«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет99/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Вестник ЮпНЛУ іс.іени Абаясерия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
89 - 
 
Әр бір ұрпақ заман талабы мен танымдары ой қорыта келе, Шәкәрім көтерген 
мәселелерге тың көзбен қарары сөзсіз. 
Шәкәрімнің назар салып, пікір білдірген үғымдарының бірі- осы мақтану, мақтау 
жайлы. Мақтануды адам іс - әрекетіне, өмір сүруіне жайсыздық әкелетініне, зиянды істерге 
бастау болатынын ескертіп, сақтандырып отырады.
Бой да жоқпен мақтаса, яки сөксе
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе? 
Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын, 
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе./7/. 
дейді, "Мақтау мен сөгіс" өлеңінде. 
Ал Абай тіптен бұл мәселеде өз кесімен тіке айтады: 
Мен - мақтанның құлы емес, 
Шын ақылға зорлық жоқ. 
Антурған көп пүл емес, 
Өлім барда корлық жоқ. /8/. 
Абай мен Шәкәрім тағдырлық мәнді өмір құбылыстарына қалам сілтей отыра, бірінің 
ойын бірі дамытып, толықтырып, тереңдетіп отырады. Мысалы. Абай бір өлеңінде: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек./9/.- 
дейді. 
Дей тұра, Абай толық адам болу үшін керекті адами сапаларды сараптап көрсетіп 
береді. Нағыз адам болу үшін сабырлы ақыл, қажырлы қайрат, ыстық жүрек қажет. Оның 
біреуі жоқ болса, сен нағыз толық адам емессің. Абай халықты өз бойындағы ізгілікті 
сапаларды қастерлеп, ұштай білуге үйретуді мақсат тұтады. Ал Шәкәрім бұл тақырыпты 
өзінше жаңа қырынан көрсетуге ұмтылған: 
Байлаймын да көзіңді, 
Патша қылам өзіңді, 
Ұғып отыр сөзімді Ел билетем 
жеті ру. 
"Мейірім", "Ынсап", "Әділет", 
"Шыдам", "Шыншыл", "Харакет", 
Түп қазығы: "Ақ ниет " - Бұл 
жетеуін ел қылу./10/. 
Абай талап, шыдам, кайрат, жүрек, ақыл сияқты адами сапалардың қатар болуын, 
адам бойынан бірдей көрінуін қалайды. Ал Шәкәрімде, бұлармен қатар мейірім, ынсап, 
әділет, ақ ниет сияқты сапалық қасиеттерді уағыздау басым. Адами қасиеттердің түп 
қазығын ол адалдық пен ақ ниетке келіп тірейді. 
Шәкәрім үшін ақыл, талап, еңбек, барлығы адалдық пен ақ ниет болған жерде баянды 
болмақ. Міне, екі ойшылды осындай ой-таным ұксастықтары бірін-бірі толықтырып, 
жетілдіріп отырған. Абай Шәкәрімге рухани ұстаз бола отыра, оның білімін тереңдетуіне 
үнемі қаржылай көмектесті. 
Шәкәрімнің рухани дамуына өз әсерін тигізген Абай жайлы баласы Ахатка 
айтқандары: "Адамы өлген ауыл үш жылға дейін қаралы болады. Осы өлімнің үстіне мен өте 
жақсы көретін Мағаш 1904 жылы қайтыс болып, Абайдың да, менің де сорым қайнап қалды. 
Абай Мағаш өткен соң, ақылынан адаспаса да, ауыр ойдың құрсауында болып, үйде көзінен 
жасы парлап, отырып қалды. Біз Мағаштың жетісіне дайындалып жаттық. Ауылдың 
қасындағы дөң басында Абайды күтіп, елдің қадірлі көп адамдары отырып қалды. Мен 
Абайға келіп: "Сіз өзіңіз: айтқанын істеген - анық адам және қайғыға қайғыра біліп, оны 
тоқтата алар қайраты да болуы керек"-деп бізге үйретіп, соны істемегеніңіз қалай? -
дегенімде "Е, мен не деп едім?"- деді. Мен, сіз: 
"Көзіме жас бер, жылайын, 
Шыдам бер қайрат қылайын. 
Жаралы жүрекке 
Дауа бер, жамап сынайын ",
-деген жоқсыз ба? -дегенімде: "Мен әлсірейін деген екенмін ғой. Киіңдір, тысқа шығар" деді. 
Мен шапанын, бөркін кигізіп, қолтықтап кигізіп ортасына әкеп отырғыздым.» 

бұл жолдар Шәкәрімнің баласы Ахаттың әкесі туралы естелігінен. /11/. 
Екі ақын да туыс бола тұра бұларды әсіресе жақындастырған рухани дүние еді. Екі 
ойшылдың ақиқат дәрежесіндегі ойлары, ізденген білімдері, алға қойған мақсаттары да 


Вестник ЮпНЛУ іс.іени Абаясерия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
90 - 
 
ортақ еді. 
Жоғарыдағы баласы Ахаттың естелігін жалғастырсақ: Абай көппен амандасып болған 
соң, тез бойын жинап "Мағаш тек менің ғана балам емес екен, көптің сіздердің де 
балаларыңыз екен! Мен сіздерді ойламаған екенмін, ғафу етіңіздер" - деп, сөзге араласып 
кетті. Бір мезетте мені қолымен нұсқап: "Мынау Шәкәрім де, мен де сорлы екенбіз. Бұдан 
бұрынғы жылда Шәкәрімге ойымды айтып, тағыда бергенім естеріңізде шығар. Мына екі 
туысқанның қарсы қабат келіп, мұны білім іздеу жолынан қалдырып, менің Шәкәрімге білім 
қуғызсам деген мақсатым орындалмай қалды. Шәкәрім де мен де сорлы екенбіз дегенім 
осы?!-деді. Мен Абайға: "Ол тілегіңізді орындаймын, айтқан жерлеріңізге барамын!"-дедім. 
Абай аз күлімсіреп: "Қаражат беретін мен өліп қалсам, қайтесің?" - деді. Мен: "Сіз өлмеңіз! 
Қайтсем де, тірі болсам, сізге берген сертімді орындаймын!"-дедім. /12/ 
Осы сұхбаттан кейін көп кешікпей, Абай дүниеден өтеді. Шәкәрім көп қиындықтарға 
қарамай, Абай ағасына, ұстазына берген уәдесін орындап, рухани сапарға шығып, өзіне мол 
білім жинап қайтады: 
Пароходпен ай жүріп жолда, 
Әр елден кез келіп молда
Он үш күн болып Стамболда
Керек кітап табылғаны -ай! 
Парижде де оқыған жан, 
Түрік, Серкеш Әм Үндістан, 
Араб, башқұрт, қызылбастан, 
Переводчик - түрік, ноғай. /13/-дейді ақын. 
Осы естелікті ары қарай сабақтасақ, көптеген тың деректерді кездестіреміз. Иә, Абай 
үлгісін Шәкәрім ары қарай дамытты. 1905 жылы қыркүйек, қазан, қараша айларында 
қажылық сапарға аттанғандардың тізімінде Шәкәрімнің де аты-жөні бар құжат Орталық 
мемлекеттік мұрағатта бар. Көп тізімнің 21санында «Шакаримь Худайбердинъ» - деп 
тіркелген. Ал, 1906 жылы қажылық сапардан қайтып келгені жайлы да деректер сақтаулы 
тұр. Ал нақты түрде айтсақ, дерек көздері былай болған: 
1905 жылғы Шәкәрімнің қажылыққа сапары шамамен үш айға созылған сияқты. Оны 
орталық мемлекеттік мұрағаттағы құжаттар дәлелдейді. Мысалы: Қажылыққа бару үшін 
шетелдік төлқұжат үшін қызыл крест қоғамының пайдасына қосымша төлем төлеушілердің 
тізімінде қыркүйек, қазан, қараша айларында он рубль төлегендердің тізімінде 21-ші болып 
Семей облысы, Шыңғыс болысының қырғызы Шакаримь «Худайбердинъ» деп тіркелген. /1/ 
«Семей облысының уақытша генерал-губернаторы, генерал-мойор Галкиннің дала 
генерал- губернаторына хатында 1906 жылдың наурызында Семей уезі, Бұғылы болысының 
қырғыздары Кезденов Құрманғажы, Жолбасаров Құтан және Шыңғыс болысымен Чокин 
Күренші және Хұдайбердин Шакарим аттарына берілген № 6411, 6422, 6423, 6424 шетел 
төлқұжатын қайтарып алынғандығы туралы және қажылық сапардан келгеннен кейін 
олардың денсаулықтары тексеріліп, ауру-сырқаудан аман» екендігі айтылады. 
Шәкәрім қажының осы естелігінің өзі алдындағы Орталық мұрағаттан табылған 
деректермен сәйкес нақтыланып, дәлелденіп тұр. 
Ендеше, Шәкәрім өмірінің, өз естелігіндегі: «Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға 
қарай қажыға барғанда тақияны көрдім» - деген жолдардың өзі-ақ шындыққа жанасып, 
деректермен расталып тұр. Шәкәрімнің осы сапары тек қана қажылық қана емес, 
шығармашылық және рухани өсу жолының үлкен бір белесін көрсетеді. 
Осы сапардан кейін-ақ Шәкәрім шығармашылығының өрлеуі, биік деңгейге көтеріліп, 
адам түзеу, Жаратушының сүю мәселелері төңірегінде дүниетанымдық көзқарастарының 
жүзеге асуы басталған кезеңі еді. Жүзеге асуы дегенде шығармашылық даму процесі. 
Шәкәрім қажының осы естелігінің өзі алдындағы Орталық мұрағаттан табылған 
деректермен сәйкес нақтыланып, дәлелденіп тұр. 
Міне, осы сапарда Шығыс, Батыс ойшылдарының еңбектерімен тереңірек танысып, 
тіршілік, жан, ғалам жайлы, имандылық, дін, ғылым, ақыл жайындағы өз ойларын дамыта 
отыра, өзіндік соны пікірлер айтты. 
Шәкәрім өзі былай дейді: демек, менің бұл сапарым көкірек көзімді ашып, аңсаған 
арманыма қолым жеткен сапарым болды! Бұл да Абайдың маған ақыл-кеңесінің жемісі. /14/ 
Иә, екі ақында шығармашылықтарыда өз тұлғасын, өз танымын халқына мұра етіп 
кетті. Олардан тағылым aлу арқылы халықты шын сүюді, адамды, Алланы тануды 
үйренеміз. Абай да, Шәкәрім де, адамды, Алланы, Жаратушыны, Жарды сүю дәрежесіне 


Вестник ЮпНЛУ іс.іени Абаясерия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
91 - 
 
көтеріле отыра, халық мұңын жоқтаудың, ел қамын білудің, халық өркениеті үшін 
жанпидалыққа барудың үлгісі болды. 
Резюме 
В статье раскрывается духовно-нравственные и идейно-художественное созвучие 
творчеств Абая и Шакарима. Актуальные темы бытия, поднятые в произведениях Абая
получили свое творческое продолжение в стихах и поэмах Шакарима. Проблемы, поднятые 
в их трудах, внесли огромный вклад в духовное становление казахского народа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет