Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет13/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87
«Адами көзқарас»: сана – тек адам миының жемісі және адамға 
ғана тән, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктерге ие. Бұл көзқарас 
әсіресе XIX ғ. ортасынан XX ғ. ортасына дейін таралған болатын. 
Бірақ қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер жануарларда да сана 
элементтерінің болуын жоққа шығармайды.
Белсенді-бейнелеулік – бұл өлі, айналық, енжар (пассивті) 
бейнелеу емес, ол адамның әлеуметтік тіршілік ретінде шындықты 
шығармашылық, белсенді мақсаттылық, қорытындылық бейнелеу 
үдерісі.
Түсіндіру – сана өзінің әртүрлі формаларында (әсіресе ғылыми) 
дүниені түсіндіруге, оның заңдарын, себептерін, қайшылықтарын 
және т.с.с. ашуға тырысады.
Белсенді-өзгертушілік – бұл жасаушылық-шығармашылық 
функция, яғни сана ойша, идеалды түрде «бірінші табиғат» 
жасамайтынды – техниканы, технологияны, құрылыстық 
ғимараттарды, яғни «екінші табиғатты» - бүкіл материалдық және 
рухани дүиені жасайды.
Коммуникативтік, реттеушілік – адамдар арасындағы өзара 
байланыс, қатынас формаларын тудырады, ол үшін олар құқық, 
мораль, дін, ғылым және т.с.с. нормаларын, принциптерін жасайды.
Мақсаттылық – бұл қызмет нәтижесін ойша алдын ала біліп 
қою. Тікелей мотив сипатындағы мақсат идеалдық бейне (образ) 
ретінде адам қызметін бағыттайды және реттейді. Мақсаттың 
мазмұны шындықтың (дүниенің) объективтік заңдарына, субъекттің 
реалды мүмкіншіліктеріне және қолданылатын құралдарға тәуелді.
Үйлесімді-сындарлы функция – бұл сананың, бір жағынан
үйлесімді, жасаушылық, ал екінші жағынан, сындарлы, сыни қызметі.
28
Сананың функциялары
Белсенді-бейнелеулік
Түсіндіру
Белсенді-өзгертушілік
Коммуникативтік, 
реттеушілік
Мақсаттылық
Үйлесімді-сындарлы


Сана және тіл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет