Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Объективтенушілік, «лингвистикалық жабдықталғандық»



Pdf көрінісі
бет11/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87
Объективтенушілік, «лингвистикалық жабдықталғандық». 
Субъекттің санасында өтіп жатқан басқалар үшін «жабық» және олар 
оны тікелей қабылдай ала алмайды. Бұл туралы тек жанама жолмен – 
субъекттің жүріс-тұрысы, оның объективті сырттай бақылауға 
болатын іс-әрекеттері бойынша білуге болады. Егер сана ешбір 
объективтенбелесе, сыртқа білінбесе, онда ол туралы білу тіпті 
мүмкін болмас еді, олай болса оның (сананың) барлығы туралы 
айтудың негізі де жоқ болар еді.
Бірақ субъекттің іс-әрекеттерінде оның санасында өтіп жатқан 
процестердің тек ақырғы (соңғы) нәтижелері ғана көрініс табады. 
Санадағы осы процестердің жүзеге асуы онда түсетін ақпарат 
бекітілетін (фиксируется), сақталатын және өңделетін әлде бір ішкі 
кодтардың болуын шамалайды, жорамалдайды.
Санада не болып жатқаны туралы «өзіне есеп беру» үшін 
субъект осы есепті қандайда белгілік (таңбалық) жүйеде тұжырымдай 
ете білуі керек, яғни әлдебір тілде. Тіл өзінен өзі пайда болуы 
екіталай. Оның дамуы, сірә, дара субъект (субъект – одиночка) үшін, 
басқа субъекттермен қатынассыз мүмкін емес. Тілді жетілдіру 
қажеттілігі тек субъект-аралық контакт негізінде пайда болуы 
мүмкін. Осылай сана «ішкі», сол сияқты «сыртқы» тілдің (речь) 
көмегімен іске асатын лингвистикалық құралдармен жабдықталуы 
керек. Сананың «лингвистикалық жабдықталғандығы» оны 
қалыптастырудың (формирование) қажетті шарты әлеуметтік 
коммуникация екендігін білдіреді.
Сана проблемаларын зерттейтін пәндер спектрі
Философия
Биофизика
Логика
Психиатрия
Биология
Информатика
Психология 
Нейрофизиология
Кибернетика
Әлеуметтену
24


Сананың құрылымы (құралымдықтары)
Сананың құрылымында шартты түрде төрт құралымдықтарды 
бөлуге болады.
Біріншіденсенсорлық (сезімдік) және перцептивтік (қабылдау) 
қабілеттер арқылы адам қоршаған дүние және өзі (физикалық, 
материалдық дене ретінде) туралы алғашқы тікелей мағлұматтар, 
білімдер алады.
Екіншіден, сананың құрылымында логикалық – ұғымдық 
қабілеттерді пайдаланатын ойлау қызметін бөлуге болады. Бұл 
тікелей сезімдік мағлұматтардың шегінен шығып, объектілерді 
мәнділік тұрғысынан және олардың даму заңдылықтарын түсінуге 
мүмкіншілік береді.
Үшіншіден, санада эмоциялар мен жігерлік (еркіндік, 
қайраттық) сапаларды қамтитын құралымдықты да бөлуге болады. 
Олар сыртқы дүниемен тікелей байланыста емес. Сананың бұл 
сферасы тұлғаның толғауларын, естеліктерін, сезімдері мен көңіл 
күйін, әртүрлі эмоцияларды (қорқу, уайым, қуаныш, реніш, сүю, жек 
көру, ләззат, жеркену және т.б.) қамтиды.
Төртіншіден, сананың бұл құралымдығы қызметтің (іс-
әрекеттің, жүріс-тұрыстың) жоғары мотивтерін, рухани идеалдар 
мен құндылықтарды, сонымен бірге оларды қалыптастыру және 
түсіну қабілеттерін қамтиды. Құндылық – мағыналық бағалаусыз 
адамның заттық қызметі (предметная деятельность) өзінің 
парасаттылығы мен мақсаттылығын жоғалтар еді, жануардың 
рефлекторлық жүріс-тұрысынан аса көп айырмашылығы болмас еді.
25
Сенсорлық перцептивтік 
қабілеттер және олардың 
негізінде алынған білімдер
Логикалық – ұғымдық 
қабілеттер және олардың 
негізінде алынған білімдер
Эмоционалды – жігерлік 
қабілеттер
Қызметті (деятельность) 
құндылық – мағыналық 
бағалауға қабілеттер, оның 
идеалдары және мотивтері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет