Марио Варгас Льос (1936) өзінің алғашқы шығармаларынан-ақ тәрбие мәселесіне қатты көңіл бөлген. «Қала және иттер» (1963) атты романында оқиға Перудың астанасы Лимде орын алады. Шығарманың басты кейіпкерлері болашақ жазушының өзі білім алған әскери кадет училищесінің түлектері. Мұнда мықтылар әлсіздерді басып озып, бірін-бірі аңдумен болады. Автор кадет студенттерінің бір-біріне қарсы келетін түрлі пікрірлерді баяндай отырып, оқырман қауымға өзіндік тұрғыдан баға беруді ұсынады.
Автордың «Хулия тәтей және жазушысымақ» (1977) атты автобиографилық романы халық арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Шығарманың бас кейіпкері жас жазушы үлкен табысқан жеткен радиоопералар жазады. Драматург мәнсіз қайдағы жоқ оқиғаларды жазған сайын оның табынушылары да көбейе түседі. Тек Хулия тәтей ғана оған үнемі қарсы пікір айтып, оны үнемі келеке етеді. Бұл романның ерекшелігі ретінде оның қалжынға негізделіп жазылғанын айтуға болады. Ал мұндай шығармалар латынамерикалық жазушыларда көп кездесе бермейді.
Жорж Амад (1912-2001) да қалжыңды ұнататын жазушылардың бірі болғанымен, оның өмірі мен ғылым жолы қайғылы өтеді. Жазушы-коммунист 20 жыл бойы қуғын-сүргінге ұшырайды. Ол тек 1958 жылы ғана өз отаны Мексикаға қайта оралып, алғаш туындыларында халықтың тұрмыс-тіршілігі, күнделікті өмірі жайлы жазады. Ол «Жалған мансаптағы генералдар» (1939) атты еңбегімен әлемге танымал болады. Автор өзінің еңбегінде ұрлыққа, тіпті өзін де құрбандық етуге дайын қаңғыбас жеткіншектер мен кедейлерді суреттейді.
Авордың құнды шығармалар қорын «Дона Флор және оның екі күйеуі» (1969), «Қарсыласудан шаршаған Тереза Батиста» (1972), «Агрестадаға тәтейге» (1976), «Ұрланған қасиет» (1989) атты еңбектері толықтырады.
Хорхе Луис Борхес Буэнос-Айресте дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ата-анасымен бірге Швейцарияға көшіп келеді. Ал 1919 жылы Борхес Мадридке келіп, екі жылдан кейін өз отанына қайта оралады. Ол бірнеше тілді меңгеріп, батыс мәдениетімен жақын танысады.
Буэнос-Айресте Борхес Ұлттық кітапхана қызметшісі болып, университетте дәрістер оқиды, аудармамен айналысып, көбіне ағылшын тілімен жұмыс істейді. Ол қоғам өміріне белсене араласпағанымен де, уақыт өте келе баспасөздерде өзінің саяси көзқарасын білдіре бастайды. Оның айналасындағылар Борхес туралы үнемі кері пікірде болған. Бірақ көптеген еуропалық марапаттарға ие болған Борхес өз елінде халық сүйіп оқитын жазушы бола алмайды. Борхес өз шығармашылығын алғашында метафораларға жүгіне отырып, ақын-тәжірибеші ретінде бастайды. «Сыбайлас» атты өлеңінде автор қайғы мен қуаныштың, зұлымдық пен жақсылықтың бірлігі туралы ой қозғайды. Борхес проза жазуда да өзінің ақындық қағидаларынан бас тартпайды. Оның туындылары қысқа, мазмұны тұрғысынан детективті болып келеді. Борхес өзінің «Соқпақ жолдағы бақ» атты әңгімесін детектив жанрына негіздеп жазған. Мұнда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында орын алған оқиғалар мен германдық және ағылшындық тыңшылардың арасындығы тайталастар туралы айтылады.
Детективтік жанрда жазылған Борхестің «Эмма Цунц» атты әңгімесінде өзінің әкесі үшін кек алу жоспарын жүзеге асырған қарапайым қыз туралы айтылады. Эмма әкесінің абыройы үшін өзінің абыройынан айырылады, сол арқылы өзінің жазықсыздығын дәлелдейді. Борхес өзінің кейіпкерлерін екі топқа бөледі: ой адамы және еңбек адамы. 40-50 жылдары жазушы көбіне еңбек адамдарын таңдайтын.
Борхестің туындылары ғылыми мақалаларға жақын келеді. Себебі онда беделді адамдардың еңбектерінен көптеген үзінділер келтіріп, оларға сілтемелер жасап отырады. Ол өз шығармаларында түрлі тақырыптарда дауласады. Автор Минотавр туралы аңызыға сүйене отырып, «Астерия үйі» атты әңгімесінде адам тектес бұқаның бостандыққа деген құлшынысын көрсетеді. «Иудаға жасалған сатқындықтың үш нұсқасы» атты әңгімесінде ол Христостың шәкірті жасаған сатқындықты ақтап, керісінше ол өзінің ұстазының құдіреттілігін дәлелдегендігін баяндайды. Луис Борхестің мақсаты жаңа бір шындықты алып келу емес, оқырмандарға кейбір дау тудырмайтын мәселелер туралы ой тастау болды. Осы тұрғыда ол жетістіктерге де жетті.