Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д. Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері 
 
 
нақты,  мәнді  емес,  қайта  басқа  мәнде  бар  болуы  мүмкін.  Бала  бұл  талапты 
өзінше  түсінеді  де  оған  өзінше  баға  береді.  Мұның  себебі  мектеп 
оқушыларының  үлкен адамдар қалай бағалауы және оның өзінің жеке басын, 
өзінің  іс-әрекетін,  өзінің  іс-қылықтарын  қалай  бағалауы  арасындағы 
сәйкессіздікте  жатыр.  Педагог  әсіресе  жеткіншектік  шақта  екіжүзділікті, 
мақтаншақтықты,  «бас  сауғалайтын»  өтірікті  жек  көретін,  өсіп  келе  жатқан 
адаммен  жұмыс  істейді.  Кішкентай  нәрседен  алданған  бала  еш  уақытта 
сенбейтін болады. Бұл  – жай жас ерекшелігі емес, біздің қоғамдық тәрбиенің 
игілікті жемісі. Балалар өз оқытушыларын көз жазбай бақылайды. Кішкентай 
шәкірттер оларға нақтылы талаптар – оқыту және қайырымдылық, ілтипатты, 
мейірімді  болуды  қояды.  Жеткіншек  неғұрлым  абстрактілі  талаптар  жақсы 
адамдар  тәрбиелеуді,  балаларды  сүюді  білдіреді.  Ересек  шәкірттерді 
педагогтік  еңбектің  негізі  қызықтырады:  мұғалімнің  өз  сабағын  жақсы 
меңгеруі  және  өз  білімін  оқушыларға  бере  білуі  тиіс.  Педагогтардың 
балалармен  қалыпты  қарым-қатынастарын  құру  мектеп  оқушыларының 
қызметін,  мінез-құлқының  жақсы  жақтарын  орнықтырып,  оған  басқа 
балалардың  еліктеуіне  үлгі  болады.  Алайда  мұндай  іс-қылықтарды  жиі 
көтермелеу  мансапқорлыққа,  дандайсуға,  менменділікке,  өз  күштері  мен 
мүмкіншіліктерін  асыра  бағалауға  әкеліп  соқтыруы  мүмкін.  Тікелей  және 
жүйелі мадақтау мектеп оқушыларын жолдастарына,  басқа адамдарға, қоғам 
ісіне  қамқорлық  жасауға  бағытталған  іс-әрекеттердің  өзінен  емес, 
мадақтаудан  қанағат  табуға  үйретеді,  мұның  өзі біртіндеп  іс-әрекет  мотивін 
өзгертеді. Мысалы, кішкентай шәкірт қарияларға наным мен қажеттілік үшін 
емес,  сол  жұмыс  үшін  мақтау  алуы  мүмкін  болғандықтан  көмектеседі, 
көбінесе  «бөтен»  әжеге  көмектесуге  бейім  тұрады.  Себебі,  бұл  іс-әрекеті 
мадақталады,  ал  «өзінің»  әжесіне  көмектесуді  ол  қоғамдық  пайдалы  жұмыс 
деп қарамайды. Сонымен бірге мақұлдау, жағымды баға беру балаларға жаңа 
күш  беріп,  өзін-өзі  жетілдіруге  ынтасын    тудырады.  Алайда  мақұлдау, 
мадақтау  таңдалып  алынбайды,  мысалы,  оқушыларды  тек  қана  үлгі  оқуы 
үшін мадақтап, ал басқа, ең алдымен қоғамдық пайдалы еңбектегі, спорттағы, 
шығармашылық  қызметінің  сан  түріндегі  жетістіктері  ескерусіз  қалмауы 
керек. Төңірегіндегілердің, алдымен үлкендердің бақылауы негізінде, сондай-
ақ  өз  қызметінің  қорытындысын  бағалау  негізінде  жеткіншектер  мен 
жасөспірімдерде  неғұрлым  елеулі  маңызға  ие  болатын  балалардың  өзін-өзі 
бағалауы  қалыптасады.  Өзін-өзі  бағалау  -  жеке  адамды  қалыптастырудың 
елеулі  факторы,  бала  мінез-құлқын  реттеуші.  Белгілі  міндеттерді  шешуде 
баланың  шынайы  қабілеттілігіне  сай  келетін  теңбе-тең  өзін-өзі  бағалау  өз 
күштері  мен  мүмкіндіктеріне  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді,  өзін-өзі 
тәрбиелеуді ұйымдастыруға көмектеседі [4]. 
 Оқушының  жеке  басының    адамгершілік  қасиеттерін  саналы  түрде 
қалыптастыру, оның  мінез-құлқын  түзеу  процесінде  педагогтардың тікелей  

182 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д. Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері 
 
 
де,  сондай-ақ  балалар  ұжымы  арқылы  да  ұйымдастыру  қажет.  Өзін-өзі 
тәрбиелеуді  ұйымдастыру  -  оқушылардың  өз  күштері  мен  мүмкіндіктеріне 
сенімділігінің  құрамдас  бөлігі.  Өзінің  нақты  мүмкіндіктерін  асыра  немесе 
төмен  бағалау  мектеп  оқушысының  адамгершілік  дамуына  кесірін  тигізетін 
тепе-тең  емес  өзін-өзі  бағалауға алып келеді. Тәрбие  процесін ұйымдастыра 
отырып,  педагогтар  әт  түрлі  мектеп жасындағы балалармен  саналы  қатынас 
жасауға  ұмтылады.  Баланың  психикасын  дамытудың  әрбір  жас  кезеңінің 
белгілі  бір  жетекші  іс-әрекетпен  баланың  жеке  басын  қалыптастыруының 
негізімен  байланысы  бар.  Жетекші  іс-әрекеттің  мазмұнын  өзгерту  бала 
жетілуінің  әлеуметтік-тарихи  жағдайына  байланысты.  Бір  жағынан, 
балалардың  психологиялық  ерекшеліктерінің  өзінің  өзгеруіне  байланысты 
баланың жалпы ерекшеліктері ғана емес, қазіргі қоғамда өмір сүретін қазіргі 
баланың психикасының даму заңдылықтарын ескеру қажет. Екінші жағынан, 
қазіргі  балалық  шаққа  тән  жетекші  іс-әрекеттің  мазмұнын  білу  қажет. 
Балалардың  тәрбие  жүйесін  құруда  шәкірттердің  қоғамдық  пайдалы  іс-
әрекетін  қалыптастырудың  өзіне  тән  ерекшеліктерін  және  оның  тәрбие 
ықпалын  балалар  ұжымы  арқылы  ұйымдастыру  жолдарын  білудің  ерекше 
маңызы бар. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  баланың  жас  ерекшелігіне  қарай  олардың  мінез-
құлықтарында ауытқулардың болуы заңды нәрсе. Сол себептен де педагог әр 
жеткіншектің  ой-өрісіне,  таным-түсінігіне,  сондай-ақ,  ең  бастысы  –  мінез-
құлық  ерекшелігіне  қарай  ептілік  танытып,  онымен  қарым-қатынасына  бір 
мезгіл жауапкершілікпен қарағаны абзал. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность.-М., 1977.- 180 с. 
2.
 
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. –М., 1986. 
3.
 
Выготский Л.С. Педагогическая психология //Психология: классические труды. -М., 1996. 
4.
 
Эльконин Д.Б. Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи. Психодиагностика и 
школа. Таллин, 1980. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

183 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
А.А.ОРАЗБАЕВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы  
 
Р.Т.НАРЫҚБАЙ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ҚИМЫЛ ТАПШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
В данной статье рассмотрены сведения о некотором вреде здоровью от болезни, возникающей 
от недостатка движений в ежедневной жизни человека. 
 
The authors of the article present some information about the harm to health from the disease caused 
by lack of movement in the everyday life of people. 
 
Қазіргі  кезде  адам  өзінің  күнделікті  еңбек  және  тұрмыс  қажетіне 
бұлшықеттер  жұмысын  аз  пайдаланады  десек,  қателеспейміз.  Сондықтан  да 
болар  оның  тіршілігінде  ерекше  жағдай  аз  күш  салу  мен  аз  қозғалыс  жиі 
кездеседі. Қимыл-қозғалысының жетіспеушілігі деп адам ағзасына өзгерістер 
тудыратын  қимыл  әрекеті  қарқынының  шектелуін  айтады.  Ол  көбінесе 
ғарышкерлерде  байқалады.  Өйткені  олар  ұзақ  уақыт  шағын  кабинада  және 
салмақсыздық  жағдайында,  тірек-қимыл  аппаратына  гравитация  әсері 
жойылғанда жұмыс істейді [1]. 
Созылмалы  қимыл-қозғалыстың  жетіспеушілігі  кезінде  еңбек  пен 
тұрмысқа  байланысты  күнделікті  қозғалыс  белсенділігі  төмендейді.  Бұл 
көбінесе  қимыл  қозғалысты  аз  жасайтын  азаматтар  мен  азаматшаларда 
байқалады.  Олардың  ағзаларындағы  мүшелері  мен  жүйелердің  әрекеттік 
белсенділігі  әлсіреп,  реттеуші  тетіктері  нашарлайды.  Сондықтан  ағзаның 
әртүрлі әсерлер жағдайына шыдамдылығы да азая түседі. 
Қимыл-қозғалыс  кемшілігінің  денеге  әсер  етпейтін  жері  жоқ.  Аз 
қозғалыстың  салдарынан  жоғары  реттеуші  орталық,  ішкі  ағзалар,  шеткері 
орналасқан  қан  тамырлары,  сүйек  буындары,  т.б.  көптеген  өзгеріске 
ұшырайды. Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп, өзін қоршаған ортаға 
бейімделу  қасиеті  кеміп,  тіршілік  жүйесі  әлеуметтік  және  биологиялық 
құбылыстарға  төтеп  бере  алмай  қалады.  Қимыл  тапшылығының  зияны  ең 
алдымен ми қыртысын зақымдайды. Оның себебі – әрбір қимыл-қозғалыстан 
бастап, өте күрделі гимнастикалық жаттығуларға дейін барлығы тек жоғары 
реттеуші  орталықтың  бақылауымен  ғана  орындалады.  Сондықтан  ми  және 
бұлшықеттер,  буындардың  қимыл-қозғалысы  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
болады.  Орталық  жүйке  жүйесінен  түскен  «бұйрық»  арқылы  қатты  екпінді 
қозғауға  немесе  ақырын  қимылдауға  болады.  Ал  қозғалысқа  түскен 
бұлшықет,  керісінше,  миға  қарай  жүйке  талшықтары  арқылы  орындалған 
жұмыстың қорытындысын жібергендей хабар береді [1]. 
Сонымен жоғары жүйке жүйесі, бір жағынан, бұлшықеттің, буындардың, 
ішкі ағзалардың  қызметін  
қадағаласа (қан  айналымы, өкпе, жүрек, бауыр,
  

184 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Оразбаев А.А.,
 
Нарықбай Р.Т.
 
Қимыл тапшылықтарының зияны мен одан арылу жолдары
 
 
 
ішкі  секретция  бездерінің  жұмыстарын),  екінші  жағынан,  өзі  осы  мүшелердің 
толық ықпалында болады.  
Денсаулықтың  кепілі,  адамның  еңбекке  деген  қабілеті,  қандай  жаста  болса 
да,  дамылсыз  соғып  тұрған  жүрекке  байланысты.  Барлық  қимыл-қозғалыс  - 
денеде  өтіп  жатқан  мыңдаған  құбылыстар  тек  сау  жүректің    арқасы.  Жүрек 
бұлшықеті  ретпен  жиырылып-жазылып,  қанды  қолқа  тамыры  арқылы  итеріп 
шығарады, ол ары қарай тарамдалып, кішкене тамыршалар арқылы бүкіл денені 
жуып шығады. 
Сол  арқылы  денедегі әрбір  жасуша,  ең  шеткері орналасқан жүйелер оттегі, 
су,  тұз,  т.б.  қажетті  заттармен  қамтамасыз  етіледі.  Содан  соң  бұлшықет 
босаңсыған  шақта,  керісінше  көк  тамыр  арқылы  көмір  қышқылына  және  тағы 
басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді. 
Қимыл  тапшылығы  жүректің  осылай  өз  ретімен  жұмыс  істеуіне  кедергі 
келтіреді. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылу күші кеміп, денеге тарайтын қанның 
мөлшері төмендеп, қажетті қоректік заттар тапшы болып қалады. 
Қимыл-қозғалысты  аз  мөлшерде  қысқартқанының  өзі  денеге  айтарлықтай 
өзгеріс  тудырады.  Мәселен,  бұлшықеттің  созылуы,  жүрек  жиырылу  күшінің 
кемуі,  ішкі  ағзалар  қызметінің  нашарлауы,  т.б.  сияқты  құбылыстар  байқалады 
[1]. 
Қимылдың аздығы зат алмасудың төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Энергия 
шығыны  азайып,  тотығу  әсерлерінің  қарқыны  мен  ферменттер  белсенділігі 
төмендейді,  газ  алмасуы  өзгереді.  Адамдарда  бұл  жағдайда  жүректің  соғу  күші 
әлсіреп,  минуттық  көлемі  азаяды.  Сондықтан  жүректің  өз  көлемі  кішірейеді, 
микробта құрылымдық өзгерістер байқалады. Қантамырлар жүйесінде өзгерістер 
туады.  Артерия  тамырларының  тонусы  әлсіреп,  қан  қысымы  төмендейді. 
Капилярларда  қан  іркіліп  қалады.  Сондықтан  олардың  қабырғасы  суға  толып, 
электролит  өткізгіштігі  өзгереді.  Бұдан  дененің  кез-келген  жерінде  су  іркіліп, 
ісіктер  пайда  болады.  Бұлшықеттер  жиырлмағандықтан,  лимфа  ағысы  тоқтап, 
тіндерге су жиналады. 
Қимыл-қозғалыс тапшылығынан пайда болатын аурудың бірі - семіздік. Ол 
–  адам  бойындағы  артық  салмақ.  Археологиялық  қазбалардың  көрсетуіне 
қарағанда,  семіздік  адам  ағзасына  тас заманынан бері  тән  құбылыс  секілді. Сол 
ерте  заманнан-ақ  семіздікке  қарсы  күрес  жүргізілген.  Мәселен,  ежелгі  Спатра 
елінде  бозбаланың  салмағы  мөлшерден  асып  кетсе,  оны  қалайда  қуып  жіберіп 
отырған. 
Қазіргі  медицинаның  дәлелдеуі  бойынша,  семіздік  денсаулықты  құртады, 
өміріңді  қысқартады.    Статистикаға  жүгінсек,  адамдардың  орташа    жасын  8-10 
жылға  кемітеді  екен.  Салмағы  өте  жоғары  адамдар  қалыпты  адамдармен 
салыстырғанда  2  есе  көп  дүние  салатыны  белгілі.  Семіздіктің  салдарынан 
адамдар  қант  диабеті,  бауыр,  өт  жолдары,  жүрек-қан  тамыры  ауруларына  жиі 
шалдығады.  Әсіресе,  семіздік  қан  қысымының  жоғарылауына  үлкен  ықпал 
жасайды [2]. 
 

185 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Оразбаев А.А.,
 
Нарықбай Р.Т.
 
Қимыл тапшылықтарының зияны мен одан арылу жолдары
 
 
 
Семіздік  тек  қимыл-қозғалыстың  аздығынан  пайда  болады  деу  қате.  Оған 
әсер  ететін  жайттар  көп.  Ол  –  адамның  тамақтану  мәдениетін  білмеуі,  яғни 
біріңғай  тамақтың  түрлерін  қолдаудан  да  болады.  Мәселен,  өте  майлы 
тағамдарды,  сұйық  заттарды  көп  қолдану,  сол  сияқты  дәрумендердің  жетіспеуі, 
зат  алмасуының  бұзылуы,  денеде  тұздың  көбейіп  кетуі  айтарлықтай 
физиологиялық өзгерістер туғызады. 
Осыған  қоса,  ішкі  секреция  бездері  қызметінің  кенет  төмендеуі  де  үлкен 
әсер  етеді.  Негізінен,  семіздікті  сыртқы  және  ішкі  себептерге  байланысты  екі 
түрге  бөледі.  Сыртқы  себептерге  мешкейлік,  аз  қимылдау,  бала  кезде  тәттіге 
әуестену,  т.б.,  ал  ішкі  себептерге  ішкі  секреция  бездерінің  бұзылуы,  зат 
алмасуының нашарлауы және т.б. жатады. 
Семіздік қандай себептен пайда болса да ол денсаулыққа өте зиян. Өйткені  
артық салмақ жүрек, өкпе, қан-тамырлары, асқазан, ішек-қарын, буындарға үлкен 
күш  түсіреді.  Сондықтан  семіздікке  шалдыққан  адамдарда  сан  алуан  белгілер 
байқалады. Олардың ауырмайтын жері жоқ, соған орай емделмейтін әдістері де 
болмайды, әйтсе де, оның бәрі ретімен берілген жаттығуға жетпейді. 
Қимыл-қозғалыстың  тапшылығы  тек  ересек  адамдар  арасында  ғана 
кездеспейді,  бұл  жасөспірім  балалар  арасында  да  байқалады.  Өскелең  жастың 
ағзасында  сыртқы  күштің  әр  түрлі  жағымсыз  әсерінен  омыртқа  жотасы,  аяқ, 
табан құрылысы, пішіні өзгеріп кететін жағдайлар да кездеседі. Олар: іштен туа 
және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Аурудың жүре пайда болуы улануға, 
жаралануға, зат алмасудың бұзылуына, денеге инфекцияның енуіне байланысты 
қарқын алады. Сол сияқты тұлға, қанқа сүйектің қисаюы - қимыл тапшылығына 
да тікелей байланысты. 
Қорыта  айтқанда,  біз  адам  баласының  қимыл  тапшылығының  салдарынан 
туындайтын  көптеген  ауруларға  шалдығатынына  көз  жеткіздік.  Әрине,  оған 
ықпал жасайтын да адамның өзі. Көбіне бір қалыпты отырып қызмет ету, әсіресе, 
толық  адамдардың  буындарға    қимыл  түсірмей,  қозғалыссыз  отыруы  жүрекке 
айтарлықтай күш түсіреді. Ал қимыл-қозғалыс тапшылығы ағзада тұрып қалған 
зиянды  заттарды  сыртқа  шығармай  жасушаларда  ұстап  қалады.  Бұл  адамды  тез 
қартайтады.  
Міне  сондықтан  дене  тәрбиесіне,  дене    шынықтыруға,  табиғаттың  табиғи 
қозғаушы күштеріне (жер, су, ауа және т.б.) жүгінуге тура келеді. 
Тек  ұқыпты  орындалған  дене  тәрбиесі  ғана  ағзаны  көптеген  жағымсыз 
әсерлерден  сақтайды,  кейбір  аурудың  алдын  алады.  Ал  балаларды  тікелей 
емдеуге көмектеседі. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  қозғалыссыз  өмір  сүруге  болмайды.  Деніңіздің  сау 
болуы  үшін  спортпен  шұғылданып,  күнделікті  жаттығу  жасауды  әдетке 
айналдырғаныңыз жөн.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Жатқанбаев Ж.Ж. Валеология. Алматы. 2003. 
2.
 
Жолымбетова С.Ш. Дене тәрбиесі, спорт. Алматы. 2001 

186 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ 
  
 
Д.Т.КЕНЖЕТАЕВ 
философия ғылымдарының докторы, профессор 
 
С.Т.НАЗБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ФАРАБИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДА ДІН ЖӘНЕ ТӘҢІР МӘСЕЛЕСІ 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  религии  и  веры  в  мировоззрении  Аль-Фараби  в 
контексте философии и религиоведении.  
 
The  article  deals  with  some  matters  of  religion  and  trust  in  Farabi’s  world  outlook  through  the 
context of Philosophy and Theology. 
 
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби 
ат-Түрки  870  жылы  Фараб  қаласына  жақын  маңдағы  Весиж  атты  елді 
мекенде  дүниеге  келген.  Әкесі  Мұхаммед  Тархан  Саманиттер  сарайында 
қолбасылық қызмет атқарған. Әл-Фараби 20 жасқа дейін Фарабта білім алып, 
кейіннен араб халифатындағы көптеген елдерді аралап, өзін ғылым мен білім 
жолына арнайды. Оның ең алғашқы саяхаты халифаттың орталығы Бағдатқа 
жасалады. Кейін Сирия мен Мысырға саяхатқа шығады. Бағдатта Әбу Бәкір 
ас-Сараждан (928 ж. қайтыс болған) араб тілін үйреніп, Әбу Бишр Матта ибн 
Юнустан  логика  ғылымын  меңгереді.  Кейін  қазіргі  Түркияның  оңтүстік-
шығысындағы  Харранға  барып,  Иуханна  ибн  Хайланнан  Аристотельдің 
«Логика»  және  «2-ші  Аналитикалар»  атты  кітаптарымен  танысады.  Осы 
сапарларынан  кейін  әл-Фараби  Бағдатқа  қайта  оралып,  метафизика,  музыка 
және математика секілді философиялық ғылымдармен шұғылдана бастайды. 
Әл-Фараби  Исфаһан,  Хамадан,  Рай  секілді  Иран  қалалары  мен  басқа 
жерлерде  де  болады.  Халабқа,  сосын  Дамаск  қаласына  барады.  Халабта  бір 
жылдай  тұрақтаған  кезінде  Буайхилардың  сұлтаны  Сайф-уд-Даула  әл-
Хамадани оған қолдау көрсетеді. Осы сұлтан 946 жылы Дамаск қаласын өзіне 
қаратқаннан кейін әл-Фараби Дамаскіде тұрақтайды. Біршама уақыт Египетке 
саяхатқа шығып, қалған ғұмырын Дамаскіде өткізеді.  
Әл-Фараби – ғылыммен терең сусындаған жан-жақты ғалым. Тіл білімі, 
философия,  музыка,  математика,  астрономия,  дін  және  сол  кездегі  көптеген 
ғылымдарды  терең  меңгереді.  Философиядағы  қабілеті  мен  біліктігіне 
байланысты  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз  (муаллим-ус  сани)  деген 
атаққа  ие  болады.  Әл-Фараби  көне  грек  ойшылдары  Платон,  Аристотель, 
Эвклид  мен  Птолемейдің  еңбектерін  таратып,  оларға  жаңаша  түсініктеме 
жазған.  Ол  72  тілді  меңгеріп  және  өз  еңбектерінде  кеңінен  пайдаланған 
делінеді.  Әл-Фараби  сексен  жасқа  келген  шағында  950  жылы  Дамаск 
қаласында  қайтыс  болған  және  «Баб-ас-сағир»  мазарына  жерленген.  Әл-
Фарабидің  еңбектерінің  саны  жетпістен  асады. Оларды логика  және  басқа  

187 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
салаларға  арналған  шығармалар деп  екіге бөлуге болады.  Логикаға  қатысты 
еңбектері  Аристотельдің  әр  түрлі  трактаттарымен  байланысты  түсініктеме 
немесе анықтамалар түрінде жазылған. Екінші топтағы шығармалары болса –
дін, физика, математика, метафизика, этика және саясат салаларына қатысты 
еңбектер.  
Әл-Фараби дін, философия және саясат арқылы адамдар арасында бірлік 
пен  бақыттың  үстемдік  етуін  мұрат  еткендіктен,  түркілік  дүниетанымдық 
элементтер  мен  құбылыстарды  ислам  философиясы  ішінде  қорытып, 
пайдалана  білді.  Әл-Фараби  ең  алдымен  адамдардың  қоғамдасып  бір  жерге 
топтасуының  әр  түрлі  формалары  бар  екендігіне  тоқталып,  қала,  мемлекет, 
ұлт  және  адамдар  өмір  сүріп  жатқан  барлық  аймақты  қамтитын  әлемдік 
мемлекет тұрғысында өз ойын ортаға салады. Осы әр түрлі мемлекеттерді өте 
жақсы  басқарылатын,  яғни  философ-қаған  тарапынан  басқарылатын 
мемлекет ретінде қарастырады. Бұған қоса басқару жүйесінде толып жатқан 
көптеген  кемшіліктер  орын  алған  мемлекеттердің  де  бар  екенін  баса 
көрсетеді.  Қайырымды  ел  тұрғындары  туралы  әл-Фараби  Платон  мен 
Аристотель  айтып  кеткен  идеялардан  оза  шапқандығы  байқалады.  Осы 
қайырымды  мемлекеттің  құрылымы,  иерархиялық  жүйесі  барлық  жерде 
бірдей  болады.  Бұл  жерде  сондай-ақ  қайырымды  қала  басшысының 
ерекшеліктері айтылады. Оның тек қана философ емес, заң шығарушы және 
оны жүзеге асыратын саясатшы болуы тиіс екендігі де айтылады. Сондай-ақ 
қайырымды  мемлекеттің  құрылуы  мен  оны  қорғаудың  әр  түрлі  жолдары 
қарастырылады. 
Әл-Фарабидің  өз  дәуіріндегі  ең  маңызды  атқарған  қызметі  дін  мен 
философия  арасында  көпір  салып,  оны  пайғамбарлық  пен  философиялық 
түсінікке  негіздей  отырып  анықтама  бергендігінде  жатыр.  Оның  пікірінше, 
нағыз философ  пен  пайғамбар арасында ешқандай  да  менмұндалап  тұратын 
ерекше бір айырмашылық жоқ. Әрбірінің мақсаты адамдардың бұл дүние мен 
о дүниедегі бақытқа қол жеткізуі үшін оларға көмектесу. Алайда философ өз 
күшімен (ақылымен) Аллаға жету үшін көп еңбек еткендіктен пайғамбардан 
символикалық түрде жоғары тұрады. Шын мәнінде ол философ пайғамбардан 
да  жоғары  деп  айтпаған.  Бұл  мәселені  жете  түсінбегендіктен  әл-Фарабиге 
көптеген  ғалымдар  қарсы  шыққан.  Әл-Фараби  бұл  мәселеде  философты 
пайғамбар  дәрежесіне  дейін  көтеріп,  онымен  теңестірген.  Ол  пайғамбарды 
философ  дәрежесіне  түсіруді  ойламаған.  Себебі,  бар  мәселе  әл-Фарабидің 
философ  деп  кімді  айтып  тұрғандығына  байланысты.  Әл-Фарабидегі 
философ  –  белгілі  бір  дәрежеден  кейін  сопылардың  әулиесімен  теңесетін 
адам.  Әл-Фарабидің  пікірінше,  ең  кемеңгер  басшы  –  ең  кемеңгер  адам,  әрі 
бойында  пайғамбарлық  пен  философқа  тән  қасиеті  бар  адам.  Ал  бұл 
қасиеттер  Мұхаммед  пайғамбардың  бойынан  табылады.  Сондықтан  да  ол 
Мұхаммед пайғамбарды «бірінші басшы» деп есептейді. 

188 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
Әл-Фарабидің  пікірінше,  кез  келген  адам  қайырымды  елдің  басшысы  бола 
алмайды. Себебі басшылық екі нәрседен тұрады: а) адамның бойында туа біткен 
қабілеті болуы керек, ә) басшылыққа байланысты ерікті дағдылары болуы керек. 
Басшыны  әл-Фараби  бірінші және  екінші басшы  деп  бөледі. Бірінші  басшының 
бойында  жаратылысынан  12  табиғи  қасиеттің  болуы  керек.  Осылардың  ішінде 
діни тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатындары мыналар: 1) көкірек көзі 
ояу,  2)  ізденімпаз  болу,  3)  турашыл,  4)  нәпсісін  тыю  керек,  5)  кемел  адам,  6) 
байлыққа қызықпау, 6) әділетті. 
Егер  осы  шарттардың  барлығын  бойына  жинаған  адам  табылмай,  бірі 
философ,  екіншісі  де  қалған  шарттарды  бойына  жинаған  адам  ретінде  танылса, 
онда  екеуі  де  бірдей  басшы  болуға  лайықты.  Әр  қасиет  әр  адамда  болса,  онда 
олардың  барлығы  да  ең  жоғарғы  басқарушылар  болады.  Егер  философия 
басшылыққа  керекті  қасиеттердің  бірі  болудан  қалса,  қалған  шарттар  болған 
күннің  өзінде  ел  басшысы  басшы  бола  алмайды,  қауым  жойылып  кету  қаупіне 
ұшырайды.  Елбасының  қарамағында  философ  болмаса,  бұл  ел  жойылып  кетуі 
мүмкін. Сол кезеңдерде философия  мен дін  ғылымдары қатар  өрбіп,  бір арнада 
тоғысқанын  ескерер  болсақ,  дін  мен  сенімнің  қаншалықты  қоғам  өмірінде 
маңызды екендігін бағамдай беруге болады. 
Ақыретке  сену  имандылық  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Рухтың 
өлімсіздігі  және  адамның  о  дүниеде  жазалануы  немесе  сыйға  бөленетінін  де 
түсіндіреді.  Фарабидің  көзқарасы  бойынша  әрбір  жан  кемелденуге  мұқтаж. 
Адамның  жаны  –  абстрактілі  болмыс.  Жан  тәнде  емес,  бірақ  оның  қолданатын 
қуаттары  тәнде  орналасқан  және  жанмен  оның  қуаттары  бір-бірінен  ажырай 
алмайды.  Абстрактілі  болмыстар  материалды  емес,  жоғалып  кетпейді,  өлмейді, 
олар  өз  субстанцияларын  біліп  қабылдайды.  Бұлардың  әрбірінің  бақыты 
материямен араласып кірленген болмыстардың бақытынан жоғары тұрады. Адам 
жаны  жоғарыдағы  абстрактілі  болмыстардың  атрибуттары  секілді  тек  өз 
субстанцияларын  ғана  қабылдай  алады.  Яғни  адам  рухы  ең  жоғары  рухты, 
қарама-қарсылықтарды тұтастықта ұғып, қабылдайды. 
Әл-Фарабидің пікірі бойынша, тәннің кемелдігін рух, ал рухтың кемелдігін 
«белсенді  сана»  қамтамасыз  етеді.  Бұл  туралы  Фараби  «Фусус-ул  хикам» 
(Даналықтың  жауһарлары)  атты  еңбегінде  былай  дейді:  «Сенің  болмысың  екі 
табиғаттан тұрады: бірі – түр, форма, сан және сапалық қасиетке ие, қозғалатын 
немесе  қозғалмайтын,  бөлшектене  алатын  субстанция.  Екіншісі  –  біріншісінен 
табиғаты  жағынан  мүлдем  басқа,  жоғарыдағы  атрибуттардың  ешқайсысына  ие 
емес  субстанция.  Осы  екіншісінің  мәні  тек  сана  арқылы  танылады.  Басқаша 
айтқанда,  сен  екі  әлемнің  қосындысынан  тұрасың:  біріншісі  –  ғайып  әлемі, 
екіншісі – жаратылыс әлемі. Өйткені рухың Тәңірдің әмір әлемінен, тәнің – Оның 
жаратылыс әлемінен жаратылған [1.23]. 
Әл-Фараби  ілімінде  жан  өзінің  мәңгілігі  тұрғысынан  тәнге  мұқтаж.  Жан 
кемел  болмай-ақ  тәннен  айрылады  және  тәнсіз-ақ  кемелдікке  жете  алады.  Тән 
жанның  бар  болуы  үшін  шарт  болғанымен,  оның  кемелдікке  жетуі  үшін  шарт 
бола алмайды. Бұған қоса мұның бөлек дәрежелері бар. Адамның рухы Алладан  

189 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет