ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Барсай Б.Т. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық
құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері. автореф. -
Шымкент, 2010. - 44 с.
2. Садовский В.Н. Смена парадигм системного мышления // Системные
исследования. Ежегодник. 1992-1994. – М: Эдиториал УРСС, 1996. – 400 с. – С.64-78.
39
ӘОЖ 378.148
АШЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ЖАНКЕТАЙ Ж.А.
Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты
Алматы университеті
Қазіргі еліміздегі ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі қоғамды жаппай
ақпараттандыруға бағытталған жаңа кезеңіне көшті десек қателеспейміз. Өйткені оқыту
теориясы мен тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, студенттердің кәсіби және тұлғалық
өсуінің едәуір әлеуеті оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануға деген жаңаша
сипатқа ие болып отырғандығын аңғартады. Соған сәйкес, қазіргі білім жүйесінің негізі
-
ашық ақпараттық ресурстарды, қашықтықтан, мобильді және бұлтты
технологияларды оқу үдерісінде жаппай пайдалануға бағытталып отыр. Ашық білім
беру кеңістігінде бұл технологияларды пайдалану педагогикалық әдістер мен
тәсілдердегі, оқытушылар мен студенттердің оқу-тәрбие үдерісіндегі терең
өзгерістерімен қатар жүріп, ол білім сапасын арттырып, оқу үдерісін дaмытуғa жәнe
жeтiлдipугe мүмкiндiк бepeтiнiнe caяды.
Ал, XXI ғасырдың жаңа технологиялық және мәдени ортасы келесідей жаңа
міндеттерді алға қойып отыр: ақпараттық технологиялар саласындағы революциямен
бір деңгейде болу үшін және жақын арада ғылыми-техникалық өрлеу екпінінің соңынан
еру үшін білім және оқу жүйесін түпкілікті қайта қарап шығу қажеттілігі туындауда.
Демек, бізге жұмыс пен бос уақыттың арасындағы бұрынғы байланыстың орнына,
жұмыс пен оқудың арасындағы өзара байланыстың жаңа тиімді әрі икемді жолдарын
қарастыру қажеттілігі сұранысқа ие болып, соның салдарынан осы байланыстар адамға
ақпараттық сауаттылық пен құзыреттілікті дамытуды көздейді. Олар өз кезегінде
студентке қойылатын негізгі талаптардың үздіксіз дамуымен қатар жүріп, ал бұл
талаптардың ажырамас бөлігі ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану
деп санаймыз. Яғни өз кезегінде ашық ақпараттық білім беру ортасы студенттерге
ақпаратты өңдеу мен алудың жаңа әдістерін талап етіп, бұл әдістер ұжымдық ақыл-
оймен және коммуникациялық қоғаммен, сонымен қатар технология мен
коммуникацияның өзара байланысы нәтижесінде пайда болатын жаңа жолдар арқылы
жүзеге асуда.
Осы орайда, білім беру технологияларының даму тенденциялары студенттердің
өзіндік білім алуға, өзін-өзі өзектендіруге және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін
ашық білім беруге бағытталуда деп санаймыз. Бұл бағыттар біз зерделеген Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының аясында
жүзеге асырылып жатқандығы байқалып отыр. Біздің осылайша пайымдауымызға
ақпараттық білім беру ортасы, ашық білім беру ресурстары, электронды журналдар,
жоғары оқу орны сайттарының жан-жақты қолданысы айқын дәлел деп айта аламыз.
Басқа қырынан алғанда, білім беру үдерісінің технологиялық қамтамасыз етілуіне
байланысты студенттердің өзіндік білім алу жағдайында қолжетімді ақпараттық
технология құралдарын таңдау жауапкершілігін оқытушылар мен студенттер толықтай
өз міндеттеріне алатынын білдіреді.
Осы мәселелерді ескере отырып, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының
жоғары білім беру тендециясын былайша сипаттауға болады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ғаламдастыру
үдерісіне сүйенеді;
Екіншіден, нарықтық экономиканың болып жатқан талаптарына және шарттарына
сәйкес өзгеріп отырады;
40
Үшіншіден, дәстүрлі оқыту формаларымен бірге халықаралық ашық білім беру
жобаларына қатысу қарқынының жоғарылауы;
Төртіншіден, білім саласы әлемдік ашық білім беру кеңістігіне енгізілуде;
Бесіншіден, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының санының артуына қарай,
мемлекет білім сапасын бақылау және білім бағдарламаларының басым бағыттарын
қалыптастырып береді.
Сондықтан ғаламдастыру үдерісі адамдар санасында және тәжірибеде қозғаушы
күш ретінде қарастырылып келеді де, ол халықаралық білімге ақпараттық
технологиялар және технологиялық байланыстар енгізуде айқын көрініс табады. Яғни
бұл үдерістің пайда болуынан гөрі оның халықаралық білім тұжырымдамасына әсері,
оның табиғаты және қамту аумағы қызығушылық тудыруда екенін байқаймыз. Ал, бұл
айтылған ғаламдық мүдделердің пайда болуы өз кезегінде мемлекеттер арасында
келісімшарттар жасасуына, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-мәдени және
білім салаларында келісімдер жасауға әкелді. Мысалы, ТМД елдерінің Білім
министрліктерінің конферециялары, Еуразиялық университеттер ассамблеясы, т.б.
келтіруге болады.
Біз ашық білім берудегі ғаламдастыру экономикалық интеграциялану саласында,
ақпараттық-коммуникациялар саласында, қоғамдық байланыстар саласында көрініс
тапқан үдеріс деп санаймыз. Демек, бұл үдеріс басқа салалармен қатар, әсіресе білім
саласында терең тарала бастады. Ол студенттер мен профессор-оқытушылар
құрамының арасындағы мобильділік, біріккен білім бағдарламаларын жасап,
мамандарды бірге даярлау, қашықтықтан білім беру мен интернеттің білім саласында
пайдаланылуымен негізделеді.
Зерттеулерге жасаған зерделеулер сауаттылық идеясының ЮНЕСКО алғашқы
құрылған күнінен бастап білім беру мен оқудың ажырамас бөлігі ретінде дамытылып
келе жатқандығын аңғартты. 1958 жылы ЮНЕСКО адамның күнделікті әрекетіне
қажетті қарапайым қысқаша хабарламаларды түсіну үшін оқу мен жазу сияқты
сауаттылықтың да негізгі деңгейін анықтаған. 1990 жылдары адамның тіршілік әрекеті
мен оның өзіндік, әлеуметтік дамуы үшін қажетті оқу, жазу және есептеу қабілетін
жүзеге асырудан тұратын сауаттылықтың кеңейтілген ұғымы ұсынылған болса, 2004
жылы аталмыш анықтама қайтадан қарастырылып, сауаттылық келесідей анықталады:
теңестіру, ұғыну, түсіндіріп беру, ақпаратты құру, байланысқа түсу, есептеулер жүргізу
және әртүрлі мәнмәтіндерге қатысты баспа және қолжазба материалдарын қолдану.
Сауаттылық жеке адамдардың мақсаттарына қол жеткізуде, білім алу және мүмкіндікті
арттыру мен оны жаңашылдандыру үшін, сонымен қатар ашық білім беру кеңістігінде
желілік бірлестік пен жалпы қоғамның өміріне толығымен ену үшін білім берудің
үздіксіздігін ұсынады деп санаймыз. Сауаттылық ЮНЕСКО-ның «Бәріне арналған
білім» Бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады (4-мақсат: «2015
жылға қарай үлкендердің, әсіресе әйелдердің, сауаттылық деңгейін 50% көтеру мен
үлкендердің барлығына негізгі және үздіксіз білімге бірдей қолжетімділікті ұсыну»).
Қазір технологияның дамуы, ақпарат мөлшерінің өсуі және оның формалары мен
тасымалдаушыларын әртараптандыру жағдайларында «сауаттылық» термині «жаңа
сауаттылыққа» айналды, осылайша жаңа формалар мен кеңейтілген метафоралық мәнге
ие болуды, сонымен қатар «функционалдық сауаттылық», «сыни (критикалық)» және
«шешендік» сауаттылық ұғымдарымен арақатынаста болатын ақпаратты алу, қабылдау,
өндіру және беру үшін негізгі икемділіктерге қол жеткізумен байланысты ұғымдарды
жинай бастайды. Анықтамаға сәйкес ЮНЕСКО (1978) былай дейді: «егер адам әрекет
етудің кез келген түрін білсе, оның ішінде сауаттылық адамның тобы немесе
бірлестігінің тиімді қызмет көрсетуі үшін қажетті болса және оған өзіндік даму мен
бірлестігінің дамуы үшін оқу, жазу немесе санауды пайдалануға мүмкіндік берсе, онда
адам функционалды сауатты болып табылады». Білім мен ақпаратқа қол жеткізуді
ақпараттық технологиялар пайдалана отырып жүзеге асыратын икемділікке сәйкес
41
«технологиялық», «компьютерлік», «ақпараттық», «медиялық», «аудиовизуалдық»
сауаттылық ұғымдары пайдаланылуда [1]. Ал, бүгінгі таңда нақты салаларда білімге
қол жеткізу икемділігін белгілеу үшін қаржылық, статистикалық, ғылыми, құқықтық,
саяси, экономикалық, географиялық және экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау
саласындағы сауаттылық, өнер саласындағы сауаттылық және т.б. ұғымдар пайда бола
бастады. Сонымен бірге сауаттылық түсінігінің дамуы мен кеңеюі іс-әрекеттік
тұрғының енуімен байланысты, соның аясында функционалдық сауаттылық және
функционалдық сауатсыздық түсініктері пайда болған [2].
Сауаттылықтың негізгі анықтамасы: «білімділік күйі». Сол жерде берілген тағы
да бір анықтама: «… сауаттылық – білімді, оқи алатын және жаза алатын,
құзыреттілік…» [3]. Педагогтар тілінде «негізгі сауаттылық» деп классикалық немесе
дәстүрлі сауаттылық түсіндіріледі, ол дегеніміз – оқуға, жазуға, арифметикалық
есептеулер мен операцияларға оқытылғандық. Түгелдей дерлік барлық қоғамдық
формацияларда сауаттылыққа бастауыш және орташа білім беру орталарында, бірінші
кезекте мемлекеттік және жеке меншік мектептерде қол жеткізіледі, бірақ негізгі
сауаттылыққа үйде немесе қоғамдық орталықтарда қол жеткізуге болады. Ал, біздің
түсінігімізше, «сауаттылық» – элементарлықтың өңі, қарапайымдылықты сипаттайды,
білім беру деңгейінің бастапқы кезеңі болып саналады.
Мақалада жоғарыды талданған терминнің бірігуінен туындайтын «ақпараттық
сауаттылық» ұғымын қарастыруға арналады және ол студенттердің ақпараттық
технологияларды пайдалануының алғашқы тенденциясы деп қарастырамыз. Ғалым
зерттеушілер Б.В.Авво мен Е.С.Заир-бектің ғылыми зерттеулерінде ақпараттық сауатты
адам проблемаларды анықтау, оны шешуге сәйкестіктігі ресурстарды таңдау,
ақпаратты табу мен оны көлемді ортада орналастыру, материалдарды оқу, жинақтау,
өнімді бағалау мен проблеманы шешу үдерісі бойынша іскерлігімен сипатталуымен
қарастырылады. Сонымен бірге олар сауаттылық пен ақпараттық технологияларға
қолжетімділік арасындағы байланыстың ортақ дәрежесі барын көрсетеді [4]. Ал, бұл
ұғым негізінде Г.Р.Громов ақпараттық сауаттылық – бұл ақпараттық қажеттілікті
тұжырымдай білу, ақпаратты сұрау, іздеу, сұрыптау, бағалау және қандай күйде болса
да өңдеу деп пайымдайды [5].
Ғалымдардың айтқан ой-пікірлерін түйіндей келгенде, ақпараттық сауаттылық –
мәселелерді талдау және шешімдер қабылдау үшін қолданылатын ақпаратты алу,
ұғыну, бағалау, бейімдеу, түрлендіру, сақтау және ұсыну үшін қажетті қызметтердің
жиынтығы болса, ақпаратты сауатты адамдар келесі негізгі дағдыларға ие: критикалық
ойлау, ақпаратты талдай білу және оны өз ойын білдіру мақсатында қолдану, тәуелсіз
оқуға қабілеттілік, ақпаратты құру, ақпараттандырылған азамат және кәсіпқой
(профессионал) болуға дайындық, қоғам өміріне араласу. Сонда ақпараттық
сауаттылық келесі дағдылардан тұратындығын анықтадық:
–
ақпараттық қажеттіліктерді анықтау мен ұғыну: Мен нені тапқым келеді? Мен
қандай мәселені шешуге тырысудамын?
–
ақпарат дереккөздерін анықтау: Нені пайдалану керек: Ғаламтор, кітаптар
немесе телевизия?
–
ақпараттың орналасқан жерін анықтау немесе оны іздеу: Ақпаратты қай жерден
іздеуге болады? Кімнен көмек сұрау керек?
–
ақпаратты талдау және сапасын бағалау: Берілген ақпарат қаншалықты сенімді
екенін қалай білуге болады?
–
ақпаратты ұйымдастыру, сақтау немесе архивтеу: Көптеген дереккөздерден
алынған ақпаратты қалай тиімді ұйымдастыруға болады?
–
этикалық нормаларға сәйкес ақпаратты тиімді және нәтижелі пайдалану:
Ақпаратты құрастырушылардың авторлық құқығын бұзбау мақсатында қалай әрекет
етсем болады?
42
–
жаңа мағлұматтарды құру және алмасу: Менің ақпаратымды қалай ұсынуға
болады? деген дағдылардан тұрады деп пайымдаймыз.
Сонымен, қазіргі ашық білім беру кеңістігінде студенттердің оқу-тәрбие
үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланбауы мүмкін емес жағдай.
Соның салдарынан заманауи ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу
алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беріп, ашық ақпараттық технологиялар
инфрақұрылымның барлық өнімнің нәтижесіне қауіпсіз және сенімді түрде қол
жеткізуге болады деп нық айта аламыз. Ал, біз өңделген ақпараттың мөлшерін үнемі
көбейту және оның өнімділігі мен сапасын көтеруге талап күн өткен сайын көбеюде
екендігінің куәсіміз. Сонымен қатар шығынды азайтып және ақпараттық технология
инфрақұрылымын қолдау және дамыту, білім беру саласында оған деген бейімділік пен
сұраныс қажеттілігін арттыру, ақпараттық технология қызметінің инновациялық
бағытын дамытудың негізгі тиімді әдісі ақпараттық технологияны дамыту және оған
деген талапты қанағаттандыру үшін бұлтты есептеуді енгізу болып табылады деп
есептейміз.
Біз қарастырған студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалану
тенденциялары студенттердің білім сапасын арттыруға септігін тигізеді және келесідей
дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алуға негізделеді: ақпараттың шынайы
қажеттілігі, ақпараттық сауаттылық жаңашылдығы, бұлтты технологиялар жағдайында
іскерлік пен дағдылардың біріктірілуі, педагогтің шығармашылық ролі, әлемдік
ұжымшылдық, студенттердің жаңашылдық рухы. Әрине, бұл тенденциялар
студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы арқылы білім, білік,
дағдыларын арттыру үшін қажетті алғышарт деп түйіндейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |