өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге
көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта
әрбір білім алушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын
меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген,
олар: кәсіби құзыреттілік; өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін
проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен
Құзыреттілікке бағытталған білім беру қазіргі таңда әлемдік білім беру жүйесінде
нәтижелілігі, тиімділігі мойындалған бағыт болып табылуда. Құзыреттілік бағыт
бойынша кез-келген оқытудың негізгі мақсаты – адам өзінің әрекетін нәтижелі жүзеге
асыруы үшін қажет білім, білік және тұлғалық қасиеттерді меңгеріп, мінез-құлық
тәсілін яғни, қажетті құзыреттіліктер түрлерін игеруі қажет. Басқаша айтқанда, білім
35
алушы тек білім және біліктілік жиынтығын меңгеріп қоймай, оқудың соңында не үшін
білім алғандығын саналы түсініп, игерген білімін өзінің кәсіби әрекетінде қолданысқа
еңгізе алу қабілеті.
Құзыреттілік бірінші орынға білім алушының ақпаратты сауаттылығын емес,
оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қойса, кәсіби құзыреттілік - маманның жеке
бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің,
кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.
Болашақ маман өз ісінің шебері, біздің жағдайымызда жақсы мұғалім болу үшін
мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің
мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, әлемдік білім
кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі әлемдік білім кеңістігіне еркін кіре
алатын, бәсекеге қабілетті заманауи маман дайындау болса, оқу орнының қай
деңгейінде болса да болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің негізі
ретінде болашақ мамандардың білімі мен біліктілігін, ақпараттық сауаттылығын,
интеллектуалдық мүмкіндігін қарастырған жөн.
Білім сапасын қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастыруда қазіргі
ақпараттық және мультимедиалық технологияларын, интерактивті тақта, электронды
оқулықтар, инновациялық технологиялар мен интербелсенді әдістерді қолдану,
болашақ мамандардың өзіндік жұмыстарының нәтижесін көрсететін портфолиосы,
субъекті мен субъектілік қатынасқа құрылған дәрістер мен семинарлар, білім
алушылардың креативтілігін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар, кез
келген педагогикалық жағдаяттардан шыға білу қабілеті, озат тәжірибелерді үйрені
және т.б. пайдалану әдістемесін меңгерту көзделеді. Оқыту процесі барысында болашақ
бастауыш сынып мұғалімдері орындауы тиіс тапсырманы ұсынған кезде оларды
шығармашылықпен орындату арқылы мақсатқа жету керек. Ол үшін білім
алушылардың мотивациясын тудыруға ықпал етіп, мақсатқа бағытталған ахуал туғыза
білу қажет.
Ғалым Б.Т.Барсай өзінің докторлық диссертациясында: «...Болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми
негіздері: әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білім деп анықтадық» –
деген [1].
Ғалым Б.Т.Барсайдың ашып көрсеткен әдіснамалық, теориялық және ғылыми-
әдістемелік білімдердің болашақ педагогтарды кәсіби шыңдау мақсатында қолданудың
маңызы ерекше болып табылады. Өйткені, интеграцияланған білім кеңістігінде
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, олардың
кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде қолданылатын теориялық білімдер: кәсіби-
дидактикалық құзыреттілік қалыптастыруға арналған курстар, семинарлар; мемлекеттік
білім беру стандарттарын (жалпы орта білім, педагогикалық білім беру) оқу-тәрбие
процесінде жүйелі қолдану тиімді нәтиже берері сөзсіз.
Мұндай құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында ең алдымен білім берудің
жолдарын және әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет. Ол үшін жеткілікті дәрежеде білім
сапасын арттыру керек.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп
– үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы
ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлағаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз
кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты
өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
36
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру
сапасының жоғары болуы,
кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық
- әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа
құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті,
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында
жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған оқу
қажеттіліктері туындап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің
мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі
тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім
оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби құзыреттілікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру моделінде мақсатты түрде білім
беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша
айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби құзыретті білімнің қажеттілігін
жетілдіру, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы
мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке
ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға»
бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл
білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Осы пікірге сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігін жетілдіру үшін оқу-тәрбие үдерісі барысында игеруі тиіс білім, білік,
дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, олардың кәсіби
құзыреттілігін дамытуға бағытталған іс-әрекет түрлері мен оқытудың әдіс-тәсілдерін,
оқыту түрлерін (кесте 1) төмендегі кестеде көрсеттік:
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: