адам, гүл- адам, темір-адам, жүрегі – оттай ақсұңқар болат , алмас сияқты сөздерге
балау дегендерді жиі пайдаланады. Мысалы:
Ағаш-адам, гүл-адам, темір-адам Жолықтырды өмірде бәрін маған [Е. Шаймерденұлы].
...Қайың-адам, тал-адам, терек-адам,
Жапырақ жүрек жайқалған желек-адам. Жүрегі - от, жаны – пәк, ойы - зерек,
Бәрінен де сол болар керек адам [Е.Шаймерденұлы], Сөйтіп, тұрақты метафора сөздің
келтірінді мағынасы ретінде мәтіннің мазмұнына енеді.
Жеке қолданыстық метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты.
Алғашқы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір
туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте тілдік аталым ретінде енбеседе, мәтіннің мазмұнын
ашуға, автордың ойын берудің кұралы. Белгі мәтінде ғана жұмсалатын сөздің келтірінді
мағынасы қашан да әр ақынның тілдік сөз қолданыс ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан
келтірінді мағына өзгеріп, құбылмалы болады.
Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген,
Сусыным бір қанбай қойды ежелден.
Ол - жүректің шөлдегені сезем мен; Төрт аяғын тағалатып буырылдың
Бұрқыратып, кең өлкемді кезер ме ем? [М.Мақатаев].
Жазғырма мені жан аға,
Жаманға мүлде балама
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп,
Талшыбықтұрар жағада.
Шыбықдеп мені бағала [М.Мақатаев].
Осындағы жүректің шөлдегені, шыбық деген метафоралық қолданыстар әр
ақынның өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан бұл тәрізді метафоралар жалпы
халықтық емес, жеке қолданыстық метафораларға жатады.
1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -Алматы: Сөздік-словарь, 2006. -264 б. 2. Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме, -4лматы, 2007. -167 б. Резюме
В этой статье рассматривается функций метафоры о значение слов.
Summary
The article is considered the meaning of the word and the function of the metaphor. The
names of Kazakh national domestic games are considered in this article.
ОӘК 801