Архилох (б.з.д. YII - YI ғ.). Архилох – көне грек әдебиетінің танымал ақыны. Халыққа танымал еткен оның ямбтары мен элегиялары. Ол - Парос аралының тұрғыны, Телесикл атты аристократтың күңнен туған баласы. Өскеннен кейін атасы жарлығымен жалданбалы жауынгер болып Фасос аралына, кейін Фракияға, Эвбей аралына Грекияға да барады. Ол жауынгер ақын ретінде ретінде өзін соғыс құдайы Арес пен өнер падишалары - музаларға қызмет етемін деп есептейді. Ұлы ақынның 100 шақты керемет ямбтары, трохей және элегиялық өлеңдері ғана жеткен. Оның өлеңдерінің тақырыптары әр түрлі болды. Ол мысал өлеңдер де жазған. Осы мысал өлеңдерінің ішінде кең таралған Гераклге арналған әнұраны Олимпиадалық ойындарда айтылды. Грек халқы оның шығармашылығын атақты Гомермен қатар қойды. Архилох жаңа жанрдың негізін қалаушы саналған. Архилох шығармашылығы - ащы мысқылға, өткір сынға толы туындылар. Сапфо(б.з.д.YII ғ. не YI ғ.). Сапфо - (кейде Сафо, Саффо) атақты ақын, лесбостық лириканың өкілі. Атақты Алкейдің жерлесі мен замандасы. Лесбос аралындағы тартыс кезінде ақсүйек ретінде демократтармен бірге қуғындалып, уақытша Сицилияға қашуға мәжбүр болады. Деректерге сүйенсек, оның бір қызы болған, ал өзі әбден қартайған шағында дүниеден өткен. Сапфонегізінен үйлену әнұрандарын, өлеңдерін және тағы мелостық туындылар жазған. Сапфо өлеңдері көңіл-күй лирикасының шегінен шығып кетеді. Бұл көңілдің суреті тіл жетпес керемет сұлулық арқылы беріледі. Бұл қадам лесбостық ақын-қызға үлкен данқ әкеледі. Ежелде Сапфоның 8 кітабы белгілі болған. Бірінші кітабы 1320 өлеңнен (330 шумақ) тұрған.Толығымен бізге төрт өлеңі ғана жеткен. Махаббат - Сапфо поэзиясының басты тақырыбы. Ақын бар күш-қуатымен махаббатты жырға қосады. Мұнда тұтас бір сезім мен түйсіктің тұтасқан симфониясы жатыр. Тылсым табиғаттың сиқырлары да Сапфо поэзиясына асқақ сезімге толы көңіл-күй сыйлайды. Ақынды тәтті сезімнің құшағына жетелейді. Оның шығармаларында эпифаламиялар, яғни кештерде айтылатын үйлену әндері ерекше орыналады. Сапфо - өз заманының керемет шебер ақыны. Ол мәңгілік таусылмайтын махаббаттақырыбын жете меңгерген. Оның «Афродитаға» арналған әнұраны,«Меніңше олөлмейді, ол - құдай» (ауд. Ф.Е. Карш). «Мен сәндіні сүйемін...» (ауд. Ф.Е. Карш), «Меніңше, қоштасудан ажал жеңіл...» (ауд. Ф.Е. Карш), «Алкейге жауап» секілді эпифаламиялары грек әдебиетінің мол мұрасы.