.  Бұл  күнде  Анадолыда  қолданылатын  «джук 
отурмак»  тіркесі,  осыдан  қалған  болар.  Ойынның  барысында,  асықтың 
шұңқыр  жағы  жерге  қарай,  ал  теріс  жағы  жоғары  келгенде  «бүк»  немесе 
«чик, бөк» [13.130] деп аталған. Әрине сол кезде де асық ойынының  басқа 
түрлері  ойналуы  мүмкін  еді.  Бірақ  «Диуани  лұғат-ат  түрікте»  бұл  жөнінде 
басқа ешбір мәлімет жоқ.  
Түрік  тілінде  асық  сөзіне  байланысты  айтылатын  түрлі  сөз  тіркестері 
бар. Мысалы, Асық ату: асық сүйегімен, ойнау, жарысу, қарсыласу. Асықты 
чик  (бек,  бей,  чифт)  түсіру:  асық  ойынында  сүйекті  керемет  иіру,  яғни 
ауыспалы  мағынада  айтсақ  «барлық  істің  оң  жолымен  жүруін  қамтамасыз 
ету». Онымен асық атылмайды: ол кісімен түсінісу мүмкін емес. 
 
Көчүрме ойыны 
 «Жерге  қорған  секілді  төрт  сызық  сызылады.  Қорған  бойында  он  есік 
жасалынады.  Ойын  жаңғақ  немесе  жаңғақ  секілді  қатты  затпен  ойналады. 
Көчурме  ойынына  қатысты  және  оның  маңыздылығы  жөнінде  жеткілікті 
мәлімет  жоқ  болғанымен,  қазіргі  кезде  Түркияда  көп  ойналатын  «Үш  тас» 
немесе «Тоғыз тас» ойындары осы ойынның өте көне бір түрі болуы мүмкін 
деп  есептейміз.  Үш  тас  ойынын  екі  адам  ойнайды.  Әрбір  ойыншының  үш 
тасы болады. Ең қарапайым және ең ескі ойындардың бірі болып саналады. 
Ойыншының  мақсаты  айқасу  нүктелеріне  орналастырылған  тастармен 
көлденең  тік  немесе  диагональ  бағытта  қатар  қалау.  Ойыншылар  тастарды 
кезекпен және бір-біреуден бос айқасу нүктелеріне орналастырып ойынның 
бастапқы жағдайына қайта  оралады.  Сонан  соң  әрбір  ойыншы кезекпен бір 
тасын  көрші  бір  бос  нүктеге  ауыстырып,  үштік  кезек  жасауға  тырысады. 
Тастармен қатарды алғаш жасаған ойыншы ұтады.  
 
Жаңғақ ойыны 
Атыч  деп  жаңғақпен  ойнау  үшін  аршылған  арнайы  шұңқырды  атаған 
[11.52]. Атычлык болса жаңғақ ойыны үшін аршылған шұңқыр жер [11.151]. 
Шығармада  бұл  ойынға  қатысты  тек  екі  сөз  кездеседі.  Бұл  сөздерден 
ойынның     ережесі     жеткілікті     дәрежеде    сипатталынбайды.     Ойында  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Йылдырым И. «Диуани лұғат-ат түрік» шығармасында кездесетін балалар ойындары 
 
 
жаңғақтың  арнайы  аршылған  шұңқырларға  шоғырлануы,  ойынның  шарты 
деп түсінілуде. Бұл күнде балалардың көп ойнайтын мискет (билье) ойынына 
ұқсайды. 
 
Тепук ойыны 

 
268 
 
«Диуани  лұғат-ат  түрікте»  бұл  сөздің  мағынасы  былайша  берілген. 
Тепукке  қорғасын  балқытылып  құйылады.  Мұның  сыртынан  ешкінің  қылы 
немесе  осы  тектес  бір  зат  оралады.  Балалар  оны  теуіп  ойнайды  [11.386]. 
Қалай  және  кімдермен  ойналатыны  жөнінде  мәлімет  келтірілмеген  бұл 
ойынды  футбол  ойынының  мың  жыл  бұрынғы  түрі  болуы  мүмкін  деп 
тұжырымдаймыз. 
 
Чеңли-меңли ойыны 
Сөздің  арабша  мағынасына  қарай,  бір  тақтай  немесе  осы  тектес  зат 
жіппен  бір  жерге  асылады  және  балалар  оған  мініп  тербеледі.  Бұл 
сипаттамадан кейін әңгіме бұл күндегі әткеншек ойыны жөнінде айтылғанын 
аңғарамыз. Ескі және ұлттық бір ойын болып саналатын әткеншек ойыны тек 
балалар  үшін  емес,  жас  қыздар  үшін  де  сауық  құралы  болып  табылады 
[11.379]. 
 
Мүңүз-мүңүз ойыны 
Бұл  сөз  мүйіз  дегенді  білдіреді  [11.363].  Сақтыққа  негізделе  ойналатын 
бұл  ойынның  ережесі  төмендегідей:  «Балалар  өзеннің  немесе  басқа  бір 
ағынды  судың  жағасына  жиналып  тізерлеп  отырады.  Аяқтарының  арасына 
құм толтырады. Қолдарымен құмды тоқпақтап отырады. Араларынан біреуі 
«мүңүз-мүңүз» дейді. Басқалар: «Не мүңүз?» деп сұрайды. Ойын жүргізуші 
мүйізі  бар  жануарларды  кезекпен  айта  жөнеледі.  Балалар  да  оның  соңынан 
қайталап отырады. Сол кезде ойын жүргізуші       мүйізі жоқ бір жануардың 
атын  атайды.  Балалардың  біреуі  қателесіп,  сол  жануардың  атын  қайталап 
қойса, ойын шартын бұзды деп есептелінеді. Жаза ретінде достары оны суға 
лақтырады». 
Ойын барысында қателеспес үшін балалар мұқият тыңдап отыру қажет. 
Бұл күнде Түркияда «Ұшты, ұшты» деп аталатын ойынға ұқсас келетін бұл 
ойын  түрі,  бәлкім  Түркі  дүниесінің  түрлі  аумақтарында  әлі  де  ойналуы 
мүмкін.   
 
Үтүш ойыны 
«Балалар  шеңбер  құрып  отырады.  Балалардың  біреуі  қасындағылардың 
біреуін    итереді.  Оған  «үтүш-үтүш»  дейді.  Яғни  сен  де  қасыңдағыны  итер 
дегені,  ол  да  солай  жасайды.  Шеңбер  бойымен  соңына  дейін  жалғасады» 
[11.60].  Итерісу  шартынан  тұратын  бұл  ойынға  байланысты  басқа  ешбір 
дерек жоқ. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Йылдырым И. «Диуани лұғат-ат түрік» шығармасында кездесетін балалар ойындары 
 
 
Қорғасын таяқ ойыны 
Бұл  ойынға  қатысты  толық  мәліметтер  берілмеген.  Тек  үлкендер 
арасында  ойналатын    «чевган»  ойынын  таныту  барысында  «челик-чомак 
ойын шарттары да осындай» деген мәліметтер келтірілген. Чевган ойынында 
айыр  таяқпен  допты  ұрып  ойнатылады.  Махмұт  Қашқари  екі  ойын 
арасындағы  ұқсастықтарды  келтіре  отырып  бізге  «челик  чомак»  ойынын 
есімізге түсіруге тырысқан [12.223]. 

 
269 
 
Түркияда бұл ойын екі немесе одан көп ойыншымен ойналады. Қажетті 
құралдар:  әрбір  ойыншыға  ұзындығы  50-60  см  бір-бір  таяқ,  10-15  см 
ұзындығында бір тал бұтағы және орталықты білдіріп тұратын бір тас немесе 
жерге қадайтын қысқа қазық. Бұл орталықтың аты «қорған» деп аталады. 
Осы  орталықтан  қақпашы  таяқпен  шыбықты  қатты  ұрады.  Мұндағы 
мақсат  барынша  ұзаққа  лақтыру.  Басқа  ойыншылар  бұтақтың  жетеді-ау 
деген  жеріне  барып  тұрады.  Жерге  түскен  бұтақты  алып  қолымен  қақпаға 
қарай  лақтырады.  Бұтақты  қақпаға  кіргізе  алса  қақпашының  орнына  өзі 
тұрады.  Қақпашының  бір  жаны  кемиді.  Орталыққа  лақтырылған  бұтақтан 
орталықтағы қақпашы қорғайды. Егер де бұтақты ұрып қақпадан шет кетірсе 
осы қашықтықты таяқ бойымен  бес реттен өлшегенде елуге жетсе бір жан 
ұтады.  Қақпашы  қорғау  кезінде  ұрған  таяғы  10  таяқтың  бойындай 
ұзындықтан  асып  кетсе  тағы  бір  жан  ұтты  деп  есептелінеді.  Қақпашы 
бұтақты лақтырғанда, басқа ойыншы оны жерге түсірмей жоғарыдан қағып 
алса,  қақпашының  бір  жаны  азаяды.  Ал  егерде  жаны  жоқ  болса  қаққан 
ойыншы қақпаға тұрады. 
 «Диуани  лұғат-ат  түрікте»  бұл  ойындардан  басқа  толық  мағлұмат 
келтірілмеген ойын түрлері де кездеседі. Мысалы: 
Карагуны: Кешке жақын ойналатын ойын түрі [12.243]. 
Бебек ойыны
 Қызбаланың адам қылып жасап ойнайтын бөбектерге 
«кузурчук» деп аталады [11.503]. 
Бүзүшмек:  «Диуани  лұғат-ат  түрікте»  кездесетін  «оғлан  бүзүштү»  деп 
кездесетін  сөз  тіркесінен  «Балалар  ойында  жарысты»  деп  түсіндіріледі 
[12.193].  Бұл  сипаттамадан  ұлттық  ойындардың  көбінесе  балалар  арасында 
кеңінен тарап ойналған деп тұжырымдаймыз. 
Балалар  айнымай  қайталау  және  ұмытпау  сияқты  қасиеттерге  ие 
болғандықтан  ойындар  ғасырлар  бойы  бұзылмай  өз  қалпында  сақталып 
келген.  Анадолының  таулы-қырлы  жерлеріндегі  барлық  ойындардың  тең 
жартысы  балалар  және  жеткіншектер  тарапынан  ойналады  [14.45].  Сол 
себептен  балалар  ойыны  аралары  алыстап  кеткен  кейбір  қоғамдардың 
мәдени  бірлестік  құруына  да  көпір  болады.  «Құрал  және  кимдеріне  шейін 
наным-сенім және әдет-ғұрыптардан дәстүрлі ойындар түрік халқының салт-
дәстүрін  көрсетеді.  Бұл  ойындар  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  жалғасын  тапқан 
еліміздің спорттық фольклорлық құндылықтар болып табылады» [10.242]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Йылдырым И. «Диуани лұғат-ат түрік» шығармасында кездесетін балалар ойындары 
 
 
 «Диуани  лұғат-ат  түрікте»  кездесетін  балалар  ойын  түрлері  осы.  Бұл 
ойындар қай түрік елінде қалай ойналатыны зерттелуі қажет тақырыптардың 
бірі.  Алдымен  жағдайды  анықтау  қажет.  Сонан  соң  халықаралық  деңгейде 
комиссия  тарапынан  түрік  балалар  ойыны  олимпиадасы  ұйымдастырылуы 
қажет.  Және  де  бұл  ойындар  түркі  мемлекеттерінің  оқу  үрдісіне  енгізілу 
қажет. Белгілі уақыт аралығында топ болып ойналуы қажет. Әсіресе жаңғақ, 
асық,  көчурме  сияқты  қарсыласа  ойналатын  ойындар  жарысу  үшін  өте 
қолайлы.  Технологиялық  дамудың  және  компьютерлік  ойындардың 
келтіретін қауіптерінен сақтандыратын осы дәстүрлі түрік балалар ойындары 
Түркі дүниесі қоғамдастығының құрылуы үшін үлкен орын алады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 

 
270 
 
 
1.
 
Махмұт Қашқари. «Диуани лұғат-ат түрік», І және ІІ том (1917), ІІІ том (1919) Ыстанбұл. 
2.
 
Atalay, Besim,1939-1941, “Divanü Lügat’it-Türk Tercümesi”, Ankara Türk Dil Kurumu Yayınları.  
3.
 
Махмұт Қашқари. «Түрки диллер диваны», аударған С.М.Мутталибов. 
4.
 
Махмұт Қашқари. «Түркий сөзлер диваны», ІІІ-том, Үрімші 1981, 1981-1984. 
5.
 
Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі, үш томдық, Асқар Құрмашұлы Егеубаев, Алматы 1997-1998. 
6.
 
Carl Brockelmann Mittelturkisgher Woortschazt nach Mahmut al-Kasgaris Divan lugat at-turk Bibliotheca 
Orientalis Hungarica 1. Budapest-Leibzig, 1928. 
7.
 
Drevnetyurkskiy Slovar Leningrad Izdatelstvo «NAUKA», 1969. 
8.
 
Robert  Dankoff-James  Kelly  Mahmud al-Kashgari,  Compendium of the  Turkic  Dialects  (Diwan  Lugat  at-
Turk), Part ІІІ, Harward 1982-1985. 
9.
 
Sertkaya,  (1999).  K.Mahmut  Hakkında  Yeni  Bilgiler.  Divanü  Lugat’it-Türk  Bilgi  Şöleni  Bildirileri  7-8 
Mayıs 1999-Ankara, Bildiriler (s. 143-144) Türk Dil Kurumu Yayınları. 
10.
 
İşler,  H.  –  Hergüner  G.  (1999)  Türk  Sosyal  Hayatında  Sporun  Yeri  ve  Geleneksel  Türk  Sporları.  Türk 
Kültürü, 432, s. 249. 
11.
 
Atalay, Besim (1992) Divanü Lügat’it-Türk Tercümesi», 1. Cilt , Аnkara Türk Dil Kurumu Yayınları. 
12.
 
Atalay, Besim (1992) Divanü Lügat’it-Türk Tercümesi», 2. Cilt , Аnkara Türk Dil Kurumu Yayınları. 
13.
 
Atalay, Besim (1992) Divanü Lügat’it-Türk Tercümesi», 3. Cilt , Аnkara Türk Dil Kurumu Yayınları. 
14.
 
Аnd, Metin (1979) Çocuk Oyunlarının Kültürümüzdeki Yeri, Ulusal Kültür Dergisi, sayı 4, 45-46. 
15.
 
Demircioğlu (1934) Anadoluda Eski Çocuk Oyunları, İstanbul,  s. 23-24. 

 
271 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ғ.Ш.БИТҰРСЫН  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН  
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ СӨЙЛЕУ 
МӘДЕНИЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
В  статье  рассматривается  формирование  культуры  профессионального  общения  юристов  с 
использованием элементов традиционной правовой культуры. 
 
The  author  of  this  article  presents  the  ways  of  culture  formation  of  professional  communication  of 
lawyers with employment of elements of traditional legal culture. 
 
Егемендік  алып  еңсемізді  көтеріп,  тәуелсіздігімізді  тарих  талқысына 
түсірген  аз  ғана  жылдың  ішінде  демократиялық  құқықтық  мемлекет 
құрудамыз.  Демократиялық  құқықтық  мемлекетте  құқықтық  мәдениеттің 
алар  орны  ерекше.  Демократиялық  қоғамдағы  құқықтық  мәдениет  – 
қоғамдағы  барлық  азаматтардың  мәдени  сөйлеу  құралының  жиынтығы. 
Азаматтардың  кәсіби  сөйлеу  мәдениеті  құқықтық  мемлекеттегі  құқықтық 
мәдениет  элементтерінің  көрінісін  айғақтайды.  Демократиялық  құқықтық 
мемлекет  деп  танылу  үшін  қоғамда  құқықтық  мәдениет  толыққанды 
қалыптасуға  тиіс.  Құқықтық  мәдениет  қалыптасу  үшін  қоғамдағы  жалпы 
азаматтардың,  оның  ішінде  заңгерлердің  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру 
қажет.  Қазақ  қоғамынан  біздің  заманымызға  дейін,  яғни  тәуелсіздік  алып 
демократиялық  құқықтық  мемлекет  құрғанға  дейін  құқықтық  мәдениеттің 
элементтерін  көре  аламыз.  Құқықтық  мәдениеттің  элементі  ретінде 
халықтың  құқықтық  санасы  қалыптасқан.  Қазақ  қоғамындағы  қалыптасқан 
құқықтық  мәдениет  пен  құқықтық  сана  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  мен 
әдет-ғұрпынан  бастау  алады.  «Әдепті  бала  арлы  бала,  әдепсіз  бала  сорлы 
бала»,  «Сыпайы  сөйлегеннің  сыйы  басым»,  «Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет», 
«Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  інінен  шығады»,  «Аурудың  халін  сұрау 
имандылық, имандылық белгісі - тазалық» деген халық нақылдарынан қазақ 
халқының  баланы  жастайынан  әдептілікке,  сыпайылыққа,  үлкенге  құрмет 
көрсетуге  және  имандылыққа  баулып,  мәдениеттің  мәнді  элементтерін 
бойына  сіңіріп  қалыптастыра  білгенін  байқаймыз.  Осындай  салт-дәстүрге, 
әдет-ғұрыпқа  негізделген  қазақ  халқының  мәдениеті  өзінің  ана  тілінен  нәр 
алады.  Осы  орайда  Ғ.Мүсірепов:  «Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының 
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» – деп тегіннен тегін айтпаса керек. 
Бүгінгі  таңда  ата-бабаларымыздың  санғасырлық  қалыптасқан  құқықтық 
мәдениетін жаңа заман талабына сай жаңғыртып, жүйелеп, мәдениеттің төл 
тарихы ана тілімізде болашақ заңгерлердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жас 
мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.  
Болашақ заңгерлердің құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, сөйлеу 
мәдениетін қалай жетілдіруге болады? 
Біздің  әлемдік  рейтинг  кестесінің  жоғары  бөлігіне  іліккен  елдер 
тобының   ішінен   орын   алуымызға   мүмкіндік   беретін   басты    негіздер  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Битұрсын Ғ.Ш. Дәстүрлі құқықтық мәдениет элементтерін пайдалана отырып, заңгерлердің... 
 
 

 
272 
 
мыналар  деп  бастаған  2006  жылғы  7  басымдықтан  тұратын  Қазақстан 
халқына  Жолдауында,  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Төртіншіден  –  біз 
дәйекті  түрде  саяси  тежемелік  пен  тепе-теңдіктің  үйлестірілген  жүйесіне 
негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз..., алтыншыдан 
–  біз  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап, 
түлете  береміз.  Сонымен  қатар  ұлтаралық  және  мәдениетаралық  келісімді, 
біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері  дамуын  қамтамасыз  етеміз»  [1.4]  – 
деген болатын. 
Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары, 
әдет-ғұрыптары,  салт-дәстүрлері,  рәсімдері  мен  рәміздері  және  жөн-
жоралғылары  құқықтық  заң,  бұлжымайтын  ереже  ретінде  өмірлік 
қолданысқа  айналған.  Халықтың  ізгі  әдеттері  құқықтық  әдеп  болып 
қалыптасып,  ол  құқықтық  заңдылыққа,  дәстүрге,  санаға  сіңіп,  салтқа 
айналған.  Ұлттық  салт-сана  мен  дәстүрлер  құқықтық  нормалар  арқылы 
әлеуметтік әдеп – яғни құқықтық мәдениет болып қалыптасқан.  
Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  құқықтық  мәдениетін 
Т.М.Күлтелеев:  «Қазақ  әдет-ғұрып  хұқы,  басқа  халықтардың  әдет-ғұрып 
хұқы  сияқты  заң  күшіне  енген  әдет-ғұрыптар  жиынтығы»,  [2.86]  –  деп 
жазса,  академик  С.З.Зиманов:  «Әдет-ғұрып  нормаларының  күші  оның 
міндетті  түрде  сыртқы  күштердің  әсерінсіз  орындалуында.  Осының 
салдарынан  әдет-ғұрыпта  инерция  әсерінің  күші  бар,  ал  басқа  тәртіптік 
қағидаларда  олар  болуы  мүмкін  емес.  Қоғам  мүшелерінің  психологиясына 
орнығып  алған  әдет-ғұрыптар  одан  да  үлкен  қиындықтармен,  сыртқы 
факторлармен,  қызықтырушылық  әсерімен  шығарылады»,  [3.12]  –  деп 
анықтама берген.  
Құқықтық  мәдениеті  қалыптасқан  қазақ  халқының  әдет-ғұрып 
нормалары мен салт-дәстүр қағидаларын Ресей өкіметі өз мүддесі көлемінде 
пайдалануға  тырысты.  Ресей  өкіметі  қазақ  даласына  жаңа  саяси  реформа 
жасай  отырып,  әдет-ғұрып  құқығы  нормаларын  бірте-бірте  ығыстырып, 
босаған  аумақты  өз  заңдарымен  толықтырып,  әдет-ғұрып  нормаларына 
шектеулер қойып, бақылауға алып, барынша өз әмірін жүргізуге талпынды. 
Ресей  өкіметінің  қазақ  әдет-ғұрып  құқығы  нормаларын  жинап,  жүйелеп, 
құрастырудағы мақсаты мыналар еді: 
біріншіден  -  көшпелілердің  әдеттік  заңдарын  танып-білу,  сол  арқылы 
сахара тұрғындарының құқықтық өміріне үңілу; 
екіншіден  -  әдет-ғұрып  заңдарын  Ресей  заңдарымен  салыстыра  қарап, 
олардың  империя    мүддесіне,  саясатына  және  нормаларына  қарсы 
келетіндерін шектеп жою, алшақ жататындарын сәйкестендіру, үйлестіру; 
үшіншіден  –  дала  халқының  бүкіл  құқықтық  өмірі  патша әкімшілігінің 
көз алдында және толық бақылауында әрі басқаруында болуын қамтамасыз 
ету,  оның  көзден  таса  қалар  және  бақылаудан  шығып  кетер  бірде-бір 
бөлігінің болмауына жағдай жасау; 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Битұрсын Ғ.Ш. Дәстүрлі құқықтық мәдениет элементтерін пайдалана отырып, заңгерлердің... 
 
 
төртіншіден  –  қолайлы  жағдай  туып,  реті  келген  сәттерде,  не  аса  бір 
қажеттілік  орнаған  мезгілде  қазақтардың  құқықтық  өмірін  бөлшектей,  ал 
сәті  түссе  түгелдей  реформалап,  қазақ  халқының  құқықтық  өмірін  Ресей 

 
273 
 
империясының  құқықтық  жүйесінің  толық  бағынышты  бір  бөлшегіне, 
құрамдас  бөлігіне  айналдыру  еді.  Осы  орайда  Ресей  империясының 
реформалау  саясатын  З.Ж.Кенжалиев  өзінің  «Көшпелі  қазақ  қоғамындағы 
дәстүрлі  құқықтық  мәдениет»  атты  докторлық  ғылыми  диссертациясында: 
«Бірінші  кезең  –  Қазақстанның  Ресей  империясының  қол  астына  ене 
бастағаннан  қазақ  хандықтарының  жойылуы  кезеңі,  яғни  ХVІІІ  ғасырдың 
30-шы  жылдарынан  ХІХ  ғасырдың  20-шы  жылдары  аралығына  дейін 
созылады, екінші кезең - ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан осы ғасырдың 
67-68  жылдарына  дейін,  үшінші  кезең  -  ХІХ  ғасырдың  67-68  жылдарынан 
ХХ  ғасырдың  1917  жылдарына  дейінгі  аралықты  қамтиды»,  [4.188]  –  деп               
3  кезеңге  бөліп  зерттей  келе,  бұл  кезеңде  қазақ  халқының  ұлттық 
мемлекеттілігі  жойылып,  Қазақстан  территориясы  Ресейдің  ішкі 
колониясына айналғандығын алға тартса, «В период с 60-х годов ХІХв. до 
1917  г.  была  ликвидирована  казахская  государственность  в  жузах  и  земли 
казахов стали неотьемлемой территорией Российской империй. В это время 
уже не было никаких протекторантно-вассалитетных отношений-Казахстан 
полностью  превращался  в  колонию  Российской  империи»,  [5.17]  –  дейді 
М.А.Сарсенбаев. Ресей империясының басты мақсаты – қазақ халқының сан 
ғасырлық  қалыптасқан  құқықтық  мәдениетінің  элементтерін  бірте-бірте 
ұмыттырып,  оларды  өз  тілінде  саналы  сөйлеу  мәдениетінен  айыруды 
көздеген. Бірақ қазақ қоғамындағы еліміздің елдігін білдіретін ұлттық әдет-
ғұрып  нормалары,   салт-дәстүрлік қағидалар мен құқықтық сана жоғалды 
ма? Ресей өкіметінің реформалау саясаты толық жүзеге асты ма?  Жоқ, қазақ 
қоғамында  әдет-ғұрып  нормалары  сақталды.  Қазақ  халқы  Ресей  өкіметі 
саясаты  тұншықтырған  тауқыметке  қарсы  тұра  ұлтымыздың  құқықтық 
мәдениетін қалыптастыра білді. Бүгінгі таңда егемендік алғанымызға аз ғана 
уақыттың ішінде құқықтық мемлекет құра білуіміз соның айғағы.   
Қазақ қоғамында құқықтық өмір арнасы түптеп келгенде ауызша сөйлеу 
мәдениетіне  негізделіп  қалыптасқан.  Сөз  өнері  құқықтық  жүйенің  негізгі 
рухани  тіректерінің  бірі,  мәйегі  әрі  құралы  болды.  Құқықтық  болмыс  сөз 
өнерінің  шуағы  мен  қуаты  аумағында  боп,  соның  нұрынан  суарылып, 
толып-толысып  отырды.  Сөз  өнері  (шешендік  өнер)  көшпелілердің  сот 
мәдениетінің  негізгі  тірегі  құралы  болды.  Қазақ  қоғамындағы  сот 
мәдениетінің  қоғамдағы  ролі  қомақты  еді.  Сот  мәдениеті  қазақ  халқының 
рухани  өмірінің  мейлінше  дами  алған  салаларының  бірі  болды.  Сот 
мәдениеті  «Ақсақалдар  алқасы»,  «Билер  кеңесі»,  «Билер  соты» 
мәжілістерінде  дамып  отырды.  Қазақ  билері  шешендік  өнерді  мейлінше 
меңгеріп, сотта кәсіби сөйлеу мәдениетін шырқау шегіне шығарған.  

 
274 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет