Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет111/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Алехо Карпентьер (1904–1980). Жазушы өз шығармашылық жолын еуропалық өнер­дегі авангардтық бағытпен бастайды. Бірақ 40-жылдардан бастап латынамерикалық конти­нент тарихына бет бұрып, оның шығармаларындағы мәселелер реализмге қарай бағыттала­ды.
Карпентьер тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дұрыс жолды таңдай білді. Оны Еуропада болып жатқан оқиғалар мен қандай-да бір жаңалықтар, ондағы халықтың жағдайы мен басқа да елдерде орын алған оқиғалар қызықтырады. Оның «Ағартушылық ғасыры» (1962) атты романындағы оқиғалар шеңбері ХYІІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. Саяси режим­дер­дің ауысуы романның басты кейіпкері Юга Виктордың өз тұжырымдарын өзгертіп, яко­бин­дік террорға жақындауына әкеліп соқтырады.
«Теріс әдіс» (1974) романының мәтінінде бет перденің тұрақсыздығы сөз етіледі. Онда А. Карпентьер диктатордың өзіндік бейнесін көрсетеді. Ол арқылы автор саяси көзқарас­тар­дың тұрақсыздығы мен қоғамда орын алған сенімсіздікті көрсетеді.
Карлос Фуэнтес (1928) - 1962 жылы жарық көрген «Артемио Крустың өлімі» атты еңбегі арқылы әлемге танылған ең ірі мексикандық прозаик. Бұл шығарманың жазылуына Л.Н. Толстойдың «Иван Ильичтің өлімі» атты дастаны ықпал етеді. Бұл еңбекте бұрынғы революционер әрі бай адам өлер алдында өзінің жасаған қылмыстары мен сатқындықтарын еске алады. Ол еш өкінбейді, тек өткен өмірін еске түсіреді. Бірақ әңгімені баяндаушы немесе автор оның әркеттерін өткер сынға алады. Шығармада оқырмандардың өзіндік талдау жасауы түрлі айғақтар келтіріледі. Шығарманың соңында басты кейіпкер балаларының байлық пен мұрагерлік үшін бірін-бірі өлтіруге дейін баратын­дығын көргенде, өз өмірінің мәнсіз өткендігін түсінеді.
К. Фуэнтестің нақты тәжірибелерге деген қызығушылығы «Екі жүзді» (1967), «Қасиетті аймақ» (1968), «Терра ностра» (1975), «Өртелген су» (1981) атты еңбектерінен байқалады. Ол аталған шығармаларында жазушының шындықты елемей, қиялдарын еркін жеткізуге құқықтары бар екенін айтады.
К. Фуэнтестің тағы бір ерекшелігі ретінде оның детективті жанрды жазуға жақын болуын айта аламыз. Оған мысал ретінде жазушының «Гидраның басы» (1977) атты шығармасы келтірсек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет