Метафора- грек тілінің metaphora «ауысу» деген сөзі бойынша жасалған термин.
Белгілерінің ұксастығына қарай бір заттың немесе құбылыстың атауы мен аталуының
негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады мысалы: Орыстың ғылымы, өнері
- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі кілт сөзі
«ашатын кұрал» дегенді емес (бұл - оның негізгі мағынасы), «шешуші» деген мағынаны
білдіреді . Бұл мағына кілт сөзінің номинативті мағынасында да (ашатын құрал) негізінде
жасалған туынды мағына Мәселенің кілтідеген сөз тіркесіндегі кілтсөзінің мағынасы да
осы аталған мағына мен барабар. («Шешуші»-деген мағынаны білдіреді).
Метафора - әр түрлі тілдердің бәрінде де бар құбылыс.Тіл-тілде сөз мағыналарының
ауысу тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы - метафора тәсілі. Метафора -
құбылысының сөздің мағынасынан орын алуы соншалық, метафораның негізінде туған
туынды мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла
бермейді.
Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, әдетте сөздің туынды мағынасы
ретінде қарастырылып орнығып кетеді. Мұндайда метафораның негізінде туған мағына
сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде
қаралады, Мысалы: істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні, қыздың төркіні дегендегі «төркін» сөзінің синтагмалық қатарын қарастырсақ, соңғы мысалда бұл сөз
«қыздың ата-анасы, туған - туыстары дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалдарда «түп
негіздегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді, сонда бұл мағына («түп негізі, мәнісі, сыры»)
төркін сөзінің негізгі мағынасымен іштей байланысты туған қосымша туынды мағына
болып саналады да, осы сөздің қалыптасқан, орнықты лексикалық мағыналарының бірі
ретінде ұғынылады. Осы туынды мағынасында оны бүкіл халық қолданады. Сондықтан бұл
туынды мағына «төркін» сөзінің негізгі мағынасымен -қатар сөздікте көрсетіледі.