Өркениеттік әдісті Арнольд Тойнби (1889-1975, ағылшын
тарихшысы және қоғамдық қайраткері) ұсынды. Оның пікірінше,
өркениет – рухани дәстүрлерімен, ұқсас өмір салтымен, жағрапиялық,
тарихи шеңберлерімен (шекараларымен) біріккен адамдардың
тұрақты қауымдастығы. Тарих - бейтүзу сызықты (нелинейный)
процесс. Бұл жер шарының түкпір-түкпіріндегі бір-бірімен байланысы
жоқ өркениеттердің пайда болу, өмір сүру, опат болу процесі
Негізгі өркениеттер тарихта жарқын із қалдырып, өзге
өркениеттерге жанама (әсіресе діни) ықпал етеді. Ал локальді
өркениеттер ұлттық, жергілікті шеңберде қалады. Тойнбидің
пікірінше, олардың саны 30-ға жуық.
Достарыңызбен бөлісу: