А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ж.ҚОЖАБАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
В этой статье говорится о значимости использования народных традиций в воспитательном
процессе будущего поколения.
This article is about the importance of employment of national traditions in the educational process of
future generation.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің
өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол
жеткізген соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен
бірге келген игілікті іс екендігі белгілі. Кез келген адам баласының өмірі,
тіршілік әрекеті оның туған-туысқандарымен, ата-анасымен, жора-
жолдасымен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік
ортасымен, ғасыр уақытымен байланысты болады.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан
тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы алдында, келер ұрпақты заман
талабына сай интелектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен
ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті тұр.
Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өз талғам-танымына лайық дәстүрі,
салты болады. Дегенмен қаншама уақыт өтсе де ата тегі дәстүрді сақтап
қалған жөн. Өйткені сол арқылы ғана біз өз тарихымызды біле аламыз.
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға, анадан қызға ауысатын
тарихи-әлеуметтік, қоғамдық тәжірибелік дәстүр сабақтастығы болмаса,
адамзаттың алға жылжу өрісі де болмас.
Халықтық салт-дәстүрлердің маңызы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз
үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты
дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-
борышымыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында,
қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын
сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің
құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасында бейбітшілік үшін
достықты нығайтуға бағыт беруді талмай еңбек етуді қажет санайды.
Дана халқымыздың бала тәрбиесі оның анасының бойына бітуімен
басталады деген көрегендігі бар. Көреген аналарымыз бала бойына
біткеннен бастап, олардың мінез-қүлқының ерекшеліктерін, болашағын
болжай білген көрінеді. Қазақ халқы балаға деген қамқорлықты өте ерте, ана
құрсағында жатқанда бастаған, оның аман-сау өсуіне тілектестік және іс-
әрекеттер ерекше болған. Оған дәлел құрсақ тәрбиесі: әйел екіқабат
болысымен оған ерекше қамқорлық жасау (оның сүйген «жерік асын»,
қайдан болса да тауып беру, аяғы ауыр әйелге ауыр жүк көтертпеу, оның
көңіл-күйін жоғары ұстау, түрлі тұрмыстық әдет-ғұрыптарды жасау т.б.).
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Қожабаева Ж. Болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде салт-дәстүрлерді пайдаланудың маңызы
289
Осылайша қамқорлық жасағаннан бала құрсақта өте жақсы өсетіні,
уақытысымен дүниеге келетінін халықтық медицинамыз жақсы білген.
Құрсақта жақсы тәрбие алған бала кейін ақылды, сұлу, сымбатты, жақсы ер
азамат болып өседі.
«Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге» деп қараған халқымыздың ұл
баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу
әжелер мен аналардың міндеті болып саналған.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн
туған» деп, оны ерекше бақыт санаған. Оның себебі қазаққа отбасының жалғасы,
шаңырақтың иесі ұл бала болып есептеледі. Ата-бабаларымыз ұл бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, оны өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ,
жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі, бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат
еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар
сіңірген. Ер баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін
мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден
түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға баулыған. Әсіресе әкелері мен
аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Ежелгі ата-бабаларымыз «Жігітке жетпіс өнер аз», «Өнерді үйрен де жирен»,
«Өнерлі өлмейді» деп насихаттай отырып, қол өнері мен шешендік, тапқырлы
ақындық өнерді тең санаған.
Өнегелі, өнерлі, «сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу
аталар арманы болған. Қазақ халқының асқақ адамгершілік мұраттарына иек
артқан ұрпақ тәлім-тәрбиесі мен ұлт-өнегесінің ең шыңы – ер жігіттің жеке
басының ар-жаны таза болуы.
Осы талаптарды бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де
зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі – халқы
сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық.
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін, әдептілікке
тәрбиелеуді ең алдымен қыздың тәрбиесінен бастаған. Өйткені бүгінгі
бармақтай бала ертең бойжетеді, бірсігүні ана болады. Бұрынғы қазақ аналары
«қызым әдепті болсын» деп, оларды адамгершілікке, адалдыққа, шынайы
ғашықтыққа, арлылыққа тәрбиелеген. Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең
құдреттісінің бірі – мінез-қүлық. Ата-анасы баласын биязылыққа, нәзіктікке баса
тәрбиелеген. Қазақ қызының сөйлеуінде де, күлуінде де, еркелеунде де, тіпті
ренжуінде де, ас ішіп, ас әперуінде де,
отырысында да сұлулық пен әсемдік
болған. Бұны қызға үйрететін алдымен ана, онан соң ауыл-аймақ, қалыптасқан
салт-сана. Бұрынғы қыздар көптің көзінше күлуді, көсемсіп сөйлеуді, алда
жүруді, қомағайлықты жұрт көзіне көрсетпеген. Бұның бәрі болашақтағы
келіннің, келешектегі ананың алдын ашу.
Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті, қажетсінетін үй
ішіндегі еңбекке, көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды-
бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі
отбасы ұйытқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ер ардағы ақылман әже.
Олай болса, халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат – имандылық,
инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, биязылық, мейрімділік.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Қожабаева Ж. Болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде салт-дәстүрлерді пайдаланудың маңызы
290
«Қызға қырық үйден тыю, қала берді күннен де тыю» дейді халқымыз. Бұл
да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, өмірге бейімділігі, әдептілігі, сезімтал
да саналылығы биік болсын деген ойдан туған.
Болашақ ана ретінде қадірлеп, «Ер адамның алдында ашылатын есігі
болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын» деп зор міндет
жүктейді.
Қазақтың халықтық педагогикасының негізгі көзі-халқымыздың салт-
дәстүрлері. Өйткені олар – халық мәдениетінің басты саласы. Халықтық салт-
дәстүрлерде тәрбиенің басты факторлары: табиғат, еңбек, тұрмыс-тіршілік, әдет-
ғұрып, өнер, дін, үлгі, қарым-қатынас, іс-әрекет, анық көрініс береді. Сондықтан
ұлттық тәрбие беруде халықтың салт-дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде
мектепке пайдалану маңызды мәселе.
Ұлттық салт-дәстүрлерді қалыптастыру үшін оны әдетке айналдыру керек.
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру. Ал ұлттық дүниетаным ана тілі, ата тарихы, төл мәдениетіміз
және ұлттық салт-дәстүрлеріміз арқылы ғана қалыптасады. Сондықтан ұлттық
дүниетанымның осы негіздерін оқып үйренуді басты мәселе етіп қою керек.
«Қазіргі қазақ қоғамында қыйғылы қасіреттер: тастанды жетім балалар,
отбасын құрмағандар және ажырасқан жастар, қарттар үйлеріндегі көздерінен
қанды жас ағып отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған
жастар, қаулаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық, мектептердегі оқу-тәрбие
жұмысының нашарлауы, көргенсіз қыздар мен ұлдар, ата-ананы құрметтемеу,
ата-ананың бала тәрбиесімен айналыспауы, өз тілін, тарихын, әдебиетін,
мәдениетін, салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы,
экономиканың құлдырауы, жұмыссыздық, табиғат жағдайының нашарлауы т.б.
ұлттық тәрбиенің болмауынан пайда болған құбылыстар деп санаймыз. Егер
қазақ халқы отбасында және мектепте ұлттық тәрбие алған болса, бұл қайғылы
қасіреттер болмас еді. Ендігі мақсат еліміздегі тәрбиенің негізі ұлттық тәрбие
болу тиіс. Сонда ғана жоғарыда аталған қүбылыстарды болдырмауға және одан
құтылуға болады» деген Қ.Бөлеевтің пікіріне толық қосылуға болады.
Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра
болып, өмір сынынан екшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерді сақтағанымыз жөн. Дәстүрдің заман талабына сай келетін озығы да,
бүгінгі өмір талабына сай келмейтін тозығы да бар.
Жастарды халықтық салт-дәстүрдің озығымен үйретіп, тозығынан
жирендіру – бала тәрбиелеуші қауымының борышы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әбілова З.Ә. Этнопедагогика. -Алматы: 1997. Қаз.Мем.ҒАҒЗИ баспаханасы
2.
Әлімбекова Г. Салт-дәстүрмен байланыстыра //Қазақстан мектебі. 2004. №4.
3.
Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. -Алматы: Нұрлы Әлем,
2004.
4.
Ищанова Г. Ата дәстүр салтымыз //Бастауыш мектеп. 2002. №11 .
5.
Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. -Астана: Фолиант, 2007.
6.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы: Білім, 2001.
291
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
ӨНЕРТАНУ
Қ.БЕКБОСЫН
ҚР халық әртісі
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры
КЕНЕН МЕН ШӘРИПА ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ
Учитывая особенности казахского песенного искусства, статья раскрывает историю создания
произведений видного представителя, основателя, композитора, акына и исполнителя школы песенного
искусства Жетысу К. Азербаева.
Taking into account the peculiarities of Kazakh vocal art the article reveals the history of creation of works
of K. Azerbaev - the prominent representative, the founder, the composer, the akyn and the singer of the school of
vocal art in Zhetyssu.
Кенен Әзірбаев XVII-XVIII ғасырларда өткен сал-серілердің XX ғасырда бізге
жеткен көзі тірі үлгісі болды. Оған дәлел Кенен Әзірбаевтің ақын, композитор,
орындаушылық өнердің барлығын өз басына топтастыруында. Кененнің
шығармалары өзі өмір сүрген феодалдық, социалистік өмірдің талабына сай әр түрлі
тақырыпты қамтиды және сол шығармалардың өзіндік тарихы ел аузында айтылуда.
Менің мақсатым кейінгі ұлттың ән орындаушы жастарға, жалпы тыңдарман,
көрермен халыққа жазып жеткізу. Әннің шығу тарихын білу тыңдаушыға да,
орындаушыға да әсерін тигізетінін біле отырып, Кененнің өз өмірімен тікелей
байланысты тарихи әндері «Базар-Назар», «Қойшы зары», «Көкшолақ», «Келінжан»,
«Бұлбұлға» «Шарипа мен Кененнің айтысы» – шығармаларын көрсете отырып
соңғысының ел аузында жүрген тарихын суреттеп оқырманға жеткізу.
Жаздың жадыраған шағында күн екінтіге еңкейіп, ыстығы қайтып, батар күннің
нұры жермен шағылысқан, табиғаттың жанға рахат сезім сыйлайтын, күндізгі
шаршауды ұмыттырып көңілге серпіліс беретін, жайлаудың бай табиғатының
құшағында, астында көк шолақ аты, үстінде жыртық қоңыр тоны бар, мұрты жаңа
тебінде өскен бозбала Кенен қойын өрістен қайтарып тау етегінен төмен түсіп,
ыңылдап әндетіп қаннен қаперсіз, күндегі әдетімен алдындағы отарын өзеннен
суарып, қорасына айдап апару мақсатында келе жатқан беті еді. Көңілін төмен жақта
қара жолды шаңдатқан, сәнді киінген, астарында жарамды сұлу ат мінген, он-он бес
шақты қыз келіншектің сыңғырлаған күлкісімен, оларды жанай шауып абалап үрген
иттердің дыбысына құлақ түріп, көзін тігіп қараса, төмендегі ауыл тұсынан өтіп бара
жатқан топ қыз көзіне жылышырай берді. Жастықтың желігі билеген, көкірегінде
ақындықтың шоғы тұтана бастаған Кенен астындағы көкшолақ атының саурына
қамшы басып, бір топ қыз-келіншектің алдынан көлденеңдеп шығуына мәжбүр етті.
Алдарынан арық арбиған көк шолақ аты, үстінде қоңыр тоны, тізесі көрінген
жыртық тері шалбарлы адам шыға келгенде жер астынан шыққан албастыдай көріп
таңырқасып, күлкісін тиып таңырқай қарап, артынша Кененді айнала қоршап, әжуә
сөз айтып, күлкі ете бастайды. Қыздардың сыңғырлаған күлкісін естіген, өрістен
мал қайтарған
бозбалалар да қастарына жинала бастайды.
Байбалақ деген байдың Шарипа деген қызы жеңгелерінің қошаметтеуімен,
өзінің маңындағы дос құрбыларымен көрші ауылдың тойына кетіп бара жатқан беті
екен. Манадан бері өзін кекетіп, мазақ еткен қыздардың сөзі шамбайына батып
тұрған Кенен өзі сияқты қойшы жігіттер жиналған соң қыздардан, әсіресе
Шәрипадан өшін алу мақсатында өлеңді бастап жіберді.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Бекбосын Қ. Кенен мен Шәрипа қыздың айтысы
292
Кененнің естуінше Шәрипа әлі күйеуге шыға алмаған кәрі қыз. Осы жайды
бетіне басып шолжаңдаған, Байбалақтың тәкәппар қызын бір тықсыртайын деп
ойлап сөз бастады.
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар тойшынбай өлеңіңді айт,
Қасыңа құрбың келді құдашалап еді, – дейді.
Жыртық тонды, жарбиған кедейдің «құрбы» деп өзіне тең санап сөйлегені
ашуына тиген Шәрипа былай дейді:
Қоңыр тоның үстіңде жалаң аяқ,
Құртқан екен құдайың аямай-ақ.
Құл-құтанның өзінің тең тұсы бар,
Қойыңды жөндеп бақсаңшы сандалмай-ақ – дегенде, өзін кемсітіп айтқан
Шарипаның сөзі Кененді табаны от басқандай ыза жігерін қоздырды да былай деді.
Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Шарипа өлеңіңді жөнімен айт,
Мен қойшы сендей қызды ептей жүрген, – деп Қыздың кәрілігін айтып,
ешкімге жарамсызсың дейді
Шәрипа айтады:
Қорадағы ешкімнің бәрі жағал,
Әріптесім сен болсаң әдіре қал.
Сары майдан дәметкен кеудең құрысын,
Жел жағымды сасытпай әрі жоғал.
Кененнің жауабы:
Шәрипа сенің әкең Байбалақты,
Жиырма беске келгенше қайда бақты.
Томпайған төсіңдегі екі емшекті,
Мыжғылап мендей қойшы аймалапты – деп қыздың біреулермен көңіл
қосып, бетінің ашылып қалғанын жария етеді. Амалы таусылған Шәрипа дөрекі
сөйлейді.
Өйт-пүйтпесем бишара, өйт пүйтпесем,
Үстіңдегі тоныңмен отқа үйітпесем.
Жапалақша жарбаңдап қалмай қойдың,
Ит аяққа ас құйып көйт-көйт десем.
Құланның қасынуына мылтықтың басылуы дегендей Шәрипаның ызамен,
Кененді итке теңеп кекетіп мұқатам деген сөзі өзіне қарсы атылған оқ болып тиді.
Шәрипа, сен олай деп кесірленбе,
Мен тұлпар қыза берем көсілгенде.
Адамды итке теңеп шақырасың,
Әкеңді шешең солай өсіргенбе, – деп от-басың шыққан жерің түгелімен
әдепсіз, тәрбие көрсеткен ата-анаң да солай екен деп Шәрипаның тілін байлады.
Сонымен
ұзын
жолдың
бойында,
екі
кештің
арасында
Кенен
шығармашылығынан үлкен орын алған, алық арасына кең тараған Шарипа мен
Кенен айтысы атты шығарма өмірге келді.
293
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
С.Е.ЕЛЕУОВ
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты,
ҚР Мәдениет қайраткері
ҚАЗАҚСТАН МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘНІ
В статье рассматриваются становление и развитие национальной казахской музыкальной
культуры и народных песен.
This article deals with formation and development of national Kazakh music culture and folk-songs.
Қазақстан халықтық музыка өнері саласында өзінше ерекше, мол тарихы
бар бір жанр, ол – ән. Көркем де келісті, шымыр да шыншыл, бүкіл
болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері халықтың ұлттық дәстүр
сипатын айқын аңғартатын үлкен фактор болып табылады. Ән табиғатынан
халық тарихымен бірге туып, етені өскен өнер қырын, сол өнердің ел
өмірінен еншілістігін, үндестігін көреміз.
Әр бір ұлттың өзінше өмір сүру ерекшелігі, тұрмыс-салты, әдет-
ғұрыптық өзгешілігі, психикалық-мінездік қасиеттері, түсінік-пайымдары
оның өнер өрісіне үлкен әсер ететіне белгілі. Музыка өнеріндегі бұл
құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада, әр түрлі бояуда паш етеді.
Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір
ыждағаттықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген
жаңалықтармен
сабақтастыра
отырып
байытады.
Қазақ
музыка
творчествосының байырғы негізгі түрлері халық әндері, эпостық шығарма,
аспаптық музыка болды. Ән-күйді қазақтың халық творчествосының шыңы
деуге болады. Оның тамаша үлгілері мен қатар, көрнекті халық
композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық музыканың
негізін қалады. Ал халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан фольклорлық
мұрасы қазіргі профессионалдық музыканың бұрын-соңғы халқымызда
белгісіз жанрлық түрлерін, орындаушы коллективтер, вокальдық әншілік
мектеп, хор айту мәдениетін, музыкатану саласын қалыптастырды. Ұлттық
табиғи дәстүр дамуынан тыс пайда болған бұл салалардың халық мұрасынан
нәр алып қалыптасып дамуын біз төменде ән, ұлттық ән дәстүрі, ән өнерінің
жаңалық ерекшеліктері деп қарастырамыз.
Солардың бірі – вокальдық өнер яғни ән салу. Халқымыздың дәстүрі
бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелдеусіз жеке де немесе
бірнеше кісі қосылып та орындаған.
Әсіресе, жеке ән салу мейлінше мол тараған. Халқымыздың әншілік
мәнері жеңіл де әдемі, қоңыр да шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы
ашық сазды үнімен айрықшаланады, әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі
түрде үйреніп қабылдаған. Бір ұлттық ән салу негізгі бір ерекшелік болып
табылады. Жиырмасыншы, отызыншы жылдар аралығында қазақтың
байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар
кіре бастады. Ән тұңғыш рет фортепиано, симфониялық оркестр, басқа да
түрлі аспаптар сүйемелдеумен айтылатын болды.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Елеуов С.Е. Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні
294
Қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан ұлттық вокалдық әншілік мектеп
бар. Белгілі музыкалық оқу орнынан ән жөнінен тиісті білім алған вокалдық
әнші,
орындаушы
мамандар
қатары
көбейіп
келеді.
Олардың
профессионалдық шеберлік деңгейі жоғарылады. Халық арасынан шыққан
табиғи дауысты талантты әншілер музыкалық оқу орнынан дәріс алып ән
өнерімен маманданып, вокалдық пысықтау жаттығуы арқылы дауыс
ауқымнн кеңейтіп, әншілік үн күшін, регистрлік үн қатарын арттырды. Сол
сияқты вокалдық өнерде дауыстың кібіртіктігін, кедір-бұдырын жоюға және
оның үн тегістігін қалыптастыруға да назар аударылды.
Сөйтіп, заман талабына сай қалыптасқан вокальдық ән салу мектебі тек
дәстүрлі ұлттық орындау арқылы ғана танылып жүрген қазақ әншілерінің
өрісін кеңейтіп, орындаушылық шеберлігін арттырды. Бұл арада ән салу
түрлеріндеп екі саланың бірі артық, бірі кем деген ұғым тумаса керек.
Халқымыздың мәдени өмірі үшін бұл салалардың әрқайсысы да – әнді бір-
бірінен ауызекі түрде үйренетін ұлттық мәнердегі әншілік те, музыкалық оқу
орнынан білім алып, жетіліп, қалыптасқан вокалдық әншілік те өздігінше
бағалы. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан кейін бірте-бірте үздік вокалдық
әншілер дүниежүзілік классикалық музыкалық шығармаларды орындау
дәрежесіне қол жеткізді.
Күләш Байсеиітова, Шабал Байсекова, Байғали Досымжанов, Ришат
Абдуллин, Кәукен Кенжетаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек
Серкебаев, Әлібек Дінішев, Нариман Қаражігітов, Қорлан Халиламбетова,
Рахима Жұбатырова, Шора Үмбеталиев сынды Қазақстандағы вокальдық
үлгінің көрнекті өкілдерінің өнері шетелдерге де аян.
Осы орайда бұрын қазақ халқының хор айту өнері болды ма, болса
қандай деңгейде еді деген заңды сұрақ туатыны да сөзсіз. Әдетте, бұрын
Орта Азия халықтары сияқты қазақтардың да хор айту өнері болған жоқ
деседі. Алайда бұлай деп кесіп-пішіп айту ағаттық болар еді. Қосылып ән
салу жайын әнгімелегенде, бұл жанрдың халықтық негізінде назар аударған
жөн. Мәселен, халқымыз жиын-тойларды қосылып ән салуға селқос
қарамаған, ойын-кештерде екі жаққа бөлінісе кетіп, бірі бастап, қалғаны
қостап, әншілерге дем беріп отырған. Бұл жайлар «ертеде қазақта хор өнері
атымен болған жоқ» дейтіндердің пікірін теріске шығарады. Халқымызда
қосылып ән салу дәстүрі ежелден болған. Міне, сол дәстүр негізінде түрлі
эволюциялық белестерден өтіп, қазіргі кезде республикамызда хор айту
өнері, хор жанры жан-жақты дамып отыр.
Қазақтың мемлекеттік хор капелласының құрылуы, ұйымдасуы осы
айтылғандарының жарқын айғағы.
Жаңару жайын әңгіме еткенде, қазақ халқының көне музыка аспабының
бірі – домбыраның да байырғы түрінде қалып қоймағандығын айта кету
парыз. Қазіргі уақытта ол бүтіндей бір оркестрге айналып, көп үнділікке ие
болды. Бұған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер коллективі,
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары
Достарыңызбен бөлісу: |