Семинар 4. Білім беру мекемесіндегі психологтың тұлғасының өзіндік дамуы. Психолог тұлғасының өзіндік даму процесінің бөліктері.
Психологтың іскерлік түрлері.
Психологтың тұлғалық ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелеріндегі практик психологтың жеке тұлғасының даму ерекшеліктеріне, соның ішінде тұлғалық даму процесінің бөліктеріне тоқталып, тұлғалық ерекшеліктерін сипаттау қажет. Ұсынылған әдебиеттердегі мәліметтерді жан-жақты қарастырып болашақ маман ретінде психолог тұлғасының бейнесін сипаттаңыз.
Әдебиеттер:
Шырынбекова Б. Психологтың мектептегі алар орны. //Республика ұстаздары. 2007, № 1.
Семинар 5. Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мәртебесі, оның мазмұны және параметрлері. Оқушы мәртебесіне қойылатын талаптар.
Оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесінің көрсеткіштері психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырудың негізі ретінде.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың жолдарын, психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың негізінде мінездеме жазудың ерекшеліктерін ашып көрсету керек.
Әдебиеттер:
1. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991
Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993
Семинар 6. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және өткізу. 1. Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролі.
2. Консилиумға психологиялық зерттеулерді ұсынудың формасы.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық-педагогикалық консилиум, оның қатынасушылары, мамандардың ұсынатын мәліметтері туралы толық мәлімет беру керек. Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролін анықтау қажет.
Әдебиеттер:
Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.
Битянова М.Р. Консилиум в школе. // Школьный психолог. 2002, №9
Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991