Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА


Аннотацияланған сілтемелер



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата25.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#59485
1   2   3
Аннотацияланған сілтемелер
Аннотацияланған сілтемелер дегеніміз тек сілтемені түртіп алып қоймай, ол туралы кішігірім ақпарат 
жазып қою. Бір қарағанда, бұл уақыттың бәрін алып кететін іс сияқты болып көрінгенімен, кейін оның 
жемісін көресіз. Ерінсеңіз де, осыны әдетке айналдыруға тырысыңыз. 
Қандай да бір әдебиетті тапқан кезде мына сұрақтарды қойып көріңіз: «Бұларды кім жазған? Оның 
біліктілігі қандай? Ол кәсіби маман ба, саясаткер ме, зерттеуші ме, әлде белгісіз адам ба? Жұмыс кімге 
арнап жазылған? Ғылыми аудиторияға арнап жазылған ба, жалпы қауымға ма, сайлаушыларға ма, әлде 
тұтынушыларға ма?» деген сауалдар қойыңыз. Егер бұл сұрақтың жауабы көңіл көншітпесе, дереккөз 
күмәнді көрінсе – басқа сенімді әдебиетке көшкеніңіз абзал. 


Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Әдебиеттермен жұмыс істеу
4
Жұмысыңызға қатысы аз еңбекті бір-екі сөйлеммен түйіндей саларсыз, ал тақырыпқа қатысты
ойыңыздан шыққан пайдалы еңбекті жан-жақты сипаттаңыз. Оны сипаттау үшін өзіңізге ыңғайлы, 
түсінікті тіл мен белгілерді қолданыңыз. Өйткені кейінірек өте маңызды еңбектердің біразын ұмытып 
қалуыңыз мүмкін.
Одан кейін жұмысқа сыни тұрғыда қарай білуді де үйрнеуіңіз керек. Бас кезінде ол қиындау болуы 
мүмкін, бірақ ысыла түскен сайын, жұмыстың сапасын тез анықтай алатын боласыз. Бастапқыда мына 
сұрақтарды қою арқылы жұмысқа сыни тұрғыда қарай аласыз: «Бұл туралы не ойлаймын және неліктен 
олай ойлаймын? Ол жаңа ма, ескі ме? Бұл өте өзекті ме, әлде бұрынғыны қайталау ма? Әдіснамада 
кемшіліктер бар ма? Автор мәселеге біржақты қарап отырған жоқ па? Нәтижесі сенімді ме?» деген 
сұрақтарға жауап іздеңіз. Сосын бұл жұмысты бұған дейін оқыған басқа еңбектермен салыстырып 
қараңыз. Жалпы әдебиеттер аясында оның алатын орны қандай?
Бұл жұмыстың сіз жасағалы отырған зерттеуге қандай байланысы бар екенін анықтап алыңыз. Оны 
оқыған соң танымыңыз кеңейіп, көзіңіз ашылғандай болды ма? Теориясы немесе идеологиясы сай келе 
ме? Әдістері ше? Осы саланы/тақырыпты/мәселені басқа қырынан қарауға итермелейтіндей ойлауында/
әдісінде олқылықтар бар ма? Айтқыңыз келген немесе жасағыңыз келген іс-қимылды тура білдіретіндей 
цитата, үзінді немесе тарау бар ма? Шабыттану үшін оқыңыз. Таңдану үшін оқыңыз. Қайран қалу үшін 
оқыңыз. 
Дәрісті қорытындылау
Әдебиеттерді табу оңайлаған сайын студенттер түрлі электронды дерекқор мен іздеу жүйесінен кілт 
сөздерді пайдаланып іздеу дағдысын жетілдіруі керек. Жазба еңбектер саны көп болғандықтан өзектілігі 
мен сапасына қарай керегін сұрыптаңыз. 
Керек әдебиеттің қажет бөлігін жазып алу арқылы дерекөзді басқарып, аннотация жасауға болады. 
Оған цитата жазып алу, автор мен аудиторияның бағытын ескеру, қысқаша түйіндеме, сыни пікір және 
зерттеудің өзектілігі жайлы жазба кіреді, оның бәрі материалдың маңызын, дәлдігі мен сапасын еске 
салып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет