вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
берілетін анықтама «сөйлеу акті» екендігін ескерсек, дискурс тек ауызша сөйлеуге
байланысты қолданылатын термин деп қарастырмағанымыз жөн. Мойындау керек, ауызша
айту, ойды жеткізу, сұхбаттасу процестері кезінде дискурс үдерісі іске асып отырады,
дегенмен ой сөз арқылы хатқа түскенде дискурс үдерісі жойылады деген ұғым тумауы керек.
Ой, не идея қандай формада болмасын (мейлі ауызша, мейлі жазбаша) материалданған кезде
белгілі бір бағытқа, концентке ие болады, дискурстық бірлік үдерісі орын алады.
Ц.Тодоровтың анықтамасына оралатын болсақ, «тілдің арғы жағында, ойды жеткізудің бергі
жағында» іске асатын дискурс спецификасы көркем шығармашылық үшін әмбебаптық
қызмет атқарады. Көркем шығарманың құрылымы,
стратегиясы, жанры, композициясы,
стилі дискурс негізіне сәйкестендіріліп жасалады, туады. Дискурс - көркем шығарманың
ядросы, эмбиронынан бастап, әлеуметтік қызметке түскен, рецепиент талқылауындағы
дербес дүниеге айналғанға дейінгі кезеңді қамтитын диалектикалық жүйе.
Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді әдебиеттанушылық шикізат деп қарастыратын
болсақ, сол шикізаттың идентификациясын жасайтын, құрамын, жасалу жолдарын, сапасын,
қасиетін, мақсатын, мазмұнын анықтау, бағалау, түсіну, түсіндіру дискурстық поэтика
арқылы іске асады.
Әрине, осы уақытқа дейін көркем мәтінді талдаудың қалыптасқан дәстүрлі әдіс,
тәсілдері мектептері бар. Ол мектептер көркем мәтінді талдауға, түсінуге елеулі үлестер
қосып, таным көкжиегімізді тереңдетіп жүргені белгілі. Аталмыш
зерттеу әдістері мен
тәсілдері мектептерінің басын қосып, пәнаралық, кешенді салаға айналған - дискурстық
поэтика көркем мәтінді теоретикалық зерттеуде жаңа бастауларға, жаңа арналарға
жетелейді. Әлем сияқты шексіздіктен тұратын көркем әдебиет әлемінің түпсіз терең сырын
түсінуге, құдіретін тануға жол ашады, Ол үшін дискурстық поэтика методологиясы
анықталып, пәнаралық ынтымақтастықтың негізгі ортақ концепциялары айқындалып,
кешенді зерттеу орталықтары дүниеге келіп, іргелі зерттеулер жасалуы қажет.
Шығармашылық психологиясы, психолингвистка,
семиотика, структурализм, когнитивті,
прагмативті,
тарихи-функционалдық,
герменевтикалық,
рецептивті
эстетикалық,
компаративиетикалық, т.б. әдістер басы қосылып, дискурстық поэтика методологиясы
ұшталуы тиіс.
1.
Руднев Ю. Концепция дискурса как элемента литературоведческого метаязыка.
[WWW- документ] URL http: //
www.zhelty-dom.narod.ru/literature/txt/discoursjr.htm
.
2.
Тодоров Ц. Понятие литературы. (Перевод с франі(узского Г.К.Косикопи).
[WWW-документ] URL http: //www. humanities, edit.ru/dh/msg/30833.
3.
Ван Дейк Т. A. (1998). К определению языка. [WWW-документ] URL
http: //www. пsu. ги/psych/internet/bitshandi]k2. him.
4.
Есембеков Т. У. Көркем мәтінді талдау негіздері. — Алматы:-Қазақ
университеті, 2009.
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы взаимоотношений и взаимосязи, а также
различии литературного дискурса и художественного текста.
Summary
In given clause problems of mutual relations and interrelations, and also distinction of a
literary discourse and the art text are considered.
Достарыңызбен бөлісу: