Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5996
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

      Құрмалас  сөйлем  –  синтаксистің  үлкен  бір  саласы.  Тіліміздегі  жай  сөйлемдер  мен 
оның  күрделенген  түрлері  де  бір  предикаттық  қатынастың  негізінде  құрылса,  құрмалас 
сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.  
      Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  жүйесін  зерттеуге  арналған  алғашқы  еңбектер,  олардың 
мазмұны.  А.Байтұрсынұлының  құрмалас  сөйлемдер  құрылысын  зерттеуге  арналған 
еңбектері.  С.Жиенбаевтың  құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық  типтерін  тануға 

 
арналған  еңбегі.  С.Аманжоловтың,  С.сауранбаевтың  қазақ  тілі  синтаксисін  оның 
қатарында құрмалас сөйлемсинтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері. 
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Құрмалас  сөйлем,  құрмалас  сөйлемге  тән  белгілерді  даралап,  саралап  оқыту 
технологиясы арқылы үйрету.  
2.Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. 
3. Оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет.  
4.Құрмалас  сөйлемнің    өзіндік  айырым  белгілері,  оның  жай  сөйлемдерден  басты 
айырмашылығы.  
5.Құрмалас сөйлемнің түрлерін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуды үйрету жолдары. 
 
13  -  Дәріс.  Салалас  құрмалас  сөйлемді  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы 
меңгерту жолдары. 
Дәрістің негізгі сұрақтары:   
1.Салалас  құрмалас  сөйлемді  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы  меңгерту 
жолдарын үйрету.  
2.Салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.  
3.Салалас  құрмалас  сөйлемнің  айырым  белгілері.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалу 
жолдары мен түрлері. Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер. 
 1.  Деңгейлік  тапсырмаларды  дайындау  мұғалім  тарапынан  көп  ізденіс,  әдістемелік  – 
шеберлік,  іскерлікті  қажет  етеді.  Тапсырмалар  балаға  шамадан  тыс  жүктеме  беру  емес. 
Мұнда  оқушының  әрқайсысымен  жекелей  жұмыс  істеу  барысында  мұғалім  олардың 
сұранысы  ,  талап  тілегі,  пәнге  деген  қызығушылығын  анықтай  отырып,  тапсырма 
дайындау барысында ескеріп негізге алады. 
Сондай  –  ақ  оқу  үрдісін  деңгейлік  бағытта  жоспарлап,  деңгейлік  топтарлы  бөліп  алады, 
әрбір оқушымен тіл табысып кеңесшіретінде жұмыс түрлерін жүргізеді, олардың өзіндік 
іздену қабілеттерін арттыратын ұтымды тапсырмалар ұсынады.  
Оқушылардың  оқыған  шығармаларын  қаншалықты  игергенін,  әдебиеттік  білімнің 
қаншалықты  тереңдігін  анықтау  мақсатын  көздей  отырып,  бұл  жұмыстар  кешенді  түрде 
жүргізіліп отырылады.  
Ең  бастысы,  деңгейлік  тапсырмалардың  тиімділігі,  түсініктілігі,  жүйелілігі,  т.б  .  үнемі 
ескеріліп отырады.  
Оқушының  өзіне  деген  сенімін  арттырап  отырып,  көркем  шығармалардың  көркем  бейне 
жасаудағы ролін түсіну арқылы, оқушылардың бойына туған жерге , елге, ұлттық тарихи 
салт – дәстүрге , ана тіліне жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге бағыттайды.  
Мемлекеттік  білім  стандартын  басшылыққа  ала  отырып  оқытушы  1  –деңгейде  міндетті 
деңгей білім мазмұны көлемінде жүргізеді, одан төмен оқытуға мұғалімнің құқы жоқ. Әр 
деңгейлік  тапсырмаларды  дайындау  барысында  мұғалім  көп  ізденеді,  тапсырмаларды 
орындатудың  ұтымды  түрлерін,  тиімді  әдістерін  жинақтайды.  Әр  оқушының  шешімін, 
жауабын  саралап,  қорытынды  тұжырым  жасап  отыру,  оқушылардың    білімді  тұрақты 
меңгеруге жағымды ықпал жасайды.  
Американдық  ғалым  Джейм  У.  Боткин  «20  ғасырдың  аяғында  инновациялық  әдістеме 
білім берудің басты бағыты болып саналады», - деген пікірін толық құптауға болады. 
      2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жеке сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі синтаксистік 
қарым-қатынаста  болады.  Бірде  ондағы  сөйлемдер  өзара  тең  дәрежеде  байланысса,  енді 
бірде  олар  бір-біріне  бағына  құрмаласады.  Осыған  орай  да  құрмалас  сөйлемнің  жеке 
түрлері  ажыратылады.  Проф.  Н.Т.Сауранбаев  құрмаластың  құрамындағы  жеке 
сөйлемдерді әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін оларды синтаксистік компоненттер 
деп атаған. 
      Салалас  сөйлемнің  құрамындағы  синтаксистік  компоненттер  өзара  теңдік  дәрежеде 
байланысады.  Мұндай  байланыс  алғашқы  синтаксистік  компонент  заңдылығына 
негізделеді.  Бұл  –  заңдылық  салалас  құрмалас  сөйлемнің  басты  грамматикалық 

 
көрсеткіші.  Мұндайда  жеке  сөйлемдердің  аралық  байланысында  сондай-ақ  ұласпалы 
интонация да елеулі қызмет атқарады. 
      Салалас  құрмалас  сөйлем  алғашқы  компонент  баяндауышының  тиянақты  тұлғада 
аяқталуымен  ажыратылады.  Бұл  заңдылық  олардағы  синтаксистік  компоненттердің 
сөйлемдік  қасиетін  сақтап  тұруына  да  септігін  тигізеді.  Синтаксистік  компоненттердің 
алғашқысының  баяндауышытиянақты  тұлғада  аяқталуымен  байланысты  олардың  өзара 
теңдестік дәрежеде келген түрін салалас құрмалас сөйлем дейді. 
     Салалас 
құрмаластың  айырым  белгілері  жалпы  құрмалас  сөйлемге  тән 
заңдылықтардың негізінен шығып жатады. 
      Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері: 
Салалас  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттерін  байланысқа  түсіретін 
баяндауыш сөздері тиянақты тұлғамен аяқталады. Мұндай “байланыстырғыш баяндауыш” 
салалас құрмаластың алғашқы компоненттерінен орын алады. 
“Байланыстырғыш  баяндауыштың”  осылайша  аяқталуына  байланысты  салалас  құрмалас 
сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық жағынан бір-бірімен теңдестік дәрежеде 
жұмсалады.  
Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары әр уақытта да 
жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады.  
Салалас  құрмалас  сөйлем  синтаксистік  компоненттерінің  аралығында  интонациялық 
кідіріс  айқын  сезіліп,  молынан  сақталады.  Салалассөйлемнің  алғашқы  компонентінің, 
соңғысындай,  дауыс  кідірісі  жағынан  созыңқылай  айтылуы  оның  баяндауышының 
тиянақты тұлғада жұмсалуымен тығыз байланысты келеді. 
3.Салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалу  жолдары  алғашқы  компонент  баяндауышының 
тиянақты тұлғада аяқталуы.  
      Предикативтік  бөліктерінің  баяндауыштары  тиянақты  тұлғада  келіп,  компоненттері 
тең  дәрежеде  байланысқа  түскен  құрмалас  сөйлемнің  түрі  салалас  құрмалас  сөйлем  деп 
аталады.  
      Салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуында  аналитикалық  принцип  айрықша  мән 
атқарады.  Салалас  құрмаластың  жеке  компоненттері  сондай-ақ  әр  мәндегі  жалғаулықтар 
арқылы да байланысады.  Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және 
жалғаулықты салалас деп ажыратылады.  
      Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  өзара  іштей  жіктелу  түрі  олардың  жасалу  жолдары 
мен  ондағы  синтаксистік  компоненттердің  өзаралық  мағыналық  қарым-қатынастарына 
негізделеді.  Өйткені  салалас  құрмаластың  синтаксистің  компоненттері  бір  бүтіннің 
қарамағына  түсу  үшін  олар  бір-бірімен  әр  түрлі  мағыналық  қарым-қатынастарда  болып 
отырады.  
      Салаластың  ыңғайлас  салалас  түрі  компоненттеріндегі  ой  іс-әрекетінің      жүзеге  асу, 
орындалу  кезеңдерімен,  мезгілмен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Бір  ыңғайда 
предикативтік бөліктің біріндегі қимыл әрекет бұрынырақ орындалып, екіншісіндегі одан 
сәл де болса кейін, іле-шала орындалуы мүмкін.  
      Қандай  сөйлемде  материалдық  қабықсыз  болмайды.  Соның  себеп-салдарын  жеткізу 
сөйлеу  арқылы  іске  асады.  Қажеттілікті  білдіретіндей    сөйлемдер  жалғаулықсыз  да, 
жалғаулық арқылы да байланысқа түседі.  
      Себеп-салдар  мәнді  салалас  сөйлемдердің  құраушы  компоненттері  тиянақты  болады 
да, олар бір істің бастамасына негіз болса, екіншісі соның аяқталуына байланысты нәтиже 
салдарға  құрылады  және  керсінше  болмақ.  Өйткені  салдарлы  сөйлем  себепті  сөйлемнен 
бұрын да тұратыны болады. 
Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін еленбей келді. 30 жылдары 
проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас.  
       Шарттылық  мәндегі  сөйлемдер  құрмаластың  қай  түрінде  болса  да  кездесе  береді, 
Салалас  құрмаласта  оның  өзіне  тән  арнаулы  жолдары  болады.    Шартты  салалас 
сөйлемдерде  компоненттердегі  оқиға  мазмұны  бір-біріне  шарттастық  мәнде  құрылады. 

 
Жасалуы  жағынан  олар  әрі  жалғаулық  арқылы,  әрі  жалғаулықсыз  да  келе  береді. 
Мағыналық  көрінісі  жағынан  жалғаулықсыз  түрінің  жалғаулықты  шартты  салаластан 
ешқандай  айырмашылығы  жоқ.  Тек  мұнда  компоненттер  арасында  ешқандай  жалғаулық 
қолданылмайды.  
   
Кезектес салалас сөйлем туралы ең алғаш сөз қозғаған проф. С.Аманжолов. 
      Құрамындағы  жай  сөйлемдердің  білдіретін  қимылы  алмасып  отырады.  Кезектес 
салаластардың  мағынасында  мезгілдік  қатынас  та  бар  сияқты.  Бірақ  мұндағы  мағына 
сөйлемде  амал  әрекеттің  өту  мезгілін  білдірмейді,  керісінше  сол  әрекеттің  кезек-кезек 
өзара  ауысып  келетінін  көрсетеді.  Кезектес  салаластардың  тек  қана  жалғаулықты 
болатыны  айтылып  жүр.  Жай  сөйлемдердің  арасы  жалғаулықты.  Кезектес  салалас 
сөйлемдердегі  компоненттердің  арасын  байланыстыратын  кейде,  бірде,  біресе 
жалғаулықтары  осындай  қызметті  атқару  үшін  сол  жалғаулық  әрбір  әрбір  компоненттің 
құрамында қайталануы керек. Алайда осы шарт үнемі бола бермейді.  
      Жалғаулықсыз  салалас  сөйлемдердің  ерекшеліктерінің  бірі  –  компоненттердің 
интонациялық  тұтастығы.  Егер  жалғаулықты  салалас  сөйлемдердегі  предикативтік 
бөліктердің  дербестігі  айқын  сезіліп  тұрса,  жалғаулықсыз  салалас  сөйлемде  ондай 
дербестіктен гөрі интонациялық тығыздық, байланыс басым болады.  
      Талғау  мәнді  салалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттеріндегі  оқиғалардың 
орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған орай да бұларда 
хабарланған  іс-әрекеттердің  екеуінде  бірдей  орындалмай,  тек  біреуінде  ғана  жүзеге 
асатындығы көзделеді. Салалас сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де 
осындай  заңдылықтың  негізінен  шығып  жатады.  Талғаулы  салаластың  бұдан  бұрын 
талданған  салалас  сөйлемдерден  өзіндік  айырмашылығы  бар.  Ол  айырмашылық  – 
талғаулы салалас сөйлем тек қана жалғаулықтар арқылы жасалады.  Мұның жалғаулықсыз 
түрі болмайды.  
      Талғаулы  салалас  сөйлемді  алғашқыда  А.Байтұрсынов  айырыңқы  деп  атаса,  кейіннен 
проф.  С.Аманжолов  бейтарап  деп  саралаған  болатын.  Талғау  мәндегі  салалас 
сөйлемдердіжасауға  қатынасатын  жалғаулықтар  –  не,  немесе,  я,  яки,  я  болмаса,  әлде, 
мейлі, құй. 
      Талғаулы  салалас  сөйлемдерде  оқиға,  әрекеттердің  орындалу  барысы  жағынан  екінің 
бірі ғана болып отырады.  
      Салалас  құрмалас  сөйлемнің  түсіндірмелі  түрінде  бірінші  предикативтік  бөлікте 
жалпылай  айтылған  ой  екінші  предикативтік  бөлікте  нақтыланып,  дараланып, 
айқындалып  тұрады.  Түсіндірмелі  салаластың  бір  компонентінде  баяндауыш  та  жалпы 
айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады. Түсіндірмелі салалас сөйлем, бір жағынан, 
сөйлемнің  қай  мүшесі  болсын  жалпылық  ұғым  береді  де,  екінші  жағынан,  соны  дәлдей, 
тарамдай түсетін ұғым береді.  
Салалас сөйлемнің салыстырмалы түрі қазақ тіл білімінде соңғы жылдары саралана 
бастады.  Алайда  тіліміздің  табиғатында  осындай  мәндес  сөйлемдер  бұрынннан  да  бар. 
Олар көбінесе мақал-мәтелді сөйлемдердің заңдылықтарынан шығып жатады.  
Қазіргі  қазақ  тілінің  синтаксистік  құрылымын  да  көп  бағыныңқылы,  көп 
басыңқылы  деп  атап  жүрген  құрылымдар  жиі  кездеседі.  Ондай  сөйлемдер  көп 
комполнентті құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр. Өйткені бір сөйлемнің ішінде ондаған 
жай  сөйлем  болып  келе  береді.  Кейде  бұлар  бірыңғай  салалас  сөйлемдерден  тұрса, 
көпшілік  жағдайда  салаласа,  сабақтаса  байланысқан  өзара  әр  түрлі  мағыналық 
қатынастағы  жеке  компоненттердің  жиынтығынан  болады  да,  олардың  тұтас  сөйлемді 
мағыналық  жағынан  сабақтас  бағыныңқылы  құрмаластардың  қай  түріне  жататынын 
айыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  бұларды  көп    компонентті  құрмалас  сөйлем  деп  атаған 
жөн.  
      Құрамындағы  предикативтік  бөліктердің  саны  жағынан  салалас  сөйлемдер  әр  алуан 
болып отырады. Екінші сөзбен айтқанда, салаластың құрамындағы компоненттердің саны 
үш, төрт және одан да асып кетуі мүмкін. 

 
      Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла 
түседі,  кейбір  жайлардың  мазмұн  көрінісі  саралана  жіктеліп,  талдана  жинақталу  сипаты 
орын алады.  
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Салалас  құрмалас  сөйлемді  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы  меңгерту 
жолдарын үйрету.  
2.Салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.  
3.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.  
4.Салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалу  жолдары  мен  түрлері.  Салалас  құрмалас 
сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер. 
5.Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем 
6.Қарсылықты  салалас  құрмалас  сөйлем.  Шартты  салалас  құрмалас  сөйлем.  Кезектес 
салалас  құрмалас  сөйлем.  Талғаулы  салалас  құрмалас  сөйлем.  Түсіндірмелі  салалас 
құрмалас сөйлем. Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем.  
7.Көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық,  семантикалық  сипаты.  Көп 
компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  белгілері,түрлері,  қызметі.  Көп 
компонентті құрмалас сөйлемдер жөніндегі теориялық зерттеулер. 
 
14  -  Дәріс.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  интеграциялық  оқыту  технологиясын  қолдану 
арқылы меңгерту жолдары.   
Дәрістің негізгі сұрақтары:   
1.Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  интеграциялық  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы 
меңгерту жолдары.  
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.  
3.Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  жасалу  жолдары.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің 
теориялық мәселелері, оларды зерттеуге арналған негізгі еңбектер. 
Мезгілдес  сабақтас  құрмалас  сөйлем,    жасалу  жолдары.  Қарсы  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары; Шартты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас 
сөйлем,    жасалу  жолдары.  Түсіндірмелі  сабақтас  құрмаластың  ерекшеліктері,  жасалу 
жолдары; Салыстырмалы сабақтас құрмалас. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың 
ерекшеліктері, жасалу жолдары;  Амал бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем,  жасалу 
жолдары.  Көп    бағыныңқылы    сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық, 
семантикалық        сипаты.  Көп    бағыныңқылы    сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің 
құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі. 
Қысқаша мазмұны:  
1.Интеграциялық  сабақтың  тиімділігі  –  оқушының  шығармашылық  белсенділігін 
арттыруға ықпал жасайды. Интеграциялық сабақта оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем 
туралы, құбылыс пен заттардың арасындағы өзара байланыс туралы, көркемдік мәдениет 
әлемінің сан-салалары туралы кең және нақты түсінік беріледі. 
Интеграциялық  сабақтың  ерекшелігі  –  үйренуге  мүмкіндік  туғызады,  танымдық 
көзқарастарын қалыптастырады, құбылысты бірнеше жағынан қарастырады. 
Оқушылардың  сөйлеу  қабілеті  жетіледі,  ойлауын,  салыстыруын,  қорытынды 
жасауын  қалыптастырады.  Пән  туралы  танымын  тереңдетіп  қана  қоймай,  ой-өрісін 
кеңейтеді,  жеке  басының  дамуын  қалыптастырады.  Интеграциялық  сабақтар  екі  немесе 
бірнеше  сабақтар  үшін  маңызды  проблемаларды  ашатын  сабақ  түрінде  және  пәнаралық 
байланыс арқылы да жүргізіледі. 
Оқытудың тағы бірі-саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – өздігінен 
білім  алып,  дамуға  ұмтылатын  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  жағдай  жасау.  Сондықтан 
оның  өзіндік  іс-әрекеті  белгілі-бір  дәрежеде  белсенді  жүреді.  Бұл  әдіс  білім  беру 
принциптерін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында  қабілеті  әр  түрлі 
оқушылардың  өздігімен  дамуына  жағдай  жасайды.  Саралап-деңгейлеп  оқыту 
технологиясының артықшылығы: 

 
1. тақырып бойынша модуль құру; 
2. әр модульдің соңғы сабағында қорытынды, өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы және 
қатемен жұмыс, мұғалім мен оқушының шеберлігін ұштайды. 
Сабақтың әр кезеңінде, мұғалім өз іс-тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады. 
-  оқушының  өз  білімін  өзі  бағалауға,  күнделікті  еңбегінің  нәтижесін  көруге 
мүмкіндігі бар; 
- оқушы өзінің мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай жұмыс істей алады; 
-  дарынды  оқушылар  стандартпен  бекітілген  міндетті  деңгейді  меңгеріп  қана 
қоймай, одан әрі қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар орындайды. 
І деңгей- тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білу. 
ІІ деңгей – тақырып бойынша ақпаратты талдай білу керек. 
ІІІ  деңгей  –  сұрақтары  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалардан  тұрады,  мұнда 
оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі 
керек.  
2.Құрмалас  сөйлемнің  дәстүрлік  немесе  логика-грамматикалық  принцип  бойынша 
таптастырылатын  екінші  түрі  –  сабақтас  сөйлем.  Егер  салалас  сөйлемде  оның  құрамына 
енетін 
компоненттер 
баяндауыш 
орындағы 
сөздердің 
тұлғалық 
жағынан 
тиянақтылығымен  аяқталып  отырса,  сабақтас  сөйлемнің,  әсіресе,  бағыныңқы 
компоненттерінің  баяндауыштары  тиянақсыз  тұлғада  келеді.  Осыған  байланысты  ол 
компоненттердің  арасындағы  интонация  да  тиянақсыз,  яғни  құрмаластырушы, 
ұластырушы интонация болады.  
       Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  предикативтік  бөліктерінің  белгілі  дәрежеде  ой 
дербестігі  болуы  –  құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрінің  тағы  да  бір  ерекшелігі.  Демек,  әр 
компоненттің өзінше сөздердің байланысынан құралған мазмұны, соған сай айтылған ойы 
болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген ой тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет 
етіп тұрады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие 
болады  да,  ол  конструкция  сабақтас  құрмалас  сөйлем  деген  атау  алады.  Осыдан 
келіпбасыңқы  сыңарлардың  бірігуінен  тиянақты  мағына  мазмұнға  ие  болады  да,  ол 
конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.  
     Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың басқа түрлерінен 
ажыратыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі айырым белгілері: 
1.Сабақтас  құрмалассөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір-біріне  тұлғалық, 
мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді. 
2.Мұндай  тәуелділік,  негізінен  алғанда,  алғашқы  сөйлем  байланыстырғыш 
баяндауышының тиянақсыз тұлғада аяқталуынан шығады. Осы арқылы соңғы сөйлеммен 
тығыз байланысқа түседі. 
3.Осыдан келіп сабақтас құрмалас өз құрлысы жағынан бағыныңқы және басыңқы 
сөйлемдерден тұрады. 
4.Бағыныңқы  сөйлемнің  байланыстырғыш  амалы  ретінде  етістіктің  шартты  рай 
тұлғасы,  есімше,  көсемше  формалары  және  есімшемен  тіркесетін  түрліше  жалғаулықтар 
мен шылау сөздер жұмсалады. 
5.Сабақтас  құрмаластағы  ұласпалы  байланыстырғыш  интонация  салаластағыдай 
емес, өте әлсіз, солғын болады. 
       Егерде салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-бірімен теңдестік 
дәрежеде  байланысса,  сабақтас  құрмаласта  –  керісінше,  олар  өзара  теңдестік  емес 
дәрежеде,  тәуелділік  сипатта  құрмаласады.  Бұл  –  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік 
бетін айқындайтын басты көрсеткіш.  
      Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонентінен орын алады. 
Өйткені  байланыстырғыш  баяндауыш  осы  компоненттің  бойынан  шығады  да,  ол 
тиянақсыз қалыпқа түседі.        
      Сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  жасауда  ұйымдастырушы  орталық  бағыныңқы 
компоненттің  баяндауышы  болып  есептеледі.  Осы  баяндауыш  өзінің  түрлі  формалық 

 
өзгерістерге  түсуі  арқылы  сабақтас  сөйлем  жасалатын  болады.  Бұған  қатысты  басқа  да 
жолдар осы бағыныңқы баяндауышышың негізінен өрбіп отырады.  
      Бағыныңқы  компненттің  баяндауышы  етістік  сөздермен  беріледі.  Алайда  қандай 
етістік  сөздері  бағыныңқының  баяндауышы  ретінде  жұмсалады  деген  мәселеде 
түркологияда  тиянақталған  пікір  жоқ.  Өйткені  кейбір  ғалымдар  сабақтас  құрмалас 
сөйлемді  жасауда  тек  қана  етістіктің  шартты  рай  тұлғасы  қатынасады  деп  түсіндіреді. 
Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының 
баяндауышы  өз  бастауышымен  әр  уақытта  да  жақ  жалғауы  арқылы  байланысып  тұруы 
қажет.  
Бір  сөйлемдердің  бағыныңқы  және  басыңқы  компоненттеріндегі  хабарланған 
оқиғаның орындалу барысы бір мезгіл шеңберінде өтіп жатса, енді біреулерінде әр мезгіл 
шеңберінде  орындалатын  болады,  яғни  бағыныңқыдағы  істен  бұрын  басыңқыдағы  амал 
орындалып жатады, не болмаса керісінше болады. 
      Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтастың  алғашқы  коипонентінің  баяндауышының  жасалу 
жолдары көп. Грамматикалық көрсеткіштердің бір тобы іс-әрекеттің қашан болатындығын 
танытса, үшінші жағдайда сондай оқиғаның қай уақытта болғанын білдіреді. 
      Сабақтас  сөйлем  бойындағы  мезгілдік  мәнді  басшылыққа  ала  отырып,  мезгіл 
бағыныңқыларды жалпы түрде екі үлкен салаға жіктеледі: бір мезгілдес сабақтас және әр 
мезгілдес сабақтас сөйлем. 
      Сабақтастың  себеп  бағыныңқылы  түрінде  бағыныңқы  компонент  басыңқыда 
хабарланған  ой  желісінің  себебін  білдіріп  тұрса,  осы  себептің  нәтижесінде  басыңқыда 
оның  салдары  келіп  шығады.  Осыдан  келіп  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің  өзі 
себеп пен салдардың өзаралық тығыз қарым-қатынасы негізінде туындайтын болады. 
      Себеп  бағыныңқылы  сабақтастың  бағыныңқы  сыңарының  баяндауыштары  әр  түрлі 
жолмен жасалады.   
Түркологиялық ілімде басқаларына қарағанда бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі 
шартты  және  қарсылықты  бағыныңқылар  деп  танылады.  Осыдан  болу  керек,  кейбір  тіл 
мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды. 
      Шартты  бағыныңқылы  сабақтаста  синтаксистік  компоненттерде  баяндалған  оқиға-
әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша 
шарт  мәнінің  туындауы  бағыныңқы  коипонент  баяндауышының  берілу  жолдарымен  де 
тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен 
грамматикалық тұлалардың осылайша  өзара  үйлесе жұмсалулары белгілі  бір бағыныңқы 
сөйлемдерді туындатып отырады. 
      Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтаста  синтаксистік  компоненттерде  хабарланған 
оқиға  нәтижесі  бір-біріне  қарама-қайшы  қойылады.  Осыдан  барып  олардағы  іс-
әрекеттердің  орындалуы  бірінде  теріске  шығарылады.  Осындай  заңдылығымен  де  ол 
басқа  бағыныңқылардан  ерекшелене  алады.  Қарсылықты  бағыныңқылы  сөйлем 
синтаксистік  компоненттерде  баяндалған  оқиға-әрекеттердіңмазмұн  желісі  жағынан  бір-
біріне  қарама-қарсы  қойыла  айтылуы  негізінде  жасалады.  Қарсылықты  бағыныңқы 
сөйлемдердегі орын алатын әр түрлі  мағыналық көріністіескере отырып,  оларды жалпы 
екі  түрге  бөліп  қарастыруға  болады:  реалды  қарсылықты  бағыныңқылы  және  ирреалды 
қарсылықты бағыныңқылы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет