Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет60/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
2. Тарихты ұғынудың негізгі 
әдістері
Формациялық 
әдіс
Өркениеттік 
әдіс
Мәдениет 
танымдық әдіс
103


Бұл қоғамдық-экономикалық формациялар екі топқа бөлінеді: 

антагонистік емес (алғашқы қауымдық қоғам және болашақ 
коммунистік (социалистік) қоғам;

антагонистік (құл иеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, 
капиталистік қоғам). Әрбір формацияның өзінің ерекшеліктері, негізгі 
таптары, құқық, саяси жүйесі және қоғамдық идеология мен 
психологиясы бар. 
Сонымен бірге, К. Маркс қоғамның ерекше саяси-экономикалық 
типі – «азиялық өндіріс әдісін» де көрсетті. Ол ежелгі Шығыс 
қоғамында (Мысыр, Қытай, Месопотамия) ірі өзендер аумағында 
орналасқан елдерде таралды. Оның негізгі белгілері:

экономиканың негізі ирригациялық жер өндеу болды;

негізгі өндіріс жабдықтарына (жерге, ирригациялық 
құрылыстарға) жеке меншіктің болмауы;

жер мен өндіріс құралдарына мемлекеттік меншіктің болуы;

мемлекеттің (бюрократияның) қатаң бақылауындағы еркін 
қауымдастықтың жаппай ұжымдық еңбегі;

күшті, орталықтанған, деспоттық биліктің болуы.
Тойнбидің өркениеттік әдісі
3. К Маркс бойынша қоғамдық –
экономикалық формациялар

Коммунистік 
(социалистік) 
формация (болашақтың қоғамы)
• Капиталистік формация 
• Феодалдық формация
• Құл иеленушілік формация
• Алғашқы қауымдық формация
104


Өркениеттік әдісті Арнольд Тойнби (1889-1975, ағылшын 
тарихшысы және қоғамдық қайраткері) ұсынды. Оның пікірінше, 
өркениет – рухани дәстүрлерімен, ұқсас өмір салтымен, жағрапиялық
тарихи шеңберлерімен (шекараларымен) біріккен адамдардың 
тұрақты қауымдастығы. Тарих - бейтүзу сызықты (нелинейный) 
процесс. Бұл жер шарының түкпір-түкпіріндегі бір-бірімен байланысы 
жоқ өркениеттердің пайда болу, өмір сүру, опат болу процесі
Негізгі өркениеттер тарихта жарқын із қалдырып, өзге 
өркениеттерге жанама (әсіресе діни) ықпал етеді. Ал локальді 
өркениеттер ұлттық, жергілікті шеңберде қалады. Тойнбидің 
пікірінше, олардың саны 30-ға жуық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет