ӘОЖ: 37. 018 Ж35 МҰҒалімдердің АҚпараттық-КӘсіби қҰзыреттілігін



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі412,34 Kb.
#10252

ӘОЖ: 37.018 

Ж35 

 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ  ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  ЕҢБЕКТЕРДЕ 

ҚАРАСТЫРЫЛУЫ 

 

Уайдуллақызы Э. 

(Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 

аға оқытушы, PhD доктор 

Алматы қаласы 

Султанова Г.С. 

(Алтай мемлекеттік университетінің 2 курс аспиранты) 

Барнаул қаласы 

 

Бүгінде бастауыш сыныптардың барлық пәндері бойынша Республикалық ақпараттану 



орталығы дайындаған электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны басқа да электронды 

ресурстарды  пайдалану  арқылы  ұйымдастырылуы  көзделген.  Ол  үшін  мұғалімдердің 

ақпараттық-кәсіби  құзыреттіліктері  қалыптасқан  болуы  керек.  Сонда  ғана  оқушылардың 

оқуға  қызығушылығын  арттырып,  оқыту  үдерісінде  жоғары  деңгейдегі  тапсырмаларды 

орындатуда  ақпараттарды  тауып,  оны  сақтап,  жүйелеуге,  электрондық  оқулықтардағы 

модульдік тапсырмаларды өздігінен шешетін, шығармашыл тұлға қалыптастыра алады.   

 

На сегодняшний день по всем предметам начальных классов нацелено преподавание с 



использованием  электронных  учебников,  интерактивной  карты  и  других  электронных 

ресурсов.  Для  этого  должно  быть  сформирована  информационно-профессиональная 

компетенция  учителей.  Только  тогда  они  могут  повысить  интерес  учеников  в 

образовательном  процессе  и  сформировать  творческие  личности,  которые  смогут 

самостоятельно найти, сохранить, систематизировать информацию для исполнения заданий, 

на высоком уровне. 

 

Nowadays e-books prepared by the republican center of informatics for all subjects of primary 



classes  such  as  interactive  boards  and  other  electronic  resources  provided  in  the  organization  are 

planned.  It  is  necessary  for  teachers  to  be  informational  and  professional  skilled.  In  this  case  the 

interest of students to study will rise and they will be able to find the information for  solving the 

tasks of high difficulty, to save and organize it as well as to be confident and creative while solving 

e-books modular tasks. 

 

Кілт сөздер: мұғалім, ақпарат, құзырет, ақпараттық құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік.  

 

Қазіргі мұғалімдердің ақпараттық мәдениеті білімдік және қызметтік болып екі түрге 



бөлініп,  қарастырылады.  Білімдікке  кәсіби  білімділік  пен  кәсіби  бағдар  жатады,  ал 

қызметтікке кәсіби ізденіс пен кәсіби тәжірибе жатады.   Кәсіби лайықтылық – оқу-тәрбие 

үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістерін табуға және дамытуға бағытталған ойлау стилінің 

қалыптасуы [1]. 

Кәсіби шеберлік – кәсіби сауатты шешім қабылдай білу тәжірибесінің болуы. 

Ақпараттық  мәдениет  –    тек  компьютермен  дұрыс  жұмыс  істей  білу  емес,  кез  келген 

ақпарат  көзін  –  анықтамаларды,  сөздіктерді,  энциклопедияларды,      теледидар 

бағдарламаларын,  т.с.с.  дұрыс  пайдалана  білу,  ақпараттық  мәдениет  –  әңгімелесе  білу, 

теледидар,  хабарды  (интернетті)  талғамды  түрде  қарау,  алынған  мәліметті  ой  елегінен 

өткізіп,  талдай  білу  және  өзгелердің  еркіндігіне  әсер  ететін  жағдайларда  өз  еркіндігіңді 

шектей  білу  деген  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз  –


ақпараттар  мен  жұмыс  істеу  технологияларын  және  тәсілдерін,  іздеу,  беру,  ақпараттарды 

өңдеу мен талдау дағдыларын меңгеру болып табылады [2]. 

Сонымен,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық  мәдениетінің  мазмұны  екі 

бөліктен: білім жүйесі және қызмет жасаудан тұрады (сурет 1). 

Адамның  ақпараттық  мәдениеті  –  педагогтыңда,  білім  алушының  да  білім  алу 

әрекеттеріне  қажетті  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бір  бөлігі,  ғылыми  білім  алу  әрекеттері 

құрамындағы  олардың  ақпараттық  әрекеттерінің  сапалы  сипаты  болып  табылады. 

Ақпараттық  мәдениет ақпараттық  ортамен өзара  әрекет етуде білім, дағдылар, шеберліктер 

мен шартты нұсқаулар кешенінің болуымен сипатталады, ол арнайы ақпараттық үдерістерді 

жүзеге асыруда байқалады [3]. 

Сауатты педагог өзінің ақпаратқа зәру екенін түсінуі керек, оны нақты шешім қабылдау 

үшін ұқсастыра білуге, таратуға, бағалауға және тиімді қолдана білуге қабілетті болуыкерек. 

Ақпараттық  мәдениет  ақпараттық  әрекеттерге  деген  қызығушылықта,  оның  білім  алу 

үдерістеріндегі  маңызды  рөлін  түсінуде,  ақпараттар  көздерін  саналы  түрде  таңдай  білуде 

және оларды өңдеудің алгоритмдерін меңгеруде, дәстүрлі, электрондық, желілік және басқа 

да  ақпараттық  қорларды  кешенді  қолдануда,  өзін  ақпараттарды  тасушы  және  таратушы 

ретінде сезіне білуде, белсенді ақпараттық мінез-құлық та байқалады [4]. 

 

 



Сурет 1 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық мәдениеті 

 

Ескурту: автормен құрастырылған  

 

Болашақ  педагогтардың  ақпараттық  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мәселесіне 

байланысты  зерттеулердегі  түйінді  ойлардың біздің  жұмысымыз  үшін  маңызы  зор.  Осыған 

орай,  еліміздің  бірқатар  ғалымдарының  зерттеу  жұмыстарын  қарастыра  отырып,  төменде 

берілген ақпараттарды негіздеу жүйесін ұсындық: 

-  ақпараттық  ізденісті  жоспарлау:  өзіндік  жұмыстың  тақырыбына  сәйкес  ақпаратты 

іздестірудің жоспарын құрып, оны орындауда қажетті шешім қабылдайды. 

алғашқы ақпаратты алу: өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпарат құралдарына 

өздігінен  мониторинг  жүргізіп,  статистикалық,  тарихи  көздерден,  ақпараттарды  алуды 

жоспарлайды. 



-  екінші  қайтара  ақпаратты  алу:  орындалатын  өзіндік  жұмыстың  мақсатын  түсініп, 

өздігінен анықтаған ақпараттар бойынша мәліметті ала алады. 



- ақпаратты алғашқы өңдеу: қажетті  ақпараттарды өзі  таңдаған күрделі жұмыстарға 

сәйкесжүйелейді.  



-  ақпараттарды  өңдеу:  тексеруге  қажетті  ақпаратты  өздігінен  шығарады  және 

ақпараттың  нақтылығын  тексеру  тәсілдерін  қолдананып,  түрлі  көзқарастарды  сыни  талдау 

немесе  алғашқы  ақпарат  пен  соңғы  ақпаратты  салыстыру  негізінде  қорытынды  жасайды, 

өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен алған құзыреттілігін қалыптастырады. Бүгінгі білім 

алушы ертеңгі маман екенін ескерсек, ақпараттық-кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалім 

болуы үшін автордың ұсынып отырған құзыреттілігін толық меңгеруі тиіс деп есептейміз.  

Мұғалімнің  ақпараттық  құзыреттілілігі  оның  кәсіби  құзыреттілігінің  бір  бөлігі 

болғандықтан, бүгінгі күні білім беру үдерісінің сапасын арттыратын құралдардың негізгісі 

ретінде  танылады.  Ақпараттық  құзыреттілік  педагогтың  ақпараттық  ортамен  әрекеттесуін 

қамтамасыз ететін білімдер, біліктер, дағдылар және рефлексивтік бағыттардан түзіледі. Бұл 

мәселені  қарастырған  авторлар  зерттеген  ғылыми  салаларына  байланысты  әртүрлі 

құрылымда қарастырады [5]. 

Атап  айтсақ,  С.В.Тришинаның  еңбегінде  ақпараттық  құзыреттіліктің  төмендегідей 

компоненттерін айқындалған:  

1)  когнитивтік  –  ақпаратты  талдау,  өңдеу,  алу,  жіберу,  болжау,  сақтау.  Басқаша 

айтқанда, кәсіби әрекетте ақпаратты пайдалана алу жайлы білімдердің болуы; 

2) құндылық-мотивациялық – тұлғаныңөзін өзі жетілдіруіне әсер ететін ақпаратқа деген 

қызығушылықтар мен оны меңгеруге деген құндылықтары  

3)  техникалық  -  технологиялық  –  негізгі  құрал  компьтер  арқылы  ақпараттық  оқу 

мақсаттарына сай материалдармен жұмыс жасай алу; 

4)  коммуникативтік  –  қарым  қатынас  орнату,  хабарды  жеткізу  үшін  тілдерді 

(вербальді, вербальді емес) пайдалана алу; 

5) рефлексивтік – тұлғаның ақпараттық ортада өз орынын айқындайтын өзіндік санасы 

мен өзіндік бағасы, басқалар жайлы пікірі. Сонымен қатар, төмендегідей компоненттерді де 

қарастырады: 

1)  құндылық-мотивациялық  компонент  –  компьютерлік  технологилар  арқылы  білім 

алуға қызығушылықтың болуы; 

2) когнитивтік компонент – ақпаратпен жұмыс жасау білімдері мен біліктері

3) іс-әрекеттік компонент – ақпарат алу үшін ақпараттық технологияларды пайдалана 

алу; 


4)  педагогикалық  рефлексия  –  кәсіби  әрекет  барысындағы  өзіндік  сын  мен  өзін  өзі 

жетілдіру [6]. 

Е.Ы.Бидайбеков  студенттерді  ақпараттық  технология  құралдарын  қолдануға 

әдістемелік  тұрғыдан  дайындау  мәселесін  зерттеген.  Білімдендіруді  ақпараттандырудың 

жалпы мәселелері, оның бағыттары, оны жоғары оқу орындарында мамандар дайындау мен 

бағыты  ретінде  қарастырған  [7].  Сонымен  қатар,  автор  мұғалім  еңбегінің  тиімділігін 

арттыруға  бағытталған  қазіргі  кезде  жасалынған,  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде 

пайдаланылатын бағдарламалық құралдарды атап көрсеткен. Олар:  

- өзінің кәсіби қызметін іске асыру үшін қажет;  

- ақпараттық ресурстар мен электрондық ақпараттарға қол жеткізу құралдары;  

- оқытудың мазмұны мен әдістерін жоспарлау құралдары;  

-  мұғалімнің  қолында  бар,  оқу  және  әдістемелік  ресурстың  әрқайсысын  пайдалануды 

жоспарлаудың  ішкі  жүйесімен  қоса,  оқу  және  әдістемелік  материалдарды  қысқа  және 

кеңейтілген сипаттау құралдары;  

- оқу сабақтарын, сабақтан тыс шараларды, мектеп оқушыларының өзіндік қызметтерін 

жоспарлау мен ретке келтіру құралдары;  

- әр оқушы мен әр сабақ бойынша жекеленген мәліметтерді ескеруге мүмкіндік беретін 

жүйелер мен мәліметтер қоры;  

-  оқушылар  мен  оның  ата-аналарымен  тез  қарым-қатынас  жасауды  жолға  қоюға 

мүмкіндік  беретін  телеқатынастық  құралдар,  әр  оқушы  оқуының  нәтижелері  мен  барысы 



туралы  ата-аналарына  ақпарат  беру  құралдары  жататындығын  атап  өтуге  болады.    Біз 

автордың  пікіріне  қосыла  отырып,  ақпараттық  құралдарды  пайдалану  мұғалімдер  үшін  де  

тиімді екенін ескере отырып, тәжірибеге енгізу қажет, - деп санаймыз. 

Мұғалім келесі іс-әрекеттерді АКТ көмегімен орындауды іске асыра алса, ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар аймағында құзыретті болады: 

-  оқыту  үшін  қосымша  ақпараттарды  Интернет-қорларды  пайдаланып  іздеу  және 

сұрыптау жүргізе алады; 

- білім беру ақпаратын түрлі компьютерлік орталарды пайдаланып оқушыға ұсынады; 

өзінің  кәсіби  деңгейін  көтеру 



мақсатында  Интернет-конференцияларға, 

оқытушылардың желілік бірлестіктерінің жұмыстарына қатысады

- стандартты қосымшалар мен бағдарламалық қабықшалардың негізінде оқушылардың 

білімін рейтингтік бағалау жүйесі мен компьютерлік тесттер жасай алады; 

- Интернет-қорлардан оқуға арналған өзінің мәіметтер қорын қалыптастырады; 

-  стандартты  қосымшаларды  пайдаланып  электронды  тасымалдаушылар-да  оқу 

материалдары мен оқулықтар жасайды; 

-  оқушыларды  оқыту  және  тәрбиелеу  мақсатында  дайын  мультимедиалық 

жасалымдарды қолданады; 

- стандартты қосымшалар мен арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен оқу-

тәрбиелеу үдерісін басқарады. 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  толық  меңгеруі  тиіс  екенін  ескерсек, 

жоғарыда аталған құзыреттіліктерді жетік білгеннен кейін ғана оларды оқыту үдерісінде әр 

пәнде  еркін  қолдана  алатын  болады.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалімнің  компьютерлік  танымдық-

ойындарды,  тапсырмаларды  дайындауы  мен  оларды  орындауда  оқушылардың  білім  алуға 

деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыратыны сөзсіз. 

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың білім берудегі әлеуеті көп жоспарлы және 

мынадай жаңа мүмкіндіктерді береді: 

-  білім  беру  мазмұнын  таңдаудың  әдістемесі  мен  стратегиясын  жетілдіру;  жаңа  оқу 

пәндерін енгізу мен дамыту; сондай-ақ әдеттегі пәндерді оқытуға өзгерістер енгізу

-  оқытудың  тиімділігін,  жекеленуі  мен  дифференциациялануын  көтеру,  кәсіби 

дайындық  үрдісінде  өзара  әрекеттесудің  жаңа  формаларын  ұйымдастыру,  білім  алушы  мен 

білім алатынның іс-әрекеттерінің мазмұндары мен сипатын өзгерту; 

-  оқу  үдерісін  басқаруды,  оны  жоспарлауды,  ұйымдастыруды,  бақылауды  жетілдіру, 

білім беру жүйесін басқаруды жаңарту. 

Мына жағдайлардағы: 

- үлгілеу арқылы танымдық әрекеттерді ұйымдастырудағы; 

-

 

 мультимедиа  құралдарының  көмегімен  кәсіби  араласудың  типтік  жағдайларын 



боямалаудағы; 

-

 



алған білімдерді жаңа жағдайларда қолданудағы

-

 



меңгерілетін шеберліктер мен білімдерді тиімді жаттықтырудағы; 

-

 



оқыту нәтижелерін автоматты түрде бақылаудағы; 

-

 



кері байланысты орната білу қабілеттілігіндегі

-

 



шығармашылық ойлауды дамытудағы; 

-  көзбен  шолу  және  дыбыстық  формаларды  оқу  бағдарламаларында  біріктіру 

мүмкіндіктеріндегі  –  ақпараттық  технологиялардың  басымдығы    қарқынды  көтеру  арқылы 

практиканы өткізу үдерісін тездету, оқытуды жекелеу, жағдайларды үлгілеу, әр үйренушінің 

белсенді  уақыты  мен  көрнекілікті  көбейтумен  байланысқан  көптеген  мәселелерді    шеше 

алады. 


Ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  оқытуды  ұйымдастыру  ұстанымдарын 

дайындай  отырып,  бір  жағынан,  оқытудың  негізі  ретіндегі  ақпараттық  технологиялар 

тәсілдерінің  дидактикалық  ерекшеліктері  мен  оқыту  функцияларын,  ал  екінші  жағынан, 

қазіргі  деңгейде  білім  берудің  жалпы  жүйесінің  элементі  ретіндегі  осындай  оқытудағы  



дидактикалық  ұйымдастыру  бағыттарын  назардан  шығармаған  жөн.  Ең  алдымен 

компьютерлік  әдісті  технологиялық  көзқарас  тұрғысынан  елестету  керек.  Компьютерлік 

оқытудың мотивациялық әлеуеті өте зор.  Мұнда дұрыс құрастырылған электрондық оқулық 

немесе  компьютер  оқытушыға  оқу  үдерісінде  жекелеуге  немесе  дифференциациялауға 

көмектеседі, сонымен қатар компьютер-құпиялықты сақтаудың кепілі бар.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР  

1.

 



Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020    жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  11.10.2004ж.  №1459  бұйрығы  //    http:

www.e.gov.kz

 

сайты. 



2.

 

 Шишов  С.Е.  Macromedia  Flash  ортасында  анимация  жасау  мүмкіндіктері  // 



http://infust.kz/

. 2013ж. 

3.

 

Ховов  О.Б.  Технология  организации  самостоятельной  работы  //  В  сб.  научных 



докладов  международной  конференции  «Проблемы  непрерывного  профессионального 

образования в странах, переходящих к устойчивому развитию». - М.: Изд. АМИ, 1998. - Ч.1. - 

С. 142-145. 

4.

 



 Зимняя  И.А.  Ключевые  компетентности  как  результативно-целевая  основа 

компетентностного  подхода  в  образовании.  -                                                                                          М.: 

Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004. - 42 с. 

5.

 



 Кудайкулов  М.А.,  Нурпеисова  С.А.,  Кудайкулов  С.М.Дидактическая  технология 

инновационного обучения: учебно-методическое пособие. - Алматы: 2011. – 162 с.  

6.

 

 Жадрина  М.Ж.  Развитие  компетенций  в  условиях  профильного  обучения  // 



Открытая школа. - 2006. - №1 (50). - С. 3-7. 

7.

 



 Гершунский  Б.С.  Компьютеризация  в  сфере  образования.  Проблемы  и 

перспективы. - М.: Педагогика, 1987. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет