«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет98/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

 
 
 
АБАЙ ЖӘНЕ ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ ҮНДЕСТІК.
 
С.Д. Ізтілеуова - 
филол, ғыл. д., 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші 
ғылыми қызметкері 
Шәкәрімнің мол мұрасының халыққа жетуінің бірден - бір себепкері баласы Ахат. 
Сонау сұрқия саясаттың әсері Шәкәрім әулетіне де соқпай өтпеді. Шәкәрім әулетінің қуғын - 
сүргінге ұшырап, барлық қиындықтарды бастан кешкені белгілі. Бір баласы Зият Қытай 
асып, Ахат түрмеге түсіп, көп бейнет көреді. Қалған балаларының бірі түрмеде мерт болып, 
аштықтан қаза болып, тарыдай шашылып, халық басына түскен нәубеттің барлығын 
басынан өткереді. Солай болса да, балалары әке мұрасын көздерінің қарашығындай сақтап 
қалады. Зият Қытай еліне кеткенде қоржынына әке мұрасын салып ала кетеді. Сол жаққа 
насихаттайды. 
Ал, Ахат ұлттық кітапханаға және академияның кітапханасына 1935 - 36 жылдары 
өткізеді. Сол бір сұрапыл жылдары басын оққа тігіп, қорықпай - ақ осы ерлікке барады. 
Қазіргі бізге жеткен Шәкәрім еңбектері Ахаттың әке мұрасына мұқият қарап, халық 
мұрасына айналуына ықпал етті және өзі де әкесі жайлы естеліктер қалдырды. Ахаттың 
естелігенде әкесінің шығармашылық жолдары мен Абайдың ықпалы мен әсерін дерек 
көздері ретінде береді. Ұлттық кітапханаға 1935 жылы 9 ақпанда әкесінің біраз еңбектерін 
өткізеді. Міне, Шәкәрімнің бізге жеткен еңбектерінің тарихы осындай. 
Ахат естеліктері Шәкәрім мен Абайдың рухани шығармашылықтары мен екеуара 
сұхбаттарынан 
тұрады. 
Шәкәрім шығармашылығындағы философиялық көзқарастар және оның жаратушы, 
жан, тәңір, дін туралы ой - пікірлері, Абай ойларымен үзеңгілес келіп, сабақтастық тауып 
жатады. 
Бұл жөнінде Шәкәрімнің баласы Ахаттың естелігінде былай дейді: Батыс, Шығыстың 
ескі замандағы ойшылдары, жазушы - ақындарымен танысып, оқуыма да Абай себеп болды. 
Ғылым іздеп, қалаларды аралауыма да Абай себеп болды. "Мұсылмандық", "Түрік-қырғыз 
шежіресін", "Қалқаман - Мамыр", "Еңлік-Кебекті" жазуыма көп көмек берді."- дейтін. 
Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы үндестік сабақтастық тақырыбы да аса 
терең. 
Абай мен Шәкәрім шығармашылығының ортақ тамыры екі суреткердің қара сөздері 
мен өлеңдеріндегі ой толғаныстарындағы ұқсастықтары мен үндестігінде айқын көрінеді. 
Екі ақын да өмір, қоғам, болмыс құбылыстарын және Алла тану, адам тану туралы үлкен 
дүниетанымдық мәселелер жайында ой қозғайды. Абай да, Шәкәрім де айрықша 
білімпаздық пен ізденімпаздықтың арқасында және ерекше дарын иесі болғандықтан заман 
ағымынан, қоғамнан биіктеп кеткен жандар. Ғалам - болмыс - Алла, жаратушы жайлы 
ойлары оқырманның жан-дүниесін толғанысқа түсіреді. Қос ақынның мұңы, қамығуы мен 
қайғысы өлеңдерінде терең берілгендігі сондайлық, оқушының жан-дүниесін қозғап, 
оқырманын ұйытып, өмірге жаңа таныммен қарауға жетелейді. 
Әрине, Алла - адам - қоғам мәселелерін талдауда ІІІәкәрім Абай дүниетанымына 
жүгінеді. Бірін- бірі толықтыра отыра адамзат танымының ойлау шеңберін кеңейтуге 
қабілеттілік екі кемеңгер тұлғаға тән дүние. 
Міне, Абай әсерін, оның көзқарасын, дүниетанымын түсініп Шәкәрім өзіндік 
қолтаңбасын поэзия мен пәлсапалық ой-толғамдардың өрнегін салады. 
Шәкәрім былай дейді: 
"Іш хахиқат біржолата көміліп қалмайды. Мұны мен өз мақтаным үшін айтып 
отырғам жоқ. Мұны адамдар әбден қабыл алғанша, мен өліп қаламын. Маған тіршілікте де 
мақтанның бір тиын құрлы қадірі жоқ. Және мақтан араласқан істе тазалық, әділет 
болмайтынын жақсы білемін. Бірақ, ақылдың анық деп тапқан хақиқатын айтпауға ар 
көнбейді. Өлген соң тарихта атым қалсын да демеймін. 
Heгe десеңіз: "Өлген соң да мақтанайын" дегеннен масқаралық іс бар ма? " /6/- деген 
пікірі ақынның өмірлік кредосына айналған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет