Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ



Pdf көрінісі
бет173/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   333
 

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 

 

ШАЛШИКБАЕВА Ф., КАЛИЕВ Б.- магистранттар, 



МЕДЕТБЕКОВА З.С. – магистр оқытушы 

Шымкент университеті 



 

Ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін 

қалыптастыру,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  білім  беру  мекемелерінің  басты 

міндеті екендігі қарастырылған.  

Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген 

заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастыру,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  білім 

беру  мекемелерінің  басты  міндеті  болып  отыр.  Бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі  жаңару 

оқытушының  қажымас  ізденімпаздығы  мен  шығармашылық  жемісімен  келмек.  Қазіргі 

кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  Қазақстан  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты 

болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа 

көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.  

Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  ерекше  маңызды  болып  табылатын 

мәселелердің  бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық 

технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде 

жаңашылдық  қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті  мәселе ретінде  күн 

тәртібінен  түспей    отырғандығы  мәлім.  Ақпарат  мемлекеттің  даму  деңгейін  анықтайтын 

стратегиялық  ресурсқа  (қорға)  айналып,  ақпарттық  мәдениетті  қалыптастыру,  яғни 

мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып 

табылады.    

Қазіргі  кездегі  қоғам  дамудың  индустриалдық  кезеңінен  кейінгі  ақпараттық 

кезеңіне  аяқ  басты.  Ақпарттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік, 

дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына  – 

ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалану  адамдардың  көптеген  қызмет  түрлерін 

компьютерлендіру,  коммуникациялардың  бірыңғай  халықаралық  жүйелерін  жасау  істері 

жатады.  Қазіргі  кездегі  адамдар  үшін  «компьютерлік  сауаттылық»  дегеніміз  кешегі  жай 

сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы 

тиіс.  

Соңғы  кезде  біздің  қоғамда  болып  жатқан  ауқымды  да  кең  өзгерістер  білім 

саласында  да  біраз  жаңалықтардың  туындауына  себепші  болып  отыр.  Қазақстанда  жаңа 

білім  беру  жүйесі  қалыптасуда.  Бүгінгі  күні  елімізде  қоғам  талаптарына  сәйкес 

демократиялық  құндылықтарға  қарай  бағытталу,  білім  беру  жүйесінің  жаңа 



312 

 

парадигмасына  нақты  бет  алу  байқалады.  Білім  саласында  тұлғалық-бағдарлы  оқытуға 



және  ізгілендіруге  көшуде  және  бұнда  шешуші  роль  ақпараттандыруға  берілген.  Осыған 

орай    ақпараттандыру  қазіргі  білім  беру  жүйесінің  басты  бағыттарының  бірі  ретінде 

қарастырылуда  және  біліми  салада  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  қолдану  түрлі 

дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болып отыр.  

Қазіргі таңда еліміздегі барлық орта мектептерді компьютерлендіру мәселесі қолға 

алынып  жатыр.  Интернет  желісі  өмірімізге  қарқындап  енуде.  Қазіргі  ақпараттық 

әдебиеттерде ақпараттандыру білім беру жүйесін әдіснамалық және практикалық талдауға, 

сондай-ақ  оқытудың  және  тәрбиенің  психологиялық-педагогикалық  міндеттерін  шешуге 

бағытталған  заманауи  ақпараттық  технологияларды  тиімді  қолдануды  қамтамасыз  ететін 

үрдіс есебінде қарастырылады. 

Ақпараттандыру  –  бұл  оқыту  мен  тәрбиенің    психологиялық-педагогикалық 

міндеттерін  жүзеге  асыруда  білім  беру  жүйесін  заманауи  ақпараттық  технологияларды 

қолданудың теориясы және практикасымен қамтамасыз ету [2].   

Қолданылатын негізгі ұғымдар (Сурет 1): 

а)  мемлекеттiк  ақпараттық  саясат  –  ақпараттық  қоғам  жағдайында    түрлi  қызмет 

салаларын  ақпараттандыру  және  бiртұтас  әлемдiк  ақпараттық  кеңiстiкке  енудi 

қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру 

механизмдерiн реттеу. 

б) бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына 

заманауи  ақпараттық  технологияны  жан-жақты  пайдалану  және  оқыту  мен  тәрбиелеудiң 

психологиялық-педагогикалық  мақсаттарын  жүзеге  асыратындай  жағдайда  оның 

мүмкiндiктерiн  қолдану процесi. 

в)  ақпараттық  кеңiстiк-  белгiлi  бiр  ереже  мен  қағидаға  негiзделiп,  ақпараттық 

субъектiлердiң  өзара  әрекетiн  және  ақпараттық  тұтынушылардың  қызметiн  толығымен 

қанағаттандыруды  қамтамасыз  ететiн  ақпараттық  ресурстар  мен  жүйелердің  және 

телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы. 

г)  ақпараттық  ресурстар–  ақпараттық  жүйелердегi  жекелеген  құжаттар  немесе 

құжаттар жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi,  деректер қорындағы және басқа да 

ақпараттық жүйелердегi). 

д)  ақпараттық  жүйе  -  ақпараттық  процестердi  жүзеге  асыратын  ақпараттық 

технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы. 

е) ақпараттық  процестер – ақпаратты жинау,  өңдеу, алу, сақтау, iздеу  және тарату 

процестерi 

 ж)  ақпараттық  орта  –  ақпараттық  процестермен  қарым-қатынас  кезiнде  пайда 

болатын ақпараттық ресурстардың және жүйелердiң жиынтығы. 

з)  ақпараттық  процестер  субъектiсi  –  ақпараттық  ресурстар  иегерi  және  меншiгi 

ретiнде    ақпараттық  процестерге  қатысушы  жеке  және  заңды  тұлғалар,  ақпаратты 

қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар. 

и)  ақпараттық  процестер  объектiсi  –  ақпараттық  ресурстар  мен  жүйелер, 

технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары. 

к) www (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысының көмегiмен мультимедиялық 

құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi: 

 

 

 



 

 



313 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 1- 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Ақпараттандыру саласында қолданылатын негізгі ұғымдар[3] 

 

Бұл ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты 



ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.  

Білімді  ақпараттандыру  біліми  жүйелерді  реформалаудың  барлық  негізгі 

бағыттарын  қамтитын  маңызды  механизм  болып  табылуда.  Оның  басты  міндеттері 

ақпараттық технологияның келесі артықшылықтарын тиімді қолдану болып отыр: 

 - әрбір индивид үшін өз бетімен білім алу, өзіндік даму траекториясын қамтамасыз 

ететін ашық білім жүйесін құру мүмкіндігі;  

 -  таным  қызметін  жүйелі  ойлауға  нақты  бағыттау  арқылы  оны  ұйымдастыру 

қызметімен  бірге түбірімен өзгерту; 

 - 

білімнің 



ақпараттық-әдістемелік 

қамтамасыздандырылуы 

нәтижесінде 

басқарудың тиімді жүйесін жасау; 

 - 

оқу  үрдісі  барысында  үйренушілердің  танымдық  әрекеттерін  тиімді 



ұйымдастыру;   

 -  ақпараттық  технологиялардың  өзіне  тән  қасиеттерін  қолдану,  оның  ішінде 

маңыздылары:  оқу  үрдісінің  барлық  буындарында:  қажеттілік-ынта-шарт-құрал-әрекет-

операция жиынтығында әрекеттік тұрғыдан қарауды қолдайтын тану үрдісін ұйымдастыру 

мүмкіндігі; 

 -автоматтандырылған  оқу  бағдарламаларының  бағдарламалау  (программалау), 

серпінді  бейімделу  арқылы  оның  тұтастығын  сақтай  отырып,  оқу  үрдісін  дербестендіру, 

мүлдем жаңа танымдық құралдарды қолдану және ұйымдастыру мүмкіндігі.    

Қазіргі  компьютерлік  технологиялардың  ерекше  белгілері    оның      жүзеге  асатын 

өзіне тән ортасы және онымен байланысты компоненттері болып табылады, олар: 

- техникалық (қолданылатын техника түрі); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет